кедергісінде кернеудің азаюы (қорытқы магнит ағынының өзгеруі және белсенді кедергідегі кернеудің азаюы жүктемені және тәуелсіз қоздырудың тұрақты ток генераторының сыртқы сипаттамаларын талқылауда қарастырылды (2.3 бөлімін қараңыз)).
Жүктеме тогы аз болған сайын, соғұрлым зәкірдің белсенді кедер- гісіндегі кернеудің азаюы аз болады. Зәкірдің белсенді кедергісінің болуы генератор жүктемесінің босауына байланысты тұрақты ток генераторында да кернеудің артуына алып келеді.
Зәкір реакциясына келетін болсақ, оның әрекеті жүктеме си- патына тәуелді. Индуктивтіжүктемекезінде зәкір реациясы бойлық магнитсізденуші болып табылады (11.3 бөлімін қараңыз). Босау кезінде зәкір реакциясы азайып, генератор шығысындағы кернеу артады. Осылай, индуктивті жүктеме кезінде зәкір реак- циясы мен зәкірдің белсенді кедергісі бір бағытта кернеудің өз- геруіне қарай әрекет етеді. Белсенді жүктеме кезінде ток көбіне кернеудің артуымен бірге жүреді, себебі бұл кезде көлденең осі бойынша зәкір реакциясы әлсірейді (белсенді жүктеме кезін- дегі қорытқы ЭҚК өзгерісінің мүмкін болатын өзгерістері 11.3 бөлімінде қаралған).
Сейілу ағынының индуктивті кедергісінде кернеудің азаюының
әсері ресми түрде зәкір реакциясының әсерімен қатар жүреді, бұл жерде xqжәне xdсинхронды индуктивті кедергілердің енгізілген шамаларын басшылыққа алады((11.15) және (11.17) өрнектерін қа-
раңыз). Бұған қоса, зәкір реакциясының сәйкес бойлық және көлде-
274
нең ағындарымен индуцияланған ЭҚК Eaqжәне Eadорнына (11.14) және (11.16) өрнектерімен анықталатын ЭҚК Eqжәне Ed, қарастыры- лады, және (11.13) кернеу теңдеулерінің орнына (11.18) қарастыры- лады.
Сыртқы сипаттамалары бойынша кернеудің пайыздық өзгерісі анықталады:
(11.21)
Мұндағы Е0 — осы режимде кернеуге тең болатын бос жүріс ре- жиміндегі генератор ЭҚК.
Сыртқы сипаттамалар генератордың негізгі пайдаланушылық си- паттамалары болып табылады.