Лматы технологи



бет19/60
Дата10.04.2023
өлшемі305,47 Kb.
#81155
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   60
Байланысты:
Іскерлік және бейресми қарым-қатынас этикасы мен мәдениет 3

Бақылау сұрақтары:
1. имидж түсінігі?
2. Қонақ үйдің имиджі?
3. Қонақүйдің көзге көрінерлік имиджі?


ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиеттер:

  1. Замедлина Е.А. Организационная культура: учебное пособие – М.: РИОР, 2012-128 с.

  2. Колесников А. В., Корпоративная культура современных организаций. Курс лекций.- М: Альфа-Пресс. 2013 г.- 138 с.

  3. Лапина Т.А. Корпоративная культура: учебно-методическое пособие – Омск, 2012 г.-140 с.

  4. Джампеисова К.К.Индустрия развлечений.-Алматы:Экономика, 2013 -309 с

  5. Корпоративное управление: учебное пособие /под ред. Шихвердиева А.П. Издательство Академии Государственной службы и управ- А.Э., 2013 г.-213 с.



12 дәріс. Әлеуметтік орындардардағы қызмет көрсету менеджменті
Мақсаты: Әлеуметтік орындардардағы қызмет көрсету менеджменті туралы білім беру
Кілттік сөздер:мәдениет, өркениет, менеджмент, корпоратив, кадр, мотивация, корпоративтік мәдениет
Негізгі сұрақтар
1. Әлеуметтік қызмет көрсету 
2. Әлеуметтік қызмет көрсету менеджменті
Әлеуметтік қызмет көрсету - бір өзі еңсере алмайтын қиын тұрмыстық жағдайдағы (мүгедектік, жасының ұлғаюына, сырқаттығына байланысты өзін-өзі күтуге қабілетсіздік, жетімдік, қараусыз қалушылық, аз қамсыздандырылушылық, жұмыссыздық, белгілі бір түрғылықты мекенінің жоқ болуы, отбасында қатігездікпен қарауы, жалғызіліктілік, т. б.) азаматтарды әлеуметтік қорғау, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтер мен материалдық көмек көрсету, әлеуметтік жерсіндіру және сауықтыру жөніндегі әлеуметтік қызмет орындарының қызметі.
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты біздің сөздік қорымызға “менеджер”, “менеджмент” ұғымдары тез енді. Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударатын болсақ, онда “басқа біреу арқылы өз мақсатына жету” болып табылады. Алайда сөзбе-сөз аудару сөздің түпкі төркінін әрқашанда дәл бере бермейді. Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді.
“Менеджмент” ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің “Манус”, яғни “қол, күш” деген сөзінен шығып, алғашқы кезде мал бағу саласында, дәлірек айтқанда, ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.
Менеджмент теориясы, ең алдымен, өзінің тұлғаға бағыттылығымен ерекшеленеді: менеджер қызметі шынайы құрметтеу, әріптестерге сенімділікпен қарау, оларды табысты еңбекке ынталандыру негізінде жүзеге асырылады. Менеджмент үшін аса маңызды жағдайлар мыналар:
1. Ұйым – бұл ішкі және сыртқы орта факторларының бірлігінде қарастырылатын ашық жүйе.
2. Өнім мен қызметтің көлеміне емес, сапасына, тұтынушыларды қанағаттандыруға бағдарлану.
3. Басқаруға ситуациялық (жағдаяттық) көзқарас, сыртқы орта жағдайларына жылдам бейімделуді қамтамасыз ететін жедел және сәйкес әрекеттер басымдылығы.
4. Ұйым табыстылығының негізі көзі – қызметкерлердің білімі мен іскерліктері және оларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін еңбек жағдайлары. 5. Ұйымдық мәдениет пен жаңашылдықтың ролін арттыруға, қызметкерлерді ынталандыруға бағыттылған басқару жүйесі. Осындай жағдайларға байланысты қазіргі менеджменттің мынадай жаңа принциптерін атап кӛрсетуге болады: - сыртқы ортадағы өзгерістерді мезгілінде есепке алу; бұл – басқарудың икемділігін қамтамасыз етеді; - бейімделушілік іскерлік қарым-қатынас - өнім тапсырушылармен, тұтынушылармен, орындаушылармен, тапсырыс берушілермен нәтижелі қарым-қатынас орната білу.
Басқару принципі дегеніміз – менеджмент субъектісінің басқару функцияларын жүзеге асыруда жетекшілікке алатын негізгі идеялары мен ережелері. Принциптердің сақталуы басқару заңдылықтарының орындалуын қамтамасыз етеді. Басқару принциптерін теориялық тұрғыдан айқындаған Ф.Тейлор, А.Файоль (20ғ.басы). Бұл ғалымдардың ұсынған принциптері: еңбек бӛлінісі және мамандандыру, өкілеттіліктер, тәртіптілік, басқаруды орталықтандыру, іс-әрекеттер бірлігі, жеке мүдделердің ортаққа бағыныштылығы, еңбекке сыйақы төлеу, т.с.с. Басқару теориясының өзгерістерге ұшырап, әлеуметтік менеджменттің қалыптасу барысында (80-90 ж.ж.) жаңа принциптер пайда болды. Олар басқару ісіндегі негізгі бағытты әкімшілік ықпалдардан адамаралық қатынастарға ауыстырып, әлеуметтік-психологиялық тәсілдердің маңызын арттырды. Аталған принциптерді негізгі ала отырып, ғалымдар педагогикалық менеджмент теориясында бірқатар принциптерді ажыратып көрсетеді: мақсат нақтылығы (жоспарлау, ұйымдасытру, бақылау істерінің негізі ретінде); басқаруды гуманизациялау және демократиялау; біртұтастық және жүйелілік; ғылыми негізділік, объективтілік; т.б.

Бақылау жұмысы:


1. Әлеуметтік қызмет көрсету ?
2. Әлеуметтік қызмет көрсету менеджменті?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет