Трансфоматордың энергия жоғалтулары. Электр энергиясын тасымалдау жағдайында пайда болған жоғалтулар бос жүріс және қысқа тұйықталудың тәжірибелі түрде сынақтарда анықтауға бола- тыны бұрын көрсетілген еді (5.1 және 5.3 – бөлімдерін қараңыз).
Бос жүріс тәжірибесінде, магнит сымын мерзіммен қайта маг- ниттеумен байланысты Р0магнит шығындарының қуаты анықта- лады. Қайта магниттеу магнит шығындарының екі түрін болды- рады: магнит өткізгішінің қалдық магниттелуін еңсеруге энергия шығындарынан туындаған гистерезске байланысты шығындар және магниттік өткізгіште құйынды токтардан шығындары. Магниттік шығындар айнымалы ток жиілігі артқан сайын көбейеді, әрі гисте- резистен шығындардың қуаты жиіліктің бірінші дәрежесіне пропор- ционалды болады, ал құйынды токтардан пайда болған шығындар жиілік шаршысына пропорционалды болып табылады. Тұрақты кер- неу мен токтың тұрақты жиілігімен магниттік шығындардың күші жүктеменің тогына тәуелді емес. Магниттік шығындарды азайту үшін, магниттік өткізгішті жіңішке гистерез ілмекпен (жұмсақ маг- нитті материал) және кіші қалдық магнитизациямен сипатталатын электртехникалық болаттың оқшауланған жіңішке тақташалардан жасайды.
Қысқа тұйықталу тәжірибесінде, номиналды токтың жүктемесін- де Рк.номтрансформатор орамаларындағы электршығындарыныңқу- аты анықталады (5.27-өрнекті қараңыз). Жүктемеде жұмыс істейтін
трансформатордың электр қуат шығыны жүктеменің ток шаршысына пропорционалды түрде өзгереді, демек, (5.36) өрнекпен анықталған β жүктеме коэффициентінің шаршысына пропорционалды:
Р= β2Р . (5.38) к к.ном
Трансформатордың пайдалы әрекеткоэффициенті. Желіден трансфоpматормен тұтынатын Р1 белсенді қуатының электр энергия қабылдағышына тасымалданатын Р2 белсенді қуатына қытанысы ретінде анықталады. Трансформатор мен генератордың ПӘК есеп- теу формулалары бірдей ((2.2)-өрнегін қараңыз), бірақ трансфор-
матордың пайдалы қуаты P2= S2cosφ2= U2I2cosφ2ретінде көрсетіл- ген, мұнда S2= U2I2– екінші реттік тізбектің жалпы қуаты болады. Трансформатордың бастапқы орамасына қолданылатын кернеудің
тұрақты мәнімен (U1= U1ном), екінші реттегі орамадағы кернеу шама- лы өзгереді (U2 ≈ U2ном), сондықтан екінші реттегі тізбекке берілетін қуаты, I2 ток жүктемесіне пропорционалды болады, яғни β жүктеме