«Ұлт-азаттық қозғалыс» ұғымының жалпы сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата30.01.2017
өлшемі0,61 Mb.
#3055
1   2   3   4   5   6   7

 

Қазақстанның партия ұйымдарын орталықтандыру 

 

Қазақ  Кеңес  автономиялық  республикасын  құру  жӛніндегі  дайындың  жұмыстарына  байланысты 



Қазақстанның партия ұйымдарын Ӛлкелік партия ұйымына біріктіру міндеті тұрды. 

1920  жылдың  кӛктемінде  Қазақстандағы  облыстар  әкімшілік  тұрғыдан  Қырревкомына 

(Қазревком),  ал  облыстық  партия  комитеттері  Ӛлкелік  және  кӛрші  облыс  партия  ұйымдарына 

бағынатын болып шешілді. Қазақстандық (кеңестік) конференция (1920 жылы 8—11 қаңтар, Ақтӛбе) 

коммунистік  фракция  талқылаған  міндеттердің  бірі  -  Қазақстанда  РК(б)П  бірыңғай  орталығын 

ұйымдастыруға арналды. 

РК(б)П-ның  ОК-і  ұйымдастыру  бюросының  шешімімен  1920  жылдың  30  сәуірінде  РК(б)П-ның 

Қырғыз (қазақ) облыстық бюросы (Қыроблбюро) құрылды. Оның құрамына жеті адам сайланды. 

Бұл кезде ӛлкеде (оңтүстік облыстардан басқа) мыңнан астам партия ұялары болды. 

Қырревком тӛрағасы сонымен бірге ӛлкедегі партия ұйымын басқарды. Партия және мемлекеттік 

қызметті  бір  қолға  жинақтау  ісі  жургізіле  басталды.  Орталық  Қазақстан  басшылығында  жергілікті 

халықтан  шыққан  коммунистер  ӛз  ӛлкесінің  мүддесін  сӛз  етуге  тырысты.  Т.Рысқұлов  Түркістан  КП 

Мұсылман бюросының тӛрағасы ретінде Түркістан Компартиясын Түркі халықтарының коммунистік 

партиясы деп ӛзгертуге ұсыныс жасады. Бұл пікір қате деп табылды. 

1920 жылдың 25 тамызында РК(б)П ОК-і Қыроблбюроның жаңа құрамын бекітті. Қырревком мен 

Қыроблбюроның  тӛрағасы  болып  В.А.Радус-Зенькович  бекітілді.  Кейін  ол  Қазақ  АКСР  Халық 

комиссарлар Кеңесін басқарды. 

 

1936 жылғы Конституция 



 

1935 жылы 1 ақпанда ӛткен БК(б)П ОК-тің Пленумы КСРО Конституциясына бірқатар ӛзгерістер 

еңгізу туралы қаулы кабылдады. Жаңа Конституцияның жобасы дайындалды. 1936 жылы 12 маусым 

күні  жаңа  Конституция  жобасы  бүкілхалықтық  талқылауға  ұсынылып,  жария  етілді.  Конституция 

жобасын бүкілхалықтық талқылау 5 айдан аса уақытқа созылды. 

Жаңа  негізгі  заңға  сәйкес  сайлау  жүйесіне,  орталық  ӛкілетті  органдар  құрылымына,  елдің 

әкімшілік-аумақтық  бӛлінісіне  ӛзгерістер  енгізілді,  Конституция  Кеңес  ӛкіметін  ӛтпелі  саяси  форма 

емес, социализм жетістіктерін қорғауға тиісті нақты және қажетті жағдай ретінде бекітті. Мемлекеттің 

социализм  және  коммунизм  орнату  кезінде  құрып  бітуі  туралы  тезис  мықты  мемлекеттің  қажеттігі 

туралы  тезиспен  алмастырылды.  Мемлекеттік  жүйенің  күшеюі,  оның  партиялық  аппаратпен  бірігіп 

кетуі Екінші дүниежүзілік соғыстың пісіп-жетілу кезеңінде жүзеге асты. 

Жаңа  Конституцияда  жалпыға  бірдей  сайлау  құқығы  және  құпия  дауыс  беру  енгізілді.  Алайда 

акыл-еске Коммунистік партия тарапынан жаппай бақылау қойылған және партияның ӛзі ұсынған бір 

кандидатқа  дауыс  беру  практикасын  орнату  барысында  бұл  жаңа  енгізілімдер  мағынасын  тез 

жоғалтты.  Ӛкілетті  органдардағы  қайта  құрулар  да  формалды  сипатта  болды.  Кеңестердің  Орталық 

Атқару Комитетін КСРО Жоғарғы Кеңесі алмастырды, бұл билік органы шын мәнінде Компартияның 

айтқанын ғана орындады. 

Қазақ  КСР  Конституциясына  сәйкес  1936  жылы  Қазақ  КСР-і  одақтық  республика  болып  қайта 

құрылды, Федерация құрамында Қазақстан басқа да республикалар қатарына келіп қосылды. Ал 1937 

жылдың  26  наурызы  күні  Республика  Кеңесінің  тӛтенше  Х  съезінде  Қазақ  КСР  Конституциясы 

Одақтық  Негізгі  Заңға  сүйене  отырып  жасалды.  Жаңа  Конституцияның  негізгі  қорытындылары,  ең 

алдымеп,  КСРО  да  социализмнің  салтанат  құруына  арналды.  Ал  мұның  түпкі  тұжырымдары  1917  - 

1936  жылдар  КСРО-да  экономикалық  және  әлеуметтік-мәдени  ӛзгерістердің  накты  нәтижелеріне 

сүйенді. 

Мәдени-рухани  салада  —  қоғамдық  ӛмірдегі  КОКП-ның  жетістіктерін  кӛрсету  бағытында 

социалистік реализм кағидаларын орнықтыру мәселесі жүріп жатты. Қазақ КСР-і қатардағы басқа да 

республикалардың  бірі  ретінде,  сол  баяғы  автономиялық  кезіндегіден  артық  ӛзгешелікті  ӛз  басынан 

ӛткере қойған жоқ. Олай дейтініміз, үкіметтің орталық буынынан келген барлық тапсырмалар, басқа 

да Ы құжаттары қалтқысыз орындалып жатты. Әр республикалардағы коммунистік партия ұйымдарын 

қоса алғанда, КОКП мемлекеттің ең доғарғы басшы әрі жетекші ұйымы болып есептелді. 

 

 


Казақстандағы алғашқы Коммунистік партия съездері 

 

1937  жылдың  5—12  маусымында  Қазақстан  Коммунистік  (большевиктер)  партиясының  Ы  съезі 



ӛтті. ҚК(б)П ОК-нің Бірінші хатшысы болып Л.Мирзоян сайланды. Съезд ұйымдық дәрежеде Ӛлкелік 

партия ұйымын Қазақстан большевиктерінің Коммунистік партиясы деп іс жүзінде бекітті. 

1938  жылдың  3—14  шілдесінде  ҚК(б)П-ның  ЫЫ  съезі  болып  ӛтті.  Елдің  үшінші  бесжылдық 

жоспары  ауқымында  бұл  съезд  республика  халық  шаруашылығы  ӛркендеуінің  үшінші  бесжылдық 

жоспарының  нақтылай  тапсырмаларын  алға  міндет  етіп  қойды.  ҚК(б)П  ОК-нің  бірінші  хатшысы 

болып Н.А.Скворцов сайланды. 

1940  жылы  ҚК(б)П  ОК-інде  —  кӛмір,  мұнай,  түсті  металл  ӛндірісі,  кӛлік  және  байланыс 

бӛлімдері,  ал  Ақтӛбе,  Алматы,  Гурьев,  Оңтүстік  Қазақстан,  Қарағанды  және  Шығыс  Қазақстан 

облыстық  партия  комитеттерінде  —  түсті  металл  ӛндірісі,  Ақмолада  —  кӛлік,  сондай-ақ  бірқатар 

қалалық партия комитеттерінде ӛндіріс бӛлімдері құрылды. 1938 — 1939 жылдары Қазақстанда партия 

шешімдерінің орындалуын тексеру күшейді. 

1940 жылдың 10—18 наурызында ҚК(б)П-ныц  съезі шақырылды. Үшінші бесжылдық жоспарды 

мерзімінен бұрын орындау — съездің күн тәртібіндегі басты мәселе ретінде қаралды. 

Екінші  дүниежүзілік  соғыс  жылдарында  партия  органдарының  қызметі  айтарлықтай  ӛзгеріске 

ұшырады.  Маңызды  деген  әскери  ӛнеркәсіп  пен  ауыр  ӛнеркәсіптің  шешуші  салаларында  партия 

органдары  —  хатшыларының  институттары  жұмыс  істей  бастады.  Ал  халық  шаруашылығының  аса 

маңызды учаскелерінде БК(б)П-ныц ОК-і партия ұйымдарының құрамы мен партбюро хатшыларының 

саны едәуір арттырылды. Партия ұйымдары жеделдетілген әскери штабтар рӛлін атқарғандықтан, бұл 

кезеңде  ішкі  партиялық  демократияны  орталықтандыру  және  ширықтыра  түсу  ӛз  дәрежесінде  жүріп 

жатты. 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Саяси және әлеуметтік ӛмірдін қоғамға қайшылықтары

 

Мемлекет  саяси  жүйеге  белгілі  бір  жекелеген  органдары  арқылы  емес,  ӛзіндік  бір  саяси, 

аумақтық,  құрылымдық  бӛоік  ретінде  кіреді. Ол  ӛз  функцияларын  басқа  әлеуметтік  институттармен, 

партиялармен,  кәсіптік  одактармен,  жергілікті  басқару  органдарымен  бірлесе  отырып  атқарады.  Ол 

саяси жүйеде жетекші рӛлді иеленген, себебі. 

а)  оның  аумақтық  шекараларында  азаматтық  белгілі  бойынша  біріккен  халықтың  жалғыз  ресми 

ӛкілі рӛлін атқарады; 

ә) егемендіктің жалғыз иесі болып табылады; 

б) қоғамды басқаруға бағытталған әлеуметтік аппараты болады; 

в) қарулы құрылымдары болады; 

г) құқықшығармашылыққа қатысты монополяиға ие; 

д)  материалдық  құндылықтардың  ерекше  жиынтығында  (мемлекеттік  меншік,  бюджет  ,  валюта 

және т.б.) ие. 

 

Мемлекеттің қоғамдық саясатты орындаудағы ерекшеліктері: 



мемлекет саяси жұмысын қоғам кӛлемінде нормалар арқылы жүргізіледі; 

мемлекет барлық қоғамдық жұмыстың негізгі бағыттарын анықтап, басқарып отырады; 

мемлекет ішкі- сыртқы істерді атқаруға, егеменді тәуелсіз аппарат. 

Мемлекет  қоғамның  саяси  жүйесіне  кіретін  барлық  ұйымдарды,  бірлестіктерді,  одақтарды, 

ұжымдарды біріктіріп, кӛмек жасап отырады. Мемлекеттің бұл бағыттағы жұмыстарының түрлері: 

 

Мемлекет  Конституция  арқылы  барлық  азаматарға  ӛздерінің  бірлестіктерін,  ұйымдарын  құруға 



толық мүмкіншілік береді; қоғамдағы демократияны дамытуға міндетті. 

Мемлекет қоғамдық ұйымдардың құқықтық құзыретінің кӛлемін, шеңберін анықтайды . 

Мемлекет  қоғамдық  ұйымдардың  дербес  жұмыс  жасауына  толық  мүмкіншілік  беріп,  оларды 

қорғап отырады. 

 

Сӛйтіп,  мемлекет  қоғамдағы  барлық  ұйымдарды,  ұжымдарды  біріктіріп,  қоғамның  саясатын, 



мүдде- мақсатын дұрыс, жақсы орындауын , демократияның дамуын қамтамасыз етіп, саяси жүйенің 

жан- жақты нығаюына мүмкіншілік жасайды. 

Саяси жүйенің барлық саласы ӛздерінің жұмысын әлеуметтік нормалар, оның ішінде басым түрде 

құқықтық  нормалар  арқылы  жүргізіледі.  Мемлекет,  барлық  саяси  партиялар,  ұйымдар,  ұжымдар 

заңдылықты,  құқықтық  тәртіпті  қатаң  сақтап,  қорғайды.Мемлекет  қоғамдық  және  саяси  жүйенің 

құрамындағы басқарушы, реттеуші, ұйымдастырушы ең маңызды бірлестік. Оның себептері: 

Мемлекет  қоғамдағы  қайшылықтарды  ӛршітпей,  дамытпай  дұрыс  келісімге  келтірудің  арбитры, 

әділ  қазысы.  Ф.Энгельс  бұл  жӛнінде  ӛте  қасқаша  былай  деген:  «Егерде  мемлекет  пен  құқық  ӛмірге 

келмегенде,  адам  қоғамы  кӛне  дәуірде  ақыр  замаңға  тап  болатын  еді».  Қандай  тамаша  айтылған 

пікір…! 


 

Мемлекет қоғамдағы сан қырлы қайшылықтарды, ретсіз жағдайларды халықпен, бірлестіктермен, 

ұйымдармен, одақтармен, саяси ағымдармен, партиялармен, еңбек ұжымдарымен, бірлесіп, оларды бір 

келісімге келтіріп, сол келісімді бәрі бірігіп іске асырушы күш. 

Мемлеект басында қоғамды басқарушы, қаңаушы үстемдік таптың құралы ретінде ӛмірге келді. Кейін 

қоғам  дамыған  сайын,  мемлекет  демократияны  жақтап,  қоғамдық  мүдде-  мақсатты  басым  түрде 

реттеп,  басқарып  отырады.  Қазіргі заманда  да  осылай,  сым  түрде  реттеп,  басқарып  отырады.  Қазіргі 

заманда  да  осылай.  Мемлекет  адамдардың,  саяси-  әлеуметтің  күштердің  үздіксіз  күрестерінің 

нәтижесінде  қоғамдағы  үзіліссіз  қайшылықтарды  келісімге  келтірудің  әділ  қазысы  болып  отыр. 

Мемлекеттің  қоғамдағы  барлық  мәселені  шешудегі  егемендігі,  қоғамның  дұрыс  дамуы,  адамдардың 

бостандығы  мен  құқықтары,  әділеттік  пен  теңдіктің  шын  мәнінде  қалыптасуы  мемлекеттің 

құзыретіндегі мәселе. Ӛйткені қоғамдағы билік мемлекеттің қолында. 

         Қоғамның  саяси-  экономикалық,  мәдени-  әлеуметтік  жағдай  үзіліссіз  диалектикалық  даму 

прроцесінде  болғандықтан,  бұл  процесті  дұрыс,пайдалы  басқару  тек  мемлекеттің  қолынан  келеді. 

Ӛйткені  мемлекеттің  құзырында  барлық  материалдық,  саяси,  әлеуметтік,  әскери  күштер  бар. 

Мемлекеттік билікті іске асыратын құқықтық механизм бар. 

Мемлекет  ӛзінің  билігін  саяси  партияларға,  қоғамдық  ұйымдар  мен  бірлестіктерге,  еңбек 

ұжымдарына, жергілікті ӛзін- ӛзі басқару ұйымдарына, азаматтарға сүйене отырып іске асырады. Енді 



осы байланыстарға қысқаша тоқтап ӛтейік. Мемлекет және саяси партиялар- бұл екеуі бірігіп қоғамды 

басқарудағы ең шешуші күш. Басқарудың сапалы немесе сапасыз болуы осы екі бірлестіктің қызметіне 

байланысты.  Сондықтан  олардың  іс-  әрекеті  халықтың,  үкіметтің  үнемі  бақылауында  болады. 

Мемлекет  және  қоғамдық  ұйымдар  мен  бірлестіктер-  қазіргі  заманда  халықтың  мүдде  —  мақсатын 

орындайтын  тек  мемлекет  пен  саяси  партиялар  емес.  Ол  мүдде  —  мақсаттың  басым  кӛпшілігі 

қоғамдық  ұйымдар  мен  бірлестіктердің  қолында.  Сондықтан  мемлекет  оларға  кӛмек  кӛрсетіп,  іс 

әрекеттерін,  жұмыстарын  бақылап  отырады.  Мемлекет  және  еңбек  ұжымдары-  ӛндірісте, 

шаруашылықта  мәселенің  басым  кӛпшілігі  еңбек  ұжымдарының  құзыретінде:  шаруашылықтың 

нәтижелі  жұмыс  жасауы,  тәртіптің  жақсы  дәрежеде  болуы,  адамдардың  бірлігі,  достығы,  мәдени, 

рухани  білімі,  денсаулығы  т.б.  Осы    бағытта  ұжымның  атқаратын  қызметінің  маңызы,  құндылығы 

еделеп айтпаса да белгілі. Бұл мәселені ұжым мемлекетпен бірігіп іске асырады. 

 

Мемлекет  пен  жергілікті  ӛзін-  ӛзі  басқару  мекеменлерінің қызметіжергілікті  басқару  мекемелері 



ӛзінің  әкімшілік  территориясында  мемлекеттік  билікті  жүргізуге  құзіреті  болады  және  ол  үшін 

жауапты.  Бұл  жұмысқа  сол  территориядағы  азаматтар  белсенді  қатысып,  барлық  мәселені  реттеп, 

басқаруға  міндетті.  Жергілікті  мемлекеттік  басқару  органы  оларға  жан-  жақты  кӛмек  кӛрсетуге 

міндетті. Осы екі орган тығыз байланыста қызмет жасауға тиіс. Сонда ғана нәтиже болады. 

Мемлекет  пен  азаматтар-  азаматтар  мемлекеттің  жұмысына  тікелей  қатысып  немесе  ӛздерінің 

ӛкілдері арқылы ӛз ой- пікірлерін білдіріп оытруға құқықтары бар және ақпарат, радио, теледидар да 

ӛздерінің  тілектерін,  талаптарын,  сын-  пікірлерін  айтуға  құзыреті  бар.  Мемлекеттік  орындар  кӛмек 

кӛрсетіп, толық бостандық беруге міндетті. Егерде бұл іс- әрекет екі жақты сапалы жүргізілсе қоғамға, 

халыққа тиетін жақсылығы кӛп болады деуге болады. 

Қоғамның  мүдде  —  мақсаты  объективтік  тұрғыдан  қалыптасады.  Ол  мүдде-  мақсатты  іске 

асыратын, орындайтын күштер субъективтік жолмен қалыптасып, жұмысқа кіріседі. Олардың ішінде 

ең  негізгі  басқарушы,  ұйымдастырушы,  реттеуші,  шешуші  күш-  саяси  жүйе,  одан  кейін  мемлекет. 

Субъективтік  күштердің  дамуының  негізгі  шешуші  себептері  сол  күштердің  (мемлекет,  қоғамдық 

ұйымдар, бірлестіктер, одақтар, еңбек ұжымдары, саяси ағымдар, партиялар т.б.) арасындағы үзілссіз 

дамып жататын қайшылықтар. Қоғамның даму процесінде бұл қайшылықтар ӛмір тәжірибесінен ӛтіп, 

шыңдалып дұрыс саяси  жүйесін қалыптастыруға, дамытуға зор үлес қосып отырады. Бұл субъективтік 

қайшылықта  екі  жақты  субъектілер  болады.  Оларда  қоғамның  мүдде-  мақсатын  іске  асыру 

страгегиясы бірдей, ал тактикасы- әр түрлі болады. Осы әр түрлі тактикалардың арасындағы  үзіліссіз 

қайшылықтар  субъективтік  күштерге  нәр  беріп,  саяси  жүйені  дұрыс  қалыптастыруға,  дамытуға 

шешуші  ықпал  жасап  отырады.  Соның    нәтижесінде  қоғамда  демократиялық  бағытта  әділетті  саяси 

жүйе  қалыптасқан,  оның  негізгі  мазмұны  мемлекеттің  констритуциясына,  құқықтық  нормаларына 

кіріп,  саяси  жүйенің  даму  заңдылықтарына  айналады,  оның  түрлері:  таптық,  топтық,  ұлттық, 

әлеуметтік,  саяси,  нәсілдік,  халықаралық,  мемлекетаралық  т.б.қайшылықтар.  Ол  қайшылықтарды 

бейбітшілік  жолмен  реттеп,  бір  келісімге  келіп,  саяси  жүйенің,  біліктің  дұрыс  дамуына  мүмкіншілік 

жасалып  отырады  Қоғамның  саяси  жүйесіндегі  мемлекеттің  алатын  орны  ӛте  зор,  ӛте  жауапты. 

Мемлекет саяси партиялармен бірігіп қоғамның барлық саласының дұрыс, жағымды дамуына жауапты 

және  сол  жауапты  жұмыстың  басым  ауыртпалығын  мемлекет  ӛз  мойынына  алады.  Әрине,  бұл 

тоталитарлық мемлекеттің түсінігі емес, демократиялық мемлекеттің сипаттамасы, мазмұны. Сонымен 

жүйенің  даму  заңдылықтары  дегеніміз-  қоғам  ӛмірінің  әр  кезеңінде  саяси  —  әлеуметтік 

құбылыстардың  бірлесіп  саяси    жүйесінің  объективтік,  тұрақты  даму  процесінің  заңдылықтарына 

айналуы. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



1986 ж. Желтоқсан кӛтерілісі.

 

 



Желтоқсан  кӛтерілісі  —  1986  жылы  17  —  19  желтоқсан  аралығында  Алматыда  болған  қазақ 

жастарының  КСРО  үкіметінің  отаршылдық,  әміршіл-әкімшіл  жүйесіне  қарсы  наразылық  іс-

қимылдары.  Бостандыққа,  тәуелсіздікке  ұмтылған  қазақ  халқы  тарихындағы  елеулі  оқиға  болып 

табылады.  

Себептері 

Кӛтерілістің  басталуына  Мәскеудегі  орталықтың  республика  халқының  пікірімен  санаспастан 

Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді  ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп 

тағайындауы түрткі болды. 

Қазақстан  тәуелсіздігін  алған  соң  Желтоқсан  кӛтерілісі  туралы  шындық  қалпына  келтіріліп,  бұл 

жӛнінде  ―Желтоқсан.  1986.  Алматы.‖  (құрастырылған  Т.Ӛтегенов,  Т.Зейнәбілов),  ―Желтоқсан 

құрбандарын  жоқтау‖,  ―Ер  намысы  —  ел  намысы‖  жинақтары,  К.Тәбейдің  ―Мұзда  жанған  алау‖, 

Т.Бейісқұловтың  ―Желтоқсан  ызғары‖  кітаптары  мен  ―Желтоқсан‖  (бас  редакторы  Х.Қожа-Ахмет) 

газеті жарық кӛрді, ―Аллажар‖ (1991, реж. Т.Теменов), ―Қызғыш құс‖ кинофильмдері түсірілді. [2] 

Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан 

шығарылды.  1987  ж.  жазда  КОКП  Ок  қаулысы  шығып,  желтоқсан  оқиғасы  қазақ  ұлтшылдығының 

кӛрінісі  ретінде  бағаланды.  Желтоқсан  оқиғасы  қоғамның  саяси  ӛмірін  демократияландыруға  серпін 

берді. 

Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан кӛтерілісінің тарихи маңызын жоғарлатуға зор үлес қосып 



келеді. Кӛтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ. 

Кӛтеріліс хронологиясы 

17  желтоқсан  күні  таңертеңгі  сағат  8-де  қаладағы  Л.И.Брежнев  атындағы  алаңға  (қазіргі 

Республика  алаңы)  саяси  тәуелсіздікті  талап  еткен  ұрандармен  алғашында  300-дей  адам  жиналып, 

кешкісін кӛтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ кӛтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты 

етіліп, ―бұзақыларды‖ күшпен тарату мақсатында алаңға құқық  қорғау  органдарының қызметкерлері 

мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған ―Құйын — 

86‖ операциясы бойынша кӛтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды. 

18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған кӛтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. 

Кӛтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы 

топтар құрылып, қала кӛшелеріне аттандырылды. 

Осы  әскери  күштер  19  желтоқсан  күні  қаланың  әр  тұсында  қайтадан  шеруге  шықпақ  болған  6 

топты  басып,  таратты.  Алаңдағы  кӛтерілісшілер  таратылған  соң  ішкі  істер  бӛлімдеріне  2401  адам 

жеткізілген  (Алматы  түрмесіне  сыймағандықтан,  қала  сыртына  апарып  тасталғандарды  қосып 

есептегенде  барлығы  8,5  мың  адам  ұсталған).  Желтоқсан  кӛтерілісі  құрбандарының  қатарында 

Е.Сыпатаев,  С.Мұхаметжанова,  К.Молданазарова,  Қ.Рысқұлбеков,  М.Әбдіқұлов,  Л.Асанова  сынды 

ержүрек қазақ жастары бар. 

Желтоқсанның 19 — 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның 

Жезқазған,  Талдықорған,  Кӛкшетау,  Қарағанды,  Арқалық,  Павлодар,  Жамбыл,  Талғар,  Сарқан,  т.б. 

қалалары мен Сарыӛзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Этнография ұғымына сипаттама, қазақ халқының салт- дәстүрінің тарихы

 

Этнография ғылымы туралы түсінік.  

Этнография- халықтардың қоғамдық құрылысы туралы ғылым,  гректің «этнос»-халық,  «графо»-

жазу, үйрену деген сӛзінен құралған. Ӛзінің мағынасы бойынша  этнография- халықтардың қоғамдық 

құрылысын,  олардың  арғы-  бергі  тегін,    ӛзара  қарым-қатынасын,    материалдық  және  рухани  

мәдениетін зерттейтін ғылым. 

 

 

             



 

Қазақ  этнографиясын  зерттеуші  ғалымдар.  Қазақстан  этнографиясын  зерттеуші  ғалымдар- 

П.Н.Рычков,  А.И.Левшин,  В.В.Радлов,  Н.А.Аристов,  А.Н.Харузин,    Ш.Ш.Уәлиханов,  Ә.Диваев, 

Ә.Х.Марғұлан,    Х.А.Арғынбаев,  Ӛ.Жәнібеков,    М.С.Мұқанов  және  т.б.    Олар  ӛз  еңбектерінде    қазақ 

халқының ертеден келе жатқан  аңыз-әңгімелері,  отбасы мен неке қию ерекшеліктері,  қолӛнері,  ою-

ӛрнектері,    ұлттық  ойындары,    эпостық  жырлары,  және  музыкалық    аспаптары  туралы  тарихи-

этнографиялық зерттеулерін жүргізді. 

Қазақтың  ұлттық  киімдері  мен  дәстүрлі  тағамдары.  Шаруашылықтың  және  әлеуметтік 

қатынастардың  ӛзгеруіне  орай  кӛрші  елдермен  жаңаша  қарым-қатынастардың  пайда  болуы  қазақ 

киімдеріне және оның ӛзгеруіне үлкен әсерін тигізді.  Халық киімінің ерекшелігі ол этностың  сыртқы 

болмысының бір түрін кӛрсетеді. Заттар күнделікті қолдануға  қолайлы белгілерімен жасалған. Киім 

қолайлылық,  эстетикалық,  дәстүрлі  сыйынушы  деген  мағынаны  иеленді.  Сонымен  қатар  жастық, 

заттық және т.б. арнаулы қызметтерді атқарады.  Қазақ киімдері  кӛшпелі ӛмір сүруге  және климаттық 

жағдайларға сай, қозғалуға ыңғайлы болған. 

Ертеден қазақтарда киім тігуге  тері мен үй жануарларының жүндері пайдаланылған.  Бас киімдері 

түлкі  және  тағы  басқа  мамық    жүнді  аңдар  терілерінен  тігілген.  Кӛрші  мемлекеттермен    сауда 

қатынасының    дамуына  байланысты  киім  тігуге  шыт,  биязы,  барқыт,  парша,  жібек,  т.б.  фабрикалық 

маталар қолданыла бастаған.   

Қазақтың  ұлттық  киімдері  адамның  жас  ерекшелігін  кӛрсетеді.  Әйел  киімдерінің  ерекшеліктері: 

қыз  киімі,   бойжеткен қыз  және   қалыңдық  киімі,   тұрмыстағы  әйел  киімі,    бірінші  баласын  туғанға 

дейінгі келіншек киімі,  сонымен бірге жасы ұлғайған  әйелдер киімдері болып бӛлінеді. Ер адамдар 

киімін жасқа қарай бӛлу нақты сақталмаған. 

 

 

         



Қазақ  киімдері  кәсіптік  мағына  бойынша  да  бӛлінеді.    Мысалы,  бақсыларға,  хандарға, 

жауынгерлерге  және  аңшыларға  арналған  арнайы  киімдер  болған.    ХХ  ғасыр  басында    ұлттық 

киімдердің  кейбір ыңғайсыз және қымбат формалары күнделікті  қолданыстан шығып,  қарапайым әрі 

ыңғайлы  еуропалық киімдермен  ӛзгертілді. 

 

Киізден жасалатын киімдер: 



1. Байпақ.  

2. Кебенек.  

3. Киіз етік.  

 

 



4. Киіз қалпақ.  

5. Пима.  

Теріден жасалатын киімдер: Сырт киімдер: Аба; Бота ішік; Жарғақ; Тайжақы; Тақыр шалбар; Тон. 

Бас киімдер: Бӛрік; Құлақшын; Малақай; Тақия; Тымақ. 

 Аяқ киімдер: Кебіс; Мәсі; Мықшима; Саптама етік; Шарық (Шоқай); Шоңқайма. 

Жүннен жасалатын киімдер: Жабағы күпі; Жадағай шапан; Жүн қолғап; Жүн шұлық; Мойынша; 

Түйежүн далбағай; Түйе жүн кеудеше; Шекпен; Шидем шекпен.  

Ерлердің бас киімдері: 

 тақия  –  шағын  сәтен,  шұға,  барқыт  тәрізді  маталардан  тігіледі.  Ол  зерлі,  үкілі,  оқалы,  сырма, 

шошақ тӛбе, тікше, қатипа тәрізді бірнеше түрге бӛлінеді.  

Қалпақ – ақ киізден, қалың матадан жасалады. Ол биік тӛбелі болып келеді. Қойдың ақ жүнінен, 

қозының ақ күзем жүнінен, ешкінің ақ түбітін қосып басқан шымыр киізден тігеді. 

 Тымақ  –  аңның, малдың терісінен тігілген қысқы баскиімдердің жылысы.  Биік тӛбелі, маңдайы, 

екі құлағы бар, артқы етегі желке, жотаны жауып тұрады. 

 Құлақшын  –  бағалы  аң  терілері  мен  бұзау,  құлын,  қозы  –  лақтың  бұйра  терісінен  (елтірі)  тігіп, 

киеді. Қысқы баскиім. 

 Малақай  –  аң  терісі  мен  елтіріден  арасына  жүн,  мақта  салып,  сырып  тігеді,  оны  кейінгі  кезде 

қыздар да суыққа киіп жүр.  

Бӛрік.  Оны  ерлер  мен  бірге  қыздар  да  киеді.  Сырты  мақпал,  пүліш,  бар-қыт  тәрізді  қымбат 

маталардан  жасалатын  баскиім.  Жиегіне  қымбат  бағалы  аң,  мал  терісі  ұсталатын  бӛріктің  жазғы, 

қысқы түрлері бар. Тӛбесі кӛбінесе, тӛрт сай немесе алты сай болады. Қыздар киетін бӛрік дӛңгелек 

тӛбелі конус тәрізді биіктеу келеді. Сал-серілер бӛріктеріне үкі таққан.  

Әйелдердің  бас  киімдері.  Қазақ  әйелдері  жасы  мен  отбасы  жағдайына  байланысты  ӛзіндік 

ерекшелігі  бар  баскиімдер  киген.  Олардың  жазғы,  қысқы  түрлері  болады.  Әйелдердің  негізгі 

баскиімдері: 

 бӛрік,  жаулық,  желек,  жырға,  кимешек,  күндік,  орамал,  қарқара,  сәукеле,  тақия,  шәлі  (жібек, 

шілтер, оюлы ж.т.б.). 

Тақия. Оны қымбат матадан тіккен. Бұл ерлер тақиясынан басты ерекшелігі. Қыздардың тақиясы 

міндетті түрде үстіндегі қамзолға, бешпентке сәйкес келуге тиісті. Етегі, жоғары бӛлігі алтын немесе 

күміс  паршамен  оюланып,  сәнді  жіптермен  тақияға  зер  тігіледі.  Қазақтың  «үкідей  үлбіреген», 

«тотыдай таранған» деп қыздарды әспеттеуі содан шыққан тәрізді. 

 Қыздар  кепеші.  Қабырғасы  биік,  тӛбесі  дӛңгелек,  ою-ӛрнектермен,  моншақ,  асыл  тастармен 

безендірілген сәнді баскиім. 

 Сораба.  Тақия  тәріздес.  Артында  салпыншағы  бар.  Қыздар  тіл-кӛзден  аман  болсын  деп,  оларға 

ырымдап кигізеді.  

Қарқара  бӛркі.  Биік  тӛбелі,  милығына  айнала  құндыз  тұтады.  Маңдай  тұсына  жоғарыдан  тӛмен 

қарай  үшкілдеп  жырға  тігеді.  Оған  құтанға,  тырнаға  ұқсас  сұңғақ,  сымбатты  құс  –  қарқараның 

қауырсыны қадалады. Бұл қыз баланы пәле-жаладан сақтап жүрсін деген ырым бойынша жасалады. 

 Кимешек.  Жас  келіншектерден  бастап  егде  әйелдерге  дейін  киетін  дәстүрлі  ұлттық  баскиім.  Ақ 

матадан,  жібек  матадан  тігіп,  әртүрлі  әшекеймен  безендіріледі.  Қазақтың  салт-дәтүріне  сәйкес  жас 

келіншек  балалы  болғаннан  кейін  кимешек  киюге  тиіс.  Тӛменгі  бӛлігі  –  кимешек,  жоғарғы  бӛлігіне 

жаулық  оралады.  Кимешек  кеудені,  иықты,  жонды  жауып  тұрады,  бет-әлпеті  кӛрінетін  жері  ойық 

келеді.  

.  Орамал.  Ол  пішіміне  сәйкес  шаршы,  қиықша  болып  бӛлінеді.  Орамалды  (парсы,  араб,  румал) 

жаулық  деп  те  атаған.  Арзанқол  матадан  да,  қымбат  матадан  да  жасайды.  Жібектен  шашақтап 

тоқылғаны – «бӛртпе». Жібектен, матадан шашақталмай, қалыңдау келген түрі – салы. 

 Торғын тектес, үлпілдек, жұмсақ матадан немесе ешкі түбітінен жа-салған түрі –шәлі. 

 Түйе, ешкі түбітінен тоқылғаны – бӛкебай. Ақ матадан тігілгені – шаршы шыт. 

 Сәукеле. Қалыңдықтың ұзатылу тойында киетін сәнді баскиімі.  

 

 



 

 

 



 

Халық ауыз әдебиеті.Діни нанымдар. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет