нады. Егер осы щеткаларға жүктемені қоссақ, оның бойымен І тогы ағады.
Жүктеменің I тогы, Фdзәкір реакциясының бойлық ағынын жа- сайды. Бұл ағым басқару орамасынан құрылған Ф0 ағынына қарсыбағытталған. Осылайша, Фdағымы машинаны магнитсіздендіреді.
Бойлық ағынның магнитсіздендіру әсерін өтеу үшін, тұғырға Lк өтемдеуші ораманы, Фdағынына қарсы бағытталған Фкағынын ор- натады. Өтемді реттеу үшін, өтемдеуші ораманы Rкреостатымен тұйықтайды.
Жүктеме ток өтетін 2 тік щеткалар үстінен коммутация жағдайла- рын жақсарту үшін, қосымша полюстер орнатылады.
Тұрақтытоктахогенераторлары, машина біліктерін айналу жылдамдығын өлшеуге арналған. Олар, сондай-ақ айналу жылдам-дығына пропорционалды кернеуін өндіріп, автоматты басқару жүйе- лерінде қолданылады.
Тахогенератор - тәуелсіз қоздыруы немесе тұрақты магниттен қоздыруы бар, төмен қуат генераторы.
Теңдеуге сәйкес, генераторымен өндірілетін E ЭҚК (2.7), егер Ф машинасының магниттік ағыны тұрақты мәнге ие болса п айналу жылдамдығына пропорционалды болады. Соңғы шарт тұрақты қоз- дыру кезінде, сондай-ақ тұрақты магниттен қоздыру кезінде орын- далады.
Тахогенератор білігін, айналу жиілігі өлшенетін машинаның білігіне механикалық түрде қосады. Тахометрдің қысқыштарына қо- сылған айтарлықтай ішкі кедергісі бар вольтметр, ЭҚК тахогенера- торына тең болатын кернеуді өлшейді. Егер вольтметрдің шкаласын жиілік мәндеріне бөлсек, біз тахометр аламыз. Тахометр бағытта- малық немесе сандық болуы мүмкін.
Дәнекерлеуші генератор.Бұрын, жүйелік және параллель қоз- дыру орамаларын кері қосумен аралас қоздыру генераторы элек- трдәнекерлеу мақсатта қолдынылғаны байқалған болатын, өйткені күрт төмен түсетін сыртқы сипаттамасы мен қысқа тұйықталудың төмен тогы бар (2.5-бөлімін қараңыз).
Арнайы дәнекерлеу генераторының конструкциясы, күрт түсетін сыртқы сипаттамасын, яғни ток жүктемесі жоғарылағанда кернеу- дің жылдам азаюын қарастырады. Осы идея, зәкір тогының өсуімен машинаның магнитті өрісін төмендететін зәкір реакциясын табу бо- латын.
Дәнекерлеу генераторының құрылымдық ерекшелігі, әрбір полюс