6.2.-сурет. Трансформаторды жүктемемен ауыстырып қосу сұлбасы.
луы да мүмкін.
Трансформатор тораптан ағытылған кезде ауыстырып қосу қыз-дырмайауыстырыпқосу (ҚАҚ) деп аталады.
Трансформаторды ағытпай ауыстырып қосу жүктемемен рет-теу (ЖР) деп аталады. Соңғысы ешқандай уақыт мезетінде транс- форматор тораптан ағытылып қалмайтындай етіліп орындалады (жүктемемен жұмыс істеу кезінде тораптан ағыту электр доғасының туындауына әкелер еді).
Т трансформатордың жоғары кернеудегі орамасының бір фазасы ЖР сұлбасымен 6.2-суретте көрсетілген. Орама фазасының ұштары сәй- кесінше Ажәне Хдеп белгіленген. Ораманың фазасы екі бөлікке бөлін- ген. Астыңғы бөліктің орамдарынан трансформациялаудың әртүрлі ко- эффициенттеріне сәйкес келетін тармақтар жасалған. Сұлбаға мыналар қосылған: Q1 және Q2 ауыстырып қосқыштары, түйіспелері ажырайтын Q3 және Q4 түйістіргіштері, LRреакторы (реактор — бұл индуктивтік кедергісі үлкен және көбіне токты шектеу үшін қолданылатын құрылғы). Трансформатор жұмыс істеп тұрғанда Q1 және Q2 ауыстырып қосқыштарының түйіспелері ораманың бір тармағында болады. Бұл ретте ток орама фазасының екі бөлігімен және ауыстырып қосқыштардың түйіспелері мен түйістіргіштер қамтылған екі па- раллель тармақтың бойымен ағады. Көршілес тармаққа ауыстырып
қосу мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:
бұдан былай токсызданған тармақта болатын Q1 ауысты- рып қосқышының жылжымалы түйіспесі көршілес (сұл- бада - төменде орналасқан) тармаққа ауысады;
Q3 түйістіргіштің түйіспелері тұйықталады. Осы қалыпта Q1 мен Q2 ауыстырып қосқыштарының арасындағы ора- маның бөліктері ауыстырып қосатын құрылғының тұйық тізбегінде қалып қояды. Алайда, осы тізбектегі ток LRре- акторының кедергісімен шектеліп, үлкен мәнге жетпейді;