Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс – әлеуметтік бағдарламаларды, жобаларды, сонымен бірге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға келісімшарт жасасу арқылы бюджеттік қаражаттар есебінен қамтамасыз етілген республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердің әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған жекелеген шараларды іске асыру нысаны. Әлеуметтік бағдарлама, жоба: білім беру, ғылым, ақпарат, денсаулық сақтау, спорт, қоршаған ортаны қорғау; жастар, демографиялық, тендерлік саясат; әлеуметтік көмек; кұқық қорғау қызметі; мәдениет саласында және өзге әлеуметтік маңызды сфераларда мақсаттарға жетуге бағытталған ұйымдық, экономикалық және техникалық іс-шаралардың жиынтығы болып табылады.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласында мақсаттарға жету;
2) азаматтардың денсаулығын корғау, салауатты тұрмыс салтын насихаттау;
3) қоршаған ортаны қорғау;
4) жастар саясаты мен балалар бастамасын қолдау;
5) демография проблемаларын шешу;
6) тендерлік проблемаларды шешу;
7) халықтың әлеуметтік осал жіктерін қолдау;
8) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасыларының балаларына көмек;
9) азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
10) құқықтарды, азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделерін қорғау;
11) мәдениет пен өнерді дамыту;
12) тарихи-мәдени мұраларды қорғау;
13) қоғамдық келісімді нығайту;
14) Қазақстан заңамасына қайшы келмейтін өзге әлеуметтік маңызды бағыттар.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асырылады. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру үшін қарастырылған бюджет қаражаттары Қазақстан Республикасы заңнамасымен, нормативтік-құкықтық актілерімен, сонымен бірге Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған келісімшартпен белгіленген мақсаттарға және тәртіппен пайдаланылады.
Мемлекеттің қызметі сындарлы (конструктивтік) дамуға және онымен және қоғамдық бірлестіктермен «мемлекеттік сектордан – қоғамдық секторға – жекеше секторға» қағидаты бойынша әріптестік байланыстарды нығайтуға бағытталған. Кәсіпкерлердің мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың құқықтығын күшейтуге және арттыруға айрықша көңіл бөлінген. Стратегиялық шешімдермен Қазақстан Республикасында экономика сферасындағы бұзушылықтармен күрестің бағдарламасы, Жемқорлықпен күрестің мемлекеттік бағдарламасы бекітілген, оларда жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы әрекет, үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың және қоғамдық бірлестіктердің жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізудегі белсенділігін өсіру бойынша тиісті шаралар қарастырылған.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы деп материалдық емес игіліктер мен қызметтерді жасау мақсатында материалдық өндіріс салаларында жасалған ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесінде құрылатын қаржылық ресурстардың қозғалысын ортақтандыратын ақшалай қатынастардың жиынтығын түсінеді. Комерциялық месе қызмет түрлері мен салаларында мынадай қаржылық қатынастар қалыптасады:
ұйым мен бюджет арасында қаржыландыру ретінде қаражаттарды алумен және кейбір жағдайларда бюджет алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындаумен байланысты қатынастар;
қаржылық ресурстар бөлумен және орталықтандырумен байланысты жоғарғы және төменгі органдар арасындағы ішкісалалық қатынастар.
ұйымдардың ішінде, яғни олардың бөлімшелері арасындағы қаржылық қатынастар;
салааралық – түрлі салалардың ұйымдары арасындағы ақшалай қатынастар;
ұйымдар мен олардың жұмыскерлері арасындағы еңбекке ақы төлеу жөніндегі қатынастар;
ұйымдар, мекемелер және олардың тұтынушылары арасындағы (көрсетілген қызметтерге ақы төлеу жөніндегі) қатынастар және т.б.
Қызметтің айрықшалықты түрлеріндегі өзара байланыстардың тым қысаң анықтықты сипаттайтын қатынастардың қалыптасуы мүмкін, мысалы:
қоғамдық ұйымдар мен олардың мүшелері арасында жарналарды – кіру және мүшелік жарналарды төлеу, сондай-ақ осы ұйымдардың мүшелеріне белгілі бір жетістіктер мен қызмет нәтижелері үшін көтермелеулік сипаттағы төлемдер бойынша;
коммерциялық ұйымдар мен олардың демеушілері арасында ұйымның қызметін қолдап отыру үшін материалдық және ақшалай нысандарда қаражаттар беру жөнінде;
сақтық компанияларында ұйымдардың белгілі бір контингентін (әскери қызметшілердің, күш ведомстволары мен салық службалары қызметкерлерінің және т.б.) міндетті сақтандыру қарым-қатынастары;
сондай-ақ белгілі бір шарттарда кредиттік қатынастардың болуы мүмкін.
Аталған қаржылық қатынастар қаржылық ресурстарды қалыптастырады, бөлуді және пайдалануды білдіреді, оларды мынадай негізгі топтарға біріктіруге болады:
ұйымдар мен мекемелердің пайдалану қызметін қамтамасыз ететін қаражаттар;
(күрделі жұмсалымдарға, инвестицияларға) арналған қаражаттар;
көтермелеу және ынталандыру сипатындағы қаражаттар;
жұмыскерлер мен контингенттерге (мысалы, оқу орындарындағы оқушыларға, емдеу мекемелеріндегі ауруларға) кызмет көрсетушілердің материалдық, әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық мұқтаждарын қанағаттандырумен байланысты қаражаттар;
негізгі кызметті дамытуға арналған қаражаттар.
Коммерциялық емес мекемелер, ұйымдар қызметінің материалдық негізгі олардың қаржылық ресурстары -- жоғарғы құрылым немесе тиісті бюджеттен бөлінетін, сонымен бірге меншікті қызметінен өзін-өзі өтеу немесе өзін-өзі қаржыладыру тәртібімен алатын ақшалай түсімдері, қорланымдары және табыстары болып табылады. Мекемелердің қызметі үшін қажетті натуралдық компоненттер сатып алу-сату ретіндегі тауарлар сықылды белгілі бір бағаға сатып алынады және олар тұтыну үдерісінде өзінің құнын жоғалтады. Осылай жасалған игілік пен қызметтердің тек тұтыну құны болады, бірақ құнға ие болмайды*9, ол тұтыну кезінде жойылады, сөйтіп коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер жасайтын ұлттық өнімнің бір бөлігін пайдалану аяқталады. Материалдық емес өнім мен қызметтерді жасау үдерісінде жүзеге асырылатын өндірістік емес қорлардың қозғалысы нысандарының, сондай-ақ олардың ұдайы жаңғыртылуының салалық ерекшеліктері болады. Қызметтің бұл түрінде көбінесе жоғары біліктіліктің ой еңбегі қолданылады, сондықтан шығындарда әдеттегідей басты орынды еңбекке ақы төлеу алады. Материалдық емес өнім қордаландырылуға жатпайды, оны босалқы қорға айналдыруға болмайды, бірақ оның мекеме, ұйым шығындарының сомасына тең ақшалай бағалауы болады.
Коммерциялық емес сфера мекемелеріндегі қызметтер көрсету (жасау) ақшалай қаражаттарды қалыптастырумен, бөлумен және пайдаланумен, өзгеше қаржылық қатынастармен қосарланып отырады.
Бұл қатынастардың бастапқы табыстар мен қорларды алғашқы бөлу мен құру үдерісінде болмауы оларға ортақ сипат. Сонымен бірге олардың негізінде қызметтер сферасы саласының мекемелері мен ұйымдарының қаржы көздері қалыптасады.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысын ұйымдастыруға негізінен олардың ұйымдық құқықтық нысандары әсер етеді. Сондықтан коммерциялық емес ұйымдар қаржысының ерекшеліктерін анықтау үшін оның құрамына кіретін мекемелерді, ұйымдарды, олардың қызметінің сипатын, басқаруды ұйымдас-тырудың және каржыландырудың әдістерін ескере отырып зерделеген жөн.
Коммерциялық емес ұйымдардың шаруашылық қызметін жүргізудің әдістері бюджеттік қаржыландыру (көрсетілген қызметтер мен игіліктердің өтеусіздігі кезінде) және шаруашылық-коммерциялык есеп пен өзін-өзі өтеу негіздері (өтеулігі кезінде) болып табылады. Рынок жағдайларында ұйымдардың көбісі коммерциялық есеп негізіне көшуде – көрсетілетін қызметтерді сұраным бағасы бойынша сатады, өздігінен даму үшін жеткілікті қорланым жасайды.