2-ші ойын. «Кім көп ойлап табады?» Мақсаты: қосуға берілген есептік жағдаяттың үлгісін көрнекілікті материалға сүйеніп жасау іскерлігін қалыптастыру.
Алмалар (3қызыл және 1 сары алма ) салынған суретті көрсетеді және өзінің есептік жағдайят нұсқасын ұсынады. Есептік жағдаятты талқылап, шешекеннен кейін мұғалім балаларға сурет бойынша өз мәтіндерін ойлап табуды ұсынады.
Бекіту үшін ұқсас басқа суреттер көрсетеді. Әрбір дұрыс жауап үшін фишкалар береді. Фишка көп балалар жеңіске жетеді.
Сергіту сәті: ІҮ.Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. Реттілік суреттері түріндегі есептік жағдаят. Негізінде қосуға берілген қарапйым есептің үлгісін жасау.
2- тапсырма.Жиынтықтарды қосу. Теңдіктер құру.
3-тапсырма. Бүтін жиынтықтың бөлшектерін табу. Логикалық ойлауды дамыту.
«Торкөздерге» орындалатын тапсырма. Ұсақ қол қимылдарын дамыту.
ІІ. Негізгі білімді тиянақтау. Мақсаты: жаңа тақырыпты оқып-меңгеруге дайындық мақсатында бүтін мен бөлшек туралы бұрын меңгерген білімдерді тексеру; ойын іс-әрекетіне уәждеу; -Біз «Бөлшектерді ата» дейтін бойжазу өткіземіз. -Ағаш-...(бұтақ)
-Машина-...(дөңгелек)
-Үстел-..(аяқ)
-Құс-...(тұмсық)
Бойжазудан кейін мұғалім сабақтың тақырыбын жариялайды.
ІІІ.Жаңа материалды меңгеру. Ойын іс-әрекеті. бүтін мен оның бөлшектері туралы түсінікті қалыптастыру бойынша жұмыс жалғасады. Балалар бүтін жиынтықтан заттардың бөлшектерін шығаруға жаттығады. Сосын мұғалім тақтаға «-» белгісі бар карточканыіледі және балаларды жиынтықтан бөлшекті шығару ретіндегі азайтумен таныстырады. Оқып-меңгеретін тақырыпты жақсы ұғыну үшін мұғалім балаларды реттілік суреттері түріндегі есептік жағдаят негізінде азайтуға берілген қарапайым есептің үлгісін жасауға үйретеді. Материалды бекіту үшін мұғалім ойын ойнауды ұсынады.