201
үш жалғастырғышты орнатқан жағдайда, үшбұрышты байланы- стыру орын алады. С4, С5 және С6 қорап қысқыштарын үшбұрыш ретінде жалғау кезінде, жалғастырушылардың қиылысуын болдыр- майтын тәртіпте орналастырады. 9.4, а - суреті бойынша бақыласақ, жалғастырғыштарды орнату кезінде сұлбаның барлық байланыста- ры 9.4- суретіне сәйкес, статордың орамасы үш бұрыш ретінде (9.4, г - сурет) байланысқанына көз жеткіземіз.
9.2.
|
АСИНХРОНДЫ ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫҢ ТЕҢДЕУЛЕРІ
|
Кернеулер теңдеулері. Асинхронды қозғалтқышта, трансформа- тордағыдай, екі орама бар. Кернеудің үш фазалы жүйесі берілетін, статордың орамасы трансформатордың бастапқы орамасына, ал ро- тордың орамасы екінші орамаға сәйкес. Аталған екі құрылғының ұқсастығы олардағы үдерістерді сипаттайтын теңдеулердің ұқса- стығын шарттайды. Сондықтан, берілген тақырыпты зерттеместен бұрын, 5.1 және 5.2 тарауларындағы материалды қайталаған дұрыс болады, себебі, олардың ішінде теңдеулерден басқа, бұл жерде қо- сымша түсіндірулерсіз қолданылатын көптеген мағлұматтар бар. Әрі қарай келтірілген теңдеулерде «1» индексі статордың орамасы- на, ал «2» индексі — ротордың орамасына қатысты.
Статор орамасының бір фазасы үшін Кирхгофтың екінші заңы бойынша (5.3) теңдеуіне ұқсас теңдеуді жазайық:
U1 + E1 + Eσ1 = I1R1,
(9.3)
Бұл жердегі U1 — орама фазасына берілетін кернеу (кешенді мағы- на); E1 — негізгі магнит өрісімен шартталған индукцияның ЭҚК; Eσ1 — сейілу ағынымен шартталған индукцияның ЭҚК; I1 — статор
орамасының тогы; R1 — оның фазасының белсенді қарсылығы.
Сейілу ағынымен шартталған Х1 индуктивті кедергісі мағына- сын енгізе отырып, және де ЭҚК Eσ1 (5.5) формуласы бойынша бел- гілей отырып, (9.3) теңдеуін қайта жазайық:
U1 = –E1 + I1R1 + jI1X1.
(9.4)
Мұндай түрдегі теңдеу қуат берушы кернеудің негізгі ағынмен шартталған ЭҚК орнын толтыратындығын, сондай-ақ, белсенді және индуктивті кедергілерде кернеудің төмендеуін көрсетеді. (9.4) және (5.15) теңдеулері ұқсас.
Егер, ротор қозғалмайтын (тоқтап тұрған) жағдайда механика- лық түрде бекітіліп тұрса, онда қозғалтқыштың екінші реттегі орама-
Достарыңызбен бөлісу: |