Лобзин с. А. Электр машиналар


Тік білігі бар гидрогенератор



бет219/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

Тік білігі бар гидрогенератор. Синхронды гидрогенератордың бастапқы қозғалтқышы құлама су ағынының әсерімен айналатын гидроэлектрстанциялар (ГЭС) немесе гидроаккумуляторлы электр- станциялардың (ГАЭС) гидравликалық турбинасы саналады. Гидро- генератор білігі тік орналасқан және тікелей гидравликалық турби-

257





11.4.-сурет. Аспалы тұрпатты гидрогенератор:
1 — статор корпусы; 2 — статор өзегі; 3 — ротор полюсі; 4 — ротор тогы- ны; 5 — жоғарғы тіреу айқастырмасы.

намен біріккен. Қимадағы гидрогенератор 11.4 суретте көрсетілген. Гидрогенераторлар жай жүретін машиналар болып табылады. Ги- дравликалық турбинаның айналым жиілігі және, яғни гидрогенера-


тордың роторы су қысымы мен турбина қуатына байланысты.
Сонымен, мысалы СВ-712/227-24 гидрогенераторды айналды- ратын турбина (сыртқы диаметрі 712 см және статордың белсенді болат ұзындығы 227 см болатын синхронды тік генератор), 250 айн/мин жасайды, ал генератордың айналым жиілігі бар болғаны 62,5 айн/мин (шамамен секундына бар айналым) құрайды. Барлық отандық гидрогенераторлар 50 Гц жиілікпен электроэнергиясын өндіреді. (11.1) формуласына сәйкес бұл бірінші генератордың по- люс жұптарының санын білдіреді. Мысал ретінде келтіріледі, ол
мынаған тең p 60 f 60 50 12 (яғни оның полюстерінің саны
n 250
24 тең, оған генератор тұрпатты әріптік-сандық белгісіндегі соңғы

258


саны), яғни екінші генератордың полюстер жұбының саны 48 тең (96 полюстер). Гидрогенератор полюстерінің минималды саны 8, максималды саны — 108. Гидрогенераторлар полюстері айқын көр- сетілген; 4 сақиналық тогынына бекітіледі (11.4 суретін қараңыз), ол бір уақытта айқын магнитті жүйе, ол арқылы полюстердің магнитті ағындары тұйықталады.
Гидрогенераторлар статорларының өлшемдері үлкен болуына байланысты, оларды жалғау арқылы орындайды – ол көбінесе алты бірдей бөліктерден тұрады.
Білігі тік орналасқан гидрогенератордың айналмалы бөлігінің салмағы, сонымен қатар су қысымы турбинаның қолданыстағы дөңгелегіне ө к ш е л і к арқылы қабылданады. Өкшелік сырғыма- лы мойынтіректен құралады, ол айналмалы бөлік – т а б а н н а н тұрады, ол роторға бекітілген диск түрінде орындалған және табан астында орналасқан жылжымайтын бөлігі бар. Өкшеліктің жылжы- малы және жылжымайтын бөліктері арасында жақпа қабаты бар. Қу- атты генератор өкшелік жүктемесі бірнеше мың тоннаны құрайды.
Ротордың білігіне қатысты өкшеліктің орналасуы бойынша тік генераторлар аспалы және шатыр тұрпатты болады.
А с п а л ы т ұ р п а т т ы г е н е р а т о р д а өкшелік ротор білігінен жоғары тіреулі айқастырмада орналасқан 5 (11.4 суретті қа- раңыз). Мұнымен қоса, айналмалы ротордың шамалы механикалық тұрақтылығына жетеді, бірақ өкшеліктің тіреуі үшін үлкен айқасты- рма керек. Негізінде, аспалы тұрпатты гидрогенераторлар салысты- рмалы үлкен айналмалы жылдамдығы болады, сондай-ақ ротор мен статордың шектелген диаметрі бар.
Ш а т ы р т ұ р п а т т ы г е н е р а т о р д а өкшелік ротор өзегінен төмен, төменгі айқастырмада орналасқан. Бұл құрылым ротор мен статор диаметрі үлкен жай жүретін генераторлар үшін өте ыңғайлы. Өкшеліктерден басқа гидрогенераторлар білігіне тек қана радиал- ды күштерді қабылдайтын бір немесе екі бағыттаушы мойынтірек-
терді орнатады.
Ең қуатты гидрогенераторлар Енисей өзенінде орналасқан Сян-Шушенск ГЭС-де жұмыс жасайды. Олардың әрқайсысының қуаты 715 МВ.А құрайды, айналым жиілігі 143 айн/мин (2р = 42 по- люс), сыртқы диаметрі 15 м, ротор диаметрі 12 м, статордың магнит желісінің ұзындығы 2,75 м.
Ең қуатты гидрогенератор Еуропада Украинада «Электро- тяж-маш» харьков зауытында (қуаты 421 МВт) құрастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет