Q2 ауыстырып қосқышының жылжымалы түйіспесі Q1 ауыстырып қосқышының түйіспесі тұрған тармаққа ауы- сады;
Q4 түйістіргіштің түйіспелері тұйықталады. Сипатталған кернеумен реттеу рәсімдемесі автоматты түрде не-
месе басқару қалқанынан қашықтан жүзеге асырылады.
6.2.
ҮШФАЗАЛЫТРАНСФОРМАТОРЛАРДЫСЫНАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІНАНЫҚТАУ
Үш фазалы трансформатордың бос жүріс және қысқа тұйықталу тәжірибелерінің сұлбалары 6.3-суретте көрсетілген (осы сұлбалар- ды 5.1 және 5.5, а суретте көрсетілген сұлбалармен салыстырыңыз). Үш фазалы тораптың кернеуі реттелетін автотрансформа- тор түрінде келетін үш фазалы кернеу реттегішке (ҮКР) беріледі
(7.1-бөлімді қараңыз).
Вольтметрлер, сұлбаларда көрсетілгендей, U1φ, U2φ фазалық кер-неулерінөлшеу үшін трансформатор орамаларының фазаларына жалғанған. Мұндай жағдайда бос жүріс пен қысқа тұйықталу тәжіри- белерінің нәтижелері бойынша бір фазалы трансформатордың диа-
6.3.-сурет. Үш фазалы трансформаторды сынау сұлбалары:
а— бос жүріс тәжірибесі; б— қысқа тұйықталу тәжірибесі.
159
граммалары мен сұлбаларына сәйкес келетін үш фазалы трансфор- матордың жекелеген фазаларына арналған векторлық диаграммалар мен орын алмастыру сұлбалары құрылуы мүмкін (5.3, 5.4, 5.5, бжәне в, 5.7-суреттерді қараңыз). Алайда, техникалық құжаттамада кернеу мен токтың номиналды мәндерін көрсету кезінде желілік кернеу мен желілік токтың қолданыстағы мәндері тұспалданады.
Шығындардың қуатын өлшеу үшін е к і в а т т м е т р д і ң с ұ л - б а с ы пайдаланылады, олардың көрсеткіштерінің жиынтығы, дәлелдей алатындай, үш фазалы тізбектің қуатын береді. Дәл сол сұлба бойынша үш фазалы екі элементті ваттметрдің элементтері жалғанады.
Бос жүріс I0 тогы формулаға (6.1) сәйкес үш амперметрдің көр- сеткіштері бойынша анықталады. Қысқа тұйықталу тәжірибесіндегі ток та осыған ұқсас анықталады.
Трансформатордың трансформациялау коэффициенті бос жүріс тәжірибесінен анықталады. Үш фазалы трансформатор үшін кон- структивтік және пайдаланымдық трансформациялау коэффициент- тері ерекшеленеді.
ЖК орамасы фазасының тарамдар саны мен ТК орамасы фазасы- ның қатынасы kконтрансформациялаудыңконструктивтіккоэффи-циентідеп аталады:
(6.2)
Өрнек (6.2) бір фазалы трансформаторға арналған (4.6) өрнекпен үйлеседі.
Желілік кернеулердің (желілік сымдардың арасындағы кернеу- лердің) қатынасы кэкс трансформациялаудың пайдаланымдық коэф- фициенті деп аталады:
(6.3)
kэксмәні ЖК мен ТК орамаларын жалғау тәсіліне байланысты:
реттегідей жұлдызшамен немесе екеуі де үшбұрышпен жалғанған болса, онда kэкс= kкон(үшбұрыш сұлбасында ораманың бірінші фазасының ұшы екінші фазаның ұшы- на, екінші фазаның ұшы үшінші фазаның ұшына, үшінші фазаның ұшы бірінші фазаның ұшына жалғанған болса; ораманың фазаларын жалғау нүктелеріне үш сымды үш фазалы желінің сымдары жалғанады) болады;