Лобзин с. А. Электр машиналар



бет190/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

222



9.9.-сурет. Асинхронды қозғалтқышты автотрансформатордың көме- гімен іске қосу сұлбасы.



түйіспелері қозғалтқышты желінің толық кернеуіне қосады.
КМ2 түйістіргішінің шарғысы бойынша ток жүрмеген кезде, КМ1 түйістіргішінің шарғысымен байланыстырылған, КМ2 түйістір- гішінің ажыратқыш түйіспелері тұйық жағдайда болады.
Бастапқы үдеуден кейін, автотрансформатордың орамасын жұл- дыз ретінде байланыстыратын түйіспелер ажыратылған жағдайда (бұл жағдайда, автотрансформатордың тізбегіндегі жоғарғы және төменгі түйіспелер әр түрлі түйістіргіштерге тиесілі болады), екі сатылы автотрансформаторлық іске қосу пайдаланылады. Төменгі түйіспелер ажыратылған кезде, автотрансформатор реакторға ай- налады; статор орамасының жеткізу кернеуі артады, бірақ, номи- налдыдан төменгі қалыпта болады. Іске қосудың екінші сатысында қозғалтқыш желінің толық кернеуіне қосылады.
Жетілдірілген іске қосу қасиеті бар қысқа тұйықталған қозғалтқыштар. Қысқа тұйықталған роторы бар асинхронды қозғалтқыштардың іске қосылу кезін арттыру үшін ротордың қосар- ланған орамасын (қосарланған «беличья клетка»), сондай-ақ, терең саңылаулары бар роторды пайдаланады.
Қысқа тұйықт а лған ро т ор дың қо с ар ланған о р а м а с ы 2 ішкі және сыртқы 1 орамадан тұрады (9.10, а - сурет). Қозғалтқышты желіге қосқан кезде, ротор қозғалыссыз болады және де ротор тогының жиілігі желі тогының жиілігіне тең болады: f2 = f1. Орама-

223


лардағы ток өздерінің толық кедергілеріне кері пропорционалды түрде тарайды. Ішкі орама ротор денесіне терең батырылған және сыртқы ора- маға қарағанда, сейілу саңылауы магнит ағынының көп күш желісімен тіркескен. Сонда, токтың аса жоғары жиілігі кезінде, ішкі ораманың ин- дуктивті кедергісі ұлғаяды, соның есебінен, оның толық кедергісі сыртқы ораманың толық кедергісін біраз арттырады. Сондықтан, іске қосу кезін- де, ток көп жағдайларда, сыртқы орамада жүреді. Сыртқы орама өзек- терінің қимасы ішкі өзектердің қимасына қарағанда, біршама кішірек болып жасалғандықтан, біріншілердің белсенді кедергісі екіншілердің белсенді кедергісінен біраз артық болады. Бұдан басқа, жоғары ораманың өзектерін, көбінесе, жезден немесе қоладан жасайды — мыс пен алюми- нийге қарағанда, жоғары меншікті кедергіге ие материалдардан жасайды. Сонымен, бір жағынан, ішкі өзектердің толық кедергісінің жоға- ры болуынан, іске қосу кезінде, ток көп жағдайларда сыртқы өзек- тердің бойымен жүреді. Екінші жағынан, сыртқы өзектер үлкен бел- сенді кедергіге ие, және осы себептен қозғалтқыштың максималды кезі үлкен сырғу аумақтарына қарай жылжиды; сонымен бірге, қа- рапайым жасалған қозғалтқыштарға қарағанда, іске қосу кезі біраз артады (ротор тізбегінің жоғары кедергісі кезіндегі қозғалтқыштың механикалық сипаттамасы штрих сызықтарымен белгіленген 9.6 су-
ретін қараңыз). Сыртқы ораманы і с к е қ о с у ш ы деп атайды.
Жұмыс режимінде сырғу аз болады, және де ротордағы ток жиілі- гі нөлге жақын болады (f2sf1 ≈ 0, (9.7) формуласын қараңыз). Сон- дықтан, ротордың екі орамасының да индуктивті кедергілері азаяды және де ток арасындағы ток өздерінің белсенді кедергілеріне кері пропорционалды түрде тарайды. Осылайша, іске қосылғаннан кейін ток, көбінесе, ротордың ішкі орамасының бойымен жүреді, ол ж ұ -







9.10.-сурет. Жақсартылған қасиеттері бар қысқа тұйықталған ротор- лардың өзектері:
а — қосарланған ораманың өзектері: 1 — сыртқы (іске қосу) ораманың
өзектері; 2 — ішкі (жұмыс) ораманың өзектері; б — терең саңылаулары бар ротордың өзегі; в — бөтелке үлгісіндегі өзек


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет