ратордың каскадтық қосу тізбегі арқылы ұлғайтылу мүмкін. Бұл жағдайда, екінші генератордың шығуындағы қуаты, бірінші генера- тордың кірісіндегі (қоздыру орамасында) қуатын 1000 және одан көп есеге асуы мүмкін. Алайда, каскадтық сұлба қымбат және өте үлкен болады.
Күшейту коэффициенті 1000-нан 10 000-ға дейін жететін көл-денең өрістің ЭМК жиі қолданылады. Оның жұмысын сипаттамас бұрын, машинаның нәтижелік магнит өрісіне зәкір өрісінің әсеріне байланысты тұрақты ток машинасында зәкір реакциясы орын алаты- ның еске түсірейік. Зәкір тогының магниттік өрісі негізгі полюстің осіне перпендикуляр болады (1.12 а -суретті қараңыз), сондықтан 1.6-бөлімде қарастырылған зәкір реакциясы көлденең деп аталады. Қарапайым тұрақты ток машинасында ол полюстер өрісін бұрмалай- ды және коммутацияны бұзады, сондықтан зәкір реакциясын әлсіре- ту үшін шаралар қолданылады (1.8 - бөлімін қараңыз).
Кәдімгі машинаға қарағанда электрмеханикалық көлденең өріс күшейткішінде зәкір реакциясы ЭҚК алу мақсатында қолданыла- ды. Көлденең qqосьте орналасқан көлденең щеткалар 1 (2.10-сурет) қысқа тұйықталған. Көлденең щеткалардан басқа, ЭМК-нің көлде- нең dd осьте, яғни полюстердің осьтерінде орнатылған тік щеткала- ры бар.
Тәуелсіз жұмыс істейтін көзде Iвток LG қоздыру (басқару) ора- масында ағып тұрады. Бұл ток Ф0 магнит ағынын жасайды. Жетек қозғалтқыштың зәкірі бұрылса магнит ағыны ЭҚК зәкір орамасында
индуцияланады. ЭҚК әсерінен, зәкір орамасында көлденең щетка- лар тұйықталғандықтан Ікқысқа тұйықталу ток пайда болады. Қысқа тұйықталу тогы шағын Ф0 магнит ағыны үшін де маңызды болады.
Полюстің осіне перпендикулярлы бағытталған Ік тогы, зәкір ре- акциясының Фqкөлденең ағынын жасайды. Зәкір орамасында осы ағынның әсерінен, 2тік щеткалар арасында өткізілген ЭҚК турала-
2.10.-сурет. Көлденең ағымы бар электрмашина күшейткішінің электр- лік сұлбасы:
1– көлденең щеткалар; 2– тік щеткалар