теңбүйірлі үшбұрышты қарастырайық (8.4, в суреті). Үшбұрыштың ОАжәне ОВбүйір жақтары шарғылардың ЭҚК векторлары ұштарының ге- ометриялық орны болып табылатын шеңбердің Rрадиусына тең.
ОАВ үшбұрышының О төбесінен АВ табанына дейін ОС перпен- дикулярын жүргізейік. ОАСтікбұрышты үшбұрышында АСкатеті
αэл /2 бұрышына қатысты алғанда қарсы жатқан бұрыш болып табы- лады. Синустың анықтамасы бойынша
өйткені АС кесіндісінің ұзындығы Е1 ЭҚК модулінің жартысына тең. Осыдан бір шарғының ЭҚК күшін өрнектейміз
Үш жарғының жиынтық ЭҚК өрнегі табанында Е векторы бола- тын, ал бүйір жақтары Rмәніне тең болатын тең бүйірлі үшбұрышты қарастырудан алынады. 8.4, б- суретінен осы үшбұрыштың төбесі кезінде бұрыштың qαэлқұрайтындығын көруге болады. Алдыңғы өрнекті толық қайталайтын қорытынды келесі тұжырымға әкеледі:
Жиынтық ЭҰК мен бір шарғының ЭҚК өрнектерін бөлу коэффи- циентінің өрнегіне қойып көрелік (8.6). Мынаны аламыз
(8.7)
ЭҚК жоғары гармоникалық құрамдас бөліктері үшін көршілес саңылаулар арасындағы электр бұрышы νгар моник асының р е т і м е н анықталады. Мысалы, үшінші гармоника үшін (ν= 3; fr3 = 3f) ол 3αэл құрайды; ν нөмірлі гармоника үшін бұл бұрыш ναэл мәніне тең. ЭҚК негізгі гармоникасы өзгерген кезең кезінде, яғни ротор екі полюстік бөлікке бұрылған кезде ν нөмірлі ЭҚК гармоникасы ν өз- герістер кезеңына ұшырайды, бұл электр бұрышының 360ν эл. гра- дусқа өзгеруіне сәйкес келеді.
Бұл жағдайда ν нөмірлі ЭҚК гармоникалық құрамдас бөлігі үшін ораманы бөлу коэффициенті
(8.8)
193
Жоғары гармоникалар үшін бөлу коэффициентінің негізгі гармо- никаға қарағанда едәуір аз болатындығын көрсетуге болады. Мұн- да қаралып отырған m=3 (фазалар саны), q=3 (полюс пен фазаға ке- летін саңылаулар саны), 2р=4 (полюстер саны) параметрлерімен сипатталатын ораманың мысалында, статор саңылауларының саны Zп=2mqp=36. Саңылауларды статордың шеңбері бойымен біркел- кі бөлген кезде ең жақын саңылаулар арасындағы орталық бұрыш α = 360/36 =10°. Оған αэл=рα=20 эл. град. электр градусы сәйкес келеді. Сонда (8.7) өрнегіне сәйкес есептелген негізгі гармоника үшін kрбөлу ко- эффициенті 0,96 мәніне тең болады. (8.8) формуласы бойынша 3-, 5- және 7-ші гармоникалар үшін kр3=0,67; kр5=0,22; kр7=0,18 мәндері шығады.
Синусоидалық емес Е ЭҚК-нің қолданылатын мәні гармоника- лық құрамдас бөліктерге (тұрақты құрамдас бөлік пен жұп гармони- калар болмаған жағдайда) сәйкес келетін Ег1, Ег3, Ег5 ЭҚК-нің қолда- нылатын мәндері арқылы төмендегідей өрнектеледі:
(8.9)
(8.9) өрнегіне ұқсас өрнек электротехника курсында синусоидалық емес ток тізбектерін талдау кезінде шығады. Бөлінген орамалар жағдай- ында Ег1, Ег3, Ег5 шамаларының әрқайсысы тиісті бөлу коэффициентіне пропорционалды. Бөлу коэффициенті – бұл сандар, аз бірліктер болған- дықтан осы сандардың шаршылары тиісінше коэффициенттерден аз бо- лады, бұл бөлінген ораманы шоғырланған ораманың орнына пайдалану кезінде жоғары гармоникалардың едәуір әлсіреу фактісін түсіндіреді.