Құдайберген Аяулым
1.Қазіргі заманғы сабақ дегеніміз?
а) оқу процесінің шешуші буыны, оқушылардың пән бойынша алған білімдерінің сапасы алдымен әр сабақтык ғылыми-әдістемелік дәрежесіне және сабақтың бүкіл жүйесіне байланысты.
b) ең алдымен мұғалім оқушының тұлғалық дамуына,оның ойлау қабілетінің жылдам өсуіне, білімді терең игеруіне,оның бойында адамгершілік негіздерін қалыптастыруды шебер қолданатын оқу үрдісінің бір түрі.*
c) жаңа білім мен өткенді және пәндер арасындағы байланысты көрсету.
d) жаңа білімді меңгерту.
e) сабақ элементтерінің көрінісін іске асыру мақсатында құрылған сабақ.
2.Жоспарлау дегеніміз не?
a) сабаққа әзірліктің соңғы кезеңі*
b) жаңа білім беру
c) оқушының білімін тереңдету
d) оқушының танымдық қабілетін дамыту
e) оқушының білімді меңгеру деңгейін байқау
3.Тақырыптық жоспарлау дегеніміз не?
a) мұғалімнің тиянақты бір сабаққа дайындығы
b) жоспарлауды әрбір жеке сабаққа сәйкес нақтыландыру
c) сабақтың негізгі мазмұны мен бағытын анықтау
d) сабақтың қысқаша мазмұнын құрастыру
e) белгілі бір пәнге қатысты оқытудың барлық формасының бірлігі мен байланысының көрінісі*
4.Тақырыптық жоспарлаудың табысты болуы нене байланысты?
a) сабақтың жүйелілігі, негізгі тараулары және сабақта орындалатын жұмыс түрлеріне байланысты
b) оқушылар нені дұрыс түсініп, немен танысып, нені біліп, не істеу керектігін және т.б. сезінуіне байланысты *
c) әр сабақты көрнекіліктермен қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты
d) тақырыптық жоспардың үлгі ретінде берілуіне байланысты
e) сабақтың негізін мазмұны мен бағытының айқындалуына байланысты.
5.Жеке сабақты жоспарлау дегеніміз не?
a) мұғалімнің тиянақты бір сабаққа дайындығы
b) жоспарлауды әрбір жеке сабаққа сәйкес нақтыландыру
c) белгілі бір пәнге қатысты оқытудың барлық формасының бірлігі мен байланысының көрінісі
d) сабақтың қысқаша мазмұнын құрастыру
e) мұғалімнің тиянақты бір сабаққа дайындығы, яғни сабақты жоспарлау, тақырыптық жоспарлауды әрбір жеке сабаққа сәйкес нақтыландыру, сабақтың ненізгі мазмұны мен бағыты анықталғаннан кейін сабақтың жоспары мен қысқаша мазмұнын терең ойластыру мен құрастыру. *
6. Мұғалімнің өзара сабаққа дайындығы қандай кезеңдерден тұрады?
a) тақырыптық жоспарын дайындау*
b) білімді меңгеруге дайындау
c) оқушылар ойының жетіктігін байқау
d) сабақтардың жоспарын дайындау*
e) білім дағдыны қалыптастыру
f) оқушылардың зейінін дамыту
g) сабақ элементтерінің көрінісін іске асыру
h) оқушының білімін тереңдету
7.Мұғалімнің жеке жоспарына кіреді:
a) дидактикалық материалдар
b) шығармашылық жұмыстар
c) анықтама жазу әдістемесі
d) мұғалімнің сабаққа дайындығы
e) сабақтың түплері
f) мұғалімнің шеьерлігі
g) сабақтың мазмұны*
h) оқытудың әдіс-тәсілдері*
8.Сабақтың кезеңдері:
a) үй тапсырмасын сұрау*
b) сабақта жоқ оқушыларды белгілеу
c) жаңа материалды түсіндіру*
d) амандасу
e) оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру
f) сабақтың мақсатын оқушылармен бірге талдау
g) мұғалімнің өзінің өткен сабақтағы жұмысын талдау
h) сынып бөлмесінің сабаққа дайындығын тексеру
9.Ұйымдастыру кезеңіне жатады:
a) мұғалімнің өзінің өткен сабақтағы жұмысын талдау
b) оқушыларға осы сабақта нені үйрену керектігін айту
c) үй тапсырмасын сұрау
d) оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру*
e) сынып бөлмесінің сабаққа дайындығын тексеру*
f) үй тапсырмасын беру
g) жаңа материалды түсіндіру
h) бағалау
10.Жаңа материалды түсіндіру кезеңіне жатады:
a) ұйымдастыру
b) өткен сабақты қайталау
c) дидактикалық материалдар
d) сабақта жоқ оқушыларды белгілеу
e) жаңа оқу материалының тақырыбын хабарлау*
f) үй тапсырмасын беру
g) оқушының білімін бағалау
h) жаңа оқу материалын оқып үйренудің тәжірибедегі пайдасын көрсету*
Достарыңызбен бөлісу: |