Қысқатұйықталғанқозғалтқыштыреакторларарқылыжелі-геқосу. Бұл төмендетілген кернеу кезінде іске қосудың басқа тәсілі. Реакторлар— үлкен индуктивті кедергіге ие және қысқа тұйықталған токтарды электр желілерінде шектеу үшін, сондай-ақ, тиристорлық
9.8.-сурет. Асинхронды қозғалтқышты реакторлардың көмегімен іске қосу сұлбасы.
221
түрленгіштердің сұлбаларында индуктивті балластық кедергі ретінде пайдаланылатын құрылғылар. Реакторларды пайдалана отырып, авто- матты түрде іске қосу сұлбасы 9.8 суретінде көрсетілген.
Сұлбада тікбұрыш ретінде КМтүйістіргіштерінің шарғылары мен КТуақыт релесінің шарғылары көрсетілген. Шарғылардың бойымен ток жүрген кезде іске қосылатын түйіспелердің шарғыларындай әріптік-сан- дық белгілері бар. SB1және SB2— тұйықтайтын және ажырататын ба- тырмалар. КТуақыт релесінің түйіспелері іске қосылған кезде (мұны осындай түйіспелердің белгіленуіндегі доғал көрсетеді), бәсеңдетілген түйіспелер болып табылады. LR таңбасымен реакторлар белгіленген. М әріппен қысқа тұйықталған асинхронды қозғалтқыш белгіленген, оның статорында С1, С2, С3 түйіндері бар. Төменде оң жағында электр сұлба- ларында асинхронды қозғалтқышты бейнелеудің басқа тәсілі көрсетілген. Қарастырылған сұлба келесі түрде әрекет етеді. SB1батырмасын басқан кезде, желіден пайда болатын ток КТуақыты релесінің шарғысы бойымен, сондай-ақ, КМ1 түйістіргіш шарғысының бойымен жүреді. КМ1түйістіргіш шарғысының зәкірі (қозғалатын бөлік) қозғалатын түйіспелер бекітілген осьті айналдыра отырып, шарғының өзегіне қарай тартылады. SB1 батырмасын тұйықтайтын КМ1 түйістіргіші блок-түй- іспесінің, сондай-ақ, реакторлардың тізбелерін тұйықтайтын, КМ1 түй- істіргіш күштік түйіспелерінің тұйықталуы іске асады. Нәтижесінде, желі кернеуімен салыстырғанда, реакторлардың тізбектерінде болудың әсерінен, қозғалтқыш статорына төмендетілген кернеу беріледі. Қозғал- тқыш үдей түседі. КТуақыт релесінің тағайындамасымен белгіленген, шамалы уақыт өткеннен кейін КТтүйіспелерінің тұйықталуы іске аса- ды, және КМ2түйістіргіш шарғысының бойымен ток жүре бастайды. Сонымен бірге, реакторларды тұйықтайтын, КМтүйістіргішінің күштік түйіспелері тұйықталады және де қозғалтқыш желінің толық кернеуін- де болады. SB2ажыратқыш батырмасын басқан кезде, ток түйістіргіш шарғыларының бойымен жүруді тоқтатады және түйіспелер ажырайды. Қысқа тұйықталған қозғалтқышты автотрансформаторарқылыжелігеқосу. 9.9 суретінде көрсетілген сұлба бойынша жүзе- ге асыруға болады. SB1батырмасын басқан кезде, ток КТуақыт релесі шарғысының бойымен және КМ1 түйістіргіш шарғысының бойымен жүреді. КМ1түйістіргішінің күштік түйіспелері қозғалтқышты Ттранс- форматор арқылы қосады. Белігілі уақыт өткеннен кейін, КТрелесінің ажыртқыш түйіспелері ажырап, ал тұйықтайтындары тұйықталады. Со- нымен қатар, КМ1 түйістіргішінің шарғысы токсыздандырылады, және де автотрансформатор сөнеді. КМ2 түйістіргішінің шарғысы бойымен, бір мезгілде ток жүре бастайды және де КМ2түйістіргішінің күштік