6 желтоқсан – Прокурорлар күні
Жақында Қазалы ауданының білім бөлімінің
ұйым дастыруымен №266 мектеп-лицей базасын-
да «Жалпы білім беру ұйымдарында инклюзивті
білім беруді дамыту» тақырыбында аймақтық се-
минар өтті. Семинарға Арал, Қармақшы, Жалағаш
аудандары мен Байқоңыр қаласының арнайы білім
беру ұйымдарының мамандары қатысты.
Маңызды шараға қатысушы әріптестер
ерекше білімді қажет ететін балалардың өз
қолымен жасаған түрлі бұйымдарын «Көркем
әлем бала көзімен» атты шығармашылық және
психологиялық-медициналық-педагогикалық кон-
сультация мен психологиялық-педагогикалық
түзету кабинетінің жұмыстарымен танысудан бас-
тады.
Аудандық
білім
бөлімінің
басшысы
А.Қасымова Қазалы ауданы бойынша «Жалпы
білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді
дамыту» бағыты бойынша атқарылған жұмыстар
жайына тоқталып, әріптестеріне сәттілік тіледі.
Аталған аймақтық семинарға Арал ауданының
№220 мектеп директоры Г.Сүлейменова «Жал-
пы білім беру ұйымдарында инклюзивті бі-
лім беруді дамыту» тақырыбында баянда-
ма жасаса, Қармақшы ауданындағы №80
мек теп-гимназиясының
педагог-психологы
Ж.Жан жұманова «Менің жанымның сырлы әлемі»
(арт-терапия), Қазалы ауданындағы Ж.Жабаев
атындағы №234 мектептің арнайы түзету
сыныбының мамандары: дефектолог Г.Бекбаева
«Түс пен пішін», логопед Б.Есмаханова «Саусақ
жаттығулары арқылы баланың сөйлеу тілін да-
мыту», Э.Орынбекова «Түстерді көру арқылы
қабыл дау», №249 мектеп-лицейдің логопеді
Б.Дидашов «Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар ба-
лаларда «Р» дыбысын машықтандыру», «Айгөлек»
балабақшасының
логопеді
С.Тәжімбетова
«С» дыбысын дұрыс айтуға машықтандыру»
тақырыбында сабақтарын көрсетті.
Арнайы түзету сыныптарының оқу ісі
жөніндегі орынбасары Р.Игілік, №266 мектеп-
лицейдің дефектологы А.Молдадасова, лого-
пед маман Р.Пірімжарова тәжірибелік жұмыс
жүйесі аясында баяндады. №234 мектептің ар-
найы түзету сыныбының педагог-психологы
Г.Бекмұрат «Мейірімді болса жүрек, орындалар
тілек» тренингін өткізді.
Семинарды облыстық оқу орталығының
бөлім меңгерушісі Г.Смағұлова қорытындылап,
мамандарға сертификат тапсырып, алғыс хаттар-
мен марапаттады.
Майра САДРАДИНОВА,
Қазалы ауданының психологиялық-педагогикалық
түзету кабинетінің педагог-психологы.
Инклюзивті білім
беруді дамыту
2017 жылы Қазақстанда өтетін
ЭКСПО көрмесінің біздің еліміз
үшін маңызы зор. Оқушыларға
жан-жақты экологиялық тәрбие
беріп, әрбір баланың жүрегіне
табиғатты аялауға, қоршаған орта-
ны бағалауға, сүюге шақырып,
адам мен табиғат әрқашанда егіз
екендігін түсіндіру қажет. Осы
мақсатта аудан мектептері арасында
«ЭКСПО-2017 – балалар көзімен»
атты мектепаралық техникалық ба-
лалар шығармашылығы көрмесі
ұйымдастырылды. Көрме аудандық
оқушылар үйінде өтті.
Алдымен,
«ЭКСПО-2017»
көрмесі жайлы айта кетелік. ЭКС-
ПО деген – бір жарым ғасырлық
тарихы бар бүкіләлемдік көрме.
«Уикипедияның»
тілімен
айт-
сақ, индустрияландырудың бел-
гісі және техникалық һәм техно-
логиялық жетістіктерді көрсететін
мүмкіндік. Ең алғаш 1851 жылы
Ұлыбританияда өткен. Содан бері
қарай бұл көрме алпыс бес рет
өткен. Соңғы мәліметке сүйен-
сек, «ЭКСПО-2017» өткізу үшін
тендерді ұйымдастырушылар көр-
ме өткізетін елге бұл шараның
2,3 миллиард долларға түсетінін
бағалаған. Көрмені өткізуге екі қала
таласқан. Олар: біздің Астанамыз
және Бельгияның Льеж қаласы. Осы
бәсекеде еліміздің мерейі үстем бол-
ды. Еліміздің алдында тұрған басты
міндет – көрмені абыроймен атқару.
Оның ауқымы да үлкен, жүктейтін
міндеті де ауыр.
«ЭКСПО-2017» көрмесі 10 мау-
сымда басталып, 10 қыркүйекте
аяқталады.
Астанадағы
көрме
«Болашақтың энергиясы» деген ат-
пен өтеді. Ұйымдастырушылар
әлемнің әр түкпірінен бес миллионға
жуық адам келіп қатысады деген
болжам жасауда.
Ұйымдастырылып
отырған
«ЭКСПО-2017 – балалар көзімен»
атты мектепаралық техникалық ба-
лалар шығармашылығы көрмесі
осы шаранаң бір парасы іспеттес.
Шараға №№102, 90, 182, 17, 225, 16,
170, 103, 70 және оқушылар үйінің
шәкірттері қатысты.
Нәтижесінде, көрменің «Бола-
шақтың энергиясы» бағыты бойын-
ша бірінші орынды №225 мектептің
10-сынып
оқушысы
Өміртай
Нұрмаханов (жетекшісі – Бақыт
Сексенбай) жеңіп алды, екінші орын
№17 мектептің 8-сынып оқушысы
Алтынбек
Сыдық
(жетекшісі
–
Мейрамкүл
Өтепбергенова)
еншіледі. Ал үшінші орын оқушылар
үйінің өрендеріне (жетекшісі –
Қайрат Ораз) бұйырды.
«Үздік
көрме
экспона-
ты» бағыты бойынша көрмеге
радиоқозғалғышты
автомодель-
дер, әуе, кеме, зымыран модельдері,
робот техникасы қойылған бо-
латын. Мұнда №103 мектептің
9-сынып оқушысы Базарбай До-
сымжан
(жетекшісі
–
Асем
Қыдырбаева) озық шықты. Екінші
орын №102 мектептің 9-сынып
оқушысы Гүлжазира Жақсылықтың
(жетекшісі – Ғазиза Сарманова) және
№182 мектептің 8-сынып оқушысы
– Бекжан Әбілдің (жетекшісі –
Абдул Дүйісов) қанжығасында
кетті. Ал үшінші орынды №90
мектептің оқушысы Әбжәли мен
№170 мектептің оқушысы – Анеля
Оңталапова (жетекшісі – Алия Рах-
метова) алды.
Сонымен қатар, оқушылар
«Болашақтың қаласы» тақырыбы
бойынша
архитектуралық
ма-
кет жасаған болатын. Бұл сында
бірінші орын №16 мектептің 11-сы-
нып оқушысы Жансая Қосуаққа
(жетекшісі – Тілектес Көпжасаров)
бұйырды. Екінші орынды №70
мектептің ұландары (жетекшісі –
технология пәні бірлестігі) иеленді.
Үшінші орын Оқушылар үйінің
топтық жұмысына (жетекшісі –
Ораз Қайрат) берілді.
Жеңімпаздары аудандық білім
бөлімінің мақтау қағаздарымен ма-
рапатталды.
Б.ЗАРИПОВА,
оқушылар үйінің бұқаралық
бөлім меңгерушісі.
ЭКСПО-2017 – балалар көзімен
– Бақытбек мырза, қай саланың бол-
масын өзіндік ауыртпалықтары мен
қиыншылықтары бар. Осы орайда
биылғы ауданда атқарған жұмыстарыңыз
жайлы айтып өтсеңіз?
– Қазалы аудандық прокуратурасы 2016
жылы әлеуметтік-экономикалық саладағы
заңдылықты қадағалау бойынша облыс про-
куроры атына 4 қызметтік хат жолдады.
Олар тиісті жерден өз қолдауларын тапқан.
Аудандық прокуратурамен азаматтардың
еңбек құқықтарының сақталуына аса көңіл
аударылды. Мысалы, прокурорлық ықпал
ету актісімен «Сумен жабдықтау нысанда-
рын жөндеу және пайдалану» мекемесі 2015
жылдың қараша, желтоқсан және биылғы
жылдың қаңтар айларындағы атқарған
жұмыстары үшін тиесілі 12 486781 мың теңге
жалақылары төленді. Кінәлі тұлға әкімшілік
жауапкершілікке тартылды.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын
қорғау бағытында жүргізілген 19 тексе-
румен анық талған заң бұзушылық бо-
йынша 11 ұсыныс енгізіліп, 972 кәмелетке
толмағандардың консти туциялық құқықтары
қорғалып, 71 тұлға тәртіптік, 40 тұлға
әкімшілік
жауапкершілікке
тартылды.
965055 теңге мемлекет пайдасына өндірілді.
Аудандық прокуратура Қазалы ауда-
нының аумағындағы білім бөліміне қарасты
оқу орын дарының 2015-2016 жылдардағы
Қазақстан Республикасы білім туралы заңы,
Қазақстан Республи касының «Азаматтық
қорғау туралы» Заңының сақталуына және
санитарлық-эпидемиологиялық
қағидала-
рының талаптарының сақ талуына тексеру
жүргізді. Оның жан-жақтылығын қамтамасыз
ету үшін аудандық білім бөлімі маманда-
ры сондай-ақ, аудандық тұтынушылардың
құқығын қорғау басқармасының бас мама-
ны және жетекші мамандары және аудандық
төтенше жағдайлар бөлімінің инженерлері
қатыстырылды.
Мемлекет пайдасына қаржы өндіру
бағытындағы жұмыстар бойынша аудан-
дық прокуратурамен аудандық ауыл
шаруашылығы бөлімінде 2014-2015 жыл-
дар аралығында аудан аумағына жұмыс істеу
және тұру үшін келген денсаулық сақтау,
білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт, ветеринария саласы ма-
мандарына «Агроөнеркәсiптiк кешендi және
ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк
реттеу туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының 18-бабының 8-тармағына сәйкес
көрсетілген әлеуметтік қолдауға жұмсалған
бюджеттік қаражаттың қайтарылу жағдайына
талдау жасалды. Анықталғаны, бөлім тара-
пынан 2010 жылдан бері аудан аумағына кел-
ген 310 жас мамандарға 715 841 434 теңгеге
тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау
көрсетілді. Біздің саламызға қатысты басқа
да бірқатар атқарылып жатқан жұмыстар
баршылық.
– «Тура биде туған жоқ» деген
қанатты сөз бар. Белгілі бір қоғамдық
келеңсіздіктерден әділ дік іздеуші жан-
дар сіздерге барып жүгінетіні хақ.
Азаматтардың өтініштерін қарау және
шешу саласында қандай жұмыстар
атқарылып жатыр?
– Қазалы аудандық прокуратурасы аза-
маттарды, жеке және заңды тұлғалардың
өкілдерін қабылдау жұмыстарын күн делікті
жүзеге асыруда.
Аудандық прокуратура ғимаратының
кіре беріс қабырғасында азаматтардың өті-
ніштеріне арналған және аудан прокуро-
рына, сондай-ақ аудандық прокуратура
қызмет керлерінің әрекеттеріне шағымдануға
арналған 2 жәшік орнатылған.
Есепті мерзімде аудандық прокура-
тура органдарына жеке және заңды тұлға
өкілдерінен барлығы 220 өтініштер түсіп,
өткен жылмен салыстырғанда 29 өтінішке
немесе 13,7 пайызға өскен. Олардың 216-ы
қаралып, оның ішінде 128-і шешілген, 88-і
қарау үшін басқа ведомстволарға жолданған.
Жеке қабылдау заңнамалар мен салалық
бұйрықтардың негізінде ұйымдастырылуда.
Осы мерзімде жеке қабылдауда 69
әлеуметтік-экономикалық салада заңды-
лықты қадағалау, 37 сотқа дейінгі тер геп-
тексеру заңдылығын қадағалау, 4 атқару-
шылық өндірістің заңдылығын қадағалау, 14
сот актілерінің заңдылығын қадағалау сала-
сы бойынша басшы құраммен қабылданған.
Өтініштерді қарау, шешу тәжірибесін
жетілдіруге бағытталған іс-шаралар үнемі
жалғыстырылуда.
– Сөз соңында сіздерді алда келе
жатқан ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен
және төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз.
Осы қос қуанышқа айтар лебізіңіз болса...
– Сан ғасырлар бойы бабаларымыз арман
еткен тәуелсіздігіміздің биыл 25 жылдық
торқалы тойы. Осынау қой үстіне бозторғай
жұмыртқалаған күнге жету үшін қаншама
қыршындарымыз бен боздақтарымыз, арда
туған арыстарымыз басын бәйгеге тікті. Біз
шұғылалы күннің бетін бұлт жаппай, көк
туы мыз зеңгір көгімізде желбірегенін көріп
келе жатырған бақытты буынбыз.
Қызыл империядан еншімізді алып, өз
алдымызға отауымызды тіккелі бері көптеген
қиындыққа төтеп беріп, биік белестерді
бағындырып келеміз. Ширек ғасырда жеткен
жетістіктеріміз орасан. Кешегі Керей мен
Жәнібек құрған қағанатты бұл күнде алты
құрлық түгел таниды. Бізбен санасады де-
сек артық айтқандық емес. Мұның барлығы
да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сараб-
дал саясаты мен қоғамның түзу де бейбіт
өмір сүруіне құралған Конситуциямыздың
дұрыстығының жемісі. Сондықтан да біздің
өркениетіміздің бірінші байлығы адам және
оның еркіндігі болып табылған.
Осы орайда еліміздің өсіп-өркендеуі,
келе шегінің кемел болуы үшін аянбай қызмет
етіп отырған барша әріптестерімізді төл
мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын.
Әрдайым қызметте алдыңғы қатардан
көрініп, ел сенімінен шығып, әлеуметтің
ауыртпалығын көтеруде алдыңғы лектен
көріне беріңіздер деген лебізімді білдіремін.
Әрдайым жасампаз еліміздің болшағы нұрлы
болып, Тәуелсіз қазақстанымыздың іргесі
берік болсын!
– Лебізіңізге көп-көп рахмет!
Әңгімелескен
Есет ТАБЫНБАЕВ.
Біздің мақсат – заңсыздыққа жол бермеу
Біздің ауданда мемлекет пен азаматтардың мүддесін қорғауда
жемісті еңбек етіп келе жатқан саланың бірегейі прокуратура сала
сы десек қателеспейміз. Осы ретте аудан прокурорының міндетін
атқарушы Бақытбек Аманжолұлы мырзамен әңгімелескен едік.
Қамқорлық
Балаларыма бақыттың дәмін таттыру үшін бар күшімді жұмсап
жүрген жанның бірімін. Сананы тұрмыс билеген заманда өмір сүріп
отырғанымыз баршаға аян. Енді өзімнің айтайын деген ойыма ойысайын.
Екі бірдей мектеп жасындағы балаларымның науқастығы бүгінде
жанымды ауыртып жүр. Кішкентай да болса көмегі тиер деген ниет-
пен Әйтеке би кентінің әкімдігіне жағдайымды айтып, көмек сұрап
барғанмын. Жылы жүзбен қарсы алған жандардың мейірімділігі жүрегіме
жылылық сыйлады. Жөн сұрап, жағдайды білгеннен кейін «Қолда бар
көмекті көрсетіп, қол ұшын созамыз» дегендері кішкентай жүрегіме
үлкен үміт отын сыйлағандай болды.
Санаулы күндерден кейін жанашыр, жәрдемші жанның бар екендігін
айтып хабарласты. Жеке кәсіпкер азамат қаржылай көмек беріп,
«Балаларыңызды игілігі үшін жұмсаңыз» дегенде көзіме еріксіз жас
келді. Қазіргі заманда жалғызбасты ана үшін бұл үлкен қамқорлық.
Мұндай игілікті істі ұйымдастырған кент әкімдігіне шексіз алғысымды
білдіремін.
Көпшілік ортада өмір сүрген соң, бір жақсы жанның кездесері,
қуаныш сыйлауы заңдылық. Осындай ізгі ниет білдіріп, қолдау көрсетер
кәсіпкерлер көбейе берсін. Барлық кәсіпкерлер осындай болсын!
Задагүл ОСПАНОВА,
Әйтеке би кентінің тұрғыны.
Жанашыр жандар жақсылығы
Жирен жаман әдеттен
Сыбайлас жемқорлықпен күресу күрделі мәселенің біріне
айналып отыр.
Еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік
саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған.
Себебі, ол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына
кері әсер ететін, болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін
құбылыс екені анық.
Сондықтан оның алдын алу тоқтаусыз, барынша қатал әрі
нәтижелі түрде жүргізілуі тиіс. Ал, онымен күрестің тиімділігін
арттыру кез-келген мемлекеттің болашағы үшін стратегиялық
мәнге ие. Әсіресе, серпінді дамып келе жатқан және бәсекеге
қабілетті әлем елдерінің қатарына кіруді мақсат етіп отырған
Қазақстан үшін өте маңызды.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдарын және оның
алдын-алу, жол бермеу мәселелері бойынша тек қана баспасөз
беттерінен оқып уақытша ойға берілмей, нақты бір шешім
қабылдап, елу елдің қатарына енуді және өзге мемлекеттер-
ге үлгі болатын Қазақстан болуды алға мақсат қып қойып, сол
үшін аянбай еңбек етейік!
Бағдат ЖҮСІПОВ,
“Әйтеке би кенті әкімі аппараты”
мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы.
Жемқорлыққа жол жоқ
Көгілдір газ отыны тұрмысымызда кеңінен орын алуда. Бірақ,
әрбір тұтынушы газ баллондарын пайдалану кезінде қауіпсіздік
ережелерін қатаң сақтамай, немқұрайлылық пен ұқыпсыздық та-
нытса кей жағдайда қайғылы оқиғаларға әкеп соқтыруы мүмкін.
Сондықтан қауіпсіздіктің алдын алу шарт.
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы «Газ және газбен
жабдықтау туралы» Заңына сәйкес автогаз құю станцияларын-
да, егер олар арнаулы қондырғылармен жабдықталмаған жағдайда
тұрмыстық газ баллондарына газ құюға тиым салынған.
Қазалы
ауданындағы
«Байқоңыргаз»
ЖШС
филиа-
лы қарамағында 2 газ құю бекеттері бар. Мекеме арнаулы
автокөліктермен газ баллондарын таратумен қатар, жоғарыда
аталған 2 арнаулы газ бекеттерінде де жеке тұрмыстық газ баллон-
дарына газ құйып беру қызметін атқаруда. Бұл бекеттердегі газ құю
қондырғылары арнайы өлшегіш аспаптармен (таразы), баллондағы
газ көлемінің ережеге сәйкес дұрыс толтырылғанын нақты көрсететін
құрылғымен жабдықталған. Өз газ баллондарыңызды сапалы,
қауіпсіз толтырып алуға мүмкіндіктеріңіз бар. Әрбір газ тұтынушы
«Байқоңыргаз» ЖШС филиалының газ құю бекеттерінде газ толты-
рып алған жағдайда газ баллонының нөмірі, тұтынушының аты-жөні,
мекен-жайы арнаулы құжатқа тіркеледі. Жеке тұтынушының газ
қондырғылары істен шыққан жағдайда немесе жарамсыз болған кез-
де осы мекеменің апаттық-диспетчерлік қызметіне (тел: 27-6-77) ха-
барласып, арнаулы слесарь шақыруға болады.
Қорыта айтқанда, сізге сапалы қызмет етуге дайынбыз. Ал, газ
тұтыну кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау – бәрімізге міндет.
«Байқоңыргаз» ЖШС Қазалы филиалы.
Қызметіміз – сіздерге
Аналық мейірімін аңсаймыз
Бір әулеттің қадірлі азаматы, аяулы жар, қамқоршы
әке, қадірлі әріптес Жақасов Есеттен кенеттен айыры-
лып қаламыз деп кім ойлаған. Күні кеше ғана арамыз-
да жайраңдап жүрген әріптесіміз көз жұмып, мәңгілік
мекеніне аттанып кете барды.
Есет Жақасов 1954 жылғы 13 наурыз күні қазіргі
Жанқожа батыр ауылында дүниеге келген. Алғаш еңбек
жолын туған ауылында тракторист болып бастаған.
1988 жылдан өмірінің соңына дейін Қазалы жол машина
стансасында (ПМС) қазіргі Қызылорда Батыс дирекци-
ясында тракторист болып еңбек етті. Еңбек еткен жыл-
дарында жұмысқа адалдығымен, еңбекқорлығымен,
өзінің кеңпейілділігімен есте қалды.
Келместің кемесінің мәңгілік жолаушысына
айналған аяулы әріптесіміз Есет Жақасовтың отбасына, туған-туыстары мен ба-
уырларына қайғырып көңіл айтамыз. Жатқан жерің жайлы, топырағың торқа бол-
сын, аяулы азамат.
Марқұмның артында өзегі өртеніп отбасы, жан жары, балалары және бауырла-
ры қалды. Оның жүзі жайдары, көңілі жарқын, жүрген ортада кім-кіммен де сый-
ласа білетін жан еді.
Сенің жарқын бейнең мәңгілік біздің жүрегімізде сақталады. Бақұл бол, аяу-
лы әрістес!
ЕСКЕ АЛУШЫЛАР: Қызылорда батыс дирекциясы.
Жарқын бейнең жүрегімізде
Тұрақты комиссия отырысы өткізіледі
2016 жылғы желтоқсан айының екінші онкүндігінде аудандық мәслихаттың «Әлеуметтік, мәдени, құқық қорғау және жастар саясаты жөніндегі»
тұрақты комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес отырыс өткізіледі.
Күн тәртібінде төмендегі мәселе ұсынылады :
«Аудан көлемінде аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімінің қоғамдық тәртіпті орнату және қылмыстың алдын-алу профилактикасы бойын-
ша атқарылған жұмысы жайлы».
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты ұсыныс-пікірлеріңіз болса мына телефондарға 21-9-50, 26-5-30 хабарласуға және Kazaly-maslihat@mail.ru
электрондық поштасына жазбаша берулеріңізге болады.
Аудандық мәслихат аппараты.
№776
7346
Мекен-жайымыз: 120400, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа батыр көшесі №11 үй, E-mail: kazaly@bk.ru
Кезекші редактор Е.ТАБЫНБАЕВ.
сейсенбі,
Газет редакцияның компьютер орталығында теріліп,
беттеліп, «Сыр медиа» ЖШС
баспаханасында басылды.
Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4.
Тел: 8 (7242) 40-06-68
Газет таралымы бойынша 21-6-94 немесе
8 (7242) 70-14-08 телефондарына хабарласуға болады.
Таралымы 7399 Тапсырыс №1481
№97 (885) Сейсенбі, 6 желтоқсан 2016 жыл.
Бас редактор
Дәурен ОМАРОВ
Біле жүріңіз
Тіршілік түйткілдері
Сырперне
Жанға батып жүрген кезі сырқатым,
Жүдеп – жадап, сиқым кетіп тұрпатым.
Таңсәріде тәтті ұйқының шағында,
Ақын келді төсегіме тым жақын.
Ақ сақалы төсін жапқан көшелі,
Сөзі дана, інжу – маржан еседі.
«Жарамайды бұл жатысың жарқыным,
Деді күліп көтер енді еңсені.
Ұмтыл алға, қалсын артта қиындық,
Бір Аллаға шын ниетпен сыйынып.
Бұйырмайтын кез келгеннің бағына,
Тәңір берген қаламыңның құнын ұқ.
Түс
Халық ақыны Байназар ӨТЕПҰЛЫНЫҢ рухына арналады
Қараша айының соңы. Жерге
әлі қар түспеген. Қарақатқақ. Ала-
қиғаш дауыл. Шеге топырақты суы-
рып тұр. Телефон зар-р етті. Құлақ
тостық.
– Ал-ло, аға! Сіз Рауаш келінді
білесіз ғой?
– Ал-л, білдік. Алмағамбетқызы
Рауаш па?
– Сол келін... Шалқошқар ба-
тырдың басына тілекхана салып,
ескерткіш белгі қойыпты. Және
былай. Жиырма жыл бойы. Тамыз
айы нда. Жаңақұрылыс пен Бек-
арыстан би ауылдары аумағындағы
нұралықта мәңгілікке көз жұмған
аталарының... Иә, иә. Солардың
бейіті басында мал шалып, жақын-
жекжатты шақырып құран бағыш-
тайды екен. Ғажап қой, ә-ә! Қани
ініміз де жұбайының бастама-
сын қолдап, көмектесуде дейді.
Әлгінде есітіп, сізді де хабардар
етіп жатқаным ғой.
Ентіге, тұтыға сөйлеп тұрған
әңгіме-қауғаға әркез қойын-қоны-
шы толы жүретін Мұрат-Әлі
айтқыш-ты. Апырай ә? Рас болғай,
деп көңіл байғұс жадырап сала
берді. Жас шамасы жетпіс деген
жеті ондықтан асса да ұзатылған
қыздың төркін жағына қайырылып,
әлгідей ауқымды іс атқаруын
мақұлдап, оны қолдаған қосағы
да бір маңғаз болды-ау, деп ойла-
дым да Шалқошқар батырға Рау-
аш келіннің қандай жақындығы ба-
рын анықтамақ ниетпен шежіре
беттерін парақтадым.
Сөйтсек, өзімізбен аралас-құра-
лас Кішкенеұлы Асаннан Сыр-
лыбай, Сырлыбайдан Матығұл,
Матығұлдан Құрымбай тарай-
ды екен. Бұлардың мекені Қазалы
ауданының бүгінгі Майдакөл,
Мәйті, Қостам, Аранды, Бозашы,
Айдарқұл сияқты, тағы да сон-
дай жал-жал, шоқатты төбелер
көрінеді. Құрымбай батыр ХVІІІ
ғасырдың орта тұсында, яғни
шығыстан Жоңғар, батыстан Қал-
мақ, оңтүстіктен Хиуа, Қоқан
хандықтары оқтын-оқтын шабу-
ыл жасап, қазақтардың тынышын
алған сұрапыл кезеңде өмір сүріпті.
Өзі де қалмақтармен шайқаста мерт
болады.
Құрымбайдан Әлібек, Әлібек-
тен Шалқошқар батыр туады.
Әлібек ауқатты, Қызыл мен Қара-
құмды жайлаған. Мал қамы мен
кей жылдары Мұғалжар тауы-
на дейін көшіп қоныпты да. Ал
Шалқошқар Әлібекұлының өмір
дерегі 1770-1811 жылдарға келеді.
Ол ұлт-азаттық көтерілісінің қол-
басшысы Жанқожа Нұрмұхамед-
ұлының сенімді серігі, әрі әскери
қосындарының бірін бас қарған
деседі. «Сыр елі» аталатын «Қазақ
энциклопедиясы»
бас пасынан
2005 жылы шыққан облыс тарихы-
на: «Шалқошқардың батырлығы,
алып күштілігі жас кезінен-ақ
аңғарылған. Ағайын-туысқа сый-
лы, қолы жомарт, дау-дамайды
бітімгершілікпен шешкен. Жаудың
батырларын жекпе-жекте жеңген,
тұтқынға түскендерді азат етіп,
барымтадағы малды қайтарған»
деп жазылуы тегіннен-тегін болма-
са керек.
Шалқошқардан – Тілек, Тілек-
тен – Қарайғыр. Қарайғырдың шын
есімі – Өтеулі. Бірақ жеңгелері
сүйіп қойған лақап аты шежіреде
қалған. Қарайғырдан Әжімбет,
Алмағамбет
өрбиді.
Әжімбет
«Алаш» партиясының Қазалы
уезінен сайланған мүшесі ретінде
партияның
алғашқы
съезіне
қатысқаны бар, ХХ ғасырдың от-
ызыншы жылдарындағы «Асан
көтерілісіне» араласқаны бар,
бәрі қылмыс болып тіркеліп, 1937
жылдың қырғынында ұсталып
итжеккенге айдалады. Мұның өзі
тұтас бір бөлек әңгіме.
Әжімбеттің інісі Алмағамбет
Қарайғырұлы-кейіпкеріміз Рауаш-
тың туған әкесі. Кезінде колхоз,
бригада басқарған. Алмағамбеттен
Отарбай, Отарәлі, Әми Мақашбай,
осы төрт ұлдан кейін кенже қызы,
яғни туыс қуаласақ Шалқошқар
батырдың шөпшегі Рауаш 1944
жылдың күзінде Қазалының Бек-
арыстан би ауылында жарық дүние
есігін ашады. Мамандығы дәрігер.
1972 жылы өзіндей аралдық
дәрігер Қани Қалжанұлымен тұр-
мыс құрады. Арал аудандық
денсаулық саласының қоғамдық
ұйымдарының жұмыстарына белсе-
не кірісіп, кәсіподақ төрайымы, пар-
тия ұйымының хатшысы қызметінде
болғандықтан аудандық, облыстық
конференцияларға делегат бо-
лып қатысады. «Бүкілодақтық
социалистік жарыстың үздігі»
төсбе лісімен әлденеше рет мара-
патталады.
– 1997 жыл мен үшін аса ауыр
жыл болды, – депті Рауаш естелік
кітаптағы сұбхатында: – «Бронхи-
альная астма» диагнозымен қыс-
қысымен төсек тартып жаттым. Жас
елу үште. Дәрігерлер жанұясымыз.
Медицинаның барлық дерлік ем-
домын қабылдадым. Еш көмегі
болмады. Кеңес мектебінен тәрбие
алдық. Мединститутты бітірдім.
Атейст болып өстік. Бірде Күлән
деген емші апай келіп: «Сыдық
иманның ұлы Паһуадин әулиенің
басына түне, Әжімбет көкеңнің
«Қара дүкенінің» орнын қорша, бұл
бабаларыңның саған жеткіз деген
аманаты», – деді.
Паһуадиннің басына үш рет
бардым. Әжімбет көкем саяси
қайраткерлігімен қатар өнерлі, ше-
бер де болған. Үй жиһаздарын,
тіпті жалғыз ауыз мылтығы да
сол «Қара дүкенде» жасалған.
Мылтығы Мақашбай ағайдың
үйінде де, өзгесі облыстық тарихи-
өлкетану музейіне тапсырылды.
Сол дүкеннің орнын қоршадым.
Тұла бойым жеңілдеп, сырқаттан
тазардым. Жұмысқа қосылдым.
2003 жылы тағы да екі аяғым ау-
ырып үйде, ауруханада, санатория-
да емделдім. Әсер етпеді. Емшінің
айтуымен
Әжімбет
көкемнің
«Қара дүкенінің» қасына тілеухана
тұрғыздым. Ұйықтап кеткен екем
«Жауға шапқанда тымағының көле-
міндей бұлт күннің көзін жауып
тұратын батыр бабаңызды білесіз
бе?» – деген аян түсті. Шошып оян-
дым. Ол Шалқошқар бабам еді.
Шалқошқар бабаның басына
1978 жылы бейіт салып, құлыптас
қойылыпты. Мен түнеген түні
«Балам, шөпшегім, менің басыма
тілеухана салып, ұрпағым қырық
шаңырақтан асты, жиналып ас
беріңдер», – деген аманат алдым.
«Құлдық ата, құлдық!» – дедім.
Бабаның ұрпағы болып тілеу-
хананы 12 күнде салып болдық
та, осы 2016 жылдың 13 тамызын-
да ас берілді. Жылма-жыл тамыз
айында ата-баба зиратында бас
қосып, мал шалып, құран бағыштау
дәстүрімізге айналған-ды. Сол
жалғаса бермек».
Ерлі-зайыпты Қани Қалжан
мен Рауаштан өрбіген ұл-қыздары
да тәуелсіз қазақ елінің іргесін
қаласып, өсіп-өркендеуіне лайық-
ты үлес қосуда. Ал ата-баба рухын
ұлықтау жағына келсек, Шоқан
Уәлиханов айтқандай, рух дегеніміз
– ата-бабаның жаны, орындалмай
қалған арманы, тірілерге қалдырған
жүгі. Міне, кейіпкерлеріміз әруақ-
тардың осы арманын орындап,
ауыр жүкті қайыспай көтеруде.
Достарыңызбен бөлісу: |