Қуатберушыкернеужиілігінөзгертумен,айналмалыжиілігінреттеу. Статор өрісінің айналмалы жиілігін өзгертуден негізделген ((8.4) – өрнекті қараңыз) және реттелетін жиілігі бар қуат көздерін пайдалану кезінде жүзеге асырылады. Мұндайлар электрмашина-
230
лық немесе жиілікті жартылай өткізетін түрлендіргіштер болып қызмет ете алады. Қуат берушы кернеудің жиілігін өзгерткен кезде, қозғалтқыштың максималды кезеңі де өзгереді, онымен қоса, Ммах/ Мномасқын жүктемелік қабілет те өзгереді. Қозғалтқыштың жұмысы тұрақты болу үшін, яғни, кездейсоқ артық күштер қозғалтқыштың тоқтауына себеп болмас үшін асқын жүктемелік қабілетті реттеу үдерісінде сақтап қалу қажет. Сондықтан, жеткізу кернеуінің жиілі- гін өзгертумен қоса, бір уақытта, кернеудің мәнін де өзгерту қажет. Жиілік пен кернеуді бір уақытта өзгерту сипаты электр жетегінің қа- сиеттеріне тәуелді болады, яғни, айналмалы жиілігін өзгерту кезінде жүктемелік статикалық иінкүштің қаншалықты өзгергеніне тәуелді болады. Сонымен қатар, статикалық иінкүш өзгермеген жағдайда, кернеужиіліктепропорционалдытүрдеөзгеруқажет.
9.9.
ГЕНЕРАТОРЛЫҚ ТӘРТІП ЖӘНЕ АСИНХРОН-ДЫҚОЗҒАЛТҚЫШТЫТЕЖЕУТӘСІЛДЕРІ
Генераторлық режимдегі асинхронды машина. Рекупераци- ялық тежеу. Электр машиналарының қайтымдылық қасиетіне сәй- кес, әр машина қозғалтқышты тәртіпте, сонымен бірге, генератор- лық тәртіпте де жұмыс істей алады (3.1 бөлімін қараңыз.).
Асинхронды машинаның статор орамасы үш фазалы желіге қо- сулы болсын, ал оның білігі бастапқы қозғалтқыштың білігімен біріктірілсін (бу турбинасының, синхронды қозғалтқыштың және т.б.). Егер, бастапқы қозғалтқыш білікті асинхронды машина магнит өрісінің n1 айналмалы жиілігінен артық болатын, n2жиілігіне дейін айналдырса, онда оның сырғуы кері болады ((9.2) және (9.30) өрне- кті қараңыз.). Сонымен бірге, Мэлектрмагниттік иінкүшті анықтай-
тын, I'2scosψ2ротор тогының актив құраушысы да кері болады ((9.29) өрнекті қараңыз.). Негізінде, ротор тогының белгісі (9.10) теңдеуіне сәйкес, сырғу белгісіне байланысты болады, ал cosψ2шамасы әрқа-
шан оң болады ((9.31) өрнекті қараңыз.).
Сонымен, n2 > n1 шарты жағдайында, М электрмагниттік иінкүш теріс санмен белгіленеді (тежеу). Бұл машинаның механикалық қу- атты өндірмейтіндігін (қозғалтқыш болып табылмайды), керісінше, оны тұтынатындығын білдіреді, яғни, механикалық қуатты үш фаза- лы желіге беретін электр қуатына айналдыратын генератор ретінде жұмыс істейді. Асинхронды генератордың ерекшелігі болып оны үш фазалы желіге қосу қажеттілігі табылады, соның әсерінен генератор