Қозғалтқышпен
желіден тұтынылатын I1 тогы біліктегі жүктеме артқан кезде, қозғалтқышпен желіден тұтынылатын I1 тогы біркелкі өзгермейді. Шамалы жүктеме
кезінде ток баяу артады, ал аса көп жүктеме артылғанда – статор мен ротордың орамаларындағы бел- сенді шығындардың орнын толтыра отырып, шұғыл артады.
Қозғалтқыш білігіндегі жүктеме өзгерген кездегі cosφ
1 қуат- тылық коэффициентінің өзгеруі келесі түрде іске асады. Бос жүру
кезінде (s ≈ 0 кезінде) cosφ
1 аз болады, себебі, машинадағы шығын- дарды өтеуге жіберілетін статор тогының актив құраушысы
магнит ағынын жасайтын, бұл токтың реактивті құраушысымен салысты- рғанда аз болады. Біліктегі жүктеме артқан кезде, статор тогының актив
құраушысының өсуінің есебінен, қуаттылық коэффициенті ең жоғары мәнге дейін жете отырып 0,8...0,9), артады. Аса үлкен жүк- темелер кезінде, сырғу мен ротор тогының жиілігі әжептәуір өседі.
Осы себептен, ротор орамасының реактивті кедергісі артады және cosφ
1 біршама азаяды.
P1 тұтынылатын қуат (9.25) өрнегімен анықталады. Тұрақты жеткізу кернеуі кезінде, ол тек
I1cosφ
1 статор тогының актив құра- ушысына ғана тәуелді болады.
Жеке-жеке алынған I1 және cosφ
1 шамалары
Р2 пайда қуаты өзгерген кезінде, біркелкі өзгермейді. Бұл шамалардың көбейтіндісі,
Р1 тұтынылатын қуат сияқты, пайда қуа- тына шамамен сызықтық тәуелді болады.
Р1 қисығының жоғары қа- рай біршама ауытқуы жүктеменің артуына байланысты, статор мен ротор орамаларының мысындағы шығындардың артуымен түсін- діріледі.
ПӘК, кез келген электр машинасы
немесе трансформатордағы- дай, пайда қуатына тәуелді болады. Бос жүріс кезінде (пайдалы жүктеме болмаған кезде) ПӘК бірге тең болады. Тұрақты шығындар ауыспалы шығындарға тең болатын жүктеме кезінде, ПӘК аса үлкен мәнге ие болады (5.4-бөлімін қараңыз).
Достарыңызбен бөлісу: