«Ұлт-азаттық қозғалыс» ұғымының жалпы сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата30.01.2017
өлшемі0,61 Mb.
#3055
1   2   3   4   5   6   7

 

Ұлан байтақ Азия даласында ӛмір сүрген, халықтардың географиялық орналасуын бірнеше рет 

ұлы кӛштерімен ӛзгерткен, қытай сынды ұлы халықты бірнеше рет бағындырып адамзат ӛнерінің 

қайталанбас кереметі Қытай қорғанының тұрғызылуына себеп болған байырғы түрік қауымдарының 

дүниетанымы еш күмәнсіз олардың дініне, тіліне, салт-дәстүріне әсер еткені рас. Ежелгі заманнан осы 

уақытқа дейінгі деректерге сүйене отырып, кез-келген халықтың діні, наным-сенімдері мен 

дүниетанымы оның тарихына, рухани-мәдени, саяси ӛміріне үлкен әсер ететін фактор екендігін біле 

аламыз. Әлемдік діндердің бастау тегіне Тәңірлік діннің ӛзекті қағидалары арқау болған. Тәңірлік дін 

уақыт пен кеңістікті игеруге талпынған, қоршаған ортамен тіл табысуға ұмтылған адам баласының 

алғашқы таным түсінігі. Кӛне түркілер жерімен, Ұлы Жібек жолы арқылы қаншама діндер ӛтсе де, 

түркілердің негізгі сенімі Тәңірлік дін, аруаққа табыну болды. Вильгельм Рубрук түркі жұртын 

аралаған кезінде олар ӛздерінің Тәңірге табынатынын және  оны таза рухани мән ретінде түсінетінін 

атап кӛрсеткен. Тек ислам діні ғана, уақыт ӛте келе кӛне түркі сенімдерімен іштей араласып, түркі 

жұртының рухани-мәдени ұстанымына айналды. 

Түріктер дүниетанымының бастау бұлағы, қайнар кӛзі – табиғат. Бұл, табиғатпен біте қайнасып 

бірге ӛскен, соның ӛзгерісін, құбылысын жіті бақылайтын кӛшпелілер әулетінің қоршаған ортамен 

тығыз байланысты екенін білдіреді. Кӛптеген салт-дәстүрдегі наным, тыйымдар осы табиғатпен біте 

қайнасудан туындаған ұғымдар жиынтығы болып саналады. Осы табиғатты жаратушыны «тәңірі» деп 

танып, оның туындысы табиғатты аялау арқылы оған құрмет кӛрсетілген. Бұл үрдіс қазірге дейін осы 

халықтардың жалғасы боп саналатын кӛптеген халықтардың салт-дәстүрінде орын алған.   

Атап айтқанда: 

  - моңғол, қазақ, қырғыз тағы да ӛзге халықтардың дәстүріндегі қыстау, күзеу, жайлау 

ұғымдарының болуы; 

  - ағын суға кір жумауы, суды ұлықтауы; 

  - «Кӛк шӛп жұлма», «Бастау басына ақтық байлау» сияқты ұғымдары;  

  - Аңның, малдың пірінің болуы (Кӛк бӛрі, түйе атасы – Ойсыл қара, жылқы атасы-Қамбар Ата, 

Шопан Ата); 

  Осындай түсініктермен тәңірінің жаратқан әрбір жаратылысына ӛзінше баға беріп құрметпен 

қараған. 

  Ежелгі түріктердің діні қазіргі уақытта кешенді түрде зерттелуде.  Бұл мәселеге ең алғаш арнайы 

назар қойып зерттеген ғалымдар француз Жан Пьер Ру, ресейлік И. В. Стеблева, С. Г. Кляшторный. 

Орта және Орталық Азия халықтарының ХХ-ХХІ ғасырға дейін сақталып келген шаманизмнің 

тарамдары олардың байырғы түрік оңғындарымен тікілей сабақтасытығын Л.П.Потопов, Анохин, С. 

Д. Майнагашев, Ш.Ш.Уәлиханов, Н. Ы. Дыренкова, Г. Д. Санжаев, Н. А. Алексеев, О. Пүрэв, А. Т. 

Тӛлеубаев, С. М. Абромзон, П. Пельо, Г. П. Снесарев сынды белгілі ғалымдар ғылыми еңбектерінің 

зерттеу объектісіне айналдырып келді. 

  Неміс ғалымы Г.Дѐрфер мен белгілі түркітанушы Қ.Сартқожаұлы зерттей келе, байырғы 

түріктердің діні, дін дәрежесіне кӛтерілгенін баса айтып, бұл дін бір құдайлыққа жақын деген 

тұжырым жасаған және байырғы түріктердің дінін «тәңірлік» (тенгризм) деп атай отырып: «… бұл дін 

даму тарихында үш кезеңді басынан ӛткізген болуы әбден мүмкін. Осылайша, жоғарыда аталған 

танымдық бастаулар байырғы түріктердің ұстанған діні, сол дәуірдің ӛзінде дін дәрежесіне 

кӛтерілгенін дәлелдейді. 

  Тәңірлік ұғымын кеңінен қарастырсақ. Исламға дейінгі қазақ халқының рухани мәдениетінде 

тәңірлік сенім мен шаманизм айрықша орын алады. Тәңірді зерттеушілердің тұжырымында 

еуроазиялық кӛшпелі шаруашылық – мәдени типтің қажеттіліктеріне икемді сенім жүйесі ретінде 

бейнеленеді, яғни ол кӛшпелілердің шындықтағы болмыс тәсілінен, дүние түйсінуінен туындаған.  

Академик Ғарифолла Есім ―Хакім Абай‖ кітабында: тәңірге сыйыну – сенім емес, дін емес, ол Адам 

мен табиғаттың арасындағы үйлесімділікті мойындағандық деп тұжырымдаған. ―Тәңірді мойындау 

адам еркін шектемейді. Тәңірге кӛзқарас ӛзіне қарама-қарсы түсінікті қажет етпеген. Себебі, тәңір – 


деген табиғат, ол ӛмір сүру үшін қажетті жағдай. Тәңір табиғаттың ӛзінен туған түсінік. Адамның 

табиғатқа табынуы, бір жағынан, натуралистік түсінік болса, екіншіден, ӛзінен тыс рухты іздеу, оны 

субъект ретінде қабылдау, дерексіз ойлаудың жемісі‖, –дейді. Яғни, біздің арғы ата-бабаларымызға 

догматталған діни жүйелерге қарағанда, ашық дүниетаным тұрпатындағы сенім кӛбірек тән, жан 

дүниесі мен рухани ізденістеріне әлдеқайда жақын. Барлық діни жүйелердегі тәрізді тәңірлік сенім де 

табиғат күштерін құдіреттендіруден, құпия тылсым тіршіліктің терең қатпарларынан тамыр алады. 

Алайда, Тәңірге табыну діни түсінік эволюциясындағы табиғат діндерінен кейінгі жоғары саты болды. 

Барлық халықтар рухани дамуында діни кӛзқарастар эволюциясын бастан ӛткізді. Әрине, оны бірінен 

соң бірі келетін діни жүйелер хронологиясы деп қарастыруға болмайды, шындық әрқашан теорияға 

қарағанда әлдеқайда күрделі, кӛпжақты болып келеді. 

  «Тәңірлік» – әр түрлі наным-сенімдердің, кӛбіне табиғатқа, оның стихиялық күштеріне 

табынудың және оларды бұрмалап бейнелеудің біртіндеп дамуынан туған құбылыс. Тәңірліктің 

дүниетанымдық негізі дүниедегі заттар мен құбылыстар жанданған деп қарастырады, ол түптеп 

келгенде табиғатты құдай деп қарастыратын ұғымның негізін құрайды‖, –деп жазады С.Н. Ақатаев. 

  Тәңірлік діннің ӛзіне тән ерекшелігі – ол ӛзіне дейінгі діни наным-сенімдерді теріске 

шығармайды, қайта оларды бір жүйеге келтіруші рӛл атқарады. Плано Карпини түркілердің бір 

құдайға иланатындығын айта келіп, ―… оның үстіне олар күнге, айға және отқа, сонымен бірге 

таңертеңгілік тамақ жеудің немесе су ішердің алдында сол ас-дәмдерінен ауыз тидіретін сыбаға арнап, 

су мен жерге де құдай деп табынады‖, – дейді. В.В. Бартольд: ―Ежелгі түркілер дінінің негізі Кӛкке 

(Тәңір) және Жерге (жер-суға) сыйыну болды‖, – деп жазады. Тәңірді түркілер барлықты жаратушы 

―объективті идея‖ ретінде қарастырса, жер-су – тіршіліктің тірегі. 

Бұлардан басқа кӛне түркілердің наным-сенімдерінде әйел-құдай – Ұмай ерекше құрметтелген. 

Әйел тәңірі Ұмай – отбасы мен бала-шағаның жебеушісі болған. Тоныкӛк құрметіне орнатылған 

ескерткіште: ―Кӛк, Ұмай құдай, қасиетті жер-су, міне, бізге жеңіс сыйлаған осылар деп ойлау керек!‖,  

– делінеді. 

Жер-су құдайына келетін болсақ, ол да табиғатты пір тұтудан туындайды. Алтайлық аңызда: 

―Үлген жаратылысқа дейін шексіз-шетсіз, түпсіз-тұңғиық теңіз үстіндегі кеңістікте тіршілік етеді. 

Сонда Үлгенге судан Ақ ана шығып, оған жер мен аспанды жаратуды үйретеді‖ делінген. Бұл аңызда 

да матриархаттық, рулық, қауымдық қатынастар ықпалы байқалады. Матриархаттық-рулық қауымнан 

патриархалды қауымға біртіндеп ӛту барысында жер-су соңғы орынға ығыстырылады. Кӛк аспан 

ретіндегі Тәңір ӛзінің жоғарғы құдай ретіндегі маңызын жоғалтпайды, патриархалдық-қауымдық 

қатынастардың күшейіп, нығаюына байланысты ол зор, қаһарлы тұлға сипатына ие болады. Тәңір 

сӛзінің этимологиясын С. Ақатаев ―таң‖ және ―ер‖ сӛздерінің бірігуінен шығуы мүмкін деп 

қарастырады. Бірінші буын ―таң‖, автордың пікірінше, күннің шығуымен байланысты болса, ―ер‖ – 

түрік тілдерінде ер адамды білдіреді. Осы тұрғыда Тәңір ―Күн адам‖, ―Аспан адам‖, яғни құдай дегенді 

білдіреді. 

  Тәңірлік дін адамды ӛз іс-қимылына, әрекетіне,  пиғыл-ниетіне есеп беріп отыруға үйретеді, ісі 

түсіп, жолы болса түркілер тәңір қолдады, дейді, қателік жасап, адасса, ―Тәңірім, кешіре гӛр‖, –дейді.  

  Дуалистік дүниетанымды арқау еткен, ежелгі тәңірлік діннің бүкіл бүтін жүйесін қалыпқа 

келтіріп, оның уағыз ілімін жаңғырту, іргелі зерттеулер жүргізу түрік әлемін саралап сараптаушы 

ғалымдардың алдында тұрған жауапты да, абыройлы істің бірі. Байырғы түріктердің дүниетанымының 

негізі болған «тәңірлік» тағыда тереңдетіп зерттеуді күтіп тұрған тың салалардың бірі. 

 

 

 



 

 

 



Диаспора ұғымы, шетелдегі қазақ диаспорасының бүгінгі тандағы қызметтері 

Ӛркениетті мемлекеттердің бәрі ежелден сырт жерлердегі ӛз диаспорасына айрықша кӛңіл бӛледі, 

оларға ұлттық-мәдени, саяси-әлеуметтік жағынан қолдау кӛрсетеді. Бұл біздің тәуелсіз Қазақстанға да 

тікелей  қатысты  жағдай.    Қазіргі  кезде  Қазақстаннан  тыс  жерлерде    5  миллионнан  астам  қазақ 

диаспорасының  ӛкілдері  тұрады.  Бұл  –  жер  бетіндегі  бүкіл  қазақ  халқының    үштен  бірі.  Осы  сан 

миллион  қандастарымыздың      ұлттық  ерекшеліктерін  сақтап,  қазақ  халқының    құрамдас  бір  бӛлігі 

ретінде  ӛмір  сүре  беруі  Қазақстан  Республикасының  диаспораны  қолдау  жӛніндегі  мемлекеттік 

саясатына  тікелей  байланысты.    Мұндай  қолдау  мен  қамқорлық,    негізінен,  екі  бағытта  жүргізілуге 

тиіс: 

 

Бірінші  –  сырт  жерлердегі  қазақ  диаспорасының  оралман  ретінде  атамекенге  біржолата  кӛшіп 



келуіне  жағдай жасау. 

 

Екінші – Сырт жерлердегі қазақ диаспорасының ұлттық ерекшілігін, ана тілін, мәдениеті мен салт-



дәстүрін сақтап, дамыта беру үшін оларға бұрынан тұрып жатқан жерлерінде қамқорлық кӛрсету. 

Тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде Қазақстан Республикасы ӛз диаспорасын қолдау жӛніндегі осы 

екі  шарт-талаптың біріншісіне, яғни шетелдегі ағайындарды атажұртқа кӛшіріп әкелуге байланысты 

ӛзгелерге  үлгі боларлық үлкен жұмыстар жүргізді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  ел тізгінін  қолына 

ұстаған алғашқы күннен бастап әлемнің  әр түкпірінде шашырап жүрген ағайындардың басын қосып, 

атажұртқа  кӛшіріп  әкелуге  айрықша  кӛңіл  бӛлді.  Осыған  орай,  «Кӛші-қон  туралы»  заң  қабылданып, 

этникалық  қазақтарды,  яғни  оралмандарды  қабылдауға  арнайы  қаржы  бӛлініп,  кӛптеген  нақты 

жұмыстар  қолға  алынды.  Соның  нәтижесінде,  2011  жылғы  есеп  бойынша  1991  жылдан  бері 

Қазақстанға  221,3  мың  отбасы  немесе  860,4  мың  қандастарымыз  қоныс  аударған.  Олардың  60,5 

пайызы  Ӛзбекстаннан  (520  мың),  10,4  пайызы  Моңғолиядан  (86  мың),  12,4  пайызы  Қытайдан  (106 

мың),  7,8  пайызы  Түркіменстаннан  (67,5  мың),  5  пайызы  Ресейден  (45,5)  ал  қалғандары  (35  мың) 

Ауғанстан, Түркия, Сауд Арабиясы, Қырғызстан және басқа елден келгендер. 

 

Оралман ағайындардың 24,3 пайызы (206 мың) Оңтүстік Қазақстан облысына, 18,2 пайызы (154,8 



мың)  Алматы  облысына,  13,3  пайызы  (114  мың)  Маңғыстау  облысына,  7  пайызы  (60  мың)  Жамбыл 

облысына қоныстанған. 

 

Ал қазақ диаспорасына қатысты екінші мәселеге, яғни алыс-жақын мемлекеттердегі ағайындарға 



сол тұрған жерлерінде мәдени-рухани, оқу-білім саласынан қолдау кӛрсетуге келсек, бұл жӛнінде  де 

біраз  игілікті  істер  жүзеге  асырылды.    Қазақстан  Республикасы  да  тәуелсіз  ел  болғаннан  кейін 

шетелдердегі  қазақтармен  тұрақты  байланыс  орнатуды  жүзеге  асыра  бастады.  Мұның  ең  алғашқы 

жарқын кӛрінісі – 1992 жылы ӛткен әлем қазақтарының тұңғыш Құрылтайы еді. Бұл Құрылтайда жер 

жүзінің  түпкір-түпкірінде  шашырап  жүрген  қазақтардың  ӛкілдері  тұңғыш  рет  бас  қосты.  Алқалы 

жиында  қазақ  халқының  ұлттық  ӛсіп-ӛркендеуі  жан-жақты  сӛз  болды.  Құрылтайда  Дүниежүзі 

қазақтарының  қауымдастығы  құрылып,  оның  Тӛрағасы  болып  Қазақстан  Республикасының 

Президенті Н.Ә. Назарбаев сайланды. Осыдан кейін де Әлем қазақтарының және үш Құрылтайы ӛтті. 

1996  жылдан  кейін  екі  рет  «Шетелдегі  отандастарды  қолдаудың  мемлекеттік  бағдарламасы» 

қабылданды.  Шетелдегі  қазақ  жастарын  Қазақстанға  әкеліп  дайындық  бӛлімдерінде  оқыту  мен 

жоғарғы  оқу  орындарына  қабылдау  жӛнінде  де  айтарлықтай  жақсы  істер  жүзеге  асты..  Мысалы, 

жоғары оқу орындарына арналған мемлекеттік гранттың екі пайызы шетелдердегі ұлты қазақ жастарға 

беріледі. Дайындық бӛлімдеріне 1400 талапкер қабылданады. 

Бұл  жұмыстарға  Дүниежүзі  қазақтары  қауымдастығы  да  айтарлықтай    ӛз  үлесін  қосты.  Яғни, 

Қауымдастық  сырт  елдерде  тұратын  қазақтармен  жан-жақты  байланыс  жасап,  олардың  ұлттық-

мәдени, саяси-әлеуметтік жағдайын үнемі зерттеп, назарда ұстап келеді. Бұл ретте Қауымдастыық жыл 

сайын  шетелдерде  қазақтардың  Кіші  құрылтайларын,  басқа  да  мәдени-рухани  іс  шараларды  ӛткізуге 


айрықша  кӛңіл  бӛледі.  Қауымдастықтың  мұндай  іс-шараларына  ҚР  Мәдениет  және  ақпарат 

министрлігі  мен  «Самұрық-  Қазына»  әл-ауқат  қоры  үнемі  қолдау  жасап  келеді.  Мұндай  іс-шаралар 

мен  түрлі  басқосуларда  шетелдердегі  қазақ  диаспорасының  ӛзекті  мәселелерін    бір  жүйеге  түсіріп, 

зерделеуге  айрықша  кӛңіл  бӛлінеді.  Және  ол  іс-шаралардың  нәтижелері  Қауымдастықтың  «Алтын 

бесік»  журналы  мен  «Туған  тіл»  альманағында,  басқа  да  респубдикалық  басылымдарда  үнемі 

жарияланып тұрады. 

Сондай-ақ, Қауымдастықтың жанында шетел қазақтарының кешегі тарихы мен бүгінгі жағдайын 

зерттеумен айналысатын арнайы Талдау орталығы бар.  Бұл Талдау орталығы шетелдердегі қазақтар 

тығыз  орналасқан  ӛңірлерге  үнемі  арнайы  экспедициялар  ұйымдастырып  тұрады.  Талдау  орталығы 

соңғы  уақытта  қазақ  диаспорасы  мәселелеріне  арналған  түрлі  ғылыми-тәжірибелік  конференциялар 

ӛткізуді де  жақсы дәстүрге айналдырды. 

 

Сӛз реті келгенде, диаспора мәселесі  тек қазақ халқында ғана  емес, барлық елдерде бар екендігін 



айта кеткен жӛн. Осыған орай, ӛркениетті мемлекеттердің бәрі  шетелдердегі ӛз диаспорасын қолдауға 

айрықша кӛңіл бӛліп, бұған қажетті мәселелерді дер кезінде шешіп отырады. 

Мысалы,  ӛзімізбен  кӛрші  Ресей  1999  жылы  «Ресей  Федерациясының  шетелдегі  отандастарға 

байланысты мемлекеттік саясаты туралы» Заң қабылдап, арнайы ұшан-теңіз қаржы бӛліп, алыс-жақын 

шетелдердегі отандастарына қолдау жасауды жан-жақты жүзеге асыра бастады. 

Израиль да шетелдегі еврей мәдени орталықтарына жан-жақты  кӛмек кӛрсетеді. 

Оңтүстік  Корея  Алматыдан  бір  мәдениет  сарайын  сатып  алып  Корей  мәдени  орталығына 

айналдырды. 

Германия    Қазақстандағы  және  басқа  да  елдердегі  неміс  мәдени  орталықтарына  нақты  кӛмек 

беруде. 


Түрік  республикасында  да  диаспораға  қатысты  барлық  мәселе  мемлекеттік  деңгейде  шешілген. 

Яғни,  Түркияның  диаспорамен  айналысатын  мекемесінің  жылдық  бюджеті  -  100  миллион  АҚШ 

доллары,  қызметкерлер  саны  –  170  адам.  Ал  Әзербайжан  мемлекетінде  диаспора  жӛнінде  тікелей 

Президентке қарайтын мемлекеттік комитет бар. Бұл комитетте жүзге жуық қызметкер жұмыс істейді. 

Және  бұған    қажетті  қаржы  да  толық    бӛлінеді.  Мысалы,    олардың    шетелдердегі  азербайжан 

жастарымен байланыс орнатуға ғана 5 миллион евро бӛліп отырғанын анық білеміз. 

Қытай  Халық  Республикасы  да  мұндай  мәселеге  айрықша  кӛңіл  бӛлуде.  Мысалы,  соңғы  кезде 

Қазақстанның ӛзінде бірнеше қытай мәдени орталықтары ашылды. 

Демек,  Қазақстан  Республикасы  да  шетелдердегі  ӛз  диаспорасына  жан-жақты,  нақты  қолдау 

жасауға тиіс. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы. Шетелдегі қазақтардың тарихи атамекеніне 

қайтып оралуы. 

Шетелдердегі қазақтардың (Оралмандардың) атамекеніне оралу мәселелері 

 Кезінде  1931—1933  жылдардағы  ашаршылықтан  Адай  округінен  кӛшіп  кеткен  5  мыңдай 

Красноводск қазақтары қайтып орала бастады. 

 1960—1965  жылдары  жұмыс  іздеген  екі  мыңға  жуық  Астрахан  қазақтары  Атырау  облысына 

қоныс  аударып  келді.  Осының  бӛрі  Маңғыстау,  Атырау  облыстарындағы  халықтардың  механикалық 

жолмен ӛсуіне әкелді. 

 1956—1962  жылдары  Кеңес  Одағы  тұсындағы  әкімшіл-әміршіл  басқару  жүйесінің  қыспагынан 

Қытайға ӛтіп кеткен қазақтарға Отанына оралуға рұқсат етілді.  Сол  жылдары келушілердің қолында 

аты-жӛні жазылған және кӛлемі 4×5 см фотосуреті бар қағаз болды. Оларға бұрынғы кеңестік негізінде 

1930  жылы  2  тамыздағы  «КСРО  азаматтығы  туралы»  Заңды  басшылыққа  ала  отырып,  жаңа 

тӛлқұжаттар  берілді.  Сол  заңның  2-бабы  бойынша  30-жылдардағы  аштық  кезінде  кеткендерге 

азаматтық берілді. Ал заңның 3-бабы 1917 жылғы тӛңкерістерден шетелге кетуге мәжбүр болғандарға 

қатысты  қолданылды.  Осы  2-  және  3-баптары  бойынша  Қытайдан  келген  оралмандарға  КСРО 

азаматтығын  беру  туралы  қорытындылар  шықты.  Бүл  қорытындылар  бекітіліп,  тӛлқұжат  берілетін 

мекемелерге жӛнелтілді.Қытайдағы қазақтардың оралуы қазақтардың механикалық жолмен ұлғаюына 

жағдай  жасады.  1959—1970  жылдары  қазақтар  механикалық  жолмен  143  мыңға  кӛбейді.  Тек  қана 

Алматы облысына 62 мың адам кӛшіп келді. 

1956—1962  жылдардағы  қазақтардың  кері  кӛші-қон  ағымдары  олардың  этнодемографиялық 

жағдайына әсер етті. Мәселен, 1962 жылы туғандардың жалпы саны ең жоғары кӛрсеткішке жетті. 

1962 жылы 60 мыңдай ұйғырлар мен қазақтар кеңес-қытай шекарасынан бері ӛтті. 

XX  ғасырдың  90-жылдарының  басында  қазақтардың  тарихи  отанына  оралу  мәселесі  үкімет 

деңгейінде  шешіле  бастады.  Бұл  мәселенің  күрделілігіне  орай,  мемлекет  қазақтардың  шетелдерден 

оралуын біртіндеп жүзеге асыру бағдарламасын дұрыс кӛрді. 

1991  жылы  кӛктемде  Талдықорғанға  таяу  Сарыӛзек  станциясына  Монғолиядан  шыққан 

оралмандар  (7  отбасы)  келіп  түсті.  1991  жылы  18  қарашада  Н.Ә.Назарбаевтың  ұсынысы  және  Қазақ 

КСР Жоғаргы Кеңесінің шешіміне сәйкес республиканың Министрлер Кабинеті «Ӛзге республикалар 

мен шетелдерден Қазақстанға келіп, ауыл шаруашылығында еңбек етуге тілек білдірген жергілікті ұлт 

ӛкілдерін кӛшіріп алу тәртібі мен жағдайлары туралы» қаулы қабылдады. 

Мұндай  шешім  шығарудың  себебі,  Қазақстан  бұл  кезде  әлі  оралмандарды  қабылдаудың  заңды 

мүмкіндіктеріне  ие  емес  еді.  Содан  кейін-ақ  ӛзге  елдерден  қазақ  оралмандарын  қабылдаудың  заңды 

негізін  анықтау  туралы  мемлекетаралық  келісімдер  жүргізу  үшін  қажетті  заңды  құжаттар  даярлауға 

байланысты шым-шытырық жұмыстар басталды. 

1993  жылы  15  сәуірде  Қазақстан  Республикасының  Президенті  «Иран  Ислам  Республикасынан 

және  басқа  мемлекеттерден  отандастарымызды  кӛшіріп  алуды  ұйымдастыру  шаралары  және 

иммиграция квотасы туралы» қаулыға қол қойды. 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  1993  жылғы  21  сәуірде  қабылдаған  қаулысына  сәйкес, 

«Кӛші-қон  туралы»  Заңдарда  кӛзделгендей  оралмандарды  тұрғын  үймен  қамтамасыз  ету,  тұрғын  үй 

сатып  алу  үшін  ұзақ  мерзімге  несие  беру  мәселелері  кӛрсетілген.  Алайда  жылда  үкімет  тарапынан 

квотаға бӛлінетін қаржының жетіспеуінен бұл мәселелер әлі де толық шешілген деп айту қиын. Қаржы 

тапшылығы  мен  тұрғын  үй  қорыны  жеткіліксіздігінен,  азаматтық  алу  тәртібі  мен  тіл  мәселесіне 

байланысты кедергілер және жұмыссыздыққа байланысты қиындықтар кездеседі. 

Кӛші-қон  барысында  кеденнен  оралмандар  дүние-мүлкін  алып  ӛтуде  қиындыққа  кезігеді.  Кеден 

салықтарының  жоғарылығынан  олар  бүкіл  мал-мүліктерін  кеденнен  ӛткізе  алмайды.  Сондай-ақ 

бұрынғы  одақтас  республикалардың  ішінде  Түрікменстан  мен  Ӛзбекстанда  үй-жайларды  сатуға  10 

жыл мерзімге дейін шектеу қойылған. Сондықтан олар жеке меншік үйлерін долларға немесе теңгеге 

сата  алмай,  тастап  кетуіне  тура  келеді.  Бұл  мәселені  мемлекет  тарапынан  бақылап  отыру  үшін 

Қазақстанда  кӛші-қон  мәселесімен  1997  жылы  құрылған  «Кӛші  қон  және  демография  агенттігі» 

айналысады. Кӛші-қон мәселесі тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-саяси ӛмірінде елеулі рӛл атқарады. 



Кӛші-қон  мәселесінің  барлық  құқықтык  әрекетін  1992  жылы  қабылданған  Қазақстан 

Республикасының  «Кӛші-қон  туралы»  Заңы  реттеп  отырады.  Осы  Заң  негізінде  Республика  үкіметі 

қабылдаған  шаралар  жүзеге  асады.  Заңда  кӛшіп  келушілерге  жан-жақты  кӛмек  кӛрсету,  қамқорлық 

жасау  шаралары  белгіленген.  Мәселен,  2001  жылы  600  отбасына  кӛшіп  келушілердің  квотасы 

белгіленді. Жобада әр жылға орта есеппен 20 мың отбасын кӛшіріп әкелу қарастырылған. 

XX ғасырдың 90-жылдарында Қазақстанда демографиялық жағдайдың нашарлауына, республика 

халқының құрамында жастар азайып, қариялар санының артуына байланысты халық санын арттыруға 

бағытталған  белсенді  демографиялық  саясат  жүргізуді  қажет  етеді.  Бұл  саясаттың  бір  бағыты 

шетелдердегі қазақ ұлтын Қазақстанға қайтару болып табылады. 

1991 жылдан 2000 жылға дейінгі кезеңде Қазақстанға жалпы саны 176 мың адам болатын 41 мың 

отбасы оралды, оның ішінде 63,5 мың  — Монғолиядан, 4,8 мың — Ираннан, 2,4 мың — Түркиядан, 

ТМД елдерінен 103 мың адам болды. 

Қоныс аударып келушілерді шыққан елдеріне қарай екі топқа бӛлуге болады: алыс шетелдерден 

және  бұрынғы  Кеңес  Одағы  республикаларынан  келген  қазақтар.  Бұрынғы  КСРО-дан  шыққан 

оралмандардың әр түрлі республикада болғандарына қарамастан, ортақ кеңестік менталитеті байқалып 

тұрады, сондықтан оларға Қазақстанның тұрмыс жағдайына бейімделіп кету оңай. 

Шетел қазақтары болса, ӛмір сүрген елдеріне байланысты іштей ерекшеленіп тұрады. Бұл әсіресе 

дін  ұстауы,  білім  деңгейі,  сыртқы  жағдайға  бейімделе  білу  дәрежесінен  байқалады.  Оралмандар 

неғұрлым аз елдер әлеуметтік-экономикалық және саяси жағынан анағұрлым дамыған қоғам. 

XX ғасырдың  90-жылдары әлемдегі  геосаяси  ӛзгерістерге орай, жергілікті,  аймақтық  жанжалдар 

саны  арта  түсті.  Осы  отқа  оранған  елдердегі  қазақтар  босқын  статусымен  Қазақстанға  келе  бастады. 

1998  жылгы  желтоқсанда  Қазақстан  1951  жылғы  БҰҰ  конвенциясына  және  оның  1967  жылғы 

босқындар статусы туралы хаттамасына қосылды. 

Осы игілікті заң шараларына орай республикаға 15 мың босқын, негізінен, Ауғанстаннан оралды. 

Олардың  кӛпшілігі  Оңтүстік  Қазақстан  облысына  орналастырылды.  Халықаралық  ұйымдардың 

қолдауымен босқын-оралмандарға гуманитарлық жәрдем беру бағдарламасы қолға алынды. 

 Оралмандар мәселесі 

Тарихи Отанына келген қоныс аударушыларды жұмыспен, баспанамен қамтамасыз ету, азаматтық 

алу  мәселелері  алаңдатуда.  Осы  қажетті  жағдайларды  жүзеге  асырудың  күрделілігінен  қоныс 

аударушылар  қазіргі  Қазақстанның  тәртібі  мен  жағдайына  қиындықпен  кӛндігуде.  Мемлекет 

тарапынан оралмандарды жұмыспен қамту жӛнінде бірқатар жұмыстар жүргізілді. 

Олардың  кӛпшілігі  ауылдық  жерлерден  шыққандықтан,  оларға  жер  және  фермер  қожалығын 

құруға  қажетті  құрал-сайман  бӛлінді.  Шағын  несие  беру  бағдарламасы  жүзеге  асырылуда.  Алайда 

оралмандардың  бәрі  бірдей  алғашқы  тоқтаған  жеріне  тұрақтап  қалмады,  Монғолиядан  келген 

оралмандар  Кӛкшетау,  Ақмола,  Қарағанды,  Қызылорда  облыстарын  қолайлы  кӛрсе,  Ираннан 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет