Лобзин с. А. Электр машиналар



бет186/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

218


стационарлық жұмысы кезінде (үдеу болмаған жағдайда) қозғал- тқышпен үдетілетін, М айналдыру (электрмагниттік) кезіне тең:

М = М2 + М0
(9.34)

Қозғалтқышпен желіден тұтынылатын I1 тогы біліктегі жүктеме артқан кезде, қозғалтқышпен желіден тұтынылатын I1 тогы біркелкі өзгермейді. Шамалы жүктеме кезінде ток баяу артады, ал аса көп жүктеме артылғанда – статор мен ротордың орамаларындағы бел- сенді шығындардың орнын толтыра отырып, шұғыл артады.
Қозғалтқыш білігіндегі жүктеме өзгерген кездегі cosφ1 қуат- тылық коэффициентінің өзгеруі келесі түрде іске асады. Бос жүру кезінде (s ≈ 0 кезінде) cosφ1 аз болады, себебі, машинадағы шығын- дарды өтеуге жіберілетін статор тогының актив құраушысы магнит ағынын жасайтын, бұл токтың реактивті құраушысымен салысты- рғанда аз болады. Біліктегі жүктеме артқан кезде, статор тогының актив құраушысының өсуінің есебінен, қуаттылық коэффициенті ең жоғары мәнге дейін жете отырып 0,8...0,9), артады. Аса үлкен жүк- темелер кезінде, сырғу мен ротор тогының жиілігі әжептәуір өседі. Осы себептен, ротор орамасының реактивті кедергісі артады және cosφ1 біршама азаяды.
P1 тұтынылатын қуат (9.25) өрнегімен анықталады. Тұрақты жеткізу кернеуі кезінде, ол тек I1cosφ1 статор тогының актив құра- ушысына ғана тәуелді болады. Жеке-жеке алынған I1 және cosφ1 шамалары Р2 пайда қуаты өзгерген кезінде, біркелкі өзгермейді. Бұл шамалардың көбейтіндісі, Р1 тұтынылатын қуат сияқты, пайда қуа- тына шамамен сызықтық тәуелді болады. Р1 қисығының жоғары қа- рай біршама ауытқуы жүктеменің артуына байланысты, статор мен ротор орамаларының мысындағы шығындардың артуымен түсін- діріледі.
ПӘК, кез келген электр машинасы немесе трансформатордағы- дай, пайда қуатына тәуелді болады. Бос жүріс кезінде (пайдалы жүктеме болмаған кезде) ПӘК бірге тең болады. Тұрақты шығындар ауыспалы шығындарға тең болатын жүктеме кезінде, ПӘК аса үлкен мәнге ие болады (5.4-бөлімін қараңыз).



9.7.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет