45
мың жылдық тарихы бар көне сюжеттің жаңа бір көрінісі болмақ. Автор
аталған шығармасын қалыптасқан шығыстық дәстүр негізінде:
Біле ме сіздің қазақ ғашық жайын,
Ұқсаңыз , білгенімше сипаттайын.
Ғашықтық – махаббаттың ең күштісі,
Жүреке қатты орнығар басқан сайын. – [87, 349 б.].
деп
басталатын, сегіз шумақты кіріспе бөліммен ашып, бұл әпсананы жазған
адам Физули Бағдади деген кісі екенін атап өтеді де, Мәжнүннің атын білсе де
жайын білмес деп, қазаққа ұқтырмақ болады.
Поэманың сонарын зерделей
келе, Шәкәрімнің “Ләйлі -Мәжнүн” дастанын нәзира шылдық
дәстүрдің
негізінде жырлай отырып, оны қазақ ауыз әдебиеті желісімен сабақтастырғаны н
байқаймыз. Айталық,
Арабта бір бай болды дәулеті асқан,
Саудасы әр патсамен араласқан.
Құдайдан бір мирасқор бала сұрап,
Малының садақаға көбін шашқан.
Бай еді қайыры мол, бек қабағат,
Тіледі бала бер деп көп жамағат.
“Көп тілегі – көл” деген мақалдайын,
Болыпты бәйбішесі екі қабат.
Босанып аман-есен, бір ұл тапты,
Жан-жаққа сүйіншіге кісі шапты.
Жақсының тойға келген бәріне де,
Сый қылып ат мінгізіп, шапан жапты [87, 350 б.].
Осы келтірілген шумақтарда Шәкәрім Мә жнүннің
дүниеге келу
қарсаңындағы
оқиғаларды,
қазақтың
Алпамыс,
Қобыланды
батыр
жырларындағы бір балаға зар болған әкенің Қорасанға қой айтып, әулиелердің
басына түнеп жүріп, Алладан сұрап алған баласының дүниеге келгендегі
қуанышты сәтін нәзік тінмен әліп теп, көркем суреттеген.
Ақын Ләйлі мен
Мәжнүннің дүниеге келгеннен кейін, қырық күн өткен соң, екеуінің бірге
болмаса жылап, уанбайтын жерін суреттейтін эпизоды Низами мен Науаи
нұсқасынан ерекшеленеді. Оларда екі ғашық кездесіп, бірін -бірі сүйсе,
Шәкәрімд е қырқыннан шығарған соң -ақ, екі сәбидің сүйіспеншілігі елге белгілі
бола бастаған.
Шәкәрім жырлаған “Ләйлі -Мәжнүн”
дастанының аударма емес, шын
мәнісіндегі төлтума туынды екенін, шығарманың өн бойында қолданылған
сөздердің,
сөз
тіркестерінің
қазақы
дүни етанымға,
салтымызға
46
орайластырылып өрнектелгенінен көруге болады. Мәселен, жырдан
Достарыңызбен бөлісу: