ҚЎлпыбаев с


Коммерциялық емес қызметтің



бет88/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

9.2. Коммерциялық емес қызметтің
ұйымдары мен мекемелерін
қаржыландыру көздері


Кез келген тауарларды өндіру, қызметтер көрсету, игіліктер шығындармен байланысты болғандықтан, қызметтің аталған түрлері олардың ұдайы өндіріс үдерісін қамтамасыз ету үшін қаржыландырылуы тиіс. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қызметін каржыландырудың көзі де әр түрлі болып келеді.
Коммерциялық емес қызмет бағыттарының әрқайсысы өзінің өзіндік ерекшелігімен сипатталады, материалдық сфера мен коммерциялық қызметке тән функ­цияларды айқындайтын кұрылымдарды кіріктіреді. Мысалы, олардың көбісінің меншікті кәсіпорындары болады, олардың жұмысы кәсіпорындар қаржысының жұмыс істеуінің жалпы қағидаттарына негізделіп ұйымдастырылады. Алайда мұндай кәсіпорындардың өнімін өткізу сұраным мен ұсынымның рыноктық критерийлерімен емес, бірақ ұйымның өзінің ішкі қажеттіліктерімен реттеледі. Мұндай өнім өндіріс шығындарын жабатын және нормаланатын деңгейде пайданы (таза табыс) қалыптастыратын бағалар бойынша: қолайлы өзін-өзі қаржыландыруды қамтамасыз ету және ұйымның – кәсіпорын иесінің жарғылық қызметін қамтамасыз ету үшін сатылады. Сөйтіп, өнім, әдеттегідей, бәсекелік рынокқа шықпайды, коммерциялық ұйымның ішінде қолдануға арналады (әскери-өнеркәсіптік кешен өнімі, медициналық техника мен саймандар өндіру жөніндегі кәсіпорындар, мамандандырылған өнімнің басқа түрлері).
Алайда шаруашылық жүргізудің рыноктық жүйесі өндіріс, айналыс сфера­сындағы анық шекараларды анықтамайды және экономикада болып жатқан өзгерістер бірқатар коммерциялық емес салалар қызметінің уәждемесінде бейнеленеді. Олардың көптеген құрылымдары өзінің өнімімен және қызметтерімен ашық рынокқа шығады, сөйтіп, өз құрылымының және жалпы осы сала жүйесінің жақсы дамуын қатамасыз етеді. Мысалы: білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелерінің ақылы қызметтері кеңінен дамып отыр. Ал сыныптау мен қаржыландыру критерийлері бойынша бұрын аралық жағдайда болған халыққа тұрмыстық қызмет көрсету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық сияқты салалар коммерциялық негіздерге көшті. Пәтер меншіктенушілердің кооперативтерін ұйымдастырумен тұрғын үй секторын коммерцияландыру кезеңі аяқталды. Осы сияқты трансформациялаулар (түрлендірулер) қызметтің коммерциялық емес түрлерінде пайдаланылатын қаржылық ресурстардың құрамы мен құрылымына әсер етеді.
Коммерциялық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар мен мекемелерді қаржыландырудың көздерін бұл құрылымдардың жұмысына мемлекеттің қатысу дәрежесіне қарай топтастыруға болады.
Мемлекет тиісті функцияларын толық атқарған жерде ұйымдарды ұстауға жұмсалатын шығыстар мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен жүзеге асырылады. Бұған мемлекеттік басқару, құқықтық тәртіпті қорғау, қорғаныс, ішінара білім беру және денсаулық сақтау жатады. Басқа бағыттарда мемлекет қадағалаушы-үйлестіруші рөлді жүзеге асырады, ал қаржыландыру көздері мемлекеттік арнаулы бюджеттен тыс қорларда орталықтандырылатын шаруашылық жүргізудің барлық субъектілері аударатын қаражаттардың міндетті аударымдары болып табылады. Бұл, мысалы, әлеуметтік қамсыздандыруды (Зейнетақы қоры, Әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы), медициналық сақтандыруды (Медициналық сақтандыру қоры арқылы) қаржыландыру үшін қолданылды. Қоршаған ортаны қорғауды қаржыландыруда мемлекет ерекше орын алады: өндірістің экологиялық зиянды жағдайлары бар шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаражаттарын жұмылдыру бойынша мәжбүри іс-шараларды қолданады. Осылайша, өтемақы немесе мекендеу ортасын қалпына келтіру бойынша шараларды қаржыландыру үшін Табиғатты қорғау қоры қалыптастырылды.
Мемлекет әлеуметтік міндеттемелермен кепілдендірілген деңгейлердегі біл­ім беру мен денсаулық сақтауды қаржыландыру жөніндегі шығындарды өзіне алады.
Іргелі ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығындардың басым бөлігі мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен каржыландырылады. Бұл мұндай зерттеулердің нәтижелері дереу нәтиже бере қоймайтындықтан, ұзақ мерзімнен кейін қолданылуы мүмкін болатындықтан барып шығады, ал олардың маңыздылығы қоғамның болашақ дамуы үшін өте айтарлықтай.
Бюджеттік ресурстар сондай-ақ мәдениет пен шығармашылық мекемелерін: кітапханаларды, мұражайлар мен көрмелерді, сарайларды, театрларды, филармонияларды, музыкалық ұжымдарды, ансамблдерді, мемлекеттік теле-және радиостудияларды, киностудияларды және т.б. қолдап отыруға пайдаланылады.
Коммерциялық емес ұйымдарды қаржыландырудың маңызы жағынан екінші көзі көрсетілетін қызметтерден, орындалатын жұмыстардан алатын табыс (түсім-ақша) түріндегі меншікті қаражаттар, сондай-ақ ведомствоға қарасты кәсіпорындарда өнім өндіруден алынған жалпы табыс (пайда), ұйымның меншігіндегі басқа мүлікті пайдаланудан түскен табыстар болып табылады.
Қызмет көрсетуден алынған түсім-ақша ұйымның оларды орындауға жұмса­ған шығындарын жабады және ұйымның одан ары өздігінше дамуына жеткілікті таза пайданы кіріктіреді. Мұндай әдістермен білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен шығармашылық мекемелерінің қызметтеріне деген халықтың қосымша қажеттіліктері қаржыландырылады.
Меншікті кәсіпорындары бар ұйымдарда олардың қызметін (жөндеу ұйымдарының жабдықтар мен оргтехниканы қалпына келтіруі үшін, осы мақсатпен босалқы бөлшектер шығарымы бойынша қызметін, басқа мекемелердің медикамент және емдік преператтар шығарымы бойынша мекемелерінің қызметін, әр түрлі қосалқы шаруашылықтар қызметін) қамтамасыз ету үшін, алынатын пайда немесе табыс әуелбаста белгіленген тәртіппен бөлінеді, яғни бюджет және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер төленеді, содан кейін қаражаттардың бір бөлігі кәсіпорынның дамуын өзін-өзі қаржыландыру мақсатына бағытталады және тек сонан соң қалған бөлігі ұйым-иегердің қажеттіліктерін қанағаттанды­руға бағытталады. Ведомствоға қарасты кәсіпорындардың болуы жағдайында коммерциялық емес ұйымды қаржыландыру көздері мысалы, кәсіпорын мүлкін өткізуден, акциялар пакетінің бір бөлігін сатудан, құрылтайшы ретіндегі ұйымдағы кәсіпорын акцияларына дивидендтерден түсетін түсімдерден болатын қаражаттармен толықтырылуы мүмкін. Ведомствоға қарасты кәсіпорынның резервтік қорының қаражаттары да пайдаланылуы мүмкін.
Меншікті көздердің қатарына сонымен бірге ғимараттарды, құрал-жабдықты және ұйымның басқа мүлкін жалға беруден алынатын қаражаттар, мүлік пен ғимараттарды кепілдікке беруден алынатын қаражаттар жатады.
Қаржыландырудың үшінші көзі – банктердің кредиттері. Бұл көзді ақылы қызмет керсететін ұйымдардың пайдалануы мүмкін, өйткені қарыздық қаражаттарды қайтарудың қажеттігі ұйымның кредитті пайдалану уақытынан асып түсетін мерзімі бойынша жақсы жолға қойылған, бірқалыпты жұмыс істеуін керек етеді. Қаржыландырудың бұл әдісі, кредиттік қаражаттардың қамтамасыз етілуі мен өтімділігін кепілдендіретін әдіс ретінде, қарамағында ведомствоға қарасты кәсіпорындары бар ұйымдар үшін аса қолайлы болып келеді.
Қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдарды (саяси партиялар, кәсіби, шығар­машылық одақтар, азаматтардың діни бірлестіктері, қоғамдық ұйымдар, ассоциациялар және басқалары) қаржыландырудың айрықшалықты әдісі олардың қатысушыларының мүшелік жарналары болып табылады. Олардың қаржылық өзара байланыстары қоғамдық бірлестіктердің өздерінің қызметін ұйымдастыруға байланысты өзгешелігімен және сипатымен бөлектенеді. Қоғамдық бірлестіктерді ұйымдастырудың еріктілігі олардың қаржылық ресурстарының негізгі көзі кіру және мүшелік жарналары болып келетіндігіне соқтырады: оларға бюджеттік қаржыны (салық төлеушілердің табысынан қалыптасатын) пайдалануға рұқсат етілмейді. Қызметтің қоғамдық сипаты бірлестіктер меншігін олардың мүшелерінің жеке-дара табыстар табуға пайдалану мүмкіндігінен айырады. Қалыптасатын қаржылық ресурстар бірлестіктердің жарғысына байланысты шығындарды жабуға жұмсалады.
Материалдық өндіріс сферасының кәсіпорындары мен ұйымдары тарапынан болатын қайырымдылық мақсаттарына аударылатын аударымдар, шетелдік мемлекеттердің, ұйымдардың, компаниялардың, халықаралық ұйымдардың ізгілікті көмегі әлеуметтік бағыттылық, мәдени және шығармашылық ұйымдары мен мекемелерін, қоғамдық ұйымдарды, қорларды каржыландырудың көзі ретінде қызмет атқарады. Осындай каржыландырудың алуан түрлілігі ретінде белгілі бір ұйымның немесе қызмет түрінің тұрақтылық белгісімен ерекшеліктенетін демеушілік қаржыландыруы бола алады.
Ғылыми зерттеулерді қаржыландырған кезде гранттар – жеке адам, компания, фирма, халықаралық ұйым, мемлекет тарапынан белгілі бір бағыттағы ғылыми зерттемелерді, жобаны, ғалымдардың бір тобын немесе жеке ғалымды зерттеуді аяқтап, оның нәтижелерін ендіруге немесе басқаша қолдануға дейін жеткізу мақсатымен өтеусіз қолдау әдісі қолданылады.
Коммерциялық емес қызмет ұйымдары мен мекемелерін ұстауға және дамытуға арналған қаражаттарды толықтырудың белгілі бір көзі олардың қарамағындағы ресурстардың бір бөлігін коммерциялық және жинақ банктерінің депозиттеріне, сондай-ақ қаржы рыногында бағалы қағаздарға орналастырудан алынатын табыстар болып табылады.
Қаржыландырудың аталған көздері коммерциялық емес қызмет ұйымдары мен мекемелерінің ақшалай қаражаттарын әр түрлі үйлесімдерде және аталған көздердің толық жинақталымында қалыптастыруы мүмкін. Мысалы, білім беру жүйесінде аталған көздердің жинақталымы толығырақ, мемлекеттік басқаруда екі-үш көздермен шектеледі. Бірақ кез келген нұсқада – қаржыландырудың қосымша көздерінің көп немесе аз болуы мемлекеттік бюджеттен оның кірістері мен шығыстарының тізімдемесінде қарастырылған қаржыландырудың көлемдері азайтылмайды. Ықпал жасаудың мұндай тұтқасы ұйымдар мен мекемелердің қоғамдық-пайдалы қызметін дамытудағы, олардың жұмысының тиімділігін арттырудағы ұжымның бастамасы мен шығармашылық ізденісін ынталандыруға шақырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет