екі ішінара полюстерден тұратын, а ж ы р а т ы л ғ а н п о л ю с т е р болып табылады: солтүстік полюс N1 және N2 ішінара полюстерден, ал оңтүстік полюс S1 және S2 ішінара полюстерден тұрады (2.11-су- рет). Дәнекерлеу генераторында үш щеткалар жинағы орнатылған. Негізгі (көлденең) щеткаларға R жүктемесі қосылған. Қоздыру ора- масы қосымша (жоғарғы) щеткадан басталады, барлық полюстерді қамтиды және негізгі (оң жақта) щеткалардың бірінде аяқталады. Орама бағыты суретте көрсетілген полюстер полярлығына сәйкес таңдалады.
Дәнекерлеу генераторының әр ажыратылған полюсінің ішінара полюстерінің әртүрлі көлденең қимасы болғаны маңызды. N1 және S1 ішінара полюстерінің үлкейтілген көлденең қимасы бар, сон- дықтан олар нашар қаныққан (бұл полюстер ағыны үлкен аймаққа бөлінеді және олардың магниттік индукциясы шағын). Керісінше, N2 және S2 полюстерінің кішірейтілген көлденең қимасы бар, сон- дықтан олардың қанықтылығы үлкен. Генератор жүктемеде жұмыс істегенде, зәкір тогы N1 және S1 ішінара полюстерінің өрісіне қар-сы және N2 және S2 ішінара полюстерінің өрісіне сәйкес келетін бағыты таңдалған Фямагниттік ағынды тудырады. Осы себепті N1
және S1 нашар қаныққан полюстер өрісі айтарлықтай әлсірейді (бос
жүріс режимімен салыстырғанда), ал N2 және S2 полюстер өрісі осы полюстердің күшті қанықтылығына байланысты аса өзгермейді.
Нәтижесінде жүктеме тогы жоғарылағанда, аттас полюстердің жалпы ағыны едәуір төмендейді, сондықтан генератор қысқышта- рындағы I жүктемелік тогынан U кернеуінің тәуелділігі, яғни сы- ртқы сипаттамасы, қысқа тұйықталу тогы бар нүктеде, ток осьті
қиып өтетін құлама қисық болып табылады .
Дәнекерлеу тогының мәні (қысқа тұйықталу тогының) қоздыру тізбегінде Rвреостат көмегімен орнатылады.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
Тұрақты ток генераторында қандай шығындар бар? Генератор- дың электрмагнитті қуаты, тұтынатын механикалық қуатымен қалай байланысады?
Генератордың ЭҚК қандай параметрлерге тәуелді болады?
Генераторды тәуелсіз қоздыру қандай жағдайларда колданыла- ды?
Генератордың бос жүріс сипаттамасы нені қамтиды? Осы си- паттаманың ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
Жүктемелік сипаттама деген не? Бос жүріс сипаттамасына қа- тысты оның орналасуын түсіндіріңіз.
Генератордың сыртқы сипаттамасы нені көрсетеді? Оны қан- дай тәсілмен алады? Тәуелсіз қоздыру кезінде ток жүктемесі өзгерген кезде генератордың қысқыштарында кернеудің өзгеру себептерін түсіндіріңіз?
Генератордың реттеу сипаттамасын қандай мақсатпен алады? Бұл сипаттама нені көрсетеді?
Тұрақты ток генераторының өзін-өзі қоздыру үдерісін түсін-
діріңіз және өзін-өзі қоздыру шарттарын атаңыз.
Тәуелсіз қоздырудың тиісті сипапаттамаларынан параллельді қоздыру генератордың сыртқы және реттемелік сипаттамалы- рынан айырмашылығы қандай? Ол айырмашылықтардың се- бептері қандай?
Жүйелі қоздырудың тұрақты ток генератордың ерекшеліктері қандай? Осындай генераторлар іс жүзінде неге қолданылмай- ды?
Аралас генератордың параллельді қоздыру генераторынан ар- тықшылығы неде?
Параллельді жұмысқа параллельді қоздырудың тұрақты ток ге- нераторларын қосу үшін қандай шарттарын орындау керек?
Параллельді жұмыс істейтін генераторлар арасында жүктемені қалай қайта бөлуге болады? Параллельді жұмыс істейтін гене- раторлардың біреуін қозғалтқыш режиміне қалай ауыстыруға болады?
Аралас қоздыру генераторлардың параллельді жұмыс ерекшелі- гі қандай?