келгендер — Алматыға, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарына орналасуға тілек білдірді.
Соңғы кезде олардың республикаішілік кӛші-қоны байқалуда, бірсыпыра оралмандар
Қазақстанның оңтүстік облыстарына кӛшсе, бірқатары елді мекеннен ірі қалаларға қарай жылжуда.
Бұл оралмандардың әлеуметтік-экономикалық мүдделеріне байланысты.
Оралмандардың кӛпшілігі азаматтық алу моселесінде күрделі кедергілерге кезігуде.
Ӛзбекстандағы кӛптеген қазақтар «ӛзбек» болып жазылып, қалың ӛзбектердің арасында ғүмыр
кешуде. Түбі қыпшақ, қоңырат руларынан шыққан құрамалардың арасында да қазақтар кӛптеп
кездеседі. Сонымен қатар Ӛзбекстан Республикасының азаматтығынан шығу ісі де қазақтарға оңайға
түсе қоймайды.
Оралмандардың басым кӛпшілігі Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында, Алматы
қаласына, Қарағанды облысына қоныс тепті. Елімізге қайта оралғандар Қазақстанның азаматтығын
алуда.
Ауғанстаннан келген қандастарымызға да азаматтық іркіліссіз беріледі. Ӛйткені оларда ешбір
елдің азаматтығы жоқ.
Ӛзбекстанда бұл мәселе жылына бір немесе екі рет-ақ қаралады екен. Ӛзбекстаннан және
Түрікменстаннан келген ағайындарымызда бұрынғы КСРО-ның Қызыл тӛлқұжаты болса, ол бірден
біздің еліміздің азаматтығына қабылданады.
1995 жылы Қазақстан Республикасында туратын «шетел азаматтарының құқықтары туралы» Заң
шықты. Сол заңда шетел азаматы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын болса, оның құқығы
Қазақстан азаматтарының кұқығымен бірдей болатыны тайға таңба басқандай етіп жазылған. Олар
сайлауда дауыс беру құқығына ие емес. Қазақстанда қос азаматтыққа жол берілмейді, ол келген елінің
азаматтығынан шығу да айтарлықтай заңды түрде күрделендірілген.
Әсіресе Монғолия азаматтығынан шығу ӛте қиын, бұл осы елдегі қазақтардың отанына оралу
үдерісін қиындата түсуде. Ал Қазақстан азаматтығының жоқтығы оралмандар жағдайына кӛлеңке
түсіруде. Мемлекет оралмандардың бейімделу барысын жеңілдету мақсатында бірқатар шараларды
жүзеге асыруда. Отанына кӛші-қон квотасымен оралған қазақ отбасына баспана беріледі.
Квотасы келіп, баспананы ӛздері салғандарға миграция және демография басқармасы комиссиясы
арқылы мүмкіндігінше қаржылай кӛмек кӛрсетеді. Мемлекет ӛзін және отбасын қамтамасыз ете
алмайтын, бұл жӛніндегі қажетті құжаттары түгел адамдарға қамқорлық жасауды мойнына алған
Кӛшіп келгендерге бірінші кезекте үй бӛлу, қарыз ақша беру туралы «Тұрғын үй» Кодексінде де
айтылған. Алайда мұндай шаралар қолға баяу алынуда.
Жергілікті атқару органдары оралмандармен жұмысқа ерекше мән береді. Аймақтарда
«Оралмандар күні» ӛткізіліп, мұнда олардың мәселелері қаралады және әкімдердің қатысуымен кез
келген мәселеге байланысты нақты шешімдер қабылданды.
Қазақстаның саяси жүйесіндегі ӛзгерістері. ҚР. Конституциялары. Қазақстан
Республикасындағы сайлау жуйесі.
Конституциялық құқық — Қазақстан Республикасының жетекші құқық саласы ретінде
Конституциялық құқық — ҚР құқық жүйесінің жетекші саларының бірі ретінде — ол ӛзінің ішкі
тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің
нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың
ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді.
Конституциялық құқық пәнін оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар құрайды.
Конституциялық құқық пәнінің ӛзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен
реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және
мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі.
Конституциялық құқық пәнін түсіндірудің теориялық, сондай-ақ тәжірибелік мәні бар. Онсыз
конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды,
олардың құқықтық реттеудегі мәні мен рӛлін ашып кӛрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау
мүмкін емес. Конституциялық құқық пәнін білмейінше оның нормаларын қолдану саласын да анықтау
мүмкін емес. Ӛйткені, нақты құқықтық әрекеттерді таңдау кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын
қолдану қажеттігін анықтап алу керек. Ал ол үшін, реттеудің нысаны болып табылатын қоғамдық
қатынастар сипатын белгілеу.
Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қатынас мейлінше кең. Ол мемлекет пен қоғам
ӛмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды.
Әрине, конституциялық құқық нормалары аталған салалардың барлық кӛріністері бойынша және
жанжақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, базалық қабаттарды ғана реттейді. Бұл
қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни
байланыстардың негізін қалайды.
Конституциялық құқық, тұтас алғанда, құқықтың реттеу әдістері деп аталады, белгілі бір тәсілдер
мен әдістердің кӛмегімен мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялық-
құқықтық қатынастарды реттеу үшін тӛмендегідей:
1. Міндеттеу әдісі; 2. Тыйым салу әдісі; 3. Рұқсат ету әдісі; 4. Тану әдістерді қолданылады.
Міндеттеу әдісі мемлекеттік органға сияқты, жеке тұлғаларға да қатысты, олардың барлық қызмет
саласында қолданылады.
Рұқсат ету әдісі мемлекеттік органдардың ӛкілеттігін белгілеу кезінде де қолданылады.
Құқықтық реттеудің тағы бір әдісі — тану әдісін де қолданады. Кеңестік кезеңнен кейінгі
конституциялық құқық жӛніндегі әдебиеттерде мұндай әдістің қолданылу мүмкіндігі байқалмайды.
Оның үстіне бұл әдіс объективті фактордан — адамдардың табиғи құқығын заң тұрғысынан
танудан туындайды.
Конституцияның құқықтық нормалары сала ретінде конституциялық құқықтың тура және тікелей
қайнар кӛзі болып табылады. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары қалайша құқықтың қайнар
кӛзі етінде сипатталады:
1. ҚР Конституциясында бүкіл конституциялық заңдардың негізі болып табылатын құқықтық
нормалар орнықтырылады.
Басқаша
айтқанда,
Конституцияның
құқықтық
нормалары
конституциялық-құқықтық
қатынастарды реттейтін барлық нормативтік-құқықтық актілерді қалыптастыру мен дамытудың негізі
болып табылады.
2. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары мемлекет пен қоғам ӛмірінің барлық салаларын:
саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларды қамтиды. Әрине, Конституцияның құқықтық
нормалары аталған салалардағы қоғамдық қатынастарды егжей-тегжейлі және жан-жақты реттемейді.
Ол тек қоғамдық қатынастардың мәнді, басты бағыттарын ғана реттейді. ҚР Конституциясының
құқықтық нормалары құқықтың басқа салаларының құқықтық нормаларынан осынысымен
ерекшеленеді.
3. Конституциялық құқықтың басқа бастауларымен салыстырғанда ҚР Конституциясының
жоғары заңдық күші бар және ҚР барлық аумағында қолданылады. ҚР-да қабылданған заңдар және
басқа нормативтік актілер Конституциядан бастау алуы және оған қайшы келмеуі тиіс. Егер олар
Конституцияға қайшы келсе, онда олар заңсыз деп танылады және қолдануға жатпайды. ҚР-ның
Конституциясында оның қағидаларының жоғары заңдық күшін қамтамасыз етудің кепілдігі
белгіленген.
4. ҚР Конституциясының тек конституциялық құқықтық ғана емес, сондай-ақ құқықтың басқа да
салаларының бастауы ретіндегі мәні мынада, онда халықтың мемлекеттің еркі, олардың құқықтық
демократиялық мемлекет құру, дүниежүзілік қауымдастыққа оның тең құқылы мүшесі ретінде қосылу
жӛніндегі табандылығы тікелей кӛрініс тапқан.
5. Конституция құқықтың басқа бастауларынан, тұтастай қоғамның негізгі заңы екендігімен
ерекшеленеді. Басқа нормативтік-құқықтық актілер қоғам ӛмірінің жекелеген тараптарын қамтиды.
Ал, ҚР-сы Конституциясының идеялары, құқықтық нормалары бүкіл қоғам ӛмірінің мейлінше мәнді
бағыттарын реттейді.
6. Сондай-ақ, Конституция конструциялық құқықтың басқа бастауларынан ӛзгерістер мен
толықтырулар қабылдаудың, ерекше тәртібін белгілеуімен де ерекшеленеді. Мұндай тәртіп
Конституцияның мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретіндегі және олардың тұрақтылығын
қамтамасыз ету қажеттігінен туындайтын мәнімен сипатталады.
7. ҚР-сы Конституциясының тағы бір ӛзіндік қыры — онда оның басқа қайнарларының
нысандары: конституциялық, жәй заңдары, Президенттің нормативтік жарлықтары мен қаулылары,
ҚР-сы үкіметінің қаулылары, сондай-ақ заңдық күшінің деңгейі, қабылдау, жариялау, күшін жою
тәртібі кӛрсетіледі.
ҚР-сы конституциялық құқығының мемлекеттік мәні бар құқықтық нормаларды белгілейтін
қайнар кӛзінің қатарына конституциялық заңдар жатады. ҚР конституциялық заңдарының ӛзіндік
ерекшелігі — олар Конституцияға ӛзгерістер мен толықтырулар енгізбейді, тек Конституцияның
құқықтық нормаларын нақтылайды. ҚР-ның конституциялық заңдарын қабылдаудағы іс жүргізу
Конституцияға ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаудағы іс жүргізуінде
ерекшеленеді
Қазақстан Республикасындағы сайлау жуйесі
Сайлау құқығы екі түрлі субъективтік құқықтарға бӛлінеді:
–біріншіден, сайлауға қатысу құқығы (дауыс құқығы, сайлау құқығы), яғни белсенді сайлау
құқығы;
-екіншіден, мемлекет азаматтарының қандай да бір ӛкілдік органына мүше болып сайлану
құқығы, яғни бәсең сайлау құқығы – Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасы
Президенті, ҚР Парламентінің, мәслихатының депутуты немесе жергілікті ӛзін-ӛзі басқару органыны
мүше болып сайлану құқығы (ҚР сайлау туралы заң 1999 ж. 4-бап, 2- пункт)[14, 3 б.].
Қазақстан Республикасының конституциялық заңының 4-бап 1-пунктіде жазылған: «Жалпыға
бiрдей белсендi сайлау құқығы – Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне,
әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге
кӛзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген ӛзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауға
дауыс беруге қатысу құқығы».
Француз ғалымы М. Дюверженің пікірі бойынша «жалпыға бірдей сайлау құқығы – бұл
қабілеттіліктер мен мүлікке байланысты шарттарға шек қойылмаған сайлау жүйесі»[15, 89 б.]. Бірақ та
бұл идеалистік түсінік мемлекеттердің кӛбісі қолдамайды. Ӛйткені кез келген мемлекетте сайлау
бойынша қандай да бір шектеулер бар. Мысалы, Қазақстан Республикасы заңына сәйкес 18 жасқа
толмаған, сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру
орындарында отырған азаматтар қатыспайды.
Демократияны құру жолындағы мемлекеттер азаматтардың сайлау құқығын шектейтін әр түрлі
цензалар кеңінен қолданады. Бұл цензалардың кӛбісі тарихи, дәстүрлі түрінде қалыптасты.
Тұрғылықты жер цензасы бойынша АҚШ және Австралияда белсенді сайлау құқығын алу үшін
бір ай бойы сайлау округінде тұру жеткілікті болса, Индияда – 180 күн, Канадада – бір жыл,
Норвегияда – бес жыл, Тайландта – 20 жылдан кем емес тұру қажет.
Қазіргі кезде жыныс цензі ӛте сирек кездеседі (Кувейтте ғана әйелдерде дауыс беру құқығы жоқ),
бірақ Еуропада кейбір оқиғалар кездеседі, әйел адам сайлау құқықтарын жүзеге асыра алмайды.
Мысалы, 1991 жылы Швейцария Жоғары Соты Аппенцель – Иннерроден деген жартылай кантонды,
яғни кантон деңгейінде әйелдерге сайлау құқығын беру туралы шешім қабылдады. Тек 2002 жылы
ғана әйелдер жергілікті сайлауға қатыса алды.
Біздің мемлекетіміздің заңында бәсең сайлау құқығының да шектеулері бар:
– ҚР Ата-заңының 41-бап 2-пунктіге сәйкес Қазақстанда 15 жылдан кем емес тұратын және
мемлекеттік тілді жетік білетін , 40 жастан аспайтын, Республика азаматы Қазақстан
Республикасының Президенті болып сайлана алады;
– ҚР Ата-заңының 51-бап 2-пунктіге сәйкес кемінде 3 жыл республикалық мәні бар қалада
немесе республиканың астанасында тұрған, тиісті облыстың аймағында әрдайым тұратын, жоғары
білімі және ең кемінде 5 жыл қызмет істеу стажы бар, отыз жылға толған, бес жылдан кем емес
азаматтықта болатын Қазақстан Республикасы азаматы Сенаттың депутаты бола алады[16, 12,17 бб.].
– «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңы 4-бап 4-пунктіге
сәйкес Қазақстан Республикасы Президенттігіне Қазақстан Республикасы Парламентінің, соның
ішінде партиялық тізімдер бойынша, мәслихаттардың депутаттығына кандидат, сондай-ақ жергілікті
ӛзін-ӛзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде:
1) Тіркелу алдындағы бір жыл ішінде сыбайлас жемқорлық тұрғысында құқық бұзғаны үшін
тәртіптік жауапқа тартылған;
2) тіркелу алдындағы бір жыл ішінде қасақана қылмыстық құқық бұзушылығы үшін сот
тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
3) тіркелу уақытына қарай соттылығы ӛтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіп бойынша
алып тасталмаған адамды тіркеуге болмайды[14, 3 б.].
Сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмi.Президенттi, Парламент Мәжiлiсi мен мәслихаттардың
депутаттарын, жергiлiктi ӛзiн-ӛзi басқару органдарының мүшелерiн сайлаған кезде сайлаушылар тiзiмi
жасалады. Сайлаушылар тiзiмiн учаскелiк сайлау комиссиялары әрбiр сайлау учаскесi бойынша жасап,
оған учаскелiк сайлау комиссиясының тӛрағасы мен хатшысы қол қояды. Сайлаушылар тiзiмi әлiпби
тәртiбiмен немесе ӛзге тәртiппен жасалады. Тiзiмде сайлаушының тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы
(18 жастағылар үшiн — қосымша күнi мен айы) және тұрғылықты мекен-жайы кӛрсетiледi.
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңының 25-бап 1-пунктіге сәйкес:
Сайлаушылар тiзiмдерiне:
1) Республиканың белсендi сайлау құқығы бар азаматтары;
2) тұрғылықты жерi бойынша тiзiмдердi жасаған кезде тиiстi сайлау учаскелерi аумағында
тұрақты немесе уақытша тұратын азаматтар;
3) демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерiнде,
шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда орналасқан азаматтар тұратын мекендерде, алыс мал
шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторы мен уақытша ұстау изоляторларында, Қазақстан
Республикасына қарайтын және дауыс беретiн күнi жүзуде жүрген кемелерде құрылған сайлау
учаскелерi бойынша дауыс берудi ӛткiзетiн күнi аталған мекемелер мен ұйымдарда немесе кеме
бортында болған азаматтардың бірi;
4) әскер бӛлiмдерi бойынша әскер бӛлiмдерiнде тұрған әскери қызметшiлердiң барлығы, сондай-
ақ олардың отбасы мүшелерi және әскер бӛлiмдерi орналасқан жерлерде тұратын басқа да
сайлаушылар енгiзiледi. Әскер бӛлiмдерiнен тыс жерлерде тұратын әскери қызметшiлер сайлаушылар
тiзiмiне тұрғылықты жерi бойынша жалпы негiзде енгiзiледi;
5) шет мемлекеттердегi Қазақстан Республикасының ӛкiлдiктерi жанындағы сайлау учаскелерi
бойынша тиiстi шет мемлекетте тұратын немесе ұзақ мерзiмдi шетелдiк iссапарда жүрген ірi
Республиканың жарамды паспорты бар барлық азаматтар енгiзiледi. Шетелдерде жеке шақыру
бойынша қызметтiк, iскерлiк және туристiк сапарларда жүрген Республика азаматтары учаскелiк
сайлау комиссияларына ӛтiнiш айтқан ірi Республика азаматының жарамды шетелдiк паспорты болған
жағдайда сайлаушылардың қосымша тiзiмiне енгiзiледi[14, 9 б.].
Дауыс беру тәртiбi.
Қазақстан Республикасында кандидатты сайлау бюллетень арқылы іске асырылады. Жоғарыда
айтып кеткеніміздей, сайлау бюллетенi – жасырын дауыс берудің бір әдісі. Қазақстан
Республикасындағы сайлау туралы заңының 37-бапқа сәйкес:
1. Сайлау бюллетенiне мемлекеттiк тiлдiң әлiпбилiк тәртiбiмен тегi, аты, әкесiнiң аты кӛрсетiле
отырып, барлық тiркелген кандидаттар енгiзiледi. Саяси партияларға дауыс беруге арналған сайлау
бюллетенiне жеребемен айқындалған тәртiппен саяси партиялардың атаулары енгiзiледi. Жеребе
тартуды Орталық сайлау комиссиясы жүргiзедi. Жеребе тартуды ӛткiзудiң тәртiбiн Орталық сайлау
комиссиясы белгiлейдi.
2. Сайлау бюллетеньдерi қазақ тiлiнде және орыс тiлiнде не округтiң аумағында жинақы тұратын
кӛпшiлiк халықтың тiлiнде басылады.
3. Сайлау бюллетеньдерi учаскелiк сайлау комиссияларына сайлауға жетi күн қалғанға дейiн
жеткiзiледi.
4. Жергiлiктi ӛзiн-ӛзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде учаскелiк сайлау
комиссияларына тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары сайлауға үш күн қалғанда сайлау
бюллетеньдерiн жеткiзiп бередi.
5. Сайлау бюллетеньдерi орналасқан үй мӛрлеп бекiтiлiп, iшкi iстер органдарының күзетуiне
тапсырылады[14, 13 б.].
Президенттi, Парламент Мәжiлiсi мен мәслихаттар депутаттарын, жергiлiктi ӛзiн-ӛзi басқару
органдары мүшелерiн сайлау жӛнiндегi дауыс беру сайлау күнi жергiлiктi уақытпен сағат жетiден
жиырмаға дейiн ӛткiзiледi. Бірақ аумақтық немесе округтiк сайлау комиссиялары тиiстi әкiмнiң,
учаскелiк сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша дауыс берудi бастайтын және аяқтайтын басқа
уақыт белгiлеуге хақылы. Бұл орайда дауыс берудi сағат алтыдан ерте бастап, сағат жиырма екiден
кеш аяқтауға болмайды. Дауыс берудiң уақытын ӛзгерту туралы аумақтық немесе округтiк
комиссиялардың шешiмi дауыс беру күнiне кем дегенде жетi күн қалғанда қабылданып,
сайлаушыларға хабарлануға тиiс.
Учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беретiн уақыт пен орын туралы дауыс беру ӛткiзiлетiн күнге
дейiн он күннен кешiктiрмей, ал жергiлiктi ӛзiн-ӛзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын ӛткiзген
кезде бес күннен кешiктiрмей сайлаушыларды хабардар етуге тиiс.
Сайлаушылар арнайы бӛлінген үй-жайларда дауыс береді.
Оларда жасырын дауыс беруге арналған кабиналар жеткiлiктi мӛлшерде жабдықталуға, сайлау
бюллетеньдерiн беретiн орындар белгiленiп, дауыс беруге арналған жәшiктердiң қойылуы дауыс
беретiн адамдар оларға жасырын дауыс беруге арналған кабиналар немесе бӛлмелер арқылы ӛтiп
келетiндей болуға тиiс. Бұл ретте бақылаушылар мен комиссия мүшелерiнiң сайлау жәшiктерiне
бақылау жасайды. Үй-жайларда тәртiптi қамтамасыз ету iшкi iстер органдарына жүктеледi.
Сайлауда дауыс құқығын басқа бiреуге беруге және сол сияқты басқа адам үшiн дауыс беруге жол
берiлмейдi.
Дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушыларға сайлаушылар тiзiмдерi негiзiнде
сайлаушының жеке басын куәландыратын құжатты кӛрсетуi бойынша берiледi.
Жекелеген сайлаушылар денсаулық жағдайына және басқа себептерге байланысты дауыс беруге
келе алмаған жағдайда учаскелiк сайлау комиссиясы олардың ӛтiнiшi бойынша осы сайлаушылардың
тұрған жерiне барып дауыс берудi ұйымдастыруға тиiс. Сайлаушы дауыс беруге арналған үй-жайдан
тыс жерде дауыс беру мүмкiндiгiн туғызу жӛнiндегi ауызша ӛтiнiшiн оған учаскелiк сайлау
комиссиясының мүшелерi келген бойда жазбаша түрде бекiтуге тиiс. Дауыс берудi, дауыс беруге
арналған үй-жайдан тыс жерде ӛткiзген кезде осы Конституциялық заңда аталған ӛкiлдер мен
байқаушылар қатысуға хақылы.
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңының 41-бап 7,8-пункттерге сәйкес:
7. Сайлаушылар тiзiмдерiн жалпы жұртқа таныстыру үшiн ұсыну мен сайлау күнi арасындағы
кезеңде сайлаушы ӛзiнiң барған жерiн ӛзгерткен жағдайда учаскелiк сайлау комиссиясы сайлаушының
ӛтiнiшi бойынша және оның жеке басын куәландыратын құжатты кӛрсетуi арқылы сайлаушыға дауыс
беру құқығы куәлiгiн бередi. Бұл ретте сайлаушылар тiзiмiне тиiстi белгi қойылады. Учаскелiк сайлау
комиссиясы сайлау күнi дауыс беру құқығы куәлiгiн кӛрсеткеннен кейiн сайлаушыны ол келген
жердегi сайлау учаскесiндегi сайлаушылардың қосымша тiзiмiне енгiзедi.
8. Егер Президенттi, Парламент Мәжiлiсiнiң және мәслихаттардың депутаттарын сайлаудан әрi
кеткенде жетi күнге жетпей, не жергiлiктi ӛзiн-ӛзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауға дейiн
кемiнде 3 күн қалғанда сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайға бару мүмкiндiгi болмайтын
сайлаушыға белгiлi болған жағдайда, ол учаскелiк сайлау комиссиясынан дауыс беруге арналған
бюллетеньдердi алдын ала алуға хақылы. Сайлаушы бюллетеньдердi алған кезде тiзiмге қол қояды.
Сайлаушы бюллетеньдердi толтырғаннан кейiн оларды конвертке салады, бұл конверт желiмделiп,
мӛр басылады немесе оған сайлау комиссиясының мүшелерi қол қойып растайды, сӛйтiп ол
комиссияға берiледi. Мӛр басылған конверт учаскелiк сайлау комиссиясында дауыс беретiн күнге
дейiн сақталуға тиiс және дауыс беру күнi жалпы дауыс беру басталар алдында комиссияның тӛрағасы
оның басқа мүшелерiнiң қатысуымен дауыс беруге арналған жәшiкке салуға тиiс. Бұл ретте конверттiң
бүтiндiгi, мӛрдiң немесе қойылған қолдың, сондай-ақ сайлаушылар тiзiмiндегi белгiге конверттер
санының сәйкес келуi тексерiледi[14, 37 б.].
Қазақстан және Дүниежүзілік қауымдастык
Қазақстанның геосаяси жағдайы
Тәуелсіз Қазақстан Республикасына ӛзіндік сыртқы саясаты ұстанымын қалыптастыру қажет
болды. Сыртқы саясаттағы негізгі мақсат — елдің кауіпсіздігін сақтау, саяси және экономикалық
қарым-катынастарда аймақтық, субрегионалдық құрылымдарға ену, тәуелсіз мемлекет есебінде елдің
дамуы үшін сыртқы қолайлы жағдайларды қарастыру және оны тиянақтау.
«Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан геосаяси жағдайы, экономикалық және
әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қол жеткен қуаты Қазақстанды қазіргі халықаралық қатынастарда
ӛзінің айналасындағы елдермен қауіпсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын құрметтеу
қағидаларына негізделген тату кӛршілік аймағын құруға мүдделі ірі аймақтык мемлекет ретінде
танытты».
Бүгінгі әлем күрделі де жан-жақты. Бұрынғы кездегі идеологиялық қарама-қайшылық
(социалистік жүйе — капиталистік жүйе) енді жекелей мемлекеттердің экономикалық және саяси
беделіне ауысты.
1993 жылдың 13 желтоқсанында Үкімет қаулысына сӛйкес, ядросыз мемлекеттер қатарында
Қазақстан «Ядролық қаруды таратпау жӛніндегі Келісімге» қосылды. Республика аумағында бір неше
Достарыңызбен бөлісу: |