Лобзин с. А. Электр машиналар



бет133/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

156


Майдың оқшаулау қасиеттерін төмендететін тотығатын заттардан үздіксіз тазалау үшін, трансформатор, оның багына құбыр арқылы жалғанған тік цилиндр түрінде келетін т е р м о с и ф о н д ы с ү з - г і м е н жабдықталады. Термосифонды сүзгі сіңіргіш зат — сор- бентпен (силикагельмен) толтырылған. Онда майдың жоғарыдан төмен бағыттағы термодиффузиялық циркуляциясы жүреді (термо- диффузия — бұл температура айырмасының ортасында болумен не- гізделген диффузия).
А д с о р б е р д е майдың циркуляциясы термосифонды сүзгіге қа- рағанда, майды төменнен жоғары айдайтын май сорғысының көме- гімен мәжбүрлі түрде жүзеге асырылады. Майды тазалау тиімділігі май тасқынының жылдамдығымен және сорбенттің қасиеттерімен анықталады.
Трансформатор орамаларының ұштары бактан сыртқа шығары- лады. Бұл үшін ішінде ток жүргізетін мыс өзекшесі бар өткізгіш фарфор оқшаулауыштар пайдаланылады. Оқшаулауыштар бактың қақпағына бекітіледі, сондай-ақ жоғарғы және төмен кернеулі ендір- мелер деп аталады. Бөлменің ішіне орнатылатын трансформаторлар- дың ендірмелерінің сыртқы беті, әдетте, тегіс болып келеді; сыртқа орнатылатын трансформаторлардың ендірмелері — ойлы-қырлы бо- лып келеді (6.1-суретті қараңыз, үстіңгі бөлік).
Трансформациялау коэффициентін реттеу. Трансформациялау коэффициентін реттеу қажеттілігі, біріншіден, трансформаторлар қосылатын электр тарату желілерінің әртүрлі нүктелеріндегі керне- удің әрқалай болуымен қамтамасыз етілген. Екіншіден, желінің кез келген орнындағы кернеу жүктеменің ауытқуы барысында өзгереді. Бұл ретте трансформатордың қосалқы орамасының қысқыштарын- дағы кернеу номиналды болуы немесе одан болмашы ғана өзгешеле- нуі тиіс. Трансформациялау коэффициентін реттеу үшін ЖК орама- сының орамдар саны өзгертіледі, бұл үшін бактың ішіне ауыстырып қ о с қ ы ш орналастырылады. Ауыстырып қосқыштың тұтқасы трансформатордың қақпағына немесе бактың қабырғасына шығары- лады.
Ауыстырып қосу ораманың реттеуіш тармақтарының арасында жүзеге асырылады. Егер орама фазасынан үш жаққа тармақтау көз- делген болса, онда орташа тармақталу трансформациялаудың номи- налды коэффициентіне, ал басқа екеуі номиналды коэффициенттен
±5%-ға ерекшеленетін трансформациялау коэффициентіне сәйкес келеді. Трансформациялау коэффициентінің мәндері арасындағы қысқа аралықты қамтамасыз ететін тармақталу саны көбірек қара-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет