сылығы Rм= I/(µµ0S) формуласымен есептеледі, мұндағы Iжәне S – магнитті тізбек аймағының ұзындығы және көлде- нең қимасы; µ – тізбек материалының салыстырмалы магнитті өтімділігі; µ0 – магниттік тұрақты шама.
Сонымен, жоғарғы магнитті өткізгішімен сипатталатын ферро- магнит материалының нұсқасында магнитті кедергісінің, дәл сондай көлемі бар магнитті емес материалдан жасалған нұсқалардан гөрі, едәуір төмен болады. Магнитті тізбектің магнитті кедергісі төмен болған сайын, орамада осындай ток кезінде орнатылатын магнитті ағын ұлғаяды.
Қысқа у1 қадамды орамалар es мәнін төмендету үшін қолданыла- ды (1.8, б, және 1.10-суреттерді қараңыз). Толық қадам жасалғанда бір ойықта орнатылған коммутациялайтын бөліктер жақтарының
бөлігі іргелес ойықтарға ауысады, бұл коммутациялайтын бөлімдер арасында магнитті ағынның төмендеуіне алып келеді.
Едәуір үлкен щеткаларды орнатады. Бұл шара бөліктің комму- тация кезеңін ұлғайтуға, яғни оның ішіндегі токтың өзгеру жыл- дамдығын азайтуына алып келеді. Бірақ, кең щетка коллекторлы тілімшелердің көп санын жабады, сонда өзара индукцияның ЭҚК жоғарылауын болдыратын бөлімдердің көп санын бірге байланы- стырады. Екі-үш коллекторлы бөліктерді қамтитын, ені кең щетканы қолдану дұрыс.
Магнит өрісінде жылжытылатын өткізгіш мысалында электр машина генераторының жұмыс қағидасын түсіндіріңіз
Тұрақты генератордағы коллектордың рөлі қандай? Коллектор- лық тілімшелер санын көбейтудің әсері қандай?
Статор орамаларының және тұрақты ток машина зәкірінің қыз- меті қандай?
«Дестеленген» термині дегеніміз не? Полюстердің және зәкірдің өзектері қандай мақсатпен дестеленген болады?
Тұрақты ток машинадағы зәкірдің қарапайым ойығы деген не? Қарапайым ойықтар саны, зәкір орамасының бөліктер саны және коллекторлы тілімшелер саны бір-бірімен қалай байланы- сады?
Қарапайым ілмекті ораманың айрықша ерекшелігі қандай? Осындай орамалардың параллель тармақтарының саны қандай болады?
Күрделі ілмекті орамасын қандай мақсатпен орындайды?