148
5.8.-сурет. Түрлі жүктемелердегі трансформатордың сыртқы сипат- тамалары:
1 — белсенді индуктивті; 2 — белсенді; 3 — белсенді-сыйымдылықты
яғни бұл жағдайда кернеудің өзгеруі қысқа тұйықталу кернеуінің белсенді құрама бөліктері арқылы анықталады.
Белсенді сыйымдылықты жүктеме кезінде, φ2 және sinφ2 бұрышы теріс болған кезде Δu кернеуіндегі өзгеріс βua мәнінен аз. φ2 бұрышының белгілі бір мәнінде кернеудің өзгеруі нөлге тең бола-
ды, яғни осындай белсенді сыйымдылықты жүктемеде екінші рет- тегі орамадағы кернеу, бос жүріс кезіндегі кернеуге тең. Ақыры, φ2 бұрышының үлкен мәндері үшін Δu кернеуінің өзгерісі теріс болып табылады, яғни жүктеме тогы ұлғайған кезде трансформатордың қысқыштарында кернеудің ұлғаюын білдіреді.
ҚТ тәжірибесінің нәтижелері бойынша қысқа тұйықталудың номиналды кернеудің белсенді және реактивті құрама бөліктері анықталады. Жүктеменің β коэффициентінің және cosφ2 жүктеменің қуат коэффициентінің мәндерін ескере отырып, (5.37) формула- сы бойынша Δu кернеуінің өзгеруін анықтай аламыз. Содан кейін, (5.35) формуланы пайдаланып және тәжірибелі сынақтарды қолдан- бай берілген жүктемеде U2 екінші реттегі орамада кернеуді табуға болады.
Жүктеменің әртүрлі сипаттамаларында трансфоматордың сы- ртқы сипаттамалары 5.8-суретте көрсетілген. Генератор сияқты, трансфоматордың сыртқы сипаттамасы – бұл U2(I2) жүктеме тогынан қысқыштарының шықпасында кернеудің тәуелділігі (осы жағдай- да-екінші реттегі орама қысқыштарында). Сыртқы сипаттамалардың 1 белсенді-индуктивті, 2 белсенді және 3 белсенді-сыйымдылықты жүктемелерде өзара орналасуы, жүктеменің осы түрлерінде Δu мән- дерінің айырмашылықтары туралы бұрын айтылған мәліметке сәй-
149
кес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |