Лобзин с. А. Электр машиналар



бет189/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

Қысқа тұйықталған қозғалтқышты реакторлар арқылы желі- ге қосу. Бұл төмендетілген кернеу кезінде іске қосудың басқа тәсілі. Реакторлар — үлкен индуктивті кедергіге ие және қысқа тұйықталған токтарды электр желілерінде шектеу үшін, сондай-ақ, тиристорлық

9.8.-сурет. Асинхронды қозғалтқышты реакторлардың көмегімен іске қосу сұлбасы.


221


түрленгіштердің сұлбаларында индуктивті балластық кедергі ретінде пайдаланылатын құрылғылар. Реакторларды пайдалана отырып, авто- матты түрде іске қосу сұлбасы 9.8 суретінде көрсетілген.
Сұлбада тікбұрыш ретінде КМ түйістіргіштерінің шарғылары мен КТ уақыт релесінің шарғылары көрсетілген. Шарғылардың бойымен ток жүрген кезде іске қосылатын түйіспелердің шарғыларындай әріптік-сан- дық белгілері бар. SB1 және SB2 — тұйықтайтын және ажырататын ба- тырмалар. КТ уақыт релесінің түйіспелері іске қосылған кезде (мұны осындай түйіспелердің белгіленуіндегі доғал көрсетеді), бәсеңдетілген түйіспелер болып табылады. LR таңбасымен реакторлар белгіленген. М әріппен қысқа тұйықталған асинхронды қозғалтқыш белгіленген, оның статорында С1, С2, С3 түйіндері бар. Төменде оң жағында электр сұлба- ларында асинхронды қозғалтқышты бейнелеудің басқа тәсілі көрсетілген. Қарастырылған сұлба келесі түрде әрекет етеді. SB1 батырмасын басқан кезде, желіден пайда болатын ток КТ уақыты релесінің шарғысы бойымен, сондай-ақ, КМ1 түйістіргіш шарғысының бойымен жүреді. КМ1 түйістіргіш шарғысының зәкірі (қозғалатын бөлік) қозғалатын түйіспелер бекітілген осьті айналдыра отырып, шарғының өзегіне қарай тартылады. SB1 батырмасын тұйықтайтын КМ1 түйістіргіші блок-түй- іспесінің, сондай-ақ, реакторлардың тізбелерін тұйықтайтын, КМ1 түй- істіргіш күштік түйіспелерінің тұйықталуы іске асады. Нәтижесінде, желі кернеуімен салыстырғанда, реакторлардың тізбектерінде болудың әсерінен, қозғалтқыш статорына төмендетілген кернеу беріледі. Қозғал- тқыш үдей түседі. КТ уақыт релесінің тағайындамасымен белгіленген, шамалы уақыт өткеннен кейін КТ түйіспелерінің тұйықталуы іске аса- ды, және КМ2 түйістіргіш шарғысының бойымен ток жүре бастайды. Сонымен бірге, реакторларды тұйықтайтын, КМ түйістіргішінің күштік түйіспелері тұйықталады және де қозғалтқыш желінің толық кернеуін- де болады. SB2 ажыратқыш батырмасын басқан кезде, ток түйістіргіш шарғыларының бойымен жүруді тоқтатады және түйіспелер ажырайды. Қысқа тұйықталған қозғалтқышты автотрансформатор арқылы желіге қосу. 9.9 суретінде көрсетілген сұлба бойынша жүзе- ге асыруға болады. SB1 батырмасын басқан кезде, ток КТ уақыт релесі шарғысының бойымен және КМ1 түйістіргіш шарғысының бойымен жүреді. КМ1 түйістіргішінің күштік түйіспелері қозғалтқышты Т транс- форматор арқылы қосады. Белігілі уақыт өткеннен кейін, КТ релесінің ажыртқыш түйіспелері ажырап, ал тұйықтайтындары тұйықталады. Со- нымен қатар, КМ1 түйістіргішінің шарғысы токсыздандырылады, және де автотрансформатор сөнеді. КМ2 түйістіргішінің шарғысы бойымен, бір мезгілде ток жүре бастайды және де КМ2 түйістіргішінің күштік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет