Лобзин с. А. Электр машиналар



бет197/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

231


қозады, яғни, айналмалы магнит өрісін туындатады.
Генератор режиміндегі асинхронды машинаның механикалық си- паттамасы 9.6-суреттің сол жағында көрсетілген. Бұл тәртіпте ро- тордың сырғуы өзгеруі мүмкін, теорияда, (0,–∞) шегінде.
Желіден магнит өрісін тудыру үшін реактив қуаты тұтынылады. Бұл қуат аса үлкен: ол асинхронды генератордың толық қуатының 20 дан 50 % дейін құрайды. Осы себептен, асинхронды генераторларды электр қуатының көздері ретінде пайдаланылмайды. Бұл, 11 - бөлім- де қарастырылатын синхронды генераторларға тиісті.
Асинхронды машинаның генераторлық жұмыс режимі рекупера- тивті тежеу үшін пайдаланылады, мысалы, жүк көтерме кранымен түсірілгенде. Жүктің ауырлық күшінің әрекет етуінің әсерінен, жетек асинхронды қозғалтқыштың роторы үдейді және де оның айналма- лы жиілігі өрістің айналмалы жиілігінен жоғары болады. Сонымен бірге пайда болатын тежелу сәті жүкті түсіру жылдамдығын шектей- ді, жүктің кинетикалық қуаты электр қуатына түрленіп, желіге қайта оралады.
Тұрақты ток қозғалтқышын мысалға келтіріп, рекуперативті те- жеу 3.8 - бөлімде қарастырылған. Тұрақты ток қозғалтқышының басқа да электрлік тежелу түрлері (3.8 бөлімін қараңыз), сондай-ақ, асинхронды қозғалтқыштарға да қатысты қолданылады.
Асинхронды қозғалтқыштың динамикалық тежелуі. Егер, тұрақты ток қозғалтқышындағы динамикалық тежелу зәкірді көз- ден реостатқа ауыстыру арқылы іске асырылса, онда асинхронды қозғалтқышта, осыған ұқсас әсерге статор орамасын айнымалы кернеу желісінен ағыту арқылы және оны тұрақты кернеу көзіне қосу арқылы қол жеткізіледі, бұл мақсатта токты қайта қосқыш пайдаланылады. Статор түйіндерінің бірін, сонымен қатар, көздің оң қысқышына қосады, басқа екеуін өзара біріктіреді және көздің теріс қысқышына қосылады. Статор орамасында қозғалмайтын маг- нит өрісі мен шама бойынша тұрақты болатын тұрақты ток жүретін болады. Инерция бойынша айналуын жалғастыратын ротор орама- сында, сонымен бірге, ротор тогын туындататын ЭҚК жүргізіледі. Бұл токтың магнит өрісі статордың қозғалмайтын өрісімен өзара әрекетте болған кезінде, тежелу сәті пайда болады. Негізінде, егер, статор өрісінің айналымы кезінде ротордың айналуын туындататын себептер (9.1 бөлімін қараңыз) пайда болса, онда тыныштықтағы өріс кезінде, осы себептер айналым үстіндегі роторды тоқтатуға талпынады. Қозғалмайтын қозғалтқышты іске қосу кезіндегідей,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет