Ұ.ЕРБОЛҚЫЗЫ.
Әсерлі өткен ән кеші
«Өмір дегеніңіз мәңгілік ұйқы алдын-
дағы қысқа мерзімді серуен ғана» де-
ген үлкендердің ұлағатты сөзі ойға
оралады. Ақиқаты да солай. Бірақ
күнделікті күйбең тіршілікпен бұл
сөздің мән-мағынасына терең үңіліп,
ойлана бермейміз де, алдыңда жүрген
асыл ағалар мен замандас құрбылардың
қатары азая бастағанда ғана барып,
көңіл құрғырың жұбау тартып, олар-
ды іздеп, айтқан ағалық кеңестері мен
орынды әзіл-қалжыңдарын, істеген
істерін еске алып, сағына бастайтының
анық.
Садуақас Өтеулиев туралы сөз
қозғайтын болсақ, Сәкең кіші жүз-
дегі Алты Әлімнің үлкен ағасы Асан
Жақайымнан өрбіген ұрпақтың тұқы-
мы. Садуақастың әкесі Өтеулі жай ша-
руа қазақтың белгілі биі, Жетес бидің
тікелей ұрпағы. Өтеулі, Жақайымның
Алтынбай аталығынан Алтын атты жар
тауып екеуі дүниеге 7 бала келтірген.
Өтеулі діни сауатының арқасында
мешіт ұстап, жастарға дәріс берген.
Кейін қиын-қыстау кезеңде асыра
сілтеу салдарынан ұсталып кеткен.
Жаратылыспен ойнауға болмай-
ды. О, баста жазылған жазмыштың жа-
зуы бойынша тағдыр өз дегенін істейді.
Біреулер бейбітшілік заманға душар
болып, дүниеге келген күннен бастап
бақытқа кенеліп, қиналмай күліп-ойнап,
мамыражай дүниесі түгел өмір сүрсе,
екінші біреулер қиын-қыстау сұрапыл
соғыс, аштық пен жалаңаштық, тар
жол тайғақ кешу кезеңдерде дүниеге
шырылдап келіп, туабітті қиындықты
көріп, өмірдің азабын, әділетсіз
арамдықтың азарын тартып, алысып-
жұлысып өмірін өткізеді.
Садуақас Өтеулиев 1926 жылы
қиын-қыстау уақытта дүниеге келген.
Мектепте 7 сыныпты бітіріп, 1941-1943
жылдары Жаңақазалы поселкесіндегі
№3 темір жол училищесінде оқып, 4
разряд электромонтер мамандығын
алып шыққан. Содан кейін Қазалы па-
ровоз депосына слесарьдың көмекшісі,
кейін слесарь, цехтың бригадирі, ше-
бер, аға шебер болып, теміржолда 47
жыл үздіксіз жұмыс істеген. Сәкең
туабітті дарын, нағыз еңбектің адамы
болып бүкіл өмірін темір жолмен бай-
ланыстыра өткізді.
Адамның артында қалған ұлы –
өзі, ал қызы – оның көзі, жаныңды
жарқын ететін отбасы жылуы дегендей
Садуақас аға мен Күлзира жеңгемізден
8 бала дүниеге келіп, бәрін оқытып,
жоғары білімді азамат етіп жақсы
тәрбие берді. Бұл күндері әрқайсысы
бір-бір отау тігіп, бір тайпа ел бо-
лып, егемен еліміздің өркендеуіне өз
үлестерін қосып, біреуі теміржолшы,
екіншісі дәрігер, құрылысшы, есепші
болып әр салада еңбек етіп жүр.
Садуақас Өтеулиев өзімен бірге
қызметтес болған және қарамағында
жұмыс істейтін адамдармен, жұртшы-
лықтың жағдайымен, талап-тіле гімен
санасуға әрқашанда бейім тұратын.
Үлкен де, кіші де Сәкеңді сыйлап
айтқанын екі айтқызбай орындап, ал-
дынан кесе өтпейтін. Себебі, Сәкең
адамның мінез-құлқы әркімге өзінің
кейпін көрсететін айна екенін күнбұрын
түсінген азамат.
Қарапайым жұмысшыдан өзінің
зеректігімен, туабітті бойына дарыған
дарындылығы мен білімін дербес
өзінше көтеріп, адал еңбегінің, талап-
тылығының арқасында көзге түскен.
Бар саналы ғұмырын еліміздің күре та-
мыры темір жолға арнап, соның арасын-
да қоғамдық жұмыстардан қол үзбей
халықпен бірге етене араласып, аянбай
еңбек еткен абзал азамат ешуақытта
кіржимей, қабақ шытпай күлімсіреп
тұратын. Сәкеңнің сүйкімді келбеті әлі
күнге көз алдымызда.
Сәкеңнің қоғамға деген көзқарасы
ерекше еді. Көпке қамқорлық жасауға
қол ұшын беруге үнемі дайын тұратын.
Көп жыл поселкелік кеңеске депутат
болып сайланып, 5 квартал учаскесін
түгелдей қоғамдық тұрғыда басқарып,
күнделікті мәселесін дербес өзі шешіп,
күрмеуі қиын жағдайды поселкелік
кеңес атқару комитетінің күн тәртібіне
енгізіп, нақты шешімін табуға ықпал
етіп отыратын. Белсенді қоғамшыл,
қайраткерлік көрсете білетін үлкен
тұлға болатын.
Көктемде тасаттық жасатып, елді
бірлікке шақырып, тазалықты қамтуға,
ағаш ектіріп, көгалдандырып ауа-
ны тазартуға, қорымдарды қоршатып,
әруақты сыйлауға үнемі елді насихат-
тап жұмыс жүргізуге мұрындық болып
жүретін. Осындай білікті, ізденімпаз,
өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын
аузының дуасы бар, көпке сөзі жүретін
азаматтың арқасында депо ұжымының
да поселкелік атқару кеңесіне де
жұмыстары жақсы жүріп, жандана
түсті.
Сәкең өз жұмысымен терең ой-
ланып, нақты шұғылданатын «өнер
тапқыш» өз ісінің маманы, жаңашыл
жан болатын. Жоғары білімі болмаса да
өте сауатты да, жауапты бір нәрсені бас-
таса соны бітірмей тынбайтын, жолы
мен әдісін таппай қоймайтын сабырлы
да салмақты, өте тиянақты, мінезі бия-
зы, жайбарақат күліп тұратын, ешкімге
қатты келмейтін, бір сөзді, уәдесіне
берік, әрқашанда ойланып сөйлейтін
мінезі ерекше жан еді.
Қарамағындағы жұмысшы-қызмет-
керлер кейде Сәкеңе әзіл-шыны аралас:
«Осы біз неге бас ауыртып, инженерлік
тәжірибе зерттеумен шұғылданып
жүрміз?» Бұндай жұмыспен айналы-
сатын депоның арнайы техникалық
бөлімі бар емес пе. Біздің өз шаруамыз
өзімізге жетпей ме?» – деп сұрақтар
қоятын. Сонда Сәкең сәл жы мыйып:
«Ей шырақтарым, біз күнделікті
жұмысымызды өз қолымызбен бұзып-
тексеріп, қайта жинап, қай жерде
қандай ақауы барын көзімізбен көріп,
қолымызбен ұстап жүрміз, олар бол-
са сырттай біреулердің айтуымен
шұғылданып отырған орын. Бізден
артық кім білуші еді, бұл жұмыстың
кемшілігін қыр-сырын біз білуіміз
және сапалы жөндеп, орнына салу жо-
лын біз табуымыз керек. Сондықтан
менің айтарым «Жан қиналмай жұмыс
бітпес, талап қылмай мұратқа жет-
пес» деп ата-бабаң тегін айтпаған бо-
лар, еңбек етейік, бәрі де болады. Та-
лай жаңалықтарды ашып жүрген, оңай
тәсілді осы депоға ендіріп өзгелерге
өнеге болып жүрген осы өздерің емес
пе? Әлде жаңалық ашудан жалықтыңдар
ма?» дегенде, әріптестері «Жоқ Сәке,
жәй айтылған әзіл сөз ғой» десе, «Бәсе»
деп Сәкеңнің қызыл шырайлы беті жа-
дырап сала беретін. Осылайша ол сана-
лы өмірінің өлшеулі күндерін мағыналы
өткізіп, артына өлмес өнеге, өшпес ру-
хани құндылықтар мен інілері айтып
жүретіндей жақсы істері мен мәнерлі
сөздерін қалдырған еді.
Сәкеңді тепловоз жөндеу зауыты-
ның ұжымы әлі күнге ұмытпай үлгі
тұтып, еңбегін дәріптеп келеді. Әр
адамның еңбегін бағалай білу мен
дүниенің қадірі мен құнын айы-
ра білудің өзі үлкен адамгершілік,
біліктілік, имандылық пен әділдік.
Өткенді білсең ғана келешегің жарқын
болады. Оларды еске алмай, өнеге
тұтпай, келешекті кемелге жеткізу
оңай емес. Тарихын білмеген, ұлттық
салтын сақтамаған, адамның еңбегін
бағаламаған, жақсысын жамандаған
жерде іс алға баспайды. Көтермелеп
өткендердің еңбегін өнеге тұтып,
әлде де еңбектерін бағалап отырса,
елге еткен еңбектің еш болмайтыны-
на ұрпақтың көзі жетіп, қызығушылық,
еңбекке деген құштарлық пен ынта
серпіліс, бәсекеге ұмтылыс пайда бола-
ры анық.
«Қайрат етер мезгілде жүк көтерер
нардай бол, Ақыл айтар мезгілде, мың
жасаған шалдай бол!» – деп Бауыржан
Момышұлы айтқандай Садуақас ағамыз
жастайынан еңбек етуде нағыз нар-
дай болды. Елуден асқанда үлкенге де,
кішіге де ақыл-кеңес беріп, ұрысқанды
татуластырып, адасқанды түзу жолға
салып, тентектерді түзеп, ажырасқанды
табыстырып, мың жасаған шалдай
болды. Бізге сол кісі бір үлкен қария
сияқты болып көрінетін еді. Сөйтсек
жасымен емес, үлкендік жасаған ісімен
өнегелі өсиет айтқан сөздерімен, ақыл-
кеңесімен бізге үлкен болып көрінеді
екен ғой.
Садуақас Өтеулиев 1986 жылы зей-
нетке шыққасын 1989 жылға дейін сол
қызметінде жүріп, пайғамбар жасы 63-
інде қайтыс болды. «Адам өмірі жыл-
дармен емес, сол жылдарды қалай
өткізгендігімен бағаланады» – деген
дана халқымыз. «Өмір деген өткен күн-
дерің емес, есте қалған күндерің» де-
гендей Сәкеңнің адал еңбектері мемле-
кет тарапынан бағаланған, ел-халықтың
есінде қалардай елге еңбегі сіңген аза-
мат.
Ол 1963 жылы КСРО жоғарғы
Кеңесінің жарлығымен «Еңбектегі
ерлігі» медалімен наградталған. 1971
жылы КСРО теміржолы Министрлігінің
«Құрмет кітабына» аты жазылған,
«Құрметті шебер» атағы берілген.
«Құрметті теміржолшы», «Құрметті
өнертапқыш» атақтарының иегері.
1985 жылы «Ұлы Отан соғысы
Жеңісіне – 40 жыл» мерекелік меда-
лімен, «Социалистік жарыстың жеңім-
пазы» төс белгісімен, 1986 жылы «Еңбек
ардагері» медалімен, КСРО және Қазақ
теміржолы министрліктерінен ондаған
грамоталар, алғыс хаттармен және
бағалы сыйлықтармен марапатталған.
Сәкеңнің суреті «Жеңіс» саябағы мен
зауыт мұражайында ілулі тұр.
Мына жарық дүниеде ниеттес,
өзгелерге тілектес, пікірлес, өзіме
болған, өзгеге де болсын деген, аузын
ашса жүрегі көрінетін, ақ тілеулі жан-
дар қаншама. Сондай жандардың бірі,
кішіліктің жолын бұзбай, кісіліктің
туын жықпай, үлкендікті ұстай білген
Садуақас Өтеулиев тірі болғанда 90
жасқа келер еді.
Сондықтан, саналы адам бойы-
на Алладан берілген асыл қасиет –
қанағатты әрқашан да ардақтап ұстап,
оның бетіне шіркеу түсірмеу керек.
Ата-бабамыз аттан құласа да салттан
құламаған. Сәкеңнен қалған «Құрметті
құрылысшы» Мәлік Сәдуақасұлы
бастаған ұрпақтары өмірдің алғы
шебінде еңбек етіп, ата жолынан ай-
нымай әулетінің абыройын сақтап,
әруақтарды сыйлап, әкесі Садуақастың
90 жасқа толу сәтінде ас беріп, елдің
қаймақтарын, зиялы азаматтарын құда-
жекжат, ағайын-туыстарды шақырып
әке-шешесін еске алып, құран бағыштап
үлкендердің батасын алуға ұрпақтары
жұмылып жұмыс жасап жатыр екен.
Талаптарыңыз оң болсын, қызметтеріңе
әруақтар разы болып, бір аунап түсіп,
ұрпақтарының аманшылығын тілеп
жатқан шығар.
Ата-анаңа жасаған еңбектерің Ал-
ладан қайтсын. Сіздерге Құдайым
қуат пен ұзақ ғұмыр, таусылмас ырзық
несібе, абырой мен бақ дәулет берсін.
Еліміз тыныш, халқымыз тоқ,
береке-бірлігіміз мол, жан-жағымыз
аман, бейбіт өмірлі заман болсын.
«Толқынды толқын қуады, толқыннан
толқын туады» – дегендей ертеңгі жас
буын алдыңғы ағалардан көргенін
істейтін болсын.
Біздің әрбір жасап жатқан шарала-
рымыз ой тебірентерлік, жастарға ша-
быт, отансүйгіштік тәрбие мен ерек-
ше әсер беретіндей маңызы зор бо-
луы керек. Мінекей, осындай көненің
көзі, бүгінгінің өзі ертеңгінің сөзі де-
гендей Сәкеңнің аты мәңгілік есімізде
сақталып, ұрпаққа үлгі етердей жұмыс
жасалады. Алды өзіне құт, арты
ұрпағына қуаныш болсын.
Осындай өмірлік ұстанымы мықты
Садуақас сияқты ағалар өмірде болған.
«Асыл адам айнымас» әрине, кез-
келген игілікті істі бастап кету қиын.
Ерен іскерлігі мен адамгершілігінің,
ұйымдастырушылық қабілеті мен
жауапкершілігінің арқасында ағайын-
туыстарының,
замандастары
мен
жолдас-жораларының, қызметтес әріп-
тестерінің арасында көшбасшы ретінде
зор құрметке бөлену оңайға түспейді.
Жақсы адамдарға ел-жұрт сүйсінеді,
сондай болсам екен деп өзгелер оған
еліктейді, атын аңызға айналдырып,
өнеге тұтады.
Ұрпағы ата-анасын мақтан тұтып,
қысылмай еркін көңілді өмір сүреді,
олар да өз ұрпағына көргенін істейді.
Міне, осылай жақсылық жалғаса береді.
Бұл сипаттама Өтеулиевтер әулетіне
сай келеді.
Садуақас ағамыз ақылы асқан,
болашақты
болжайтын
көріпкел,
бұқараға жанашыр, қоғамшыл нағыз
абыз адам және парасат-пайымын ел
мойындаған тұлға болатын. Болса екен
ағалардың бәрі осындай. Осындай
жақсы ағалар жадымызда жаттаулы,
көңілімізде сақтаулы болсын.
«Қазақта кім екеніңді білгің кел-
се, өліп көр» деген сөз бар. Өлім де-
ген – кімнің кім екендігін көрсететін
халықтың, тарихтың, уақыттың ең
соңғы сынағы, соңғы саудасы. Өліп
көрген адам жоқ, өлік көрмеген адам да
жоқ. Талайлар дүниеге келіп, талайлар
дүниеден өтті емес пе?!
Ел іздейді сөзіңді, Сәке, осал
деме өзіңді. Басты мәселе – ардың
таза бо луында, кісіге құрмет халқына
қалтқысыз қызмет көрсету арқылы
келеді. Әдепті болу – әдемі болу. Әдепті
адам – парасатты, ақылды адам. Әдетте
елі құрметтеген, халқы сыйлаған жан-
ды «Жаны жайсаң адам» деп мақтап
жатады. Қызметі мен жасына қарамай,
адамның істеген ісі мен айтқан сөзінің
мәнді болғаны қандай керемет!
Елбасымыз айтқандай «Өткеннің
өнегесі – бүгінгінің баға жетпес
байлығы» деген қағидаға сәйкес ауданда
бұрынғы ағалар мен бабалардың өсиеті
мен өнегесін іске асыруда көптеген
жұмыстар жасалуда. Ұлы адамдар
өмірімен танысып, болашақ ұрпақтың
бойында рухани игілік қасиеттерін
сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге,
жалпы адамзаттық құндылықтарды,
адамгершілік ұстанымдарды ғұмыр
бойы басшылыққа алатын тұлға
қалыптастырудың келешекке пайдасы
зор.
Оразғали БЕКБАНОВ,
аудандық ардагерлер
кеңесінің төрағасы,
Қазақстан Республикасының
Құрметті ардагері.
ҮЛКЕНДЕР ЖОЛЫ ҰЛЫЛЫҚ,
ҰРПАҒЫ ЖҮРЕР ҰҒЫНЫП
Өмір – дарияның толқындары
сырғып аққан сайын, жаныңда жүрген
жақсы ағалардың бақи дүниеге мәңгі са-
пар шегіп, қатарының сиреуі – табиғи
заңдылық тәрізді. Олардың арасында өзі
өмірден өтсе де, тірлікте істеген жақсы
істері жүрекке шуағын төгер мәңгі естелік
болып қалатын асыл жандар болады.
Солардың бірі – пайғамбар жасына келген
шағында өмірден озған ағамыз – Садуақас
Өтеуліұлы Өтеулиев еді.
Осы кісіні 1970 жылдардан бастап
жақсы танимын. Локомотив депосына
жұмысқа келген кезімнен кейін де тәлімін
алып, өнеге тұттым. Үлкенге тән сабырлы,
сырбаз мінезі, кішіге ағалық қамқорлық
жасап, үйретуден жалықпайтындығы
есімде қалды. Ағамыз ұзын бойлы, кең
иықты, сымбатты, ақ сары өңді, қалың
қасты, балуан денелі еді.
Соғыс уақытында темір жолда тәртіп
өте қатаң болғаны белгілі, өйткені
шығыстан батысқа, батыстан шығысқа
күндіз түні қатынаған пойыздарда кідіріс
болмайтын. Сәкең қарулы, әрі шыдам-
ды болды. Барлық қиындықтарды жеңе
білді. Соғыстан кейін де жұмыс істеу
қарқынын төмендеткен жоқ. Соғыс
кезінде қараусыз қалған шаруашылықты,
зақымданған паровоз паркін қалпына
келтіруге тер төкті. 1955 жылдан бастап
тепловоздардың келуіне байланысты, па-
ровоз депосын тепловоз жөндеу депосына
қайта жабдықтауға, көптеген техникалық
құрылыстары салынып, цехтарға үлкен
механизациялау, модернизациялау жұ-
мыстарын жүргізуге зор үлесін қосты.
Ауданымыздың белгілі азаматы,
кезінде локомотив депосының бастығы
қызметін атқарған Ботабай Рыстығұлов
жақында Садуақас ағаның ұлы Мәлікке
әкесінің елге еткен адал еңбектерін,
төккен маңдай терін, беделді, әрі абырой-
лы болғанына тоқтала келе, тіпті Батыс
Қазақстан темір жолының бастығы Рым-
бек Тұрғанбаевтың өзі Қазалыға келген
сайын Садуақас Өтеуліұлын сұрайтынын
айтқанда, Мәліктің ерекше сезімде
болғаны бар.
Ағамыздың қасында үзеңгілес жүріп,
қызмет атқарған Қарабек Мәмбетовті
әңгімеге тартқанымызда: «Ол кісі өзіне
де, қарамағындағыларға да қатал талап
қоя білетін, әділ, әрі кең ойлайтын аға ше-
бер болды. Қызметте қарапайым, ашық
сөйлесетін, оның үстіне тәртіппен адами
мәдениетті қатаң ұстанатын, жұмыс ба-
бында қызбалыққа, майдалыққа бармай-
тын ірі тұлға еді», – деді.
Сондай-ақ, оның көзін көрген за-
мандастары, дәм-тұздас, сыйлас болған:
Разақ Ізбасаров, Жұбатқан Алмағамбетов,
Тұрмақан Жаңабаев, Ерғали Борашов,
Сәндібек Ережепов, Бақытбек Үсенов,
Абдрасулла Мекебаев, Муса Өтегенов,
Қамбар Аекеев, Тасболат Нұрқожаев, Зият
Байтлесов, Уызбек Жәлімбетов, Еділбай
Ермекбаев, Аппаз Көшекбаевтардың да
айтар лебіздері аз емес.
Жастық
шағын
ауыр
бейнет-
пен өткізген ол інілеріне бағыт-бағдар
беріп, балаларының жоғары білім алуы-
на жағдай жасады. Інілері: Көмек ұзақ
жылдар Қазалы темір бетон зауытын
басқарса, Кеулімжай – «Қазақстан темір
жолы» ұлттық компаниясында бас есепші
мамандығын абыроймен атқарды. Үлкен
қызы – Назима сауда саласында көп жыл-
дар қызмет атқарды. Гүлсара экономист-
бухгалтер мамандығымен жұмыс жасап
зейнеткерлікке шықты. Ұлы – Әбдімәлік
ұзақ жыл бойы құрылыс мекемесін
басқарып, поселкелік Кеңес төрағасының
орынбасары қызметін атқарды, қазір
«Намыс-Құрылыс» ЖСШ-нің дирек-
торы, «Құрметті құрылысшы». Қызы
Даража – теміржол саласында эконо-
мист мамандығында істеген, қазір жеке
кәсіпкер. Жансерік – дәрігер, кіші қызы
Райкүл – Бурабай қаласында теміржолда
есепші.
Асыл азаматтың өткен өмір жолы
кейінгі ұрпаққа үлгі болып қала береді.
Қанай ЖАМБЫЛОВ,
Қазалы локомотив жөндеу
зауытының қызметкері.
Қазақстан Республикасында
міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыруды енгізу бойынша
100 СҰРАҚ – 100 ЖАУАП
– Егер дәрігерлер, стационарда жоқ болғандықтан дәрілерді өзіңізге сатып
алуды ұсынса, онда ММС жұмсалған ақшаны қай жағдайда қайтарады және
дәрігерлер бұл туралы науқасты ақпараттандыруға міндетті ме?
– Стационарлық көмек толықтай МӘлМС пакетіне кіреді және тегін ұсынылады.
Егер пациент дәрілік препараттарды өз бетінше сатып алса, онда аурухана дәрігердің
жолдамасын ұсыну бойынша дәрілердің құнын өтеуге тиіс. Қорға жүгінген кезде бұл
жағдайлар тексеріліп, тиісті шаралар қолданылады.
– Медициналық сақтандыру қорына жұмыс істейтін зейнеткерлер жарна-
лар төлейді ме?
– Жоқ, зейнеткерлер үшін мемлекет аударады.
Олар жұмыс істеген жағдайда, оның жұмыс берушісі оған жарналарды төлеуден
босатылады.
– Егер мен соңғы 3 жыл ішінде медициналық көмекке жүгінбесем, онда са-
лымдар сомасы жиналады ма және оларды басқа мақсатқа алуға болады ма?
– Жоқ.
Медициналық сақтандыру жүйесі ортақ болып табылады және қатысушылардың
атауландырылған есебін және аурудың қатері келгенде жүйені қатысушылары ара-
сында қаражатты қайта бөлуді қарастырады.
– Біз ММС бойынша ЭКҰ-ға сүйене аламыз ба? Егер ия болса, онда неден
бастау керек?
– Бұл процедура, мемлекет кепілдендірген медициналық қызметтер пакетінде
қалады (ТМККК). Сондықтан процедураны кезек тәртібінде өтуге болады (квота),
қазіргі таңда бұл қызметті МӘлМС пакетіне қосу мәселесі қарастырылуда.
– Мысалы, егер адам апатқа ұшыраса, оған шұғыл көмек көрсету үшін
жарақаттанушы да медициналық сақтандыру бар ма екендігін анықтау керек
пе?
– Жоқ, керек емес, өйткені шұғыл көмек барлық азаматтарға, МӘлМС-ке
қатысуға тәуелсіз көрсетіледі.
(Басы өткен сандарда. Жалғасы бар.)
Темір жолда
тер төккен
Қайран, жалған дүние! Бір әулеттің алып
бәйтерегіне айналған Күлзада Әбіләкімқызының бұл
дүниеден өткеніне де көзді ашып-жұмғанша жүз күннің
жүзі болыпты.
1935 жылы дүниеге келген анамыз Күлзада
Әбіләкімқызы әкеміз Сақтаған Байтілеуовпен шаңырақ
көтеріп, өмірге 5 қыз, 3 ұл әкелді. Оларды бағып-қағып
өсіріп, өмірден өз орындарын табуы үшін күндіз-түні
аянбай еңбек етті. Екеуі де ұзақ жыл бойы темір жол са-
ласында қарапайым жұмысшы болып зейнет демалысы-
на шықты.
Жанына ешқашан менмендік, жамандық секілді
адамгершілікке жат әдеттерді жуытпай, өз биігінен
аласармаған анамыздың еңбекқорлығы, турашылдығы,
әділдікті сүйетіндігі бәрімізге өнеге болды. Әрдайым ағайын-туысқа болысып
жүретін. Біз анамыздың осындай жақсы қасиеттерін өзімізге үлгі тұтып, әрдайым
мақтаныш етіп айтып жүреміз. Әрдайым айналасына мейірім шуағын шашып
жүретін анамыздың орны бүгін шаңырақта ойсырап тұрса да Аллаға шүкіршілік
етеміз. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, қызығын көрді, немере-шөбере сүйді.
Аяулы анамыз Күлзада Әбіләкімқызын сағынышпен еске ала отырып, барлық
ағайын-туыс, құда-жекжат пен дос-жарандарға осы жылдың 17 желтоқсаны күні
сағат 12:00-де жүз күндік садақасы «Жанқожа батыр» атындағы аудандық орталық
мешітте өтетінін хабарлаймыз.
ЕСКЕ АЛУШЫЛАР: балалары, немере-шөберелері.
№97 (885) Сейсенбі, 6 желтоқсан 2016 жыл.
ЕСКЕ АЛУ
Семинар
Достарыңызбен бөлісу: |