М.Б.САЛҚЫНБАЕВ
Қазақ және араб әдебиеті
(Типология, генезис және аударма мәселелері)
ОҚУ ҚҰРАЛЫ
АСТАНА
«Астана полиграфия»
2009
2
УДК821.0
ББК83.3 (5 Қаз)
С 18
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГ І
АҚПАРАТ ЖӘНЕ МҰРАҒАТ КОМИТЕТІ
Жауапты редакторы:
МәмесейітТ.І. – филология ғылымдарының кандидаты
Пікір жазғандар:
Надирова Г.Е. филология ғылымдарының докторы, профессор
Әлібекұлы А. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Салқынбаев М.Б. Қазақ және араб әдебиеті
С18 (Типология, генезис және аударма мәселелері): Оқу құралы. – Астана,
«Астана полиграфия», 2009, – 208 бет.
ISBN 978-601-254-049-9
Бұл еңбекте ХХ
ғасырдағы
қ азақ әдебиетінің
араб
әдебиетімен
байланыстары аясында ақын-жазушыларымыздың шығармаларындағы араб
әдебиетіне тән сарындарды сарала нады. Мысал жанрының пайда болуы, ортақ
тақырып пен идея, сюжеттік құрылымдық сабақтастық мәселелерін анықтауда
теориялық пайымдаулар жасалады. Қ.Әбдіқадыров пен Қ.Мұхамеджановтың
«Мың бір түннен» жасаған аудармалары түпнұсқамен салыстырыла талданып,
С.Ғылманидың “Калила мен Димна” кітабын араб тілінен қазақ тіліне тікелей
жасаған аудармасының қолжазбасы қазіргі жазуға түсіріліп, бірінші рет зерттеу
нысанына айналған.
Кітап
әдебиетші-ғалымдарға,
іздениушілерге,
магистранттар
мен
студенттерге арналған.
С 4603010000
00(05)-09
УДК821.0
ББК83.3 (5 Қаз)
ISBN 978-601-254-049-9
3
КІРІСПЕ
Адам баласының әлемді көркемдік бейне арқылы тануы оның жалпы
дүниетанымымен, болмысымен сабақтас. Қазақ әдебиетінің қалыптасу, даму
жолы мен өркендеуі түркілік дүниетанымның негізінде өріліп, өзіндік сипатқа
ие болғанымен, дара дамыған ерекше дүние емес, ол бүкіл әлемд ік әдебиетпен
үндестікте, байланыста қалыптасқан. Адами болмыстың әмбебаптығы халықтар
арасындағы жақындықты, жақсылық пен жамандық, ақ пен қара, махаббат пен
зұлымдық туралы ой -пікірлерінің ұқсастығын туғызады. Осы ретте қазақ -араб
әдеби байланысының да негізі олардың адамдық болмысымен астасып
жататыны шындық. Қазақ әдебиетінің өсу, кемелдену жолында Шығыс
әдебиетінің әсері мен алар рөлі, маңызы мен мәні ерекше болғаны белгілі.
Әсіресе, орта ғасырда қазақ жеріне ислам дінімен қабат келген араб мәдениеті
мен әдебиеті біздің бүг інгі ұлттық әдебиетіміздің өсіп -өркендеуіне, көркемдік
көкжиегінің кеңеюіне ықпал ы зор болды деп айтуға толық негіз бар.
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, қазіргі жаһандану процесіне бой
ұсынып отырған кезеңде халқымыздың жалпы рух ани өмірінде, әсіресе көркем
әдебиет саласында
өзге елдердің
рухани
құндылықтарымен байланыс
мәселесінің арта түсетіні түсінікті.
Қазақ -араб әдеби байланыстарының тамыры өте тереңде жатыр. Оның
арғы бастаулары қазақ халқының ислам дінін қабылдаған заманд ардан арна
тартқандығын айтсақ, шындықтан алшақ кетпейміз. Көшпелі елге ислам
қағидаларын таратқан қожа -молдалар Құран сүрелерін ұғындырумен қатар араб
жұртының ескі ауыз және жазба әдебиетінің нұсқаларын да қоса насихаттай
отырған. Бұл үрдіс ғасырлар бойы бірте-бірте кең өріс ала келе, ақыр -аяғында
тұрақты дәстүрге айналғаны тарихи факты. Алғашқы кездегі таза діни сарынды
аңыз-әпсаналардың аяғын ала әлеуметшіл, азаматтық әуенді тарихи дастандар,
жырлар, әфсана-әңгімелер лек-легімен таратылып, олардың көбі
кітаби
ақындардың жергілікті халық санасына ыңғайланған нұсқалары арқылы ұлттық
әдебиеттің төл қазынасына айналып кетті деп айтарлықтай сіңісті болғаны да
бекер емес еді. Бірақ кешегі кеңестік тәртіп тұсындағы қатаң атеистік
идеология бұл тасқынға тыйым са лып, алдынан мықты бөгет тұрғызғаны да
белгілі.
Араб әдебиеті – адамзат тарихындағы ең көне рухани қазыналардың бірі.
Ол дүние жүзіндегі ең ықпалды діни ағымдардан саналатын исламмен
тамырлас болып, өмірге қатарлас келген. Сондықтан оның адам санасына
тигізетін игі ықпалын Құран сүрелері мен аяттарының уағыздарымен бір
тұрғыдан бағалауға болады. Демек, араб әдебиеті мен өзге халықтар
4
әдебиеттері арасындағы байланысты жалпы адамзат әлеміндегі руханият
қазыналарынан арна тартатын игілікті бір нәрлі көзі деп
қарастыруға
хақылымыз.
Еңбектің
моральдық-этикалық
мәнін
де
осы
тұрғыдан
бағалауымыз ләзім.
Рухани байланыстың нақты көрінісінің бірі, әрі негізгісі – әдеби байланыс.
Бай қазақ әдебиеті шығыстық көркем сөз өнеріндегі жақсылық нышанның қай -
қайсысын да жатсынбаған, бойына сіңіре білген. Мұның өзі қазақ әдебиетінің
әлемдік өркениетке құлаш ұруының, әлемдік әдебиетпен сусындауының және
өзгелерге танылуының көрінісі ретінде бағаланады.
Құран Кәрім – қазақ және араб халықтарының рухани ықпалдасуының
негізгі қайнар көзі. Ол – қазақ халқының ислам дінін хақ дін деп танып,
мұсылман болу жолында ежелден қалыптасқан дүниетанымды өзгерткен
рухани қазына. Демек, қазақ және араб халықтарының қарым -қатынасының
нығаюына, қанат жаюына әдеби, мәдени байланыстарының өткенде уіне негіз
болған күш те осы Ислам діні деп білеміз.
Қазақ -араб әдеби байланыстарының тарихи тамыры тереңде жатыр дедік.
Демек, қазақ әдебиеті көкжиегінің кеңеюі қазіргі биігіне оп -оңай, аз уақытта
көтерілген жоқ. Әлемдік
әдебиеттен
өзінің тиісті орнын ор ын алған
халқымыздың сөз өнері бүгінгі дәрежесіне жету үшін сан ғасырлық тар жол,
тайғақ кешулерден, қаншама қиын -қыстау асулардан, зар-замандардан өтті.
Міне, сондықтан да қазақ әдебиетінің араб әдебиетімен байланыстарын ғылыми
негізде танып, білу үшін алдымен тарихи сүрлеуімен жүріп көру керек.
ҮІІ ғасырда ислам діні Араб халифатының ресми дініне айналғаннан кейін
Дамаск, Бағдат, Мысыр сияқты іргелі қалалар арғы жағы Еуропа бергі жағы
Азиядан шыққан ғұламалар мен ғылым -білім іздеушілердің ғалымдардың
жиналған орталықтарына айналды. Себебі сол кездері Еуропада ғалымдарды
дінбұзарлар деп отқа жағып, қамаққа салып қуғындаса, Азияда да жаңа ғылыми
жаңалықтарға іштарта қоймаған болатын. Ғылым -білім ерекше құрметтелетін
ислам дінінің арқасында әлем ғалымдары Ха лифатқа қарай ағыла бастады.
Біздің жерімізден араб жеріне барған с ол алғашқы толқындардың іші нде
алгебраның негізін қалаған ә л-Хорезмиді, есімі дүние жүзіне мәлім болып,
ғылыми және мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпақтан -ұрпаққа
мирас болып келе жатқан қазақ даласының асыл перзенттерінің ең жарық
жұлдызы – Әбу Насыр әл-Фарабиді айтуға болады.. Олардың еңбектері сол
кезден бастап қазіргі таңға дейінгі мың жылдан астам уақыттың ішінде әлем
ғалымдарының сусындар кәусәр бұлағына айналды. Ұлы ғұлам алардан қалған
ғылыми мұралар ғылымның түрлі саласын қамтиды, әрі өте құндылығымен
ерекшеленеді
әрі
теориялық
тұжырымдары Дүние жүзі халықтарының
қоғамдық -философиялық ойларына ықпал етті деп айтуға болады.
Олардан
кейінгі Исмаил әл-Жауһари мен тағы да жиырмаға жуық әл -Фарабилердің,
Ахмет Йассауи, Ахмет Йүгінеки, Сүлеймен Бақырғани және басқа да көптеген
тұлғаларымыздың еңбектері қазақ-араб әдебиетінің тарихи даму жолында
өзіндік өрімімен, рөлімен, маңызымен ерекшеленеді.
5
Ал ХІІІ-ХІҮ ғасырлардағы Рабғуз идің «Қисса -сул-Әнбиясы», Дүрбектің
«Жүсіп-Зылихасы», Сайф Сарайдың «Гүлістан бит-Түркиі» және т.б.
шығармалар қазақ халқының мұсылман әлемімен мәдени, әдеби қарым -
қатынасын кеңейте түседі. Одан кейінгі жыраулар поезиясынан да тығыз
байланыстың куәсі болам ыз.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы қазақ -араб әдеби
байланыстарының ерекше дам ыған кезеңі деп айтуға болады. Бұл кезең қазақ
жерінде бір жағынан патшалық Ресейдің, екінші жағынан мұсылман әлемінің
саяси-әлеуметтік және экономикалық реформаларын жүргізуімен де тарихқа
енген болатын. Мұндай тарихи жағдайлардың халықтың рухани дүниесіне дже
әсер етпей қойған жоқ. Осы жылдары қазақтардың өз ішінен де оқып, білім
алған Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев сынды ағартушы лық
ағымның негізін қа лаған тұлғалар мен кітаби ақындардың атқарған еңбектері
зор болды. Олар
халықты сауат ашып, білім алуға, қазақтың озық елдер
қатарына қосылу үшін ғылымды меңгеруге шақырған істері сол уақыттағы ерен
ерлікке бағаланар еді.
Қазақ әдебиеттану ғылымының халықаралық байланыстары аясында қазақ
әдебиеті мен өзге әдебиеттерді салыстыра зерттеудің өзіндік жолы мен
жүйесінің қалыптасқанына куә болдық. Біз аталған еңбегімізде сан ғасырдан
келе жатқан діні бір, дүниетанымы жақын қазақ және араб халықтарының
мәдени қарым-қатынасының жалғасы ретінде ХХ ғасыр дағы қазақ әдебиеті мен
араб әдебиетінің байланыс тарын зерделейміз. Бұл тұрғыда Ш.Уәлиханов,
А.Байтұрсын ов,
М.Әуезов,
С.Сейфуллин,
Ә.Марғұлан,
Б.Кенжебаев,
М.Қаратаев, Е.Лизунова, Ш.Сәтбаева, М.Базарбаев, Б.Ысқақов , З.Ахметов,
С.Қирабаев, С.Қасқабасов, Р.Нұрғалиев,
М.Мырзахметов,
Ә.Дербісәлиев,
Ө.Күмісбаев,
А.Қыраубаева,
А.Жақсылықов,
Т.Есенбеков,
Б.Майтанов,
А.Егеубаев, Б.Әзібаева,
М.Маданова,
Б.Омаров,
Б.Мамраев
және
т.б.
ғалымдардың зерттеу еңбектерінде қазақ әде биеті мен өзге әдебиеттердің
арасындағы байланысы сараланып, салмақты ғылыми тұжырымдар жасалған.
Дегенмен, қазақ -араб әдеби байланыстары мәселесі төңірегінде көбірек зерттеу
жұмысын жазған ғалым дар: Ө.Күмісбаев пен Ә.Дербісәліні ерекше атап өтуге
болады. Ө.Күмісбаевтың “Казахские и персидско-арабские литературные
связи” атты монографиясында Ш.Құдайбердіұлының “Ләйлі -Мәжнүн” дастаны,
“Мың бір түн” мен “Калила мен Димна” жинақтарына байланысты толымды
талдау жасалса, Ә.Дербісәлінің “Шыңырау бұлақтар” атты кі табында қазақ -
араб әдеби байланыстары жайында көптеген мәліметтер ұсынылған және араб
әдеби шығармаларын араб тілінен тікелей қазақ тіліне аударған .
Еліміз өз билігін өз қолына алып, дін-мұсылмандық дәстүрлерге жол
ашылғаннан кейін, мұсылман Шығысының хал ықтарымен арадағы ізі суыған
әдеби байланыстар қайта жандана бастағаны сүйінішті жайт. Бұған дейін қ азақ-
араб әдеби қатынастары жайында әр түрлі мәселелердің басын ашып, жіктеп,
саралау барысында
жасалған
ғылыми
зерттеулерде
кеңестік кезеңде
коммунистік идеологияның салқынымен көптеген ақын -жазушылардың әдеби
6
шығармашылығы арнайы зерттеу нысанына алынбаған еді. Сондықтан да
қарастырылып отырған кезеңдегі
ұлттық әдебиетіміздің
дамуы,
өзге
әдебиеттермен
байланыстары
жаңа
көзқараспе н
ғылыми
тұрғыда
қарастырылды. ХХ ғасырдағы қазақ ақын-жазушылары ұлттың рухани өсуін е
үлкен
үлес
қосты
және
олардың
шығыстық
сарында
жазылған
шығармаларының маңызын ерекше дей отырып, оларды осы кезеңдегі қазақ
және араб әдебиетін байланыстыратын еңбектер деп тануға болады әрі б үгінгі
қазақ әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелерінің бір і деп білеміз.
Ұлттық әдебиетіміздің әлемдік әдеби жәдігерлермен сабақтастығы
–
рухани мәдениетіміздің өркендеу тарихында, әдебиеттің көркемдік дамуында
өзіндік маңызға ие. Қазақ және араб әдебиетт ерінің байланысын зерделеу
ұлттық сөз өнеріміздің көне дәуірлерден бүгінге дейін үзілмей, жалғасып келе
жатқан қазақ -араб мәдени қарым -қатынасы дәстүрінің ғылыми -теориялық
тұрғыда кеңеюіне,
өркендеуіне жол ашады.
Бұл жайында академик
С.Қасқабасов “Қазақтар дың көрші елдермен және Таяу, Орта, Қиыр Шығыс
елдерімен тарихи-мәдени байланысының бастауы көне ғасырларға кетеді.
Сондықтан да, “Панчатантра”, “Калила мен Димна”, “Тоты -наме”, “Мың бір
түн”, “Веталдың жиырма бес әңгімесі” секілді жинақтардағы әр түрлі әң гімелер
мен тәмсілдер қазақ ауылдарында айтылып жүрді,” – деп атап көрсетеді [1, 244
б.].
Қазақстан дербес ел болып, экономикалық, рухани, мәдени дербес даму
жолына түскеннен кейінгі жылдарда ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің өзге ұлт
әдебиеттерімен сабақтастығын ғылыми тұрғыда қарастыру келелі мәселелердің
бірі
болды,
әсіресе,
осы
кезеңдегі
қазақ
ақын -жазушыларының
шығармаларындағы араб әдебиетінің ықпалы, оның классикалық әдеби үлгілері:
“Мың
бір түннің”, “Калила мен Димнаның”
аударылуы т.б. сияқты
мәселелердің нақты шығармалардағы көрінісі мен сипатының,
ұқсастықтары
мен
ерекшеліктерінің
алғаш
анықталуы зерттеу жұмысының
зәрулігін
танытады.
Тамыры терең қазақ халқының әдебиеті мен мәдениеті, дәстүрі мен
дүниетанымы Шығыс елдерінің, соның ішінде араб жұрты ның рухани
мәдениетімен өзара байланыста сабақтасып жатқандығы на куә болдық. Қазақ
пен араб халықтарының өмір сүру дәстүрі, тіршілігі мен табиғаты және көркем
әдебиетінің қалыптасуы көшпенділік дүниетаным негізінде өріліп, әрі бір -
бірімен тамырласа, тармақтаса отырып өзіндік сипатқа ие бол ған деуге болады.
Шығыс мәдениеті мен әдебиеті – қазақ халқының ру хани дүниесіне нәр
беруші таусылмас қазына. қай заманда болсын араб елдері әдеби мұраларының
ұлттық әдебиетімізге тигізген ықпалы болды, қазірде де күшт і қалпын сақта ған
деп айта аламыз. Соның ішінде көркем шығармалардағы күні бүгінге дейін
“шығыстық” деп танылып жүрген сарындардың ішінен таза араб әдебиетіне
қатысты мотивтерді ерекше бөліп көрсетуге болады.
Назирашылдық мұсылмандық Шығыс поэзиясында орт а ғасырларда
қалыптасқан әдеби үрдіс ретінде қалыптасқан. “Назира” сөзі – араб
тілінен
7
аударғанда ұқсастық , көшірме, үлгі, мысал деген мағынаны береді. Аталған
үрдіс негізінде қазақ әдебиетінде де назирашылдық, назирагөйлік деп аталатын
дәстүр пайда болды.
Нәзирагөйлік дәстүр негізінде арабтан келген
туындыларды екі топқа бөліп қарастыруға болады. Бірі, Ислам діні мен оның
қағидаларын уағыздайтын, діни нанымдарды насихаттайтын: “Сал -сал”,
“Зарқұм”, “Жұм -жұма” сияқты діни қиссалар болса, екіншісі, араб хал қының
аңыз әңгімелері мен жырлары мен ертегілері саналатын: “Сәйфүлмәлік”,
“Бозжігіт”, “Шаһмаран”, “Мың бір түн”, “Ләйлі -Мәжнүн” , “Жүсіп-Зылиха”,
“Таһир-Зуһра” секілді халықтың арман -мүддесін, тілегін және адал махаббатты
жырлайтын, поэтикалық құралдармен нақышталған, көркем шығармалар.
Шығыстың ғашықтық дастандары жер жүзі әдебиетінде өзіндік орны бар ұлан -
ғайыр дүние десек, одан үйренбеген, үлгі алмаған ақын болсын, ғалым болсын
қай дәуірде де, қай халықта да кемде -кем. Шығыс әдебиетімен байланыс тары
мың жылдан асқан қазақ қауымы жөнінде мұны тіпті баса айтуға болады.
Дәстүр үндестігі сюжет төркіндестігінен көрінеді десек, қазақ әдебиеті
мен Шығыс әдебиетінің байланыстары аясында қазақ -араб әдеби қатынастары
қалыптасқан дәстүрдің мәнін айқындауға мүмкі ндік беретінін байқаймыз.
М.Көпеев, Ш.Құдайбердіұлы, М.Байзақов, С.Дөнентаев, А.Байтұрсынұлы ,
М.Әуезов және т.б. ақын -жазушылардың шығармаларындағы
түп төркіні
шығыстық көшпелі сюжеттердің, мысалдардың өз бастауын араб әдебиетінен
алатынын байқауға болады. Олардың көркемдік арнасы, идеялық ұстанымы,
сюжеттік бағыты
ұқсас болып келеді. Шығармалардың
Шығыстың әдеби
жауһарларымен жібек жіптей нәзік тінмен тығыз өрілген сабақтастығы зерттеу
нысанына алынған ақын -жазушылардың
туындыларындағы имандылық,
ағартушылық рухында жазылған өлеңдерден, мысалдардан айқын көрінеді .
Сондықтан
да
қ азақ
қаламгерлері
шығармашылығын ың
сюжеттік-
композициялық құрылымы, олардың араб әдеби ескерткіштерімен
ғылыми
тұрғыда салыстырылып саралануы, мысал жанрының қалыптасуы, дамуи
жүй есі және қазақ әдебиетіне ену жолдары халықтық дүниетаным негізінде
көркемдік шешім табуы зерделен еді.
Әдебиеттердің өзара байланысы, бір-біріне әсер етіп байытуы, қай
заманда да көркем аудармасыз жүзеге асқан емес. Қоғам дамуының әрқилы
сатысында
әлемнің
түкпір -түкпірінде
өмір сүрген
ғұлама, даналардың
қаламынан туып, кейін дүние жүзі халықтарының рухани азығына айналған
құнды шығармалардың әр түрлі тілде сөйлеуі де аударма құдіреті екені ақиқат.
Дүние жүзіндегі елдер мен халықтардың саяси -экономикалық қарым-қатынасы
мен олардың арасындағы мәдени байланыс қоғам дамуында шешуші рөл
атқарады.
Монографияда ХХ ғасырда ғы авторлық аудармалар мен нәзирашылдық
дәстүр негізінде дүниеге келген шығармалардың арақатынасы сараланып
айқындалуы және араб әдеби шығар маларынан жасалған “Мың бір түн” мен
“Калила мен Димна” жинақтарының қазақ тіліндегі аудар ма нұсқаларына
8
салыстырмалы тұрғыда көңіл бөлінуі зерттеу нысанына алынған тақырыптың
өзектілігін танытады.
“Мың бір түн” ертегілер жинағының қазақ тіліне аударылу деңгейі мен
ерекшелігі алғаш рет түпнұсқамен салыстырылып, мәтіндік талдаулар жасау
арқылы қазақша нұс қасының көркемдік сипаты зерттеледі. “Мың бір түннің”
орысша, арабша, қазақша аудармаларын салыстыру барысында қазақ тіліндегі
аударманың көркемдік ерекшел іктері мен өзара жақындықтарын айқындалады
әрі оларға жасалған
текстологиялық талдаулар қазақша тәржімалардағы
аудармашылардың өзіндік қолтаңбаларын , қазақы дүниетанымның көрініс
беретінін анықтайды, әрі нәзирашылдық дәстүрдің сақталатынын көрсетеді .
1952-1972 жылдар аралығында Қазақстан қазиы болған Сәдуақас
(Сәкен)
Ғылманұлы – артына мол әдеби мұра қалдырған ғалым.
Үлкен
дінтанушы, араб тілі мен әдебиетінің білгірі С.Ғылманидің жазып қалдырған
еңбектері Қазақстандағы Шығыстану ғылымының мерейін еселеп,
кейінгі
ұрпақтың бойына имандылық пен адами қасиеттерді ұялат ты және араб тілінен
тікелей қазақ тіліне көркем аудармалар жасаудың үлгісін көрсетті деп айтуға
болады. Сондай-ақ, оны
ХХ ғасырдағы арабтану ғылымының алғашқы
ізашарларының бірегейі деп атауға б олады. Сәдуақас Ғылманидің ғылыми-
зерттеушілік ізденістері мен араб тіліндегі «Калила мен Димна кітабынан»
тікелей қазақ тіліне жасаған тұңғыш аудармасы қазақ және араб халықтарының
ежелден келе жатқан тарихи там ырластығы мен мәдени байланыстарының
жиырмасыншы ғасырдағы дам уында үлкен маңызы бар. Араб тіліндегі “Калила
мен Димна” жинағының С.Ғылмани қолжазбасының аудармасы түпнұсқамен
тұңғыш рет салыстырыла қарастырылып, аударманың көркемдік, стильдік
ерекшеліктері анықтал ады. Сонымен бірге жинақ мазмұнында келтірілген
мысалдар мен
қазақ
қаламгерлерінің
шығармаларындағы
мысалдарды
салыстыра зерттегенде, олардың сюжеттік, құрылымдық, мазмұндық жағынан
бір-бірімен үйлесіп жатқаны аңғарылады. Дегенмен, қазақ туындыларындағы
мысалдарды дәл аударма емес, төлтума дүние деп қарауға болады.
9
Достарыңызбен бөлісу: |