«Ұлт дегеніміз — көпфункционалды, тұтас, жартылай жабық əлеуметтік-мəдени топ, жəне ол өзінің өмір сүріп жатқанын, бірлігін сезінеді. Бұл топ келесі индивидтерден тұрады. Олар:
1) бір мемлекеттің азаматтары;
2) тілдері ортақ немесе ұқсас жəне осы индивидтер жəне олардың алдында өмір сүргендердің ортақ тарихынан туындаған ортақ мəдени жинақ;
3) өздері жəне ата-бабасы тұрған ортақ территория.
Сонымен бірге ұлт дегеніміз — мемлекеттен, этникалық (тілдік) жəне таза территориялық топтардан өзгеше əлеуметтік жүйе». Жалпы айтқанда, П. Сорокин «ұлт» ұғымын этноспен де, мемлекетпен де байланыстырмай жəне этностан да, мемлекеттен де өзгеше жүйе ретінде дəлелдейді.
Басқа жағынан алғанда, ұлттың пайда болуы мен өмір сүруінде маңызды рөлді əлеуметтік қарым-қатынастар жүйесі де атқарған. Сондықтан біз тағы да бір тұжырымдаманы, яғни Ренанды, қарастырсақ. Хосе Ортега-и-Гассет атаған «Ренан формуласы»: «өткендегі ортақ абырой, қазіргі таңдағы ортақ ерік; жасаған ұлы ерлік істер туралы еске алу жəне болашаққа дайындық — міне ұлттың қалыптасуы үшін қажет жағдайлар... Артта — атақ-даңқ пен өкініш-мұң мұрасы, алдыда — іс-əрекеттің ортақ бағдарламасы... Ұлт өмірі — күнделікті плебисцит» .
Ұлттық бірегейлік мəнін көбіне ұлтты керемет əлеуметтік-этникалық қауымдастық жəне тарихтың толық субъектісі ретінде түсіндіруге байланысты.
Э.Смит ұлттың екі түрін көрсетеді — территориялық жəне этникалық .
Территориялық ұлт (азаматтық) мемлекетпен мөлшерлес немесе белгілі бір территориядағы елмен мөлшерлес ортақ құқықтармен байланысқан азаматтардың бірлестігі. Мұндай ұлттық бірлестік түрінің қалыптасуында белсенді агент ретінде мемлекет араласады, ол кейде тіпті этникалық топтардың барлығын біртұтас етіп біріктіреді. Бұл үрдіс ортақ мəдениетсіз, даму туралы ортақ аңыздар мен белгілерсіз мүмкін емес.
Бұл жерде азаматтардың бірігуінің мəні болмайды, егер мемлекет өз институттары мен білім беру жүйесі арқылы азаматтық дінді енгізбесе. Екінші, этникалық үлгіге екпін ортақ тамыр, салт-дəстүр, тіл жəне ортақ тарихи тағдырға қойылады.
Ұлт жайлы түсінік əр түрлі мағынада түсіндіріледі. Өзімізге белгілі, ұлтты анықтауда екі кең таралған бағыт қалыптасқан. Біріншіден, англо-американдық дəстүр бойынша «мемлекет — ұлт» мағынасында түсіндіріледі. Екіншіден, экономикалық, саяси дамуы барысында ортақ тіл мен мəдениеттің негізінде қалыптасқан адамдардың қауымы («неміс мектебі», ұлттың марксистік түсінігі).
Достарыңызбен бөлісу: |