сөзім кетер ағып”, “Сәйгелді, сона, бөгелек” және ә рі өткір, әрі зілді мысқылға
36
құрылған “Сүлеймен мен Байғыз ” сияқты дидактикалық шығармаларының
маңызы зор. Ақынның “Шайтанның саудасы” атты шығармасында шайтан он
қашыр мен бес есекке жүк тиеп, базарға бара жатқан жолда Ғайсаға кездесіп,
оған өзінің немен сауда жасайтынын былайша баяндайды: есектерге артқаным
жала мен өсек-өтірік, күншілдік, озбырлық, мекерлік пен тәкәппарлық, осы
заттарды адамдардың қалай талап әкетеді. – дейді. Автор шайтанның
саудасының қалай өтетінін былайша суреттейді:
Көтерме өтірікпен менен алған ,
Олар да бар әлінше сөйлер жалған.
Кім болса, бұл заманда сол әкетер,
Қор болып қашан өтірік жерде қалған. [81, 30 б.].
Істің соңында шай танның айтқаны келіп, оның сатқан өсек пен жалаға
толы заттары тез өтіп, шайтан көп олжаға кенеледі. Ал енді он қашырға артқан
жүктері жалқаулық, тілемсектік сияқты заттар болады. Ол бір қашырға ғана
тиелген жүкті қайыршылар мен сопы, бірадарларға өткізеді . Қалғандарын
бейнеттеніп мал таппайтын, жатып ішер, жалқаулар мен арамза молдалар,
жалған ишандар сатып алады. Бұл жердегі сауданы Мәшһүр былай сипаттайды:
Бір қашыр жүк бәріне түгел жетті,
Тоғызы өтпей біраз тентіретті.
Қожа, молда, ошандар елді жеген,
Дағдарып тұрған шақта солар жетті [81, 30 б.].
М.Көпеев “Аңқау адам туралы” атты мысал ертегісінің сюжеті мен
құрылымы арабтың “Мың бір түн” ертегісіндегі үш жүз сексен төртінші түні
айтылған “Адам болған есек туралы әңгімемен”
үндес [82, 362 б.]. Оған
ақынның шығармаларын араб әдебиеті үлгілерімен салыстыра саралай отырып
көз жеткіздік. М.Көпеев нұсқасында есегін жетектеп келе жатқан сартты көрген
қулардың есекті қалай ұрлап алғаны айтылады. Ал, араб әңгімесінде сюжеттің
жалпы желісі Мәшһүр нұсқасымен мазмұндас болғанымен, ерекшелігі де бар.
“Мың бір түнде” алданатын адам сарт емес, кіре тартып келе жатқан жолаушы.
М.Көпеевтің нәзиралық дәстүр негізінде жырлаған
нұсқасында аталған
әңгімедегі есек деп жетектеп келе жатқаны адам болып шыққан сә ттегі сарттың
бейнесін:
Сонда сарт аң-таң қалды аузын ашып,
Болғанға есегі адам жаман сасып,
– Сен өзің неменесің жөніңді айтшы,
Кез болып, маған қайдан болдың нәсіп?
– Мен сенің есегіңмін еріп жүрген,
Екенін менің есек әркім көрген.
37
Біреуден біреу алып, саудаласып,
Өтумен қолдан -қолға саған келген , –
деп өз шешесінің “Есек бол”! деген қарғысымен есек кейпіне түскенін айтады.
Көп бейнет шеккеннен кейін тәубеге келіп, Құдайға жалбарынады. Бір күні
шешесі “балам” азап тартып қинал ып жүр ғой, “Оңал”, “Адам бол!” – деп тілек
тілеп қарғысын қайтып алғанд ықтан, міне адам болдым дейді [83, Б. 179-180].
Екі нұсқада да ұрылардың есекті ұрлау тәсілдері бірдей өрбиді. Ал, “Мың
бір түндегі” ұрының сөзіне нанған аңқау сарттың үрейленген түр інен шошыған
әйелінің жеті нан құдайы таратуын, Қалмақан Әбдіқадыровтың әңгімені қазақы
наным-сенімге орайластырып жасаған еркін аудармасы деп санаймыз. Бұл
эпизодта М.Көпеев сартқа қо й сойдырып, құрмалдық шалдырады және
көрі ністен байқағанымыздай ақын өз туындысын қазақ дәстүріне, салтына
негіздеп, ұлттық ерекшелікті көрсеткен. Сонымен қатар Мәшһүр Жүсіптің
мысал-өлеңіндегі сарттың образы арабтың “Мың бір түніндегі” аңқау адам мен
“Калила мен Димнадағы” сопының прототипі іспетті бір-бірімен астасып,
сабақт асып жатыр. Шығармалардағы ортақ ұқса стықтарды зерделей отырып,
автордың мысалындағы оқиға әуел баста “Панчатантра” немесе “Калила мен
Димна” кітабына енген, одан “Мың бір түнге” ауысып, содан қазақ топырағына
жеткен көшпелі сюжет екендігін аңғаруға болады . Осындай сатылардан өткен
шығарма негізгі желіні сақтағанмен біршама өзгеріске ұшыраған.
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің “Ұқпасқа айтқан
сөзім кетер ағып ” атты
өлеңінде оқиға аңқау сарттың базарға ешкі айдағаны н былайша:
Ұқпасқа айтқан сөзім кетер ағып,
Талайды қан қақсатқан тілім шағып.
Базарға бір ешкіні сарт айдады,
Мойнына ешкісінің қоңырау тағып , – [83, 181 б.].
деп суреттей отырып, сарттың айдауға жүрмеген ешкісін есектің құйрығына
байлап, жетектегенін, жолда оған үш ұры жолығып, олар сарттың ес егін,
ешкісін, тіпті, үстіндегі киімін де алып қойғанын шебер баяндайды.
Ұрылардың біреуі жетектегі ешкінің мойнындағы қоңырауды шешіп алып,
есектің құйрығына байлайды да алып қалады. Бір уақытта артына қараған сарт,
ешкісінің жоқтығын көрген соң, кейін қ арай іздеп шығады. Ешкісін іздеп
жүргенде оған екінші ұры кез болып, біреудің ол ешкіні бақ ішіне қарай алып
бара жатқанын айтады. Сонда сарт есегін ұрыға ұстата салып, ешкінің соңынан
баққа тұра қуады. Ол жақтан түк таппай қайтып келсе, есегінен де айрылы п
қалғанын біледі. Сөйтіп босқа сандалып келе жатса, алдында үшінші ұры суға
көзін сүзіп, етпетінен жатқан қалпында кездесе кетеді. Бұл көріністі ақын
былайша сипаттайды:
Таусылмастай сарт соры мидай татыр,
38
Аз болса оған қосылсын тұзды шақыр.
Екі көзі суда боп етпетінен,
Қарсы алдында көлденең біреу жатыр [83, 183 б.].
Сарт одан жөн сұрағанда, ұры өзін біреудің малайы екенін, бір қап
алтынын суға түсіріп алып, соны іздеп жатқанын айтады. Егер кімде -кім судан
алтын салынған қапты алып берсе, бір уыс алтын берер едім, – дейді. Ақын
сондағы алтыннан дәметкен
ақымақ
сарттың іс-әрекетін мына шумақта
тартымды суреттейді:
Түбіне сүңгіп судың барды жетіп,
Алтынды алам ғой деп үміт еттім.
Бұл суда азаптанып жүрген шақта,
Киімін жинап алып кетті жытып.
Судан түк таппай шыққан сарт киімінің де қолды болғанын көріп санын
соғады. Осындай аңқау, ақымақтығымен елге күлкі болатын
кейіпкерлері бар
тәлімдік, тәрбиелік мәні зор шығыстық жәдігерлердің желісін пайдалану
Мәшһүр
Жүсіп
Көпеевтің
қалыптасқан
н азирашылдық
дәстүрді
жалғастырғандығы деп есептеуге болады.
Ақынның “Жарты нан хикаясы” атты шығармасын да “Мың бір түннен”
алынған деп айтуға болады. Мұнда жолаушылап келе жатқан бір адамның
сандық тауып алғаны және сандықтың ішінен шыққан жыланның өзін
өлтірмекші болғаны баяндалады. Бұл мотивті “Мың бір түндегі” Сүлеймен
пайғамбардың құмыраның ішіне сиқырдың күшімен салып, теңіздің түбіне
тастаған дию жайындағы әңгімеден жеткен деуге болады. 1895 жылғы “Дала
уалаятының газетінде” жарияланған “Араб пен жы лан” атты әңгіме де осы
әңгіме сарындас. Онда салт атпен келе жатқан араб от ортасында қалған
жыланды құтқармақ болып, найзасымен іліп алады. Ажалдан аман қалған
жылан арабтың мойнына оралып өлтірмекші болады. Өлтіру себебін сұраған
адамға оны құтқарғаны д ұрыс, қайырлы іс екенін, бірақ жақсылыққа жамандық
жасау дегеннің де бар екенін айтады. Сонда салт атты: “Үш нәрседен сұрайық:
Шын ба екен сенің айтқаның? – деп тілек айтады. Жылан келіседі. Алғашқы
жолыққан бұлақ өзінің басынан кешкенін, адамдардың бұлақт ан су ішіп,
артынан ластап кететінін мәлімдей келе жақсылыққа жамандық деп жыланды
жақтап төрелік айтады. Одан кейін ағашқа келеді. Ол да жақсылыққа жамандық
деп жылан жағына шығады. Үшінші шибөріге кездескенде, шибөрі жыланды
алдап жерге түсіреді де арабқ а оны өлтір дейді. Бірақ, араб: Жоқ, осылайша іс
қылу хайуандарға тән. Адамдардың заңы басқаша. Қош, аман бол, жылан,
ұмытпа! – деп жыланға тиіспей жүріп кетеді [84, Б. 94-96] “Жарты нан
хикаясы” өлеңінің негізгі идеясы ауыздан аңдаусызда шыққан сөздің бас қа бәле
болып жабысатыны деп ойлаймыз.
Ақынның “Сүлеймен мен Байғыз” өлеңінің де сюжеті Шығыс аңыздарында
ертеден бар дүние. Аңыз бойынша он сегіз мың ғаламды билеген Сүлеймен
39
пайғамбар, әйелінің айтуымен тамам құстың сүйегінен сарай салдыруға бұйрық
шығарып, құстардың бәрін жинайды. Соңында байғыз ғана келмей қалады.
Патшаның әмірімен адына алып келінген байғыз Сүлейменді сөзден тосып,
әмірін қайта алуға мәжбүрлейді. Осы аңыздың желісін “Сүлеймен мен байғыз”
атты өлеңіне арқау еткен М.Көпеев, Сүлеймен па йғамбардың “біреудің көзге
көрінісі құмырсқадай болса да, тауып айтқан сөзі кейінгіге үлгі болсын”, – деп
кітапқа жаздырып кеткенін “әлқиса” ретінде айтып өтеді [85, 276 б.].
Ақын Сүлеймен пайғамбардың әйелінің тілін алып, оған қиямет -қайымға
дейін тот баспайтын, аппақ үй салып беруге ниет еткенін былайша өлеңмен
өрбітеді:
Сүлеймен зайыбының тілін алған:
Жиғалы тама м құсқа айырау салған .
Тамам құс бірі қалмай жиылғанда,
Бір құс бар, байғыз деген, келмей қалған [85, 277 б.].
Бұйрыққа мойын сұнб аған Байғызды алып келуге Қаршығаны жұмсаған
Сүлейменнің сөзін хас ақынға тән шеберлікпен көркем баяндаған.
– Бара гөр байғызыма, құлдық қылып,
Болғанша қызыл -шақа жүнін жұлып.
Мұрнының тесігінен жүн өткізіп,
Алып кел келмесе де зорлық қылып [85, 277 б.].
Сүлеймен Байғыздан келмеген себебін сұрағанда, ол дүниедегі өлі мен
тірінің, еркек пен әйелдің санын білейін деп салыстырып жатыр едім, сол
себепті келе алмай қалдым, – дейді. Қалай екен? – деп сұраған пайғамбарға:
– Жалғанда аз күн теріп, нәсіп жерміз,
Білмейміз бұ жүргенде, не үшін жүрміз.
Кей адам ерте жатып, кеш тұрады,
Оны біз тірі демей өлі дейміз, –
деп өлінің артық шыққанын айтады. Әйел мен еркектің қайсысы көп екен деген
сауалға:
– Жалғанда аз күн теріп нәсіп жерміз,
Білмейміз бұ жүргенде, не үшін жүрміз?
Кей адам қатын тілін алатұғын,
Біз оны еркек демей, қатын дейміз. –
деп жауап береді. Ұтымды сөзге тоқтаған Сүлеймен әйелінің басын алдырып,
бұл насихатты кітапқа жаздырыпты деп ақын өлеңін аяқтайды. Өлеңде адам
мен құстың арасында өрбитін айтыс
жанрының көрініс беруінің өзіндік
ерекшелігі бар деп айтуға болады. Мәшһүр Жүсіптің шығармаларына жазылған
40
түсінікте бұл өлеңді лирикалық туынды деп сипаттаған [85, 420 б.]. Олай болса,
ақын өз шығармаларын жанрлық тұрғыдан байытып толықтырып, тақырыптық
тұрғыдан кеңейткен деуге негіз бар.
Жалпы, М.Көпеев шығармаларының дені Ислам дінімен, араб әдебиетімен
байланыста сабақтасып жатыр. Ақынның “ Жер мен көк”, “Миғраж”, “Әдһам
Достарыңызбен бөлісу: |