10
Қазақ әдебиеті мен араб әдебиетінің арасындағы тарихи байланысты
көрсету әдебиеттегі кейбір процестерді толығырақ айқындауға жетелейді . Ұлт
мәдениетінің негізі саналатын көркем әдебиеттің ХХ ға сырда өзімен-өзі
тұйықталған әдебиет ретінде дамымай, жан -жақты, сан-салалы жетілу жолында
болғанын анықтауға жаңа мүмкіндіктер ашылады.
ХХ ғасырдағы қоғамда болған әр түрлі саяси, мәдени өзгерістер әдеби
байланыстың жаңа сипатқа көшуіне жағдай туғызды.
Әдеби байланыс түрлі халықтар мәдениетінің жақындасуына, рухани
қарым-қатынасының өркендеуіне үлкен үлес қосады. Бұл жайында атақты
шығыстанушы ғалым, академик Н.И.Конрад: “Ұлттық
әдебиеттің өркен жа юы
мен даму факторларының бірі – өзге халықтарды ң әдебиетімен өзара қарым-
қатынаста, байланыста болу. Кез келген әдебиетте екі компоненттің болатыны
белгілі. Бірі – сол елдің өзінде дүниеге келген төл туындылар, екіншісі – басқа
елдерден енген кірме шығармалар. Осы ндай дүниелердің негізінде әдеби
байланыстың рөлі ерекше көрінеді. Мұны қандайда бір әдеби шығармалар дың
түпнұсқасы мен тікелей танысып, сол туындымен ұлт әдебиетінің тілінде оқу ы
негізінде және олардың аудармалары арқылы қанығ уынан немесе бір халық
жазушысының
шығарма ларының
мазмұны мен мотивтерін
басқа елдің
жазушысының
өзінше
қабылдауынан
пайымдауға
болады .
Осындай
факторлардың арқасында бір елдің әдеби дүниесі екінші бір елдің меншігіне
айналады” [2, 290 б.].
Ислам діні
пайда болған уақыттан бастап, араб жұртының “Мың бір
түнінің” жекелеген әңгімелері мен “Ләйлі -Мәжнүні”, “Калила мен Димна”
кітабының мысалдар жинағындағы дидактикалық хикаяттар ы мен басқа да
ертегі, дастан, мысалдардың көшпелі сюжеттері нің кірігуі, қазақ әдебиетінде
қисса, мысал жанрларының қалыптасуына негіз болды деп пайымдауға болады .
Осындай себептердің қазақ әдебиетінің жанрлық жағынан баюына, көркемдік
үлгілердің молаюына белгілі бір дәрежеде өз үлесін қосты деуге негіз бар.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы болған әртүрлі саяси
жағдайлардың қазақ халқының елді к, мәдени, рухани тарихында өзіндік
маңызы бар болғаны белгілі жайт. Аталған кезеңдегі қоғамдық -саяси және
әлеуметтік-экономикалық өзгерістер қазақ даласына жаңа шығармашылық
серпін әкелді. Жазба әдебиеті эпостық
әдебиет негізінде қалыптасып, дамып
келе жатқан қазақ әдебиеті өзінің жанрлық, тақырыптық даму сатыларын
басынан өткізді. Қазақ әдебиетінің бұл кездегі өсіп -жетіліп, баюының тағы бір
көзі әдеби байланыстардың ерекше дамуы деп бағалауға болады.
Кеңес өкіметі тарап, еліміз тәуелсіздігін алғаннан кей ін, қазақ әдебиетінің
кей тұстары жаңа сипатта қарастырылып, зерттеліп, зерделене бастады. Ұлттық
әдебиетіміздің толыққанды қарастырылмай, кенжелеп қалған қырларының бірі
қазақ -араб әдеби қатынастары екені мәлім. Қазақ -араб әдеби байланыстары
жайында сөз
ете келіп, М.О.Әуезов
“...қазақ әдебиетінің
шығыстық
байланысының тек кейінгі уақыттарда ғана қолға алына бастағанын ” айтады [3,
30 б.]. Әйтсе де, қазақ әдебиетінің классикалық Шығыс әдебиетімен өзара
11
сабақтастығы
жөнінде
қалам тартып, ой
айтқан көрнект і
әдебиетші
ғалымдарымыз бар:
Ә.Марғұлан
[4], М.Әуезов
[5],
М.Базарбаев
[6,7],
Қ.Жұмалиев [8], М.Қаратаев [9], Ы.Дүйсенбаев [10], С.Талжанов [11,12],
Б.Кенжебаев [13,14], Ә.Дербісәлин [15], М.Бөжеев [16], Е.Исмаилов [17],
А.Машанов [18], З.Ахметов [19,20], Ә.Қоңыратбаев [21], С.Қирабаев [2 2,23]
Р.Бердібаев [24,25,26], С.Қасқабасов [27], А. Қыраубаева [28,29], Е. Лизунова
[30],
Ш.Сәтбаева
[31,32],
Х.Сүйіншалиев
[33],
З.Қабдолов
[34,35],
Ү.Сұбханбердина [36], М.Мырзахметов [37], Ш.Елеукенов [38], Ә.Дербісалиев
[39,40], Ө.Күмісбаев [41,42,43], Н. Келімбетов [44], М.Жармұхамедов [45],
Ж.Ысмағұлов [46], А.Егеубаев [47], Б.Әзібаева [48], Б.Омаров [49], А.Ісімақова
[50], М.Маданова [51], У.Қалижан [52], А.Жақсылықов [53], Б.Әбдіғазиев [54],
Р.Батырбекова [55], С.Төлеубаева [56] және т.б.
ХХ ғасырдағы қазақ-араб әдеби қарым -қатынастарының негізі араб
халқының әдеби жауһарлары саналатын: “Мың бір түн”, “Калила мен Димна
кітабы”, “Ләйлі-Мәжнүн” шығармаларының қазақ әдебиетіне сіңісіп, ақын -
жазушыларымыздың туындыларынан көрініс береді. “Мың бір түн” ертегісінің
жекелеген бөлімдері ХІХ ғасырдың 70 -ші жылдарында “Түркістан уалаятының
газетінде”
қазақ
тіліне аударылы п, жариялана бастады.
Ұлы
ақын
А.Құнанбаевтың
“Әзімнің әңгімесі” поэмасы, Ы.Алтынсариннің “Лұқпан
хәкімі”, Ж.Шайхысламовтың “Сәйфүлмәлік” дастаны, Ш .Құдайбердіұлының
“Ләйлі-Мәжнүні”,
М.Көпеев,
А.Байтұрсынов,
С.Көбеев,
С.Сейфуллин,
С.Дөнентаев
және
т.б.
ақындар мен
қатар ,
Ш.Жәңгіров, А.Сабалұлы,
Ж.Шайқысламов сияқты көптеген кітаби ақындарымыз дың туындыларында
жоғарыда
аталған араб шығармаларының
кейбір кейіпкерлері, хикаялары
параллель түрінде, салыстырулар арқылы
немесе назирашылдық сипатта
жырланып, көркем баяндалады.
Сондай-ақ,
олар
арабтың классикалық
дүниелерінің желісі мен сюжеттерінің негізінде жырлап қана қоймай, өз
халқымыздың тұрмыс-тіршілігіне қатысты төлтума туындыларын да жазды.
Мысалы,
Ш.Құдайбердіұлы
“Нартайлақ-Айсұлу”; А.Байтұрсынов
“Малшы
Достарыңызбен бөлісу: