«Логика» (вариативті компонент негізінде мектепалды даярлық сыныбына арналған.) Қоныс орта жалпы білім беретін мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Аменова Әлия Тілеуғалиқызының іс-тәжірбиесінен



бет3/50
Дата14.10.2023
өлшемі421,5 Kb.
#113764
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
ЛОГИКА вариатив (1)

р/с



Тақырыбы



Мақсаты

Сағ\
саны

1

Заттар белгілері(түсі, пішіні, өлшемі, қызметі,материалы)

Заттардың белгілерін анықтау іскерлігін тексеру;

1

2

Бірдей. Әртүрлі. Заттарды әртүрлі белгілер бойынша салыстыру. Геометриялық фигуралар туралы жалпы түсініктер (шеңбер, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тікбұрыш)

Заттарды әртүрлі белгілері бойынша салыстыру, олардың қасиеттері мен айырмашылықтарын «бірдей», «әртүрлі» деген сөздерді қолдана отырып табу іскерлігін қалыптастыру;

1

3

Заттардың белгілерінің өзгеруі.

Заттардың өзгерістерін көру және өзгерістердің қандай белгілер бойынша орын алғанын анықтау іскерлігін қалыптастыру:

1

4

Заттарды топқа біріктіру.

Заттарды топтарға біріктіру, оларды топтарға бөлу және берілген белгілері бойынша заттарды топтан ажырату іскерлігін қалыптастыру.

1

5

Сол жақтан – оң жақтан.

Оң қол мен сол қолды ажырату іскерлігін дамыту.

1

6

Уақыт реттілігін анықтау.

Уақыттық түсініктерді дамыту: оқиғалардың реттілігін анықтау іскерлігін қалыптастыру.

1

7

Уақытта бағдарлау : тәулік (таң, күн, кеш, түн), апта күндері. Күн режимі.

Тәулік бөліктері мен апта күндерін, күн режімі мен оны сақтау қажеттілігі түсініктерін қалыптастыру.

1

8

Уақытты бағдарлау: айлар, жыл мезгілдері, жыл.

Жыл мезгілдерін, айларды ретімен атау іскерлігін дамыту.

1

9

Сызықтар. Түзу. Қисық сызық. Тұйық сызық. Тұйықталмаған сызық.

Сызықтарды қоршаған ортадан табу іскерлігін қалыптастыру.

1

10

Нүкте. Сәуле. Бұрыш. Кесінді.

«нүкте», «сәуле», «бұрыш», «кесінді» түсініктерін қалыптастыру.

1

11

Жалпы ұғымдар.

Заттардың белгілері, жиынтықтар, геометриялық фигуралар туралы білімдерді қайталау және бекіту;

1

12

Бір. Көп. Саны мен цифры. Жол. Баған.

Жиынтықтан жекеленген заттарды бөліп алу іскерлігін дамыту.

1

13

2 саны мен цифры.

2 санымен және цифрымен таныстыру.

1

14

3 саны мен цифры.

3 санымен және цифрымен таныстыру.

1

15

4 саны мен цифры.

4 санымен және цифрымен таныстыру.

1

16

Сандарды салыстыру.

Заттар жиынтықтары мен сандарды «<», «>», «=» белгілерінің көмегімен салыстыру іскерлігін қалыптастыру.

1

17

Қосу. «+» белгісі.

«+» белгісімен таныстыру.

1

18

Азайту. «-» белгісі.

«-» азайту белгісімен таныстыру.

1

19

5 саны мен цифры.

5 санымен және цифрымен таныстыру.

1

20

1-5 сандары.

5-тің көлемінде есептеу дағдыларын қалыптастыру.

1

21

6 саны мен цифры.

6 санымен және цифрымен таныстыру.

1

22

7 саны мен цифры.

7 санымен және цифрымен таныстыру.

1

23

8 саны мен цифры.

8 санымен және цифрымен таныстыру.

1

24
25

9 саны мен цифры.

9 санымен және цифрымен таныстыру.

2

26

0 саны мен цифры.

0 санымен және цифрымен, сандық қатардағы орнымен танысу.

1

27
28

10 саны мен цифры.

10 санымен және цифрымен таныстыру.

2

29

Теңгемен танысу.

Ұлттық валюта - теңге туралы жалпы мағлұ-мат беру. Балаларды түрлі монеталармен таныстыру.

1

30

Сағат.

Уақытты сағат бойынша анықтау іскерлігін қалыптастыру.

1

31
32

0-10 сандары.

Есептік және реттік санау дағдыларын бекіту.

2


Үлгілі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.
1-сабақ.
Тақырыбы: Заттардың белгілерінің өзгеруі.
Мақсаты: заттардың өзгерістерін көру және өзгерістердің қандай белгілер бойынша орын алғанын анықтау іскерлігін қалыптастыру және дамыту.
Көрнекілігі:доп, жеміс-жидектер немесе геометриялық фигуралар салынған суреттері.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Сабаққа біз даярлық,
Жалқаулықты қоямыз.
Үздік оқып әрқашан,
Келің «бестік» аламыз!
Бір, екі, үш,
Сынып іші тып-тыныш,
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
ІІ. Кіріспе әңгіме.
-бүгін біз сендермен математика еліне жасайтын үлкен әрі қызықты саяхатымызды бастаймыз. Сендер математиканың нені зерттейтінін білесіңдер ме? Ол адамға не үшін керек?
- математика сабақтарында сендер санауды, фигуралар сызуды және математикалық ойындар ойнауды үйренесіңдер
-сендер ойнағанды жақса көресіңдерме?
ІІІ. Негізгі білімді тиянақтау.
Мақсаты: заттардың белгілері туралы бұрын меңгерген білімдерді анықтау; ойын дамыту.

  • Біз «Бұл кім?», «Бұл кім?» деп аталатын бойжазу өткіземіз.

  • Домалақ. Резеңкеден жасалған, мұнымен ойнауға болады.(доп)

  • Қызғылт түсті, айлакер қу, орманды өмір сүреді.(түлкі)

  • Жасыл түсті, тікенегі бар, топырақта өседі.(кактус)

Бойжазудан кейін сабақтың тақырыбын жариялайды.
ІҮ. Жаңа материалды меңгеру.Ойын іс – әрекеті.
Талқылау барысында тәрбиеші балалармен бірге әрбір заттың қандай да бір белгілерге (қасиеттерге) ие болатынын және кез келген затты, оның бір белгілерін назарда ұстап, басқа белгілерін ескермей-ақ түрлі көз қарастар тұрғысынан қарастыруға болатынын анықтайды.
Түрлі тапсырмаларды орындай отырып балалар заттардың негізгі белгілерін өз беттерінше ажыратуды үйренеді. Материалды бекіту үшін тәрбиеші ойын ойнауды ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет