Лобзин с. А. Электр машиналар



бет235/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

277


өтеді. Негізінде, қысқа тұйықталу режимі белсенді, индуктивті және сыйымдылықты барлық жүктеме кедергілерінің нөлге теңдігін көр- сетеді.
Басқа жүктеме сипаттамасының нүктелері белсенді жүктеме кезінде НИХ-қа қарағанда жоғары орналасады, себебі зәкірдің көл- денең әсері бойлық магнитсіздендірушіге қарағанда аз дәрежеде ма- шинаны магнитсіздендіреді (11.3 суретін қараңыз). Сыйымдылықты жүктеме кезіндегі жүктеме сипаттамасы одан да жоғары өтеді, оған қоса, қоздыру тогының кейбір мәнінде ол бос жүрістің сипаттама- сымен қиылысады, және одан әрі жоғарыда орналасады, бұл генера- тор шығымында кернеудің ЭҚК-дан жоғары болатын зәкірдің бой- лық магнитсіздендіру реакциясымен түсіндіріледі.
Үш фазалы қысқа тұйықталу сипаттамасы (ҚТС, 11.14 су- реті). Бұл генератордың зәкір тогының С1, С2, С3 зәкір орамасының қысқа тұйықталған шығымындағы және өзгеріссіз айналым жиілі- гіндегі қоздыру тогына тәуелділігін көрсетеді. Мұнда зәкір тогы қысқа тұйықталу тогы болып табылады Iк.
Зәкір орамасының белсенді кедергісі индуктивтімен салысты-
рғанда аз болуы есебінен қысқа тұйықталу тогы ЭҚК-дан 90° қалыс қалады және зәкірдің бойлық магнитсіздендіру реакциясын құрады. Зәкірдің үлкен магнитсіздендіру реакциясы салдарынан машинаның магнитті тізбегі қанықпаған болып табылады және ҚТС түзу сы- зықты көрсетеді. Бұрын айтылғандай, Iв.к белгісі ретінде қоздыру тогы белгіленген. Онда қысқа тұйықталу тогы Iк номиналды токқа тең Iном.
Үшфазалыға қоса, екі фазалы және бір фазалы қысқа тұйықта- луды ажыратады. Екі фазалы тұйықталу кезінде генератордың екі шығымы (С1 және С2, С2 және С3 немесе С3 және С1) бір-бірімен электр арқылы қосылған. Бір фазалы қысқа тұйықталуда статор ора- масының бір фазасы тұйықталған болады. Сол зәкірдің бір қоздыру тогында үшфазалы ТС кезінде зәкір тогы аз болады, ал бір фазалыда
– көп болады. Бұл зәкірдің магнитсіздендіруші әсері тура реттілік токтарымен құрылады, ал үшфазалы ТС кезінде зәкір орамасында тек осы токтар өтеді. Бір фазалы ТС режимінде кері реттілік тогы үлкен мәнге ие, ал зәкірдің магнитсіздендіру әсері аз болып қалады (токтардың симметриялы емес үшфазалы жүйесінің ыдырауы – тура ток, кері және нөлдік реттілік – теориялық электротехникада зертте- леді).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет