Орамаларды жалғау сұлбасы. Трансформаторлардың орамала- рын жұлдызша мен үшбұрыш сұлбалары бойынша жалғау туралы 6.2-бөлімде ескерілген. Жұлдызша сұлбасы бойынша жалғау Y әр- пімен, ал үшбұрышсұлбасы бойынша жалғау Δ әрпімен белгіленеді. Арнайы жағдайларда, соның ішінде күрделі көпірлі түзету сұлба- ларында қолданылатын трансформаторларда орамаларды иректеп
161
6.4.-сурет. Ораманы иректеп жалғау сұлбасы және оның шартты белгісі
жалғау қолданылады (6.4-сурет). Ораманың иректеліп жалғанған же- келеген фазасы магнитті өткізгіштің әртүрлі өзекшелерінде тұрған және қарама-қарсы жалғанған екі шарғыдан құралады. Мұндай ора- маның жекелеген фазасының ЭҚК векторы осы фазадағы екі шарғы- ның ЭҚК векторларының айырмасы ретінде анықталады. Ораманың векторлық диаграммасын қарау кезінде шарғылардың ЭҚК-нің фаза бойынша ығысқанын анықтауға болады, бір фазасы екінші фазаға 120° бұрышта жақынырақ. Бұл жағдайда иректеліп жалғанған орама фазасының қолданыстағы ЭҚК мәні бір шарғының ЭҚК қарағанда есе көбірек болады (егер екі шарғыда тарамдардың саны бір-
дей болса). Салыстыру үшін: егер трансформатор орамаларының фазалары жұлдызшамен немесе үшбұрышпен жалғанған және егер ораманың бір фазасы екі бірдей шарғының құрамында болса, онда фазаның ЖҚК-і шарғының ЭҚК-не қарағанда 2 есе көп болады.
Орамалардыжалғаутоптары. Трансформаторлар параллель жұмыс істеген кезде (6.4-бөлімді қараңыз) тек жекелеген трансфор- маторлардың орамаларын жалғау сұлбалары ғана емес, сонымен қатар жалғау топтары да маңызды. Орамаларды жалғау топтары ұғымына мыналар кіреді:
ораманы жұлдызшамен немесе иректеп жалғанған кезде жалпы нүктеден шығуын көрсете отырып, ЖК мен ТК орамаларды жалғау сұлбалары;
ЖК (EAB) орамасының желілік ЭҚК-і мен төмен кернеудегі (Eab) тиісті желілік ЭҚК арасындағы фазалардың ығысу бұрышы. Векторлық диаграммада бұл бұрыш EABвекторынан Eabвекторына сағаттіліменөлшенеді.
Әртүрлі жалғау топтарына сай келетін желілік ЭҚК фазаларының ығысу бұрыштарының арасындағы минималды айырмашылық 30° құрайды. Дәл осы бұрыш жалғау тобын анықтауда бұрышты өлшеу бірлігі ретінде алынады (30° — бұл сағат тілі бір сағатта айналатын
бұрыш). Осылайша, егер EAB және Eab ЭҚК арасындағы фазалардың ығысу бұрышы равен 30°, онда трансформатор 1-ші жалғау тобына жатады, егер осы бұрыш 60° тең болса, 2-ші жалғау тобына жатады