ҚЎлпыбаев с


Коммерциялық емес ұйымдар



бет89/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

9.3. Коммерциялық емес ұйымдар
мен мекемелердің шығыстары

Коммерциялык емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары қағидада, жарғыда немесе өзге бекітілген құжатта қарастырылған олардың функциялық қызметін қамтамасыз етуге бағытталған. Шығыстардың құрамы мен құрылымы ұйымның немесе мекеме қатысушыларының қызмет бағыттарының біріне тиістілігіне (қатыстылығына), сондай-ақ бұл қызметті жүргізуде пайдаланылатын әдіске қарай анықталады.


Шаруашылық есеп пен өзін-өзі өтеу негіздерінде жұмыс істейтін ұйымдар мен мекемелер жұмыстың қаржылық нәтижелерін есепке алып жоспарлайды және оларды кәдуілгі қаржы жоспарының немесе бизнес-жоспардың көрсеткіштерінде ресімдейді (4 тарауды қараңыз). Бұл жағдайда өндіріс пен қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындардың тізбесі материалдық өндіріс сферасында жинақталатынға ұқсас болып келеді, бірақ құрылымында материалдық шығындардың үлес салмағы едәуір аз болып, еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға аударылатын аударымдарға (әлеуметтік салықты қоса) жұмсалатын шығындар басымырақ болады. Басқа кұрылымдық ауытқулар болуы мүмкін, мысалы қымбат тұратын жабдық пен приборларды пайдаланатын ғылыми мекемелерде амортизациялық аударымдардың үлесі үлкен болады.
Коммерциялық емес қызмет жүргізетін ұйымдар мен мекемелер өздерінің қаржы жоспарларын өздері жасайды. Мұның үстіне тек бюджеттік қаражаттар есебінен қаржыланатын мемлекеттік мекемелер шығындардың дара жоспарларын жасайды, онда мекеме қызметінің сипатты көрсеткіштері және қаражаттарды сыныптаманың бөлімшелері бойынша бөлу бейнелеп көрсетіледі, ал өздерінің қажеттіктерін бюджеттік қаражаттармен ғана емес, каржылық ресурстардың басқа түрлерімен қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелер шығындар мен табыстардың дара жоспарларын жасайды.
Коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындардың қаржы жоспарларынан қаржыландырудың дара жоспарының басты айырмашылығы сол, дара жоспарда шығындар анағұрлым егжей-тегжейлі негізделсе, кірістер тек әр түрлі көздер тұрғысынан бейнеленеді.
Жекелеген мекемелер мен ұйымдар бойынша өтпелі кезеңнің жоспарлы қаржылық құжат ретінде олардың бюджеттік емес көздері бола тұрса да шығындардың дара жоспары пайдаланыла беруі мүмкін: бұл жағдайда көрсетілген ақылы қызметтер шығындардың дара жоспарында бюджеттен тыс қаражаттар ретінде бейнеленуі, не арнайы қаражаттардың ерекше дара жоспары бойынша жоспарлануы мүмкін.
Экономикалық жіктеме бойынша қаржыландырудың дара жоспарларында шығындар әдетте санатқа, сыныпқа, ішкі сыныпқа, өзгешелікке топтастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет