«Ұлт-азаттық қозғалыс» ұғымының жалпы сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата30.01.2017
өлшемі0,61 Mb.
#3055
1   2   3   4   5   6   7

жылдар бойы ядролық қару болып келді. Бірақ оны Қазақстан ӛз бақылауында ұстай алған жоқ. Ендігі 

бірден-бір  шешім  —  ядролық  қарудан  бас  тарту  еді.  1994  жылы  үш  мемлекеттің  —  Еуропадағы 

қауіпсіздік пен ӛзара достық қарым-қатынастар жӛніндегі Будапештте ӛткен Кеңесінде Қазақстанның 

қауіпсіздігін сақтауға Ұлыбритания, АҚШ және Ресей мемлекеттері ӛз кепілдіктерін берді. 1995 жылы 

оларға  Қытай  мен  Франция  қосылды.  Сӛйтіп,  Қазақстанның  тӛуелсіздігі,  дербестігі,  шекара 

біртұтастығы мен қауіпсіздігі басты-басты ядролық державалар тарапынан кепілдікке алынды. 

Ядролық  қаруды  ӛз  жерінен  кӛшіру  үшін  республика  84  млм  доллар  алды.  1995  жылдың  26 

мамырында  ядролық  қарудың  соңғы  бӛлшектері  республика  аумағынан  әкетілді.  1995  жылдың  30 

мамырында Семей сынақ алаңында қалған ең сонғы ядролық заряд жойылды. 

90-жылдары әлемде бірқатар аса маңызды геосаяси және экономикалық ӛзгерістер болды. КСРО-

ның  ыдырауы,  бұдан  кейінгі  Ресей  жағдайын  анықтау,  бірігуге  бет  алған  Еуропа  мен  реформадан 

кейінгі  Қытайдың  күшейе  түсуі,  бірқатар  Азия  аумағы  мемлекеттерінің  пайда  болуы,  жаңа 

халықаралық экономикалық жүйенің қалыптасуы, т.б. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан ӛзінің сыртқы 

саясатында мына тӛмендегі аймақтық саяси одақтарға сүйенеді: 

АӚСШК — Азиядағы ӛзара ықпалдастық және сенім шаралары жӛніндегі кеңес — 1992 жылдың 

қазан айында болды. БҰҰ Бас Ассамблеясында Н.Назарбаев бұл ұйымды қолдап сӛз сӛйледі. 

Еуразиялық  Одақ  1994  жылдың  наурыз  айындавы  Мәскеуге  сапары  кезінде  Н.  Назарбаев  бұл 

одақты құру жӛнінде мәселе кӛтерді. 

1992  жылдан  бері  Қазақстан  Экономикалық  ӛзара  қарым-қатынас  ұйымына  Иран,  Пәкстан, 

Түркия,  Әзірбайжан,  Қазақстан,  Ауганстан,  Қырғызстан,  Тәжікстан,  Турікменстан,  Ӛзбекстан  мүше 

болды. 


Қазақстанның геостратегиялық  басымдылығы үш бірдей әлеуметтік-экономикалық  және әлемдік 

қатынастардың  саяси  орталығына  негізделеді.  Олар  Солтүстік  Америка,  бірігу  бағытындағы  Еуропа 

және Тынық мұхит аймағы. Орталық Азияда орын тепкен жас мемлекетке дүниежүзілік экономикалық 

кеңістікке шығу әлдеқайда тиімді. 

Қазақстанның  геосаяси  жағдайы,  қазақстандық  ӛнімдерді  дүниежүзілік  рынокқа  шығару 

жолдарын іздестіру қажеттігі жан-жақты халықаралық байланыстар орнатуға қосымша негіз болды. 

 

Қазақстан және халықаралық ұйымдар 



 

Дүние жүзіндегі кӛптеген экономикалық және саяси жаһандау үдерістері халықаралық құқықтың 

басты-басты  қағидаларын  алға  қойып  отыр.  Қазақстан  жекелеген  мемлекеттермен  сыртқы  қарым-

қатынасында халықаралық құқықтың кӛпшілік таныған нормаларын сақтауды кӛздейді. 

Сондықтан  да  жас  мемлекет  үшін  БҰҰ,  ЕҚЫҰ  (ОБСЕ)  —  (Еуропадағы  кауіпсіздік  және 

ынтымақтастық  ұйымы,  Халықаралық  Еуропалық  даму  және  қайта  құру  банктері,  Халыкаралық 

валюта  қоры,  ЮНИСЕФ,  ЮНЕСКО,  т.б.  сияқты  ірі-ірі  халықаралық  ұйымдарға  мүше  болуы  аса 

маңызды жағдай. 

1992  жылғы  2  наурыздағы  БҰҰ  Бас  Ассамблеясыныц  (БҰҰ  БА)  46-сессиясында  Қазақстан 

Республикасын  БҰҰ-ға  мүшелікке  алу  жәніндегі  қарарға  қол  қойылды.  Халықаралық  қауіпсіздікті 

қамтамасыз етуге ерекше мән бере отырып, Қазақстан БҰҰ-ның бейбітшілікке бағытталған қызметіне 

белсенді түрде қолдау кӛрсетті. 1996 жылы Қазақстан БҰҰ-ның, бейбітшілікті қолдайтын шараларына 

қатыса алатын резервтік келісімдер жүйесіне қосылған 51 - мемлекетке айналды. 

1998  жылы  16  қарашада  БҰҰ  БА-ның  53-сессиясы  «Халықаралық  ыңтымақтастық  және 

тұрғындарды  сауықтыру  Қазақстандағы  Семей  аумағының  экологиясы  мен  экономикалық  дамуы 

мақсатындағы жұмыстарды үйлестіру» деп аталган қарар қабылдады. Қазақстан басқа да халықаралық 

ұйымдардың  белсенді  мүшесіне  айналды.  1998  жылы  республика  БҰҰ-ның  Экономикалық  және 

әлеуметтік  кенесі  (ЭӘК)  жанындағы  комиссия  құрамына  кірді.  Қазақстанның  БҰҰ-ның  балаларға 

кӛмек  қорымен  (БКҚ)  ынтымақтастығы  кең  түрде  даму  үстінде.  Республикада  «Бала  мен  ана 

денсаулығы»,  «Базалық  білім  беру»,  «Сумен  қамтамасыз  ету  және  санитария  ісі»  және  басқа  да 

бағдарламалар  бойынша  жұмыстар  жүргізілді.  1997  жылы  Қазақстан  БҰҰ-ның  балаларға  кӛмек 

қорының Атқару Кеңесіне мүше болды. 

1996  жылы  мамырда  ЮНЕСКО  (БҰҰ-ның  білім,  ғылым  және  мәдениет  мәселелерімен 

айналысатын  ұйымы)  делегациясының  Алматыға  сапары  кезінде  үлкел  ғаламдық  ЮНЕСКО 

бағдарламаларын  («Адам  және  биосфера»,  «Халықаралық  гидрология»)  жүзеге  асыру  жӛнінде 

келісімдерге қол жеткізілді. 1997 жылғы қарашада ЮНЕСКО-ның Париждегі  Бас конференциясында 

Қазақстан  ЮНЕСКО-ның  Атқару  Кеңесінің  мүшелігіне  қабылданды.  1994—1995  жылдарда  ЕҚЫҰ-

ның  тӛмендегідей  құрылымдарымен  тұрақты  ынтымақтастық  байланыстар  орнады:  аз  санды  ұлттар 

жӛніндегі  институты,  демократиялық  институттар  мен  адам  құқығы  бюросы.  1999  жылдың 

қаңтарынан бастап Алматыда ЕҚЫҰ орталығы тұрақты жұмыс істейді. 

 

Қазақстанның сыртқы саясаты 



 

Халыкаралық  байланысты  жүзеге  асыруда  Қазақстанның  сыртқы  саясаты  дүние  жүзінде 

қалыптасқан  жағдайға  байланысты  кӛпбағыттылығын  ескеру  принципінен  шығуы  керек.  Дүние 

жүзіндегі  саяси  және  экономикалық  үдерістердің  ғаламдық  сипаты  жағдайында,  жекелеген  елдер 

қауіпсіздігіне  кепілдік  ұжымдық  күш-жігермен  ғана  қамтамасыз  етіледі.  Қазақстан  Республикасы 

ӛзімен шекаралас елдердің бәрімен сенімге негізделген тату кӛршілік қатынас орнатуға тырысады. Бұл 

мақсатқа  жету  үшін  Қазақстан  қауіпсіздік  жүйесін  құруға  арналған  және  халықаралық 

ынтымақтастықтың  барлық  деңгейіндегі  қарусыздану  ісіне  міндетті  түрде  қатысады.  Оның  бірнеше 

деңгейі бар: 

Қазақстанның  ТМД-дағы  халықаралық  кауіпсіздік  және  қарусыздану  саласындағы  ықпалдастық 

саясаты; 

Қазақстанның Азияда бейбітшілікті және тұрақтылықты қолдау туралы ұйым құру ұсынысы

Қазақстан  халықаралық  БҰҰ,  ЕҚЫҰ  және  т.б.  ұйымдарға  қатысып,  қарусыздану  және 

бейбітшілікті қолдау саясатын жүзеге асырады. 

Қауіпсіздікке  кепілдік  алуға  қол  жеткізу  үшін  Қазақстан  бірқатар  сыртқы  саясат  әрекеттерін 

қарастырды.  1992  жылы  Ташкентте  Қазақстанның,  Қырғызстан,  Тәжікстан,  Белоруссия,  Армения, 

Әзірбайжан, Грузия мен Ӛзбекстанның басшылары бас қосып, Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісімге 

кол  қойды.  Мемлекет  басшылары  жӛнӛ  ТМД  Біріккен  Қарулы  күш  Бас  қолбасшыларынан  тұратын 



Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі құрылды. 1999 жылы 14 қыркүйекте Алматыда АӚСШК мүшелері — 15 

мемлекеттіц Сыртқы істер министрлерінің кездесуі ӛтті. 

1995  жылы  үш  республика  —  Қазақстан,  Ӛзбекстан  және  Қырғызстан  басшылары  БҰҰ  Бас 

хатшысына БҰҰ қарамағындн Біріккен ортаазиялық бейбітшілік сақтау батальоның (ОртАзБат) құру 

туралы ұсыныс енгізді. 1997 жылы ОртАзБаттың алғашқы оқу- жаттығулары ӛткізілді. 1996 жылы бес 

мемлекет  —  Қазақстан,  Қытай,  Қырғызстан,  Ресей  және  Тәжікстан  әскери  салада  және  шекаралық 

аудандарда  сенім  шараларын  нығайту  туралы  Келісімге  қол  қойды.  1997  жылы  шекаралық 

аудандардағы  қарулы  күштерді  келісімді  қысқарту  туралы  Келісімге  қол  қойылды.  Бұл  келісімдер 

Қытаймен  шекара  жӛніндегі  дауды  реттеуге  негіз  болды.  2001  жылғы  кӛктемде  бұл  Келісімге 

Ӛзбекстан қосылып, Шанхай бестігі Шанхай ынтымақ тастық ұйымы (ШЫҰ) болып құрылды. 

Республика  ішінде  жүргізіліп  жатқан  реформаларды  қамтамасыз  ету  жӛнінде  де  бірқатар 

міндеттердің бар екені белгілі. Оларды атап айтсақ: 

Қазақстан экономикасы үшін дамыған мемлекеттер және жекелеген қаржы ұйымдары тарапынан 

қаржы салымын тарту; 

экономикалық  міндеттер,  экологиялық  мәселелер,  дүниежүзілік  коммуникацияға  шығу  үшін 

қаржы тарту және практикалық кӛмек кӛрсету; 

әр түрлі мәселелер бойынша халықаралық ақпараттармен алмасуға қатысу; 

Қазақстандық  экономиканың,  ғылым  мен  басқарудың  әр  түрлі  салалары  үшін  шетелдерде 

мамандар даярлау бағдарламасын жүзеге асыру; 

шетелдердегі Қазақстан азаматтарының мүддесі мен құқықтарын қорғау

шетелдік серіктестермен еліміздің сауда-экономикалық байланыстарын кеңейту. 

Аталған бағыттар бойынша Қазақстанның дипломатиялық қызметін тұрақты жүзеге асыру біздің 

еліміздің ұзақ мерзімдік басым бағытын іске қосуға мүмкіндік береді. 

Қазақстанның  сыртқы  саясаты  1991  жылдан  2001  жылға  дейінгі  10  жыл  ішінде  күрделі  даму 

жолынан  ӛтті.  1991—1993  жылдары  Қазақстан  халықаралык  құқық  субъектісі  ретінде  әлемдік 

коғамдастыққа ену шараларын жүзеге асырды, дүние жүзіндегі жетекші елдермен ынтымақтастықтың 

келісімдік-құқықтық базасын қалыптастырды. 

1994—1997  жылдары  сыртқы  саясат  қызметінде  мықты  құкықтық  база  құру  жұмысы 

жалғастырылды,  бірінші  кезекке  шет  елдер  стратегиялық  ұлттық  мүдделерді  қамтамасыз  ету  тетігін 

қалыптастыру міндеті шықты. 

1997  жылдан  бастап  Қазақстанның  сырткы  саясатында  үшінші  даму  кезеңі  басталды,  ол  ел 

алдында  жаңа  ғаламдық  жағдайлар  тууымен  сипатталады.  Қазақстаниың  сыртқы  саясатындағы 

бағдары «Қазақстан—2030» стратегиялық даму бағдарламасында ашып кӛрсетілді. 

2003  жылы  Алматыда  Бейбітшілік  пен  ӛзара  келісім  жӛніндегі  халықаралық  конференция  мен 

Әлемдік  және  дәстүрлі  дін  ӛкілдерінің  1  съезі  болып  ӛтті.  2006  жылдың  қыркүйек  айында  Астанада 

Бейбітшілік пен ӛзара келісім Сарайында Әлемдік және дәстүрлі дін ӛкілдерінің ЫЫ съезі болды 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Тэуелсіз Қазақстанның білімі, ғылымы жэне мэдениеті

 

Этникалық мәселелер 



Кеңестік  тоталитарлық  жүйеден  қалған  осындай  этникалық  мәселелер  жағдайында  Тәуелсіз 

Қазақстан  ӛзінің  этникалық  топтар  саясатын  екі  түрлі  бағытта  жүргізді.  Бірі  —  осы  мемлекетті 

құрушы  негізгі  ұлт  болып  есептелетін  қазақтардың  этникалық  мәдениетін,  тілін,  ділін  қайта 

жандандыру  болса,  екіншісі  —  Қазақстанда  ӛмір  сүріп  жатқан  басқа  этностардың  мәдени,  тілдік 

құқықтарын қамтамасыз ету. 

Қазақстандағы  этникалық  топтар  саясатын  зерттеуші  ғалымдар  осы  бағыттағы  мемлекеттік 

саясаттың бүгінге дейінгі даму барысын екі кезеңге бӛледі. 

Бірінші кезең 

Бірінші  кезең—1991—1995 жылдар  аралығын қамтиды. Бұл кезеңді  этноұлттық  басымдылықтар 

кезеңі  деп  атауға  болады.  Бұл  кезеңде  мемлекетті  құрушы  негізгі  ұлт  ретінде  қазақ  этносына,  оның 

тіліне,  оның  мәдениетіне  біраз  артықшылық  берілді.  Сондықтан  да  1990  жылғы  25  қазанда 

жарияланған  «Қазақ  КСР-інің  мемлекеттік  егемендігі»  жӛніндегі  Мәлімдемесінде  қазақ  халқы 

мемлекет  құрушы  ұлт  деп  танылды.  1991  жылғы  16  желтоқсанда  қабылданған  Қазақстан 

Республикасының  мемлекеттік  тәуелсіздігі  жӛніндегі  конституциялық  заңда  қазақ  ұлтының  ӛз 

мемлекеттілігін анықтауға құқы бар екені кӛрсетілді. 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан 

Республикасының  Конституциясында  да  Қазақстан  мемлекеттілігінің  ұлттық  сипатына  ерекше  мән 

берілді.  Ол  бойынша  да  Қазақстан  ӛзін-ӛзі  таныған,  ӛз  болашағын  ӛзі  анықтайтын  қазақ  ұлтының 

мемлекеті деп танылды. 

Тәуелсіз  еліміздің  бұл  кезеңінде  мемлекеттігіміздің  формасын  ұлттық  деп  жариялаудың 

объективті қажеттілігі болды. 

Біріншіден бұл кезеңде тәуелсіздік алған барлық мемлекеттер ӛздерін сол мемлекеттердің негізін 

құрайтын ұлттың мемлекеті деп жариялаған болатын. 

Екіншіден,  ғасырлар  бойы  ӛз  тәуелсіздігін  жоғалтып,  ӛз  жерінде  саны  жағынан  азшылыққа 

айналған қазақ халқының ұлттық рухын, кӛтеру, сол арқылы дүниеге жаңа келген мемлекетті тез арада 

аяғынан тік тұрғызу керек болды. 

Үшіншіден, тоталитарлық жүйе кезінде жойылып кете жаздаған қазақ халқының ұлттық дәстүрлі 

мәдениетін, тілін, ділін қалпына келтіру үшін мұндай саясат қажет болды. 

Ӛткен  ғасырдың  90-жылдарының  ортасына  қарай  қазақ  халқы  ӛзінің  мемлекеттілігін  сезіне 

бастады,  ұттық  рухы  оянды,  ӛзінің  ұлттық  құндылықтарын  ақтап  алды,  ұлттық  дәстүрлі  мәдениетін, 

тілін қалпына келтіре бастады, имандылыққа мойнын бұрды. Осы кезеңді мемлекеттің атауына негіз 

болып  отырған  қазақ  ұлтының  ұлттық  санасының  ерекше  ояну  кезеңі,  ұлттық  рухының  ерекше 

кӛтерілу кезеңі десе де болады. 

Жалпы осы кезеңде, бұдан соңғы жылдары да басқа ұлт ӛкілдерінің Қазақстаннан қоныс аударуын 

республикадағы  этноцентристік  саясаттың  нәтижесі  ғана  деп  түсінбеу  керек.  Егемендік  алған  кездің 

алғашқы жылдарындағы ӛзге ұлт ӛкілдерінің сыртқа кӛшуінің біздіңше мынадай себептері де бар. 

Біріншіден,  бұрынғы  КСРО  сияқты  үлкен  мемлекеттің  ыдырауы  ұлттық  жаңа  құрылған 

мемлекеттер  жағдайында  ұлттардың  арасында  болашағына  деген  белгілі  бір  сенімсіздік  туғызды. 

Сондықтан басқа ұлт ӛкілдері ӛз мемлекеттілігі бар елге кӛшті. 

Екіншіден,  ұлттық  мемлекеттіліктер  құрылу  кезеңінде  этностар  ӛкілдерінің  санасында 

этноцентристік пиғылдар уақытша болса да күшейді. 

Үшіншіден,  сана  бодандығынан  құтылған  азаматтарда  ӛз  тарихи  Отанына  қайту  пиғылының 

күшеюі заңды құбылыс еді. Әсіресе мұндай себеп кезінде Қазақстан жеріне күшпен депортацияланған 

неміс, т.б. халықтарға тән болды. 

Екінші кезең 

Қазақстанның  ұлт  саясатының  екінші  кезеңі  1995  жылы  қабылданған  жаңа  Конституциядан 

басталады. Бұл Ата Заңда енді Қазақстан халқын титулды және титулсыз ұлт деп бӛлу жойылды. Бұл 

заң  бойынша  ендігі  жерде  Қазақстан  мемлекеті  ұлттық  негізде  емес,  жалпыазаматтық  негізде 

құрылатындығы баяндалды 



Осы конституциялық  заңға негізделген еліміздің ұлт саясаты азаматтық  қоғамның қағидаларына 

сүйене отырып, Қазақстан ұлты деп аталатын саяси-азаматтық қауымдастық құру мақсатын кӛздейтін 

саясатқа  айналды.  Бұл  —  Қазақстан  Республикасының  азаматтығын  қабылдаған  адамдар 

қауымдастығын бірте-бірте Қазақстан ұлты деп аталатын саяси-азаматтық бірлестікке айналдыру. Бұл 

—  этностық  мәдениеті,  діні,  тілдері  түрлі  болғанымен,  «Мен  қазақстандықпын!»  деген  елдік  сананы 

қалыптастыру. 

Тіл туралы заң 

 Толық мақаласы: Тіл заңы 

1997 жылдың 11 шілдесінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң қабылданды. Бұл заң 

бойынша  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тілі  болып  —  қазақ  тілі  бекітілді.  Бұл  тіл 

мемлекеттік  басқару  органдарының,  заң  шығару,  сот  ісінің,  іс  жүргізудің  тілі  болып  саналады  және 

мемлекет аумағындағы қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылады. 

«Қазақстан  халқының  басын  біріктіруші  маңызды  қатынас  туралы  болып  табылатын  осы 

мемлекеттік  тілді  білу—  Қазақстан  Республикасының  әрбір  азаматының  қасиетті  борышы  болып 

табылады» — делінген Тіл жӛніндегі Заңның 4-бабында. 

Осы  заңның  5-бабында  мемлекеттік  ұжымдарда  және  жергілікті  басқару  органдарында  қазақ 

тілімен бірдей дәрежеде ресми түрде орыс тілі де пайдаланылатындығы жазылған. Сонымен қатар бұл 

заң  бойынша  «Қазақстан  Республикасының  әрбір  азаматы  ӛз  ана  тілінде  сӛйлеуге,  ӛзінің  қалаған 

тілінде  тілдесуге,  шығармашылықпен  айналысуына,  тәрбие,  оқу  жұмыстарын  жургізуге  құқылы»  (6-

бап). 


Мемлекет қазақ тілінің және ӛзге тілдердің ұлтаралық қарым- қатынаста қолдану аясын сақтауға 

және  оның  еркін  дамуына  кепілдік  береді.  Сондай-ақ  мемлекеттік  тілді  немесе  ұлтаралық  қатынас 

тілін  білмегені  үшін  азаматтардың  құқығы  мен  бостандығын  шектеуге  тыйым  салынады.  Қазақстан 

Конституциясының  тіл  туралы  баптары  әлемнің  ӛзге  елдерінде,  сондай-ақ  ТМД-да  ерекше 

демократиялы болып есептелінеді 

Қазақстан  —  ӛз  Отаным  деп  есептейтін  әр  азамат  қазақ  тілін білуі  міндетті.  2030  жылға  дейінгі 

стратегиялық  даму  бағдарламасындағы  ұзақ  мерзімді  жеті  басым  бағыттың  ішінде  ұлттық 

қауіпсіздіктен  дейінгі  екінші  орында  кӛрсетілген.  Ұлттық  бірлік,  татулық,  теңдік  қоғамның 

топтасуының  кепілі.  Республикада  жалпы  ұлттық  мүдделерді  жүзеге  асыруда  қазақ  ұлты  оларды 

біріктіруші рӛл атқаратындығы айқын. 

Ғылым 

Толық мақаласы: Қазақстан ғылымы 



Ғылымның  дамуы  мен  гүлденуі  табиғаттың  шынайы  заңдылықтарын  үйренуге  және  оған  қоғам 

мүшелерін  тартуға  тікелей  байланысты.  Кеңес  Одағы  жүйесінің  күйреуі  барысында  республика 

ғылыми мекемелері дағдарыс жағдайында болды. Мұның себебі бірнешеу: 

Ғылыми зерттеулердің негізгі кӛздері мен бағыттарын белгілеу КСРО кезінде орталықтан жүзеге 

асырылды.  Одақтық  ведомстволар  зерттеу  институттарын  кӛбіне  республикалардың  қалауынсыз 

жүргізіп келді; 

Республика  ғылыми-техникалық  әлуетінің  басым  бӛлігі  жалпы-одақтық  ғылыми  құрылымға 

тартылғандықтан, олар Қазақстан ғылымына қосалқы түрде кӛңіл бӛлді; 

Ғылым  академиясы  мен  салалық  ғылым  мекемелері  (КСРО  энергетика  және  электрлендіру 

министрлігі 6 мұнай және газ ӛндірісі министрлігінің батыс қазақстандық институты, т.б.) ӛзара және 

академиялармен тығыз байланыста жұмыс істей алған жоқ; 

Экономикалық дағдарыс салдарынан ғылымды қаржыландыру едәуір қысқартылды; 

коммунистік  қызметке  арналған  бағаны  ырықтандыру  ғылыми  мекемелерді  ұстап  отыру 

мәселелерін одан сайын қиындата түсті; 

90-жылдары белең алған құнсыздану ғалымдардың айлық жалақысын тӛмендетті, кӛптеген жас та 

дарынды мамандар бизнеске, шетелге кетті

ХХ  ғасырдың  90-жылдарындағы  республика  ғылымының  ӛрісі,  оның  жаңа  технологиялармен 

жабдықталуы бүгінгі күн талабына жауап бере алмады. 

Аталған  кемшіліктердің  орнын  толтыру  бағытында  Қазақстан  Республикасының  Ғылым  және 

жаңа  технология  министрлігі  нақтылы  жұмыстарды  қолға  ала  бастады.  Министрліктің  ұсынысына 



сәйкес 1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті «Ғылымды жетілдіру және республиканың 

ғылыми-техникалық потенциалын дамыту туралы» Жарлыққа қол қойды. 

Жергілікті  жерлердегі  бӛлімшелері  мен  материалдық-техникалық  базаларының  жоқтығына 

қарамастан,  аталған  министрлік  Солтүстік  Қазақстан,  Оңтүстік  Қазақстан  және  Батыс  Қазақстан 

облыстарында үш аймақтық бӛлім құрды. 1992—1993 жылдары аса маңызды мәселелерге байланысты  

ұлттық ғылыми орталықтар дүниеге келді.  Олар: 

 



 



электроника мен байланыс жүйесі бойынша, 

 



ақпаратты және есепті техника бойынша, 

 



биотехнология, 

 



экология, 

 



жаратылыс ғылымдары бойынша, 

 



минералдық шикізаттарды кешенді ӛңдеу, 

 



жаңа ғарыштық технологиялар бойынша ұлттық ғылыми орталықтары. 

 

Бірақ  бұл  аталған  шаралар  дер  кезінде  материалдық  ресурстармен  қамтамасыз  етілмеді.  Елдегі 



экономикалық ахуал мен құнсыздану бұған кері әсерін тигізді. Дегенмен іргетасы бұрыннан қаланған 

ғылыми ошақтар, атап айтқанда, геология, химия, механика, т.б. бүкіл-одақтық  жүйенің күйреуі  мен 

құрылымдық  құлдырауына  қарамастан,  ӛз  тұрғыларын  сақтап  қалды.  Жалпы  алғанда,  1992—1994 

жылдар ғылымның мүшкіл хал кешуімен есте қалады. 

1994  жылы  Ғылым  және  жаңа  технология  министрлігі  жанынан  ғылыми-техникалық 

бағдарламалар  мен  жобаларды  мемлекеттік  сараптау  бӛлімі  құрылды.  Аталған  құрылым  ғылымға 

арналған  бюджеттік  ассигнадиялардан  қаржыландыруға  қабылданған  ғылыми-техникалық 

бағдарламалар мен жобалардың бӛрін дерлік сараптаудан ӛткізуге тиісті болды. 

1996  жылы  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  «Қазақстан  Республикасында  ғылымды 

басқарудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру шаралары туралы» Жарлығы шықты. 

1996  жылы  мемлекет  ғылыми  саланы  қайта  жаңғыртуға,  академиялық  ғылымның  реформалық 

жолдарын  анықтауға  бет  бұрды.  Осы  мақсатта  Ғылым  және  жаңа  технология  министрлігін,  Ұлттық 

академияны, ауыл шаруашылығы ғылыми академиясын біріктіру жүзеге асырылды. Сӛйтіп, жаңадан 

Қазақстан  Республикасының  Ғылым  Академиясы  дүниеге  келді.  2001  жылы  министрлік  мақсатты 

бағдарламаларды  қаржыландыруға  кӛшті.  Ғылыми-зерттеу  институттары  мұндай  бағдарламаларды 

қорғап,  конкурстық  негізде  жеңіп  алуы  тиіс.  Зерттеу  бағдарламалары  республикадағы  ғылым 

дамуының  басым  бағытына  сәйкес  келуі  қажет.  Бағдарлама  зерттеушілері  істелген  жұмыс  жайлы 

жылда есеп беріп, егер ол алдын ала белгіленген талаптарға сай келмесе, қаржыландыру тоқтатылуы 

мүмкін.  Ғылымды  қаржыландыруға  байланысты  мұндай  жағдай  2001  жылы  қабылданған  «Ғылым 

туралы» Заңда анықталған. 

Жаңа  заң  республика  дамуының  соңғы  он  жылдығында  болған  ӛзгерістерді  ескере  отырып 

даярланды.  Осылайша  бюджеттік  қаржыландырудан  басқа  ғылыми  мекемелер  мен  ғылыми 

қызметкерлердің  ӛзге  де  қаржы  кӛздерін  тауып,  қаражат  тартуға  мүмкіндіктері  бар.  Мысалы,  грант 

түрінде  арнайы  ғылыми  және  қоғамдық  қорлардан  ала  алады.  Сӛйтіп,  жаңа  заң  қазір  біздің 

мемлекетіміздегі ғылым мен ғылыми-техникалық саясаттағы ӛзгерістерге сәйкес келеді. 

Ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында ғылым саласын одан әрі жаңартудың 2007—



2012 жылдарға арналған стратегиясы белгіленді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет