Лобзин с. А. Электр машиналар



бет15/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   283

17





1.2.-сурет. Тұрақты ток генератордың үлгісі:
а — құрылғы: 1 — жарты сақина (коллекторлы тілімше); 2 — сырғымалы түйіспе (щетка); б — ораманың белсенді жағы мен ток қуатымен индуция- ланатын, ЭҚК уақытына тәуелді кестелері.



Қарастырылып жатқан үлгіде зәкірмен білікте айналатын екі жарты сақинамен 1, R кедергісімен электр энергия қабылдағышты қуат беретін ток бағыты бойынша тұрақтыны алу үшін, коллектор пайдаланыла- ды. Қабылдағыштың тізбегі қозғалмайтын сырғымалы түйіспе – щет- калар 2 арқылы жарты сақиналармен қосылады. Жоғарғы (суреттегідей) щеткасы оң болады, өйткені ток сыртқы тізбектің бойымен ағып кетеді; Төменгі щетка теріс болып табылады: сыртқы тізбектің тогы оған ағады. Зәкірді айналдыру үдерісінде, әрбір щеткамен жарты сақиналар арқылы ораманың бір немесе басқа белсенді жағы түйіседі де, осылайша сыртқы тізбекте ток бағытының тұрақтылығы қамтамасыз етіледі, ал сол уақытта әрбір белсенді жағының тогы бағытты әр жарты кезең сайын өзгертеді.
Айналым жақтарында ЭҚК нөлге тең болған кезде, жарты сақиналар щеткамен қысқа тұйықталады.


1.2.

ТҰРАҚТЫ ТОК МАШИНАНЫҢ КОНСТРУКЦИЯСЫ

Тұрақты ток машинасының негізгі бөліктері 1.3-суретте көр- сетілген: с т а т о р 1 (машинаның қозғалмайтын бөлігі) құрамын- да машинаның магнит ағынын тұйықтайтын болат тұғыры бар, негізгі магнит ағынын жасайтын н е г і з г і п о л ю с т е р 2 , сон- дай-ақ 1.3.-суретте көрсетілмеген қосымша полюстер бар. Бастапқы

18



1.3.-сурет. Тұрақты ток машинасы:
1 — статор; 2 — полюс; 3 — зәкір; 4— коллектор; 5 щеткасы бар щетка ұстағыштар



қозғалтқыштың білігінде айналатын з ә к і р д е 3 , механикалық энергия электр энергиясына айналады – бұл, генератор режимінде машинаның жұмысы.
Егер бастапқы қозғалтқыш болмаса, ал зәкірдің орамасы тұрақты кернеу көзіне қосылған болса, онда энергия басқа жолмен түрленеді, яғни машина қозғалтқыш режимінде жұмыс жасайды. Тұғырдың қалқандарында орнатылған білік мойынтіректерде бекітіледі. К о л - лек т ор 4, зәкір сияқты білікке орнатылады. Коллектор айнымалы токты, тұрақты токқа айналдыруға арналған. Коллектор тілімше- лерімен сыртқы тізбектің электрлік қосылуы щ е т к а ұ с т а ғ ы ш т а 5 орнатылған, жылжымайтын щеткалар көмегімен жүзеге асырылады.
Машинаның кейбір бөліктерін жеке қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет