ротор тогы іске қосу тогынан артық болады (іске қосу кезінде s = 1 болатынын ескере отырып, (9.11) теңдігін қараңыз). Сондықтан, кері қосумен тежеу кезінде, ротордың тізбегіне белсенді кедергіні енгізу қажет. Осылайша, осы, тежеудің аса тиімді тәсілі фазалық роторы бар қозғалтқыштарда ғана пайдаланыла алады.
Айналмалы жиілігін нөлге дейін азайтқаннан кейін, қозғал- тқышты желіден ағыту керек, әйтпесе, ол кері қарай үдей бастайды (реверс).
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
Үш фазалы асинхронды қозғалтқыштың негізінде жатқан құ- былыстарды сипаттаңыз.
Асинхронды машина роторының сырғуы деп нені айтамыз?
Асинхронды машинаның қысқа тұйықталған және фазалық ро- торларының құрылымдарын сипаттаңыз. Фазалық ротордың түйіспелі сақинасының қызметі қандай?
Неге асинхронды қозғалтқыштың техникалық құжаттамасында номиналды кернеудің екі мәні көрсетіледі? Статор орамасы фа- заларын байланыстыру тәсілін таңдау неге байланысты болады?
Асинхронды қозғалтқыштың роторы мен статор орамасы кер- неуінің теңдігін жазыңыз. Осы теңдіктер мен трансформатор орамалары кернеулерінің теңдіктерін салыстырмалы түрде тал- даңыз.
Ротор тогының жиілігі неге тәуелді болады және ротор тогының
мәніне ол қалай әсер етеді?
Айналмалы роторды эквивалентті қозғалмайтынға алмастыру деген сөздер қандай мағынаны береді? Осындай алмастыруды есепке ала отырып, ротор тогының теңдігін жазыңыз.
ЭҚК трансформациясы коэффициенттері мен асинхронды қозғалтқыш тогының трансформатордың трансформациялау коэффициентінің ерекшелігі неде?
Ротор орамасы шамаларын айналым сандары мен статор орама- сы фазалары сандарына келтіру қандай мақсатта іске асырыла- ды? Келтірудің шарттары қандай?
Асинхронды қозғалтқыш пен трансформатордың векторлық диаграммаларының ұқсастықтары неде? Бұл диаграммалардың бір-бірінен ерекшелігі неде?
Асинхронды қозғалтқышты алмастыру сұлбасын сызыңыз және оны трансформаторды алмастыру сұлбасымен салысты- рыңыз.