Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


Өзара тәуелділік қатынастары



Pdf көрінісі
бет65/71
Дата23.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#110005
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   71
Өзара тәуелділік қатынастары 
Біздің көбіміз үшін жеке қарым-қатынас бірінші рөл ойнайды. Мүмкін сіз ұдайы 
махаббат іздеумен келесіз. Махаббатты іздеу сізге барлық талаптарыңызға сай келетін 
сенімді әріптес табуға көмектеспейді. «Мені біреу сүйсе, менің өмірім өзгеріп кетер 
еді» деп ойлау жолына түсуге кеңес бере алмаймын. 
Мен мынадай жаттығу ұсынамын. Сізге басқа адаммен қатынасыңыз қалай 
болғанын қалайтыныңызды қағазға түсіріп көріңіз – сырлас, ашық, сенімді, ойнақы, 
т.с.с. Енді осы тізімге қайта қараңыз. Осылар қол жетпейтіндей идеал ма? Ал сіз өзіңіз 
осы талаптарды орындауға әзірсіз бе? 
МАХАББАТҚА ҚАЖЕТТІЛІК пен МАХАББАТҚА ШӨЛІРКЕУ екеуінің 
айырмашылығы зор. Сіз махаббатқа шөліркеген болсаңыз онда сізге шынында
махаббат пен өзіңіз жақсы көретін және биік бағалайтын адамыңыздың мақұлдауы 
жетпей тұрғаны. Нәтижеде сіз өз әріптесіңізбен қарым-қатынаста өзара тәуелділікке 
ұрынасыз. Ол сізге де, әріптесіңізге де пайда әкелмейді.
Сіз басқа біреуді қалай жасауға үйрете бастасаңыз, айлакерлікке барғаныңыз. Ол 
дұрыс нәтиже бермейді. Сіз өз мақсаттарыңызға өзіңіз жете алатын жағдайда болсаңыз, 
онда сіз мақтау мен басқа адамдардың жәрдеміне тәуелді болмайсыз. Барлығы сіздің 
өзіңізді қаншалықты сүйетініңізге байланысты. Өзін шын сүйетін адам тыныш, 
қалыпты және өзінің қауіпсіз екеніне сенімді.
Мынадай аффирмацияны ұсынамын: «МЕН ӨМІРІМДІ ТОЛЫҚТЫРА 
ТҮСЕТІН КЕРЕМЕТ ҚОБАЛЖУЛАРҒА АШЫҚПЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАБЫЛДАЙ 
АЛАМЫН». Ол «мен жаңа сүйікті тапқым келеді» дегеннен анағұрлым дұрыс. Ашық 
және қабылдағыш болғанда Әлем сізге көмектеседі. 


61 
Сіз өзіңізге деген махаббатыңыз өскен сайын өзіңізге деген құрметіңіз де өсе 
түсетінін байқайсыз. Егер сіз өмірден не күтетініңізді анық білсеңіз, сізге қажетті 
өзгерістер сіз ойлағаннан ертерек және жеңілірек келеді. Махаббат адамның сыртында 
емес – ішінде өмір сүреді. Қаншалықты күштірек сүйе алсаңыз, соншалықты 
махаббатпен қоршаласыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет