дәл осындай жолмен жолақ формалы және өське еркін орналасқан тұрақты магнит айналады). Полюстердің тартылысына байланысты айналмалы электромагниттік иінкүш пайда болады (электромагнит- тік иінкүштің генератордан айырмашылығы тежегіштігінде, 12.3 – бөлімін қараңыз).
Синхронды қозғалтқыш білігінің жүктемесін өзгерткенмен оның роторының айналу жиілігі өзгермейді. Тек қана статор мен ротордың магниттік өрісінің арасындағы біліктіктің (ось) θ - бұрышы өзгереді. Синхрондықозғалтқыштыіскеқосу. Синхронды қозғал- тқышты желіге қарапайым қосумен іске қосуға болмайды, себебі статордың айналмалы магниттік өрісі қозғалыссыз тұрған ротормен орын ауыстырып, машинаның айналу мүмкіндігі нөлге тең болады. Қозғалтқышты іске қосу үшін оған айналу жиілігінің деңгейін ха- барлау қажет. Бұл төменде сипатталған тәсілдер арқылы жүзеге асы-
рылады.
– тәсіл. Үдемелі қозға лтқыштың көмегімен і с к е қ о с у. Бұл тәсіл бойынша синхронды машинаның роторы көмекші қозғалтқыштың көмегімен синхронды жиілілікпен айнала- ды (синхронды айналысқа жуық жиілілікте). Бұдан кейінгі қозғал- тқышты іске қосу тәртібі синхронды генераторды желіге параллель қосқан кезде өзіндік сәйкестендіру, өзіндік синхрондау әдісімен жүргізіледі (12.1). Осыдан кейін үдемелі қозғалтқыш сөндіріліп, синхронды машина қозғалтқыш тәртібімен жұмыс істей бастайды. Үдемелі қозғалтқыштың қуаты синхронды қозғалтқыштың номи- налды қуатынан 10…20% аспайды. Бұл тәсіл қозғалтқыш білігіне жүктемеі түспеген жағдайда қолданылады. Қазіргі кезде үдемелі қозғалтқышпен қосу тәсілі көп қолданылмайды. Кейде осындай тәсілмен қуатты компенсатордың жұмысын жеделдетеді (13.2. б).
– тәсіл. Синхронды қозға лтқышты асин - х р о н д ы т ү р д е і с к е қ о с у. Қозғалтқышты белгіленген жүк- темемен іске қосу үшін, ойыққа салынған өзекшелерден т ұ р а т ы н о р а м а м е н орайды, ол ротордың шет жағына сақина тәрізденіп біріктіріледі (синхронды генератордың орамасы да өз тәсілмен жү- зеге асырылады, 12.4. б.).
Іске қосу орамасындағы қозғалмайтын роторға тән статордың магниттік өрісі айналған кезде қоздыру орамасында және ротор- дың магнит өрісімен қиылысатын металл бөліктерінде ток жүреді. Айналмалы магниттік өріс пен индукцияланған токтың магниттік өрісі әрекеттесіп, ротор айналады да біртіндеп жылдамдығы арта-