тын энергиядан асып кететін болса, машина синхронизмнен шығып кетеді, яғни динамикалық тұрақсыз болады.
Динамикалық тұрақтылықты арттыру үшін қоздырудыжыл-дамдатуқолданылады (11.7-бөлімді қараңыз), ол кезде қоздыру тогы, сонымен қатар зәкір орамасының ЭҚК-сы үлкен жылдам- дықпен арта бастайды.
Синхронды генераторды желімен қатар жұмысқа қосу жағдай- ларын атаңыз. Оларды тұрақты ток генераторларын қатар жұ- мысқа қосу жағдайларымен салыстырыңыз.
Автоматты құрылғыларды пайдаланбай орындау кезінде ге- нераторды желімен нақты синхрондау рәсімдемесін сипаттап беріңіз.
Генераторды желімен өздігінен синхрондауды жүзеге асыру үшін қандай жағдайлар сақталу тиіс?
Синхронды генератор желіге беретін белсенді және реактивті қуат қалайша реттеледі? Синхронды генераторды қалыпты қоз- дыру деп нені атайды? Синхронды генератордың «қайта қозуы» және «жете қозбауы» терминдері нені білдіреді»?
Синхронды генератордың U-тәрізді сипаттамасы деп нені атай- мыз? Генератордың нөлдік және нөлдік емес белсенді қуаттары кезіндегі U-тәрізді сипаттаманың түрін түсіндіріңіз?
Дербес жұмыс істейтін синхронды генераторға тиетін қоздыру және айналдыру иінкүш тогының өзгеруі мен осы факторлар- дың қуатты желімен параллель жұмыс істейтін ге-нераторға тигізетін әсердің ерекшеліктері неде?
Генератор мен қуатты желінің параллель жұмысымен салысты- рғанда қуаты өлшемдес екі синхронды ге¬нератордың парал- лель жұмысының ерекшеліктері қандай?
Генератордың берілген ЭҚК-сы мен оның шықпаларындағы кер- неу кезінде синхронды генератордың электрмагнитті қуаты мен электрмагнитті иінкүші неге байланысты болады? Синхронды генератордың бұрыштық сипаттамасы деп нені атаймыз?
Жүктеме немесе айналдыру иінкүші өзгерген кезде пайда бола- тын синхронды генератордың теңселу үдерісін сипаттап беріңіз. Генератордың теңселуін тыныштандыру үшін қандай шаралар қолданылады?
Синхронды машинаның динамикалық тұрақтылығы деп нені атаймыз? Динамикалық тұрақтылықты арттыру үшін қандай шаралар қолданылады?