113
кітабын парсы тілінен араб тіліне аударған Ғабд улла Муқаффа баласының
“Кітаптың мақсаты” деген бабы, “Барзауейһи бабы” Бахтакан баласы Бұзар
Жұмһар жазып қойған, одан әрі негізгі бөлім -“Арыстан мен өгіз” бабы болып
жалғаса береді [112]. Мұнан көріп отырғанымыздай жинақтың құрылысы
бойынша араб нұсқалар ының өзінде айырмашылықтар бар. Абдолла Ибн Әл -
Муқаффаның
жазған “Кітаптың
мақсаты” атты тарауы мен Кисра
Анушируанның Барзауейһиді Үндістанға жіберетін тарауының орны ауысып
берілген. Біздің пікірімізше Мысырда басылған кітап дұрыс құрастырылған
сияқты. Себебі, кітаптың жазылу тарихынан бергі кезеңдегі, оның әуелі
пеһлеуи (кө не парсы) тіліне, содан араб тіліне аударылғанын есепке ала отырып,
кітапты аударып жазған адамдардың да кімнің бірінші, кімнің екінші тұруы
керектігін аңғару қиын емес. Шығарманы соң ынан аударып, кітапқа өз
кіріспесін жазған адамның тарауы
жинақтың алдында тұр уы заңдылық.
Сондай-ақ, Ливанда шыққан кітаптың кіріспесін Баһнудса ибн Хауан жазса,
Мысырда басылған нұсқаның кіріспесіне мысырлық араб әдебиетінің көрнекті
өкілдерінің бірі Та һа Хусейін өзінің қолтаңбасын қалдырады.
С.Ғылмани тәржімалаған “Калила мен Димнаның” қазақ
тіліндегі
қолжазбасын түпнұсқамен салыстыра талдап көру мақсатында бірінші Абдолла
ибн Әл-Муқаффаның
“Ғарду-л-китаб” тарауын алдық.
Һаза китабу калилата уа димната . Уа һуа мимман уадағатһу ғулама’и -л-
Һинд мин әм сали уа-л-ахадиси әлләти илтәмәс у биһа әбләға ма йаджидуна мин
әл-қаули. Фи-н-наһу әллази әрад у. Уа ләм йәзәл әл -ғуқала’у мин әһли замани
йәлтәмисуна ән йуғқалә ғанһум [119, 3 б.]
.
Осы кітап “Калила Димна” деген кітап. Оны жазып шығарған Индияның
ғалымдары. Олар кітабында өздерінің тілеген жолында сөзден ең өтімдісін
алып, түрлі мысал, түрлі әңгімелер кіргізіп жазған. Сөзде өте шеберлікті
қолданған. Әрбір жұрттың, әрбір тілдің ғалымдары өздерін сөздерінен а ңдасын
деп тырысып, талап қылатын болды [1 12, 73 б.].
Екі мәтінді салыстыра келе, аудармашының түпнұсқа мәтінінің негізгі
мазмұнынан ауытқымағанын байқадық.
Жалпы аударма нұсқадағы
сөйлемдердің ішінде бір сөздің қайталануы мен стиль дік үйлесімі жетімсіздеу
секілді болғанымен, түпнұсқа мен мазмұны бірдей, дәлме-дәл немесе сәйкес
аударма жасалғаны байқалады. Дегенмен, алғашқы сөйлемді бұл кітап “Калила
мен Димна деп аталады” немесе бұл “Кітаптың аты – Калила мен Димна”, – деп,
түпнұсқадағы екінші сөйлемді “ Үнді ғұламалары кітапқа түскен өздерінің
мысалдары мен әңгімелерін ғибрат алу үшін жазған” деп аударуға да болар еді.
“Кисра Анушируанның Барзауейһиді Үндістанға кітапты әкелу мақсатында
жіберуі” атты тарауда
“Уа қад джәғала Аллаһу ликулли шәй’ин сәбәбән. Уа
Достарыңызбен бөлісу: