Реттеуші сипаттамалар. Генератор шығымдары мен айналым жиілігіндегі кернеудің тұрақты мәндері кезіндегі Iв генераторы қоз- дыру тогының Iжүктеме тогына тәуелділігі ұсынылады. Сыртқы,
реттеуші сипаттамалар секілді әр түрлі жүктеме түрлері үшін ала- ды (жүктеме қуатының әр түрлі коэффициенттері үшін). Бұл сипат- тамалар U кернеуінің генератор шығымында өзгеріссіз қалуы үшін қоздыру тогын қаншалықты өзгертуге болатынын көрсетеді (оның шініде, Uномноминалды теңдеуіне тең болады). Оларды реттеуші құрылғыны таңдау мен жобалау үшін қолданады.
Әр түрлі жүктеме түрлеріне арналған реттеуші сипаттамалар 11.13, б суретінде келтірілген. Индуктивті жүктеме кезінде жүктеме тогы артқан кезде болатын реттелмейтін генератор шығымдарын- дағы кернеудің азаюы аса маңызды. Сондықтан да, кернеуді өзгеріс- сіз ұстап тұру үшін қоздыру тогының көп өзгерісі керек болады, себебі қоздыру тогын негізгі магнитті ағын анықтайды, яғни инду- циялайтын ЭҚК анықтайды. ((9.13) өрнегін қараңыз). Индуктивті және белсенді жүктемелерде жүктеме тогының өсуімен қоздыру тогын да арттыру керек, ал сыйымдылықты жүктемеде — зәкірдің магниттеуші әсерін өтеу үшін азайту керек.
11.13, б суретіндегі Iв0символы ретінде қоздыру тогы белгілен- ген, онда бос жүріс режиміндегікернеу номиналдыға тең болады (Е0= Uном).
Реттеуші сипаттамалары бойынша жүктеме тогы нөлден номи-
налды мәнге дейін өзгергендегі кернеудің өзгеріссіз мәніне сәйкес келетін қоздыру тогының пайыздық өзгерісі анықталады:
275
(11.22)
Бос жүріс режимінің сипаттамасы (БЖС).Генератордың тұй- ықталған сыртқы тізбегінде (I= 0) және ротордың тұрақты айналым жиілігінде орамадағы индуцияланған ЭҚК Е0 статорының Iв қозды- ру тогына тәуелділігін көрсетеді. Бұл сипаттама машинаның магнит- ті тізбегінің қанығуын бағалауға мүмкіндік береді; оның көмегімен векторлық диаграммалар және басқа да машина сипаттамалары тұрғызылуы мүмкін. Бос жүрістің сипаттамалық түрі 11.14 суретте екі басқа да сипаттамалармен бірге көрсетілген, олар алда қарасты- рылатын болады.
ХХХ осьтері бойынша, Е0 және Iвшамаларының орнына көбі-
не E*= Е/U и I*= I/I . салыстырмалы шамаларда құрылған
0 0 ном 0 в в.ном
әр түрлі генераторлардың бос жүріс сипаттамасы бір-бірінен болар болмас ерекшеленеді. Орташа және үлкен қуатты генераторлар бой- ынша тәжірибелік мәліметтерді жалпылау негізінде алынған орта- ша ХХХ қалыптыХХХ деп аталады. Қайта құрылған генератордың сипаттамасы номиналдыға жақын болуы керек. Тәжірибе жүзінде алынған және номиналды сипаттамалардың айырмашылығы гене- ратордың дұрыс емес есептелгенін меңзейді. Оның ішінде, экспе- риментті және номиналды сипаттамалардың түзу сызықты бөлік- терінің сәйкес келмеуі әуе саңылауының дұрыс емес таңдалғаны туралы айтады.
Синхронды генератор мен тұрақты ток генераторының бос жүрісінің сипаттамалары ұқсас.
Синхронды генератордың номиналды сипаттамасы 2.3 суретін-
11.14.-сурет. Синхронды генератордың (бос жүрісті, жүктемелі және үшфазалы қысқа тұйықталу) және ре- активті үшбұрыштың (си- паттамалық) сипаттамасы.