Лобзин с. А. Электр машиналар



бет216/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

Синхронды генератордың жұмыс істеу қағидасы. Қоздыру орамасында тұрақты ток өтіп ротор айналасында магниттік өріс құрылады, оның конфигурациясы полюстер санына тәуелді болады. Бастапқы қозғалтқыштың n жиілігімен ротор айналғанда бұл өріс ротормен бірге айналады. Ротор өрісінің күш сызықтары статордың орам өткізгіштерімен қиылысады, онда ауыспалы ЭҚК жасалады. Статор орамасының әр фазасында ЭҚК лездік мәнінің өзгеруінің толық кезеңі екі полюсті бөліктерге, яғни аттас полюстердің ор- талықтары арасындағы арақашықтыққа сәйкес келетін бұрышқа ро- тордың айналым уақыты кезінде өтеді. (бұл бұрыш 360°/р = 360 эл. град. тең).
Егер р = 1 болса, ротордың бір айналымы кезінде ЭҚК өзгерісінің бір кезеңі жүрсе, сонда 1 эл. град. = 1° болады. Мұнымен қоса, гер- цпен өрнектелген статор орамасының әр фазасының ЭҚК жиілігі f= n/60 болады, мұнда n ротордың айналым жиілігі минутына жасала- тын айналыммен өрнектелген.
Егер р > 1 болса, онда ротордың бір айналымы кезінде ЭҚК өз-
герісінің р кезеңі жүреді, сол кезде

f pn
60
(11.1)

((8.4) өрнегімен салыстырыңыз).
Фазалардың кеңістіктік жылжуының салдарынан олардың ЭҚК статор орамдары уақыт бойынша бірі екіншісіне ЭҚК 1/3 Т мерзімі- не салыстырмалы түрде жылжыған, бұл фаза бойынша 2π/3 рад жылжыған. ЭҚК синусоидалдық сипат болжамдарында, олардың лездік мәндері мына өрнектермен сипатталады:

eA Em sin t;
eB Em sin t 2 ; eC Em sin t 4 ,

(11.2)






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет