«Логика» (вариативті компонент негізінде мектепалды даярлық сыныбына арналған.) Қоныс орта жалпы білім беретін мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Аменова Әлия Тілеуғалиқызының іс-тәжірбиесінен



бет5/50
Дата14.10.2023
өлшемі421,5 Kb.
#113764
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
ЛОГИКА вариатив (1)

Мақсаты:геометриялық фигуралардың атауымен (шеңбер,шаршы,сопақ,тіктөртбұрыш, т.б.) осы фигураларды басқа пішіндердің арасынан табуға үйрету.
Көрнекіліктер: доп,заттардың суреттері,геометриялық фигуралары бар карточкалар.
Үлестірме материал:сурет салатын қағаз, фишкалар.
Оқу іс – әрекетінің барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық.
ІІІ.Негізгі білімді тиянақтау.
Мақсаты: заттарды әртүрлі белгілері бойынша салыстыру анықтау; ойын дамыту.
Тақтаға суреттер ілінеді (құс,сары көбелек,сары жейде қызыл кеудеше, қызыл раушан гүлі, түймедақ) .
-Біз «Керекті затты тап» дейтін бойжазу өткіземіз.
Заттың сипаттамасын айтып, допты балаға лақтырады.Бала жауап беріп допты лақтырады.
-Ұшады,бірақ құс емес. (Көбелек.)
-Сары түсті зат, жәндік емес.(Сары жейде)
ІҮ. Жаңа материалды меңгеру.Ойын іс – әрекеті.
Заттарды тәжірибелік түрде (көзбен қарау жолымен) салыстыру жұмысы жүргізіледі. Геометриялық фигуралар туралы бастапқы түсініктерін анықтайды. Бір белгісі бойынша бірдей заттар мен фигуралардың басқа белгілері бойынша әртүрлі бола алатынына сабақ барысында көздері жетеді.
1 – ойын: «Сипаттамасы бойынша суретін сал»
Мақсаты: заттарды әрт.рлі белгілері бойынша салыстыру олардың қасиеттері мен айырмашылықтарын «бірдей», «әртүрлі» деген сөздерді қолдана отырып табу іскерлігін қалыптастыру; геометриялық фигуралар туралы түсініктерін анықтау және қалыптастыру; есте сақтау мен ойша қиялдауды дамыту.
Қағазға сурет салу.Мәтінді баяу екі рет оқу. «Сары үй. Үйдің шатыры жасыл,үшбұрышты. Есігі- жасыл, тіктөртбұрыш.Кішкентай терезесі- көк түсті, шаршы пішіндес балалар мәтінді көздерін жүмып отырып тыңдау, сосынкөзін ашып, үйде есте сақтағандары бойынша салу.
2-ойын: «Бірдей - әртүрлі»
Мақсаты: «Бірдей», «Әртүрлі» деген сөздерді қолдана отырып геометриялық фигураларды әртүрлі белгілері бойынша салыстыру іскерлігін қалыптастыру топпен жұмыс.
Геометриялық фигуралар салынған карточкалар жұптарын көрсетеді.Олар қызыл үшбұрыш және қызыл шеңбер, көк үшбұрыш және жасыл үшбұрыш, т.б. Қандай белгі бойынша бұл фигураларды бірдей немесе әртүрлі деп айтуға болатынын табуын керек. Әрбір топ жауаптарына жұлдыз жинаған топ жеңіске жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет