«Ұлт-азаттық қозғалыс» ұғымының жалпы сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата30.01.2017
өлшемі0,61 Mb.
#3055
1   2   3   4   5   6   7

 

 

Қазақ қоғамын таптық негізде жіктеу саясаты 



«Кіші Қазан» курсы 

Отырықшыландыру, қазақ байларын тәркілеу 

«Қазақ  ұлтшылдарын» жазалау 

Ауылды кеңестендіру 

Астық пен ет дайындау және ұжымдастыру 

1932—1933 жылдардағы ашаршылық 

 

Қазақ қоғамын таптық негізде жіктеу саясаты. Бірінші дүниежүзілік соғыс, оның артын ала келген 



революциялық  ӛзгерістер,  бүкіл  Кеңес  елінің  кеңістігін  қамтыған  азамат  соғысы  қазақ  даласына  да 

орасан  зор  ауыртпалықтар  ала  келді.  1916-1921  жылдар  арасында  аштықтан  қырылған  және  оққа 

ұшқан қазақтардың саны 800 мыңға, ал атамекенінен кӛшіп кеткендердің саны 200 мың адамға жетті. 

Бұл  сол  кезеңдегі  қазақ  халқының  шамамен  бестен  бір  бӛлігі  еді.  Ал  1921-1922  жылдардағы 

ашаршылық  қазақ  қоғамын  біржолата  тұралатып  кетті.  Шаруашылық  дағдарысы  жұмыссыздардың 

санын күрт ӛсіріп, кедей-жатақтардың қоғамдағы үлес салмағын ұлғайтып жіберді. Жаңа ғана орнаған 

кеңестік  билік  күйзеліске  ұшыраған  қоғамның  әл-ауқатын  жӛндеу  және  жақсарту  қамына  кірісудің 

орнына  ең  алдымен  саяси  мәселелерді  шешуге  басымдылық  берді.  Қоғамдық  құрылыстың  мұндай 

сипат  алуы  1923  жылы  17-22  наурыз  күндері  Орынбор  қаласында  болып  ӛткен  Қазақ  партия 

ұйымының III конференциясыңда анық байқалды. Ресей Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің 

ӛкілі  Е.Ярославский  мен  Қазақ  үкіметі  тӛрағасының  орынбасары  А.Вайнштейн  ӛздерінің 

баяндамалары  мен  сӛйлеген  сӛздерінде  ендігі  уақытта  ұлттық  мүддеге  қатысты  мәселелерге 

басымдылық беруден бас тартып, назарды бұқара халықтың таптық санасын кӛтеру ісіне бұруды талап 

етті. 


Бұл іс жүзінде Қазақ елінің ӛзін-ӛзі басқару, мемлекеттік басқару ісінде жергілікті ерекшеліктерді 

ескеру,  мемлекеттік  аппаратты  қазақтандыру  және  басқа  осы  сияқты  жалпыұлттық  мәселелерді  тым 

кӛп  кӛтеруді  тоқтату  жӛнінде  орталықтан  берілген  нұсқау  еді.  Сонымен  бірге  ұлт  мәселесінде 

«ұстамдылыққа»  шақырған  орталық,  оның  есесіне  тапаралық  қатынастар  мәселесінде 

ымырашылдыққа  жол  бермеуге,  қазақ  кедейлерінің  «әлі  оянбаған  таптың  түйсігін»  шайқап,  оларды 

байларға қарсы қоюға үндеді. Бұл қазақ қоғамында үлес салмағы болар болмас (0,5%-ға да жетпейтін) 

байлар  табына  және  олардың  меншігіне  «қызыл  гвардиялық  шабуылға»  ӛтуге  жасалған  даярлықтың 

кӛрінісі еді. 

Орталық  пен  оның  Қазақстандағы  ӛкілдерінің  мұндай  ұстанымына  ашық  қарсылық  кӛрсеткен 

жеке қазақ басшылары аз болған жоқ. 

Солардың  бірі  —  Смағұл  Сәдуақасов  қазақ  қоғамындағы  таптық  қайшылықтармен  тым 

әуестенушіліктің  жағымды  нәтиже  бермейтіндігін,  қазақ  шаруаларының  сол  тарихи  кезеңде  таптық 

қанаудан  емес,  жұмыссыздықтан,  шаруашылығын  жандандыруға  қажет  қаржының  жоқтығынан  азап 

шегіп отырғандықтарына, яғни ендігі уақытта елдің революциялық сілкіністерге емес, бейбіт еңбекке 

мұқтаж екенін түрлі дәреже-деңгейде дәлелдеуге тырысты. 

Сондай-ақ, С.Сәдуақасов қазақ байларымен күресті тӛтенше революциялық шаралар арқылы емес, 

бейбіт  әдіс-тәсілдер  арқылы  жүргізуді  ұсынды.  С.Сәдуақасов,  Н.Нұрмақов,  Ы.Мұстанбаев, 

Ж.Мыңбаев,  С.Қожанов  сияқты  қазақ  саяси  қайраткерлерінің  бұл  ортақ  ұстанымын  большевиктік 

басшылық  социалистік  құрылысқа  қарсы  кӛрсетілген  жергілікті  ұлтшылдардың  қарсылығы  ретінде 

қабылдады. Ал ұлт қайраткерлері болса ендігі уақытта мұндай ұстанымдарының ұлтшылдық пиғылдан 

емес, жергілікті ӛмір ерекшеліктерінен туындап отырғандығын, соған байланысты ӛздерінің шынайы 

интернационализм ұстанымынан ауытқымағандықтарын ылғи да дәлелдеп отыруға мәжбүр болды. 

«Кіші Қазан» курсы. 1925 жыл Қазақстан халқы үшін саяси жаңалықтармен басталды. Қазақстан 

құрамына  Сырдария  және  Жетісу  облыстарының  енуі,  Орынбор  қаласы  мен  губерниясының  бӛлініп 

шығуына  байланысты  республиканың  әкімшілік  құрылымына  ӛзгерістер  енгізілді.  Ендігі  уақытта 

Қазақ  АКСР-і  Адай  уезі,  Ақтӛбе,  Ақмола,  Орал,  Семей,  Қостанай,  Жетісу  және  Сырдария 

губернияларынан, Қарақалпақ автономиялық облысынан тұратын болды. Қазақ АКСР Орталық атқару 

комитетінің  1925  жылғы  9  ақпандағы  шешімімен  астана  Орынбордан  Ақмешітке  кӛшірілді.  Жаңа 

астанада 15—19 сәуір  күндері ӛткен Қазақстан Кеңестерінің V съезі қазақ халқының тарихи есімінің 

патшалық билік тұсында бұрмаланып «қырғыз» аталғанын ескеріп, халыққа ӛз атын қайтарды. Соған 

байланысты Қырғыз АКСР-і ендігі уақытта Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы 


аталатын  болды.  Республиканың  жаңа  астанасы  Ақмешіт  қаласының  аты  (бұрынғы  Перовск) 

Қызылорда болып ӛзгертілді. 

Қазақ  қоғамына  алаш  зиялыларының  ықпалының  артуынан  қауіптенген  орталық  билік 

республикадағы  саяси  тәртіпті  қатаң  бақылауға  алу  жолына  түсті.  1925  жылдың  29  мамырында 

И.В.Сталин  партияның  Қазақ  Ӛлкелік  Комитетінің  бюро  мүшелеріне  «Ақ  жол»  газетінің  саяси 

ұстанымына  байланысты  хатын  жолдады.  Онда  И.Сталин  ӛзінің  «Ақ  жол»  газеті  материалдарымен 

танысып,  жарияланған  материалдардың  мазмұн  жағынан  шетелдерде  жарық  кӛріп  жатқан  Мұстафа 

Шоқай мақалаларымен сабақтас, жакын екенін айта келіп, мұндай сынға кеңестік басылымдарда орын 

берілуге тиіс емес деген тұжырымын білдіреді. 

 

Мұстафа Шоқай.  



 

И.Сталин хатындағы екінші мәселе алаштық зиялылар жӛнінде болды. Кеңестік басшы партияда 

жоқ ұлт зиялыларын саяси және идеологиялық қызметтерден біржола аластатуды ұсынды. 

И.Сталин  хатынан  соң  Қазақстандағы  саяси  билікке  ұлттық  кадрларды  тек  таптық  тегіне  қарап 

тарту  кең  етек  алды.  Сонымен  бірге  бұқара  арасынан  іріктелген  қызметкерлердің  ӛзін  ұлттық  сезімі 

мен ұстанымына байланысты жіктеу орын ала бастады. 

1925 жылы жазда республика басшылығына Орталық Филипп Исаевич Голощекинді жіберді.  

 

Филипп Исаевич Голощекин 



 

Жергілікті  жағдаймен  танысып  алған  соң  Ф.  Голощекин  И.Сталинге  арнайы  хат  жолдап,  онда 

ендігі уақытта басымдылық жалпыұлттық міндеттерге емес, қазақ ауылын кеңестендіруге, республика 

ӛмірінде  коммунистердің  үлес  салмағын  күрт  арттыруға,  басқару  аппараттарын  жергіліктендіруге, 

яғни  қазақ  бұқарасына  қазақша  қызмет  жасауға,  соңдай-ақ  «үлкен  саясатқа»  емес,  қалың  қазақ 

бұқарасының  күнделікті  мұқтаждықтарын  қанағаттандыруға  берілмек  екендігін  тәптіштеп  айтты. 

Ф.Голощекин  ұсынған  «Кіші  Қазан»  концепциясы  осындай  тұжырымдардан  тұрды  және  ол 

И.Сталиннің толық қолдауына ие болды. 

Қазақстандағы  кеңестік  мемлекеттік  автономия  қызметіне  ұлттық  сипат,  мазмұн  беруге  күш 

салған  саяси  топ  (С.Қожанов,  С.Сәдуақасов,  Ж.  Мыңбаев,  Н.  Нұрмақов,  т.б.)  Голощекин  ұсынған 

«Кіші  Қазан» бағдарламасын қазақ ауылында  «азамат соғысын»  тудыру әрекеті  есебінде қабылдады. 

Қазақ қайраткерлері арасындағы келесі бір топ (О.Исаев, І.Құрамысов, Ғ.Тоғжанов, т.б.) ендігі уақытта 

басымдылықтың  жалпыұлттық  емес,  таптық  саяси  мәселелерге  берілгенін  жӛн  санады.  Республика 

ӛміріндегі саяси тартыс, негізінен, осы екі топтың арасында жүрді. 

Ф.Голощекин  бастаған  саяси  басшылық  қазақ  ауылын  кеңестендіру  жолында  тұрған  негізгі 

кедергі  байлар  табы  деп  түсінді.  Сондықтан  да  1926  жылы  20  мамырда  «Жерге  орналаспай  жер 

пайдаланатын  кӛшпелі  және  жартылай  кӛшпелі  аудандардың  шабындық  және  егістік  жерлерін 

уақытша қайта бӛлу туралы» заң қабылдап, байларды мал жайылымынан айыру шарасын осы жылдың 

маусым және шілде айларында бастап кетті. 

Шабындық  және  егістік  жерлерді  қайта  бӛлуде  бірқатар  қиындықтар  кездесті:  жерді  ӛлшеу 

даярлықсыз жүргізілді, болыстық атқару комитеттері мен ауылдық кеңестерде бұл шараның мақсаты 

мен мәнін толық түсініп, оны ақырына дейін жеткізуге мүдделі қызметкерлер аса кӛп байқалмады. 

«Кіші  Қазан»  бағдарламасы  аясында  шабындық  және  егістік  жерлерді  қайта  бӛлу  арқылы  қазақ 

ауылында тапаралық «майдан» ашудан үміттенген кеңестік басшылық бұл үміті ақталмаған соң, жаңа 

ауқымды да қауырт шараларды іске асыруды қолға алды. 

Отырықшыландыру,  қазақ  байларын  тәркілеу.  1927  жылы  ақпанда  БОАК  тӛралқасы  кӛшпелі, 

жартылай  кӛшпелі  қазақтарды  жерге  орналастыру  туралы  шешім  қабылдады.  Голощекин 

Қазақстандағы егістікке жарамды жерлерге орыс шаруаларын қоныстандыру мақсатын бірінші кезекке 

қоюға  тырысты.  Бұл  Н.Нұрмақов,  Ж.Сұлтанбеков  сияқты  қайраткерлердің  заңды  қарсылығын 

тудырды.  Сол  1927  жылы  қарашада  ӛткен  VI  Жалпы  қазақтық  партия  конференциясы  Қазақстанды 

мекендейтін  барлық  ұлттарды  жаппай  жерге  орналастыру  қажеттігі  жӛнінде  қаулы  қабылдады.  Ол 

қаулыны  БОАК  ӛзінің  1927  жылы  12  желтоқсандағы  қаулысында  толық  мақұлдады.  Соның 

нәтижесіңде  Қазақстан  үкіметі  1928  жылы  4  наурызда  «Қазақ  АКСР-де  жерге  орналастыру  тәртібі 

және жерді пайдалануды ретке келтіру туралы» арнайы қаулы қабылдады. 

Бұл қаулыны іске асыру барысында басымдылық қоныс аударушыларға берілді. Ал кӛшпелі және 

жартылай  кӛшпелі  қазақ  қожалықтарын  отырықшы  тұрмысқа  аудару  мынадай  қарқында  жүргізілді: 

1930  жылы  —  87  136,  1931  жылы  —  77  508,  1932  жылы  77  674  және  1933  жылы  —  242  208 


қожалықтар  арнайы  белгіленген  жерлерге  орналастырылатын  болды.  Қазақ  шаруа  қожалықтарын 

жаппай  отырықшы  тұрмысқа  аудару  оларды  мемлекет  тарапынан  материалдық  және  қаржылай 

қолдаусыз, құр науқаншылық шаралар арқылы жүргізілді. 

Бұл  зор  ауқымды  шараларды  қауырт  түрде  іске  асыру  идеясы,  авторларының  кӛздеген  басты 

мақсаттарының бірі — қоныс аударушыларға қазақ жерлерін молырақ босатып беру болды. БОАК-тың 

1928 жылғы 29 наурыздағы қаулысында қазақтардың белгіленген мӛлшерден артық жерлерін кесіп алу 

кӛрсетілді.  Осылайша  Кеңес  үкіметі  қазақ  жерін  отарлау  ісіне  жаңа  қарқын  берді.  Бұдан  кейін 

қабылданған  шешімдер  мен  қаулылар  патшалық  Ресейдің  қазақ  жерін  отарлау  саясатының  қайта 

тіріліп, кеңестік заманда жаңа бағытта жүргенін байқатады. 

1927 жылы желтоқсан айында тәркілеу туралы заң дайындау үшін арнайы комиссия құрылды. Ал 

келесі  1928  жылы  27  тамызда  «Байлардың  шаруашылығын  тәркілеу  туралы»  және  13  қыркүйекте 

«Тәркілеуге қарсылық кӛрсеткені үшін қылмыстық жауапқа тарту және ірі, жартылай ірі феодалдарды 

кӛшіру  туралы»  деп  аталған  екі  қаулы  қабылданды.  700  ірі  шаруашылықтың  мал-мүлкін  тәркілеу 

белгіленді. Малмен қоса бау-бақша, ауыл шаруашылығы құралдары — соқа-сайман, арба, шана, тіптен 

күрке,  жертӛлелер  де  тәркілеуге  жатқызылды.  145  мың  мал  тәркіленіп,  619  отбасы  кӛшірілді. 

Байлардың  мал-мүлкін  тәркілеу  олардың  туыстарының  қолымен  жүргізілді.  Осылайша  қазақтарды 

ӛзара араздастыру саясаты тереңдей түсті. 

«Қазақ  ұлтшылдарын»  жазалау.  Ә.Бӛкейханов  бастаған  ұлт-азаттық  қозғалыс  қайраткерлері  мен 

белсенділерінің  Кеңестік  билікпен  арақатынасы  күрделі  сипат  алды.  Мемлекеттік  автономия  алудан 

үміттенген ұлт-азаттық қозғалыс басшылары жаңа билікпен тіл табысуға ұмтылыс жасады. Ӛз ретінде 

кеңестік  билік  кешегі  қарсыластары  —  Алаш  зиялыларына  қатысты  екі  жақты  саясат  ұстанды. 

Алғашқы  кезеңде  арнайы  білімі  бар  мамандарға  зәрулікті  сезіне  отырып  билік  орындары  санаулы 

қазақ  зиялыларын  кеңестік  қызметке  тартуға  әзірлігін  байқатқанымен,  осымен  бір  мезгілде  алаш 

қайраткерлері билік тарапынан саяси сенімсіздікке ұшырап, қудалауға алынды. Ал ұлт зиялыларының 

арасында  ауызбірліктің  болмауы,  әсіресе  билікке  тартылған  кейінгі  буын  —  тәжірибесіз  элитаның 

топшылдық  дертіне  шалдығуы  империялық  күштердің  Алаш  қайраткерлерімен  есеп  айырысуына 

қолайлы  жағдай  туғызды.  А.Байтұрсынұлы  басқа  Алаш  кӛшбасшыларының  зиялы  топ  ӛкілдерін 

татуластыру әрекеттерінен ештеңе шықпады. 

 

Астықты ӛткізу 



 

Астық пен ет дайындау мәжбүрлеу, жазалау және үрей туғызу арқылы жүргізілді. Елдің тұрмыс-

тіршілігінен  хабарсыз  Голощекин  тіптен  егіншілікпен  айналыспайтын  кӛшпелі  малшылардан  астық 

ӛткізуді талап етті. Мысалы, астық салығынан 2 жыл мерзімге босатуға жататын Оңтүстік Қазақстан 

облысындағы кӛшпелі мал шаруашылығы Талас және Созақ аудандарында астық даярлау жүргізілді. 

Ал етке ӛткізілуге тиіс мал басы саны қолда бар мал басынан анағұрлым асып түсіп жатты. Мәселен, 

Балқаш  ауданында  бар  малдың  басы  173  мың  мал  болса,  етке  ӛткізілуге  тиіс  малдың  саны  300  мың 

болып белгіленді. Ауданның 3 жылда етке мал ӛткізу жоспары 160 мың бас малдан 1,5 млн бас малға, 

яғни  10  есеге  дейін  ӛсті.  1933  жылы  10—16  шілде  күндері  ӛткен  БК(б)П  Қазақ  ӛлкелік  комитетінің 

алтыншы  пленумында  сӛйлеген  Х.Нұрмұхамедов  мынадай  деректер  келтірді:  «Менің  бауырымның, 

яғни  12  жыл  жалшы  болған  кісінің  бір  ғана  сиыры  болды.  Егіншілікпен  ешқашанда  айналыспаған. 

Соған қарамастан оған 1930 жылы 5 пұт астық салығын салып, бұл астықты тӛлеу үшін соңғы сиырын 

және  үйдегі  мүліктерін  сатуға  мәжбүр  болды.  Ӛкінішке  орай  мұндай  жағдайлар  ӛте  кӛп  кездеседі». 

Сӛйтіп,  жергілікті  жерлерде  егіншілікпен  айналыспағандарға  астық,  малы  жоқтарға  ет  салығын  салу 

кең ӛріс алды. Оны орындамаған жергілікті басшылар да, шаруалар да жазаға тартылды. Сол себепті 

ешкімнің  ешкімді  аямауы,  әрқайсысы  ӛз  басын  корғау  үшін  жауапкершіліктен  бас  тарта  отырып, 

басқаларды құрбандыққа шалуы үйреншікті жағдайға айналды. 

 

Сталиндік  -  сібірлік  тәсілді  негізге  алған  Голощекин  астық  пен  ет  дайындау  науқаны 



барысындағы  қателіктерін  кулактар  мен  байларға  қарсы  күрес  желеуімен  бүркемеледі.  Азық  -түлік 

дайындау науқаны шаруалардың шаруашылығына ғана емес, ӛз ӛмірлеріне де қауіп туғызды. Партия 

басшыларының  қатыгез  саясаты  жергілікті  жерлерде  үрей  отын  шашты.  Ӛйткені  партияның  арнайы 

және  жергілікті  ӛкілдері  107-баппен  соттау,  түрмеге  қамау  әрекеттерін  кең  жүргізді.  Ал  1932—1933 

жылдары  азық-түлік  даярлау  барысындағы  жазалау  шараларын  қатаңдатқан,  негізінен,  ату  жазасын 

белгілеген бірнеше құжат жарық кӛрді. 

 


1932  жылғы  7  тамызда  қабылданған  «Мемлекеттік  кәсіпорындардың,  ұжымдар  мен 

кооперациялар  мүлкін  қорғау  және  қоғамдық  (социалистік)  меншікті  нығайту  туралы»  заңы 

жазалаушылық  әрекеттерді  одан  әрі  ӛршіте  түсті.  Ол  заң  бойынша  ату,  немесе  жазасын  жеңілдетіп, 

мүмкін  жағдайда  мүлкін  тәркілеп,  10  жылға  түрмеге  отырғызу  жазасы  белгіленген  еді.  Осылайша 

қанқұйлы саясат ұстаған басшылар қарапайым халық күйзелісін шегіне жеткізді. Алдымен мал, одан 

соң  адамдар  жаппай  қырылды.  Торғай  облысында,  мәселен  1931  жылғы  100  мың  бас  малдан  1933 

жылы бар-жоғы 4 мыңы ғана қалды. 

 

Жаппай ұжымдастыру да жоғарыдан берілетін бұйрықтар мен нұсқаулар арқылы жүргізілді. 1930 



жылы  5  қаңтардағы  БК(б)П  ОК-нің  «Ұжымдастырудың  қарқыны  және  мемлекеттің  ұжымшар 

құрылысына  кӛмектесу  шаралары  туралы»  қаулысында  Қазақстанда  жаппай  ұжымдастыруды, 

негізінен, 1931 жылдың күзінде немесе 1932 жылдың кӛктемінде аяқтау міндеті қойылды. Осылайша 

тағы да жергілікті  ерекшеліктерді  ескерместен, жоғарыдан қысым жасау басталды. Шаш ал десе бас 

алуға дайын тұрған Голощекин ұжымдастыру ісін барынша тездетуге тырысты. Жаппай ұжымдастыру 

айлықтарын ӛткізді. 1932 жылдың 1 қаңтарында отырықшы аудандардың кӛпшілігіндегі ұжымдастыру 

60—80%-ға  дейін  жеткізілді.  Ал  кӛшпелі  қазақ  ауылдарын  ұжымдастыру  қарқыны  бұдан  да  тез 

жүргізілді.  Ол  кӛп  жағдайда  күштеу,  қорқыту,  жазықсыз  жазалау  әрекеттері  арқылы  іске  асырылып 

отырды. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 1218 мың шаруа қожалықтары болған. Ұжымдастыру 

аяқталған соң 1933 жылдың ортасында оның 628 мыңы ғана қалды. 

Байлар  мен  кулактарды  тап  ретінде  жою  шараларын  даярлау  мәселелеріне  байланысты  Ӛлкелік 

партия комитеті жанынан жасырын үштік құрылды. Үштіктің 1930 жылы 23 қаңтарда ӛткен алғашқы 

жасырын мәжілісінде жаппай ұжымдастыру болатын аудандардан кулак қожалықтарын жер аударуды 

екі  бағытта  жүргізу  —  Казақстанның  ішінде  және  Казақстаннан  тыс  жерлерге  жер  аудару  кӛзделді. 

Осы  жұмысты  ұйымдастыру  үшін  округтерде  де  оперативтік  үштіктер  құрылды.  Олардың  құрамына 

округтік  партия  комитеттерінің  хатшылары,  округтік  атқару  комитеттерінің  тӛрағалары,  ОГПУ-дің 

басшы қызметкерлері кірді. Оларға кулак отбасыларын есепке алуға 10-ақ күн уақыт берілді. Қысқасы, 

барлық жұмыстар шұғыл, асығыс және қатал түрде жүзеге асырылды. 

Партия, кеңес және ОГПУ органдары және олар арандатқан шолақ белсенділер ӛз халқына қарсы 

аяусыз  соғыс  жариялады.  Әсіресе  Ӛлкелік  партия  комитеті  жанынан  құрылған  бай-кулактарды  тап 

ретінде  жою  шараларын  даярлаған,  құрамында  Құрамысов,  Альшанский  және  Асылбеков  бар 

комиссия  ерекше  белсенділік  танытты.  1930  жылы  ақпан  айында  байлар  мен  кулактардың 

қожалықтары  жер  аударылатын  құла-дүз,  жері  құнарсыз  тоғыз  аудан  белгіленді.  Олар  темір 

жолдардан,  ӛнеркӛсіп  орындарынан,  шекарадан  әлдеқайда  қашық,  елсіз-сусыз,  шӛл  және  шӛлейт, 

бұрын  халық  тұрмаған  аймақтар  болатын.  Алғаш  бұл  аудандарға  шамамен  24  мың  бай-кулак 

қожалықтары  жер  аударылатын  болып  белгіленді.  Жер  аударылатындардың  әрбір  жаңа  ауылы  50 

үйден аспауға тиіс болды. 

1932-1933  жылдардағы  ашаршылық.  Шабындық  және  егістік  жерді  қайта  бӛлу,  тәркілеу,  азық-

түлік  салығы,  күштеп  отырықшыландыру  мен  ұжымдастыру  барысындағы  зорлық-зомбылықтардан 

кӛп азап шеккен ең алдымен қазақ халқы болды. Бар дүниесінен, мал-мүлкінен, құрал-саймандарынан, 

тіпті жертӛлесінен де айырылған қазақтар ашаршылыққа ұшырап, босқын күйге кӛшті. 

Ауыл шаруашылығында егіншілік кӛлемі күрт азайып кетті. Мал шаруашылығы терең күйзеліске 

ұшырады.  Ұжымдастыру  қарсаңында  Қазақстанда  40,5  млн  бас  мал  болды,  ал  1933  жылдың  1 

қаңтарында  олардан  қалғаны  бар  болғаны  4,5  млн  бас  еді.  1931—І9ЗЗ  жылдары  бүкіл  Қазақстанды 

құшағына алған аштықтан 6,2 млн республика халқының 2,1 млн-ы қырылды. 

 

 



Пайдаланылған әдебиеттер: 

 

Қазақстан тарихы 11 сынып, қоғамдық-гуманитарлық бағыт, Алматы «Мектеп» 2007 ж 



 

Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы «Дәуір» баспасы, 1994 ж. 

 

 

 



 

 


Қазақстандағы индустрияландыру кезеңі. 

 

Қазақстан  индустрияландыру  кезеңінде  1925  жылы  желтоқсанда  БК(б)П  ХЫВ  съезінде 



белгіленген Кеңес Одағын индустрияландыруды жүзеге асыру ісі Қазақстанда бірқатар қиындықтарға 

кездесті,  олар  негізінен  қазақ  елінің  бодандық  ӛткенімен  және  әлеуметтік-экономикалық,  мәдени 

ӛмірде артта қалуымен байланысты болды. 

Бұл қиындықтардың кӛбі республикада халық шаруашылығын, әсіресе ӛнеркәсіп пен транспортты 

қалпына  келтіру  ісінің  тым  созылып  кетуінен  де  күрделеніп,  асқына  түсті  және  осы  жағдай 

Қазақстанның индустрияландыру жолымен табысты ілгерілеуі үшін басты кедергіге айналды. 

Индустрияландырудың қиындықтары мен ерекшеліктері 

Бірінші  дүниежүзілік  соғыстың  және  Азамат  соғысының  ауыртпалығын  бастан  кешірген 

Қазақстаннын  артта  қалған  отарлық  экономикасы  елдің  ӛнеркәсібі  дамыған  аймақтарына  қарағанда 

анағұрлым ауыр жағдайда қалды. Соғыс әрекеттерінен,әсіресе ӛнеркәсіп пен транспорт қатты зардап 

шеккен еді. Ірі ӛнеркәсіптің жалпы ӛнімі 1920 жылы 1913 жылмен салыстырғанда екі есе, ал ӛндіріс 

жабдықтарын  ӛндіру  4,5  есе,  мұнай  ӛндіру  4  есе  қысқарды,  мыс  және  полиметалл  кендерін  шығару, 

мыс  балқыту  тоқтап  қалды,  кӛптеген  кең  орындары  мен  кӛмір  шахталарын  су  басты  немесе  электр 

стансаларының  қирауы,  жабдықтардың  бүлінуі  т.б.  себептерден  жұмыстарын  тоқтатты.  Транспорт, 

әсіресе теміржол кӛлігі апатты жағдайда болатын: паровоздардың жартысынан кӛбі және вагондардың 

90%-ға жуығы күрделі жӛндеуді қажет етті, жүздеген кӛпір қиратылды, бәрінен де жол шаруашылығы 

кӛп  зиян  шекті,  жарамсыздарын  алмастыруға  рельстер  мен  шпалдар  жетіспеді.  Еліміз  жаңа 

экономикалық  саясатқа  кӛшіп  жатқан  кезенде  басталған  Қазақстан  ӛнеркәсібі  мен  транспортындағы 

қалпына  келтіру  жұмыстары  жалпы  алғанда  шаруашылық  күйзелістерінен  ғана  емес,  республикада 

ашаршылықтың басталуына себеп болған 1920-1921 жылдардағы жүт кезінде малдың кӛптеп шығын 

болуы, сондай-ақ 1921 жылғы құрғақшылық салдарларынан да зор қиыншылықпен жүргізілді. 

1920-1921 жылдары жекелеген кәсіпорындар ғана қалыпқа келтіріле бастады, ал тұтастай алғанда 

бұл  үрдіс  1922  жылдың  екінші  жартысында  ғана  ӛрістеді.  Республиканың  халық  шаруашылығын 

қалпына  келтіруде  1923  жыл  бетбұрыс  кезеңіне  айналды.  Алдыңғы  кезекте  ауыл  шаруашылығы 

шикізатын  қайта  ӛңдеу  кәсіпорындары  қалпына  келтірілді,  оған  1922  жылы  алынған  егіс  ӛнімділігі 

ықпал  етті.  Қостанай,  Орал  және  Семей  губернияларында,  Павлодарда  т.б.  қалаларда  ірі  диірмендер 

іске қосылды, бұл ұн тарту ӛнеркәсібін жедел қалыптастыруға жағдай жасады. Солтүстік Қазақстанда 

май  шайқау  зауыттары  жұмыс  істей  бастады,  жаңадан  20  май  зауыты  салынды.  Тамақ  ӛнеркәсібінің 

басқа  салаларында  да  ілгері  басушылық  байқалды,  мәселен,  1923  жылғы  тамызда  ірі  мӛлшердегі 

күрделі  қаржыны  қажет  етпейтін  Илецк  және  Коряковск  тұз  шығару  кәсіпшіліктері  қайтадан  жұмыс 

істей бастады. 

Баяу болса да, республиканың оңтүстігінде мақта тазарту зауыттарының, жеңіл ӛнеркәсіптің тері 

илеу,  жүн  жуу  т.б.  кәсіпорындарының  жұмысы  жанданып  келе  жатты.  Петропавлдағы  қалпына 

келтірілген пима басу, қой терісін ӛңдеу, тері илеу және шойын құю зауыттары 1923 жылы біртұтас 

кәсіпорынға  біріктіріліп,  ӛнеркӛсіп  комбинаты  құрылды.  Алматыда,  Шымкентте  және  Талғарда  тері 

илеу зауыттарының жұмысы жандана бастады. 

Ауыр ӛнеркәсіп кәсіпорындарын қалпына келтіру ісінде де кейбір игі қадамдар жасалды. Мұнай 

ӛнеркәсібі бәрінен жеделірек қатарға қосылды: Ембі және Доссор кӛсіпшіліктері 1925 жылдың ӛзінде 

1913  жылғы  деңгейден  асып  түсті.  Ӛндірісті  техникалық  жағынан  қайта  құру  ісі  жүргізілді,  мұнай 

ӛндіруге  тереңнен  соратын  насостар  қолданылды,  кәсіпорындарды  электрлендіру  ӛріс  алды, 

жабдықтар  жаңартылды,  кең  барлаудың  геофизикалық  әдістері  пайдаланылды.  Полиграфиялық 

ӛнеркәсіп  те  біршама  ілгері  басып,  соғысқа  дейінгі  деңтейге  тез  кӛтеріліп  келе  жатты,  осының 

нәтижесінде қазақ және орыс тілдеріндегі газеттер басылымы кӛбейді. 

Риддерде  шахталарды,  рудниктерді,  байыту  фабрикаларын,  электр  стансаларын,  теміржолды, 

басқа да нысандарды қалпына келтіру жӛнінде біршама жұмыстар атқарылды, алайда жабдықтар мен 

ақшалай қаржының жетіспеушілігінен бұл кәсіпорындар техникалық күзет жағдайына кӛшіріліп, 1925 

жылы  ғана  Риддер  кәсіпорындарын  қалпына  келтіру  жұмыстары  қайтадан  қолға  алынды.  № 

Қарағанды  және  Екібастұз  кӛмір  ӛндірістері,  Спасск  зауыты,  Успен  кең  орны  және  басқа  да  тау-кен 

ӛндірісі  орындары  мен  тау-кен  зауыттарының  кәсіпорындары  тоқтап  тұрды.  1925  жылдың  аяғында 


ғана Қарсақбай мыс балқыту зауыты мен Байқоңыр — Қарсақбай-Жезқазған тар табанды теміржолын 

қалпына келтіру жұмыстары басталды. 

Жаңа экономикалық саясат жағдайларында ӛнеркәсіпті басқару жүйесі жетілдірілді, Бүкілодақтық 

халық  шаруашылығы  кеңесінің  (БХ  ШК)  Республикалық  ӛнеркәсіптік  бюросы  Халық 

шаруашылығының  орталық  кеңесі  (ХШОК)  болып  қайта  құрылды,  ал  кәсіпорындар  бағыныштылық 

сатысына  қарай  одақтық,  ресейлік,  аралас-федеративтік,  республикалық  және  губерниялық 

(жергілікті) болып бӛлінді. Неғұрлым ірі кәсіпорындар негізінде шаруашылық есеп жүйесі бойынша, 

кеңестік  трестер  атанған  бірлестіктер  құрылды.  Орал-Ембі  мұнай  тресі,  «Алтайполиметалл»  тресі, 

Атбасар  түсті  металдар  тресі,  «Золоторуда»  тресі  (Қостанай  аумағындағы  алтын  кең  орындарының 

тобы)  одақтық  маңыздағы  кәсіпорындарға  айналды.  Екібастұз  және  Риддер  кәсіпорындарын  РКФСР 

Бүкілодақтық  халық  шаруашылығы  кеңесінің  (БХШК)  мандаты  негізінде  Қазақстанның  Халық 

шаруашылығының  орталық  кеңесі  (ХШОК)  басқарды.  Осы  кеңестінтікелей  басшылығына  Илецк  тұз 

тресі, Павлодар тұз тресі,  «Южно-Урал-золото»,  «Ақжал золото» трестері, Орынбор және Петропавл 

тері-елтірі  трестері,  Қазақстан  балық  тресі  берілді.  Жыл  ӛткен  сайын  Қазақстанның  үлкенді-кішілі 

кәсіпорындарына,  әсіресе  ӛнімдері  КСРО-ның  индустриялық  жағынан  дамыған  аймақтарына 

жӛнелтіліп  отыратын  ӛнеркәсіптің  ӛнім  ӛндіруші  салаларына  (мұнай,  түсті  металлургия  және  т.б.) 

орталықтың басшылық ықпалы күшейе берді. Қазақстан экономикасының шикізаттық бағыты барған 

сайын айқындала түсті. 

Транспортқа  ерекше  кӛңіл  бӛлінді,  себебі  оның  жұмысын  дұрыстап  жолға  қоймай,  жаңа 

экономикалық  саясаттың  негізгі  міндетін  —  қала  мен  ауыл,  ӛнеркәсіп  орындары  мен  ауыл 

шаруашылығы  арасындағы  экономикалық  байланыстарды  қалпына  келтіру  мақсатын  жүзеге  асыру 

мүмкін  емес  еді.  Республиканың  негізгі  теміржол  арқауы  —  Орынбор  —Ташкент  күре  жолына  кӛп 

мӛлшерде паровоздар мен вагондар, отын-кӛмір, ТЖХК (Теміржол халық комиссариаты) салғыртынан 

жиналған әр түрлі материалдар бӛлініп, кәсіби біліктілігі жоғары теміржол мамандары, кӛлік-тасымал 

шаруашылығының білікті  басшылары жіберіліп отырды. Жетісу теміржолының Луговой стансасына, 

одан ары Пішпек стансасына дейінгі жалғасы, Петропавл – Кӛкшетау жолы, сондай-ақ Оңтүстік-Сібір 

магистралінің Славгород — Құлынды - Павлодар желісі және т.б. сияқты жаңа жолдар, әсіресе «астық 

желілері»  жедел  салынды.  Бастапқы  екі  желі  Жетісу  мен  Солтүстік  Қазақстаннан  елдің  орталық 

аймақтарына астық тасуға, ал соңғысы Коряков кәсіпшіліктерінен тұзәк етуге арналды. 

Алайда Қазақстанда оның отар ел болған кезеңінен қалған экономикалық артта қалушылығының, 

құрал-жабдықтардың,  ақшалай  қаржының  және  білікті  мамандардың  жетіспеушілігінің,  сондай-ақ 

жергілікті  қиындықтардың  себебінен  ӛнеркәсіп  пен  транспорты  қалпына  келтіру  ісі  баяу  қарқынмен 

жүргізілді, бұл кезең 1927 жылдың аяғына дейін жалғасты. 

Түсті  металлургия  саласында  оның  барлық  кәсіпорындарының  60%-ынан  астамы  жұмыс  істеді. 

1926  жылдың  қарсаңында  республиканың  ӛнеркәсібі  1913  жыл  деңгейінің  61%-ына  ғана,  ал  ауыл 

шаруашылығы 82,9%-ына жете алды. 

Сӛйтіп, Қазақстандағы ӛнеркәсіп пен транспорты қалпына келтіру ісі еліміз индустрияландыруға 

кӛшіп жатқан кезде аяқталды. Сол кезге дейін ӛнеркәсіп пен транспорттағы мемлекеттік сектор едәуір 

нығайып, дами бастады. Мемлекет иелігіне алынған жеке меншік кәсіпорындар негізінде пайда болған 

бұл  сектордың  Қазақстандағы  бүкіл  ӛнеркәсіптегі  үлес  салмағы  64%-на,  ал  ірі  ӛнеркәсіпте  97,2%-ға 

жетті.  Барлық  теміржол  желілері,  сондай-ақ  кемешілік  ісі,  кеме  айлақтарын  т.с.с.  қосқандағы  ірі  су 

жолдары мемлекет меншігінде болды. Жеке меншіктік секторды дамытуға және сауда еркіндігіне жол 

беретін  жаңа  экономикалық  саясат  жағдайында  Қазақстанда  басқадай  экономикалық  құрылым 

айтарлықтай дамымады. 

Солай  дегенмен  де,  бұл  кенже  қалған,  революцияға  дейінгі,  отарлық  деңгей  болатын,  ол 

Қазақстанның дамуына индустрияландыру жағдайында берік те дербес негіз бола алмас еді, ал жана 

экономикалық  саясат  жағдайында  жұмыс  істеген  ӛнеркәсіп  орындары  мен  теміржолдар  техникалық 

жағынан артта қалушылық, ӛндірісте және азық-түлік пен шикізаттарды тасымалдау ісінің мейлінше 

ала-құлалығы,  жол  қатынастарының  әлсіздігі,  кейде  заманға  сай  жол  қатынастарының  болмауы 

себептері нәтижесінде 20-жылдардың екінші жартысында — 30-жылдарда Мәскеудің, Ленинградтың, 

Донбастың,  Оралдың,  КСРО-ның  басқа  да  дамыған  аймақтарының  кәсіпорындары  сияқты  жергілікті 

«индустрияландыру  құралы»  бола  алмады.  Оның  үстіне  ескі  кәсіпорындар  мен  теміржолдарды 

техникалық  жағынан  жаңғырту  немесе  оларды  жаңадан  салу  бағытындағы  алғашқы  қадамдарға 


жергілікті  тұртындар  арасында  білікті  жұмысшылардын  болмауы,  ақшалай  қаржының,  құрылыс 

материалдарының жетіспеушілігі т.б. тікелей кедергі болып отырды. 

Қазақстанның  индустриялық  дамуын  тежеген  қиындықтардың  бірі  -  оның  аумағының 

геологиялық  тұрғыдан  аз  зерттелуі  еді.  Тӛңкеріске  дейінгі  уақыттардың  ӛзінде  кӛмірдің,  мұнайдың, 

түсті металдардың, басқа да пайдалы қазбалардың аса бай қоры бар кең орындары туралы мәліметтер 

кӛп болғанымен, Кеңес ӛкіметіне дейін жер аумағының 94%-ы мүлде зерттелмеген болатын. Алғашқы 

бесжылдық жоспар  жасалған  уақытта сол кен орындарының кӛпшілігі  «ақтаңдақ»  денгейінде қалды, 

жергілікті  жоспарлау  органдарының  әлсіздігі  де  бұған  себеп  болды.  Осы  және  басқа  да  кемшіліктер 

себебінен  КСРО-ның  алғашқы  бесжылдық  жоспарында  Қазақстанның  мұқтаждыкқары  мен 

мүмкіндіктері тиісті деңгейде ескерілмеді. Сондықтан да КСРО-ның Еңбек және Қорғаныс Кеңесі мен 

Халық  Комиссарлары  Кеңесінің  1930  жылғы  1  қыркүйектегі  қаулысында  «халық  шаруашылығы 

құрылысының  бесжылдық  жоспарында  Қазақ  АКСР-нің  мұқтаждықтары  мен  онын  құрылысындағы 

мүмкіндіктер  толық  есепке  алынбаған»,  -  деп  атап  ӛтуі  кездейсок  емес.  Осыган  байланысты  КСРО-

ның  бесжылдық  жоспарында  кӛбінесе  елдін  негізгі  табиғи  қорларының  толық  зерттелмеуі,  әсіресе 

ӛнеркәсіптік бағытта бағамдалмауы кең кӛлемді зерттеулерді, ізденістер мен барлауды Қазақстанның 

ӛнеркәсіптік  жоспарының  аса  маңызды  сипатына  айналдырады,  бұл  жұмыстар  келесі  бесжылдықта 

салынатын құрылыс нысандарын даярлап қана қоймай, сонымен бірге осы бесжылдыққа белгіленген 

іс-жоспарларды жүзеге асыруды жалғастыруға, нақтылауға, түбегейлі есепке алуға тиіс» 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Қазақстанның мәдени құрылысы.Сауатсыздықты жою.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет